Көрермендерге қойылатын жұмбақтар.
"Жұмбақтар шешейік"
1-жұмбақ
Жердің жүзін шарлайсың,
Онсыз еш жерге бармайсың.
Көлікпен де жаяу да,
Саралайсың,таңдайсың. (Жол)
2-жұмбақ
Көп болса,асықпайсың,
Мезеттен қашықтайсың.
Асықсаң аз болады,
Табасың мұны қайсың? (Уақыт)
3-жұмбақ
Қозғалыста сипаттар шапшаңдықты
Тағы да бір белгісіз шама шықты.
Ол болмаса денелер қозғалмайды,
Шешеді бұл жұмбақты қандай мықты? (Жылдамдық)
4-жұмбақ
Жылдамдықты өзгертеді.
Қозғалысты тездетеді.
Қарсы шықса қозғалысқа,
Тоқтарына көз жетеді. (Үдеу)
5-жұмбақ
Қозғалысқа келтіріп,
Жылдамдығын береді.
Өлшемдерін қарасаң,
Ньютонға ол келеді. (Күш)
6-жұмбақ
Бірдей көлемдегі масса кейде көп,
Аз болса да кейде дөп.
Делінеді бұл шама,
Аталуын тапшы тек. (Тығыздық)
7- жұмбақ
Күш көбейсе, артады,
Аудан артқа тартады.
Жүзі жұқа үшкір зат,
Одан бірақ қорқады. (Қысым)
8-жұмбақ
Барлық денелерге тән,
Онсыз болмайды сән.
Әр затта болады әртүрлі,
Өлшеуге болады дәл. (Масса)
Достарыңызбен бөлісу: |