ХХІ ғасыр көшбасшысы интеллектуалдық сайыс
Мақсаты: Оқушылардың физика және информатика пәніне қызығушылығын ояту, физикалық құбылыс,
Физикалық дене,физикалық шама түсініктеріне терең түсінуге, ой-танымын дамыту.
Сабақ жүрісі:
І тур «Бәйге» ауызша жауап.
ІІ тур «Дода» сұрақ 5 тараудан.
ІІІ тур «Көкпар» Пән таңдау.
Апталықтағы сайыстың жеңімпаздары қатысады:
«Жүзден жүйрік» «Жұлдызды сағат» «Үздік информатик» «Ғалымның аты өлмейді»
Не? Қайда? Қашан?
І тур «Бәйге» сұрақтарға жауап беру
Температура дегеніміз не?
Ғылыми деректермен негізделген жорамал?
Әлем кеңістігінде не бар болса, соның бәрі не деп аталады?
Физиканы ғылыми тілін, заңдармен теорияларды арнайы оқып үйренуге қолданатын сөзді не деп атаймыз?
Кеңістікте нақты бір пішіні және көлемі бар нәрсені не деп атаймыз?
Өткір иісті затты бөлмеге алып кірсе, оның иісі тез арада бөлме ішіне таралып кетеді. Бұл қай құбылыс?
Орыс тіліне физика сөзін кіргізген ғалым?
Заттың ең кіші бөлшегі не деп аталады? Заттың көлем бірлігіндегі массасына тең шама?
Молекула қандай бөлшектерден құралған?
Гректің ірі ойшылы бірінші ұстаз аталған ғалым? Отырар қаласында дүниеге келген «екінші ұстаз» аталған ғалым?
Күміс зат па әлде дене ме?
Су тамшысы зат, не дене деп аталама? Денелердің өзара әрекеттесуін сипаттайтын физикалық шама?
Судың мұзға айналуы не деп аталады?
Зат молекулалары қалай қозғалады?
Атом ядросы молекуладан үлкен бе, кіші ме?
Астрономия нені зерттейді? Қазақстандағы космодром не деп аталады?
1 грамм суды 1 градусқа қыздыру үшін берілетін жылу мөлшерін не дейміз? «Араласу» жылу берілудің қай түрі?
Достарыңызбен бөлісу: |