«Жүзден жүйрік» Сайыстың мақсаты



бет3/3
Дата23.08.2017
өлшемі0,73 Mb.
#25550
1   2   3

III кезең. "Білгенге маржан".

(Атақты физиктердің атын тауып,табылған есімге байланысты сөзжұмбақ шешу)

1 топ."Электрон"

Ойланыңдар,өткенді еске алыңдар,

Бұл құбылыс айналадан табылар.

Сұйықтар мен газдардағы қысымды

Кім айтады түсіндірген ғалымды.

(Паскаль)

Сөзжұмбақ "Паскаль"

1.Алып планета.(Юпитер)

2.Химиялық элементтің ең кіші бөлшегі.(Атом)

3.Кесіндіні өлшейтін аспап.(Сызғыш)

4.Дененің қалдырған ізі.(Траектория)

5.Диффузия сөзінің мағынасы.(Жайылу)

6.Дененің жүріп өткен қашықтығы.(Жол)

7.Бүкіләлемдік тартылыс заңын ашқан ғалым.(Ньютон)

2.топ"Протон"

Адам алып таңғажайып ойымен,

Суда жатып,ой қорытқан ісімен.

Суға салсаң небір ауыр денелер

Жеңілдейді,айтшы кімнің күшімен?(Архимед)

Сөзжұмбақ "Архимед"

1.Жерді қоршап тұрған ауа қабығы."Атмосфера"

2.Жылдамдықты өлшейтін құрал."Спидометр"

3.Кері итеруші күш."Архимед"

4.Оптикалық шыныдан жасалатын зат."Линза"

5.Тіреуге немесе аспаға әрекет ететін күш."Салмақ"

6.Ток күшінің өлшем бірлігі?"Ампер"

7.Электролиз заңын ашқан ғалым?"Фарадей"

IV кезең."Кім жүйрік?"

"Электрон" тобына

Жерден Айға жету үшін физикалық шамаларды 1 минут ішінде айтып шығу керек.(Топтан екі оқушы шығады)

Ай Дж м2 C Вт км/м3 Жер

кг Кл Ом/м В А Ом

"Протон" тобына Үйден мектепке жету үшін физикалық шамалардың өлшем бірліктерін 1 минут ішінде айтып үлгерулері қажет,топтан екі оқушы шығады.

Мектеп F I S g t Үй

q U R Q 1 p



V кезең."Жұбыңды тап"(Физикалық шамалар арқылы өз жұптарын табу)

F mg a v2/r


P m(g+a) a F/m
Әрбір физикалық шама арқылы оқушылар өз жұптарын табу керек.Сегіз оқушы шығады.Сол физикалық шамалардың артына сегіз планетаның суреті берілген, сол бойынша планеталар туралы мағлұмат береді.

VI кезең."Капитандар сайысы"

Әр команданың капитандары тақтаға шығып, берілген есепті шығарулары керек.



1-есеп

Велосипедші еңіске қарай 0,5м/с2 үдеумен қозғалып келеді.Егер велосипедшінің бастапқы жылдамдығы 6 м/с-қа тең болса,0,1 мин өткенде оның жылдамдығы қандай болады?



2-есеп

Тыныштық күйден 0,2м/с2 үдеумен қозғала бастаған автомобиль қанша уақыт ішінде 10м жол жүреді?



Көрермендерге қойылатын жұмбақтар.

"Жұмбақтар шешейік"

1-жұмбақ


Жердің жүзін шарлайсың,

Онсыз еш жерге бармайсың.

Көлікпен де жаяу да,

Саралайсың,таңдайсың. (Жол)

2-жұмбақ

Көп болса,асықпайсың,

Мезеттен қашықтайсың.

Асықсаң аз болады,

Табасың мұны қайсың? (Уақыт)

3-жұмбақ


Қозғалыста сипаттар шапшаңдықты

Тағы да бір белгісіз шама шықты.

Ол болмаса денелер қозғалмайды,

Шешеді бұл жұмбақты қандай мықты? (Жылдамдық)

4-жұмбақ

Жылдамдықты өзгертеді.

Қозғалысты тездетеді.

Қарсы шықса қозғалысқа,

Тоқтарына көз жетеді. (Үдеу)

5-жұмбақ


Қозғалысқа келтіріп,

Жылдамдығын береді.

Өлшемдерін қарасаң,

Ньютонға ол келеді. (Күш)

6-жұмбақ

Бірдей көлемдегі масса кейде көп,

Аз болса да кейде дөп.

Делінеді бұл шама,

Аталуын тапшы тек. (Тығыздық)

7- жұмбақ

Күш көбейсе, артады,

Аудан артқа тартады.

Жүзі жұқа үшкір зат,

Одан бірақ қорқады. (Қысым)


8-жұмбақ

Барлық денелерге тән,

Онсыз болмайды сән.

Әр затта болады әртүрлі,

Өлшеуге болады дәл. (Масса)

ХХІ ғасыр көшбасшысы интеллектуалдық сайыс

Мақсаты: Оқушылардың физика және информатика пәніне қызығушылығын ояту, физикалық құбылыс,

Физикалық дене,физикалық шама түсініктеріне терең түсінуге, ой-танымын дамыту.



Сабақ жүрісі:

І тур «Бәйге» ауызша жауап.

ІІ тур «Дода» сұрақ 5 тараудан.

ІІІ тур «Көкпар» Пән таңдау.

Апталықтағы сайыстың жеңімпаздары қатысады:

«Жүзден жүйрік» «Жұлдызды сағат» «Үздік информатик» «Ғалымның аты өлмейді»

Не? Қайда? Қашан?



І тур «Бәйге» сұрақтарға жауап беру

Температура дегеніміз не?

Ғылыми деректермен негізделген жорамал?

Әлем кеңістігінде не бар болса, соның бәрі не деп аталады?

Физиканы ғылыми тілін, заңдармен теорияларды арнайы оқып үйренуге қолданатын сөзді не деп атаймыз?

Кеңістікте нақты бір пішіні және көлемі бар нәрсені не деп атаймыз?

Өткір иісті затты бөлмеге алып кірсе, оның иісі тез арада бөлме ішіне таралып кетеді. Бұл қай құбылыс?

Орыс тіліне физика сөзін кіргізген ғалым?

Заттың ең кіші бөлшегі не деп аталады? Заттың көлем бірлігіндегі массасына тең шама?

Молекула қандай бөлшектерден құралған?

Гректің ірі ойшылы бірінші ұстаз аталған ғалым? Отырар қаласында дүниеге келген «екінші ұстаз» аталған ғалым?

Күміс зат па әлде дене ме?

Су тамшысы зат, не дене деп аталама? Денелердің өзара әрекеттесуін сипаттайтын физикалық шама?

Судың мұзға айналуы не деп аталады?

Зат молекулалары қалай қозғалады?

Атом ядросы молекуладан үлкен бе, кіші ме?

Астрономия нені зерттейді? Қазақстандағы космодром не деп аталады?

1 грамм суды 1 градусқа қыздыру үшін берілетін жылу мөлшерін не дейміз? «Араласу» жылу берілудің қай түрі?


ІІ тур «Дода» сайысы 4 тараудан тұрады.

І тарау Жылу құбылыстары

ІІ тарау Астрономия

ІІІ тарау Электр құбылыстары

IV тарау Информатика

Әр тарауда 5 сұрақтан тұрады. 10, 20, 30, 40, 50 ұпай саны жазылған сұрақтар.



І тарау Жылу құбылыстарының сұрақтары.

10 бал- Термодинамика бөлімі нені қарастырады?

20 бал- Табиғаттағы ең төменгі шектік температура неге тең? / 273 К /

30 бал- Қант қайнату заводындағы қызылшадан қантты шығарып алу қандай құбылысқа негізделген./Диффузия/

40 бал- Архимед күшінің әрекетінен пайда болатын жылудың түрі. /конвекция/

50 бал- Термодинамиканың І, ІІ заңдары қалай тұжырымдалады?



ІІ тарау Астрономия пәні бойынша сұрақ.

10 бал- Ең алып планеталарды ата?



(Уран, Юпитер, Нептун, Сатурн)

20 бал- Ертедегі гректер «қыздырма шырақ» деп нені атаған?

30 бал- Күнге жақын планета? Онда атмосфера бар ма?

(Марс) жоқ

40 бал- 973 жылы Хорезмде дүниеге келген ортазияның ғалымы- астроном, математик, географик, философ кім? Бұл қай ғалым? (Әбу Райхан Бируни)

50 бал - Жердің массасынан Айдың массасы қанша есе кем?Массасы 1 кг. Денені Жер қанша Ньютон күшпен тартады? Ай ше? (Жер – 9,81 Н/ (Ай – 1,62 Н)

ІІІ тарау. Электр құбылыстар жөнінде сұрақтар:

10 бал. Алғашқы рет «Электр тоғын» түсінген физик кім? А.Ампер.

20 бал. Тоқтың физиологиялық әрекетін қалай түсінесің? /Тоқ ұру әсері/

30 бал. Электр қозғаушы күші неге тең?

40 бал. Тоқ күші өлшем бірлігі? /Ампер /

50 бал. Электр өрісін туғызатын бөгде күштердің Кулондық күштерге қарсы атқарған жұмыс процесі не деп аталады?



(Зариядтардың бөлінуі.)

ІV тарау. Информатика пәні бойынша сұрақтар.

10 бал- Суреттің үзіндісін қалай өшіреміз?

20 бал- Өшіру үшін қай батырманы пайдаланамыз?

30 бал- Мәтінді баспаға шығару үшін?

40 бал- PAINT қандай редактор?

50 бал- PAINT – ты іске қосу жолы?

Әділ қазылар алқасы өздерінің әділ бағаларын беріп әр сайыстың бағасын бағалауды.

Қорытынды: ХХІ ғасыр көшбасшысы:Осы жеңіске жеткен оқушылар мақтау қағазымен марапатталып,осындай үлкен жетістіктерден көрініс беруге тілек білдіреміз

Не? Қайда? Қашан?

Сайыс шарттары:

Таныстыру

Гейм Тарихи сұрақтар

Гейм Физикалық құбылыстар сұрақтар

Гейм «Физикалық жұмбақтар»

Капитандар сайысы. Логикалық тапсырма.

Таныстыру.

Гейм

Тарихи сұрақтар

1.Бейнеу ауданы қай жылы қай айда құрылды? Ж: 1973 ж. 20 – наурыз
2.«Тамағы тоқтық жұмысы жоқтық,

Аздырар адам баласын» - кімнің өлең жолдарынан алынған?



Ж: Абай Құнанбаев

3.Маңғыстау қандай табиғи аймаққа жатады? Ж:Еуразия шөлейті


4. «Ескендір»,«Масғут»,«Әзім әңгімесі»поэмасының авторы кім?

Ж: Абай Құнанбаев
5.Қазақстан Республикасының Елтаңба авторын ата?

Ж:Жандарбек Мәлібеков
6.«Боранды Бекет» романының авторы кім? Ж:Ш.Айтматов
7.Маңғыстауда түсірілген «Кек» атты тарихи фильм Ә. Кекілбаевтың қай шығарманың желісі бойынша түсірілген. Ж: «Күйші».
Жүргізуші:Бүгін де физика барлық жерде,

Құрылыста, техникада, өндірісте.

Сырларын бұл ғылымның меңгеріңдер,

Шәкірттер ынта қойып үйреніңдер!


3-тур. Физикалық құбылыстарға сұрақтар
1.Денені құрайтын бөлшектердің қозғалыс энергиясы мен олардың өзара әсерлесу энергиясы (ішкі энергия)
2. Жылу берілуі кезінде дененің алған немесе жоғалтқан энергиясы

(жылу мөлшері)

3. Молекулалар арасындағы өзара әсерлесу, елеусіз аз болатын газ.

(идеал газ)

4. Өз сұйықтығымен динамикалық тепе-теңдікте болатын бу.

(қаныққан бу)

5. Денеге басқа денелер әсер етпеген кезде жылдамдығын сақтау құбылысы.

(инерция)

6. Зарядталған бөлшектердің реттелген қозғалысы (ток)

7. Бір дененің екінші дене молекулаларымен өздігінен араласу құбылысы қалай деп аталады. (диффузия)

8. Сұйықтың буға айналу құбылысы. (кебу)

9. Бірлік ауданға түсірілетін күш. (қысым)

10. Электр заряды жоқ бөлшек. (нейтрон)

11. Заттың қатты күйден сұйыққа өтуі. (балқу)

12. Қозғалыстың шапшаңдығын және бағытын сипаттайтын физикалық шама.

(жылдамдық)

13. Кебу процесіне кері процесс (конденсациялану)

14. Жылу берілудің қатты заттардағы түрі (жылу өткізгіштік)

15. Балқу кезінде ішкі энергия қалай өзгереді. (артады)

16. Уақыт өтуіне қарай дененің басқа денелерге қатысты кеңістікте орын өзгертуі.(механикалық қозғалыс)

17. Дене пішінінің, көлемінің өзгеруі. (деформация)

18. Жылудың ауа және сұйық ағыны арқылы берілуі. (конвекция)

19. Дененің өзі алатын үдеуіне ықпал ететін қасиеті. (инерттілік)

20.Дененің тірекке немесе аспаға түсірілген күші /Салмақ/формуласы.
4 – тур Физикалық жұмбақтарды шешу.

1.Кім барлық тілде сөйлейді? (Формула)

2.Көзіңмен көресің қолыңмен ұстай алмайсың. (Көлеңке)

3.Жай көзге көрінбейді, қозғалуға ерінбейді. (Молекула)

4.Отқа жанбайды, суға батпайды. (Мұз)

5.Қандай ыдыстарға су толтырылмайды? (Толы ыдысқа)

6.Қай жерде құрғақ тастар кездеспейді? (Теңіз түбінде)
5– тур Капитандар сайысы. Логикалық тапсырма

Тұрмыста қолданатын құрал.

Физикалық рычаг ережесін және қысымды азайту жолдарын ескере отырып жасалған құрал. (Қайшы)

Бұл қатты дене, бұл дененің бойына беткен қасиет жер шарында да және басқа планеталарда да кездеседі. Бұл қатты дене «оң» немесе «теріс» зарядқа ие емес, бірақ өзара әрекеттеседі.Бұл қандай құрал? (магнит)

Бұл құрал тұрмыста, медицинада қолданылады. Жұмыс жасау принципі Атмосфералық қысым әрекетіне негізделген. (шприц)

Физикалық құрал тұрмыста да, техникада да қолданылады.

Денелердің жылулық күйін сипаттайды.Өлшем бірлігі физикалық шаманы өлшеуге қолданылады. (Градусник)

Оқушылар өте жақсы дайындалған.

1 – орын_________________________________

2 – орын_________________________________

3 – орын_________________________________

Әділ қазылар алқасы:

1._________________________________

2._________________________________

Әділ қазылар алқасы өз бағаларын әділ бағалады.

Құрметті ұстаздар мен оқушылар!

Физика – информатика апталығының



«Не? Қайда? Қашан» атты сайысымыз осымен аяқталады. Атсалысып қатысқандарыңызға көп-көп рахмет!!!

«Тапқыр достар» сайысы.

Сайыстың мақсаты:Оқушыларды тапқырлыққа,

шапшаңдыққа үйрету.

Құрметті ұстаздар мен оқушылар өздеріңізге арналған сайысымыздың шартымен таныстырып өтейін. Сайысқа қатысушы топтарға сәттілік тілейміз.

Қатысушы топтар:

1 – топ «Алғыр» тобы.



2 – топ «Жұлдыз» тобы.

Сайыс шарттары:

1 – кезең. Топтар өздерін таныстырып өтеді. Сәлемдесу.
2 – кезең. Жасырын әріптерді суырып.қойылған сұраққа сол әріптен сөз ойлап табу.

3 – кезең. Сіз білесіз бе? Ұпайдың артындағы сұраққа жауап беру.
4 – кезең. Әр топ бір-біріне үйден дайындап келген сұрақтарын қою.
5 – кезең. Қолқа салу. Ұтылған топқа шарт қою. (ән,би,өлең )
1 – топқа сұрақтар:
1.Сіз ғалым болғыңыз келе ме?

2.Физика сабағы сізге ұнайма?

3.Парижге барғыңыз келе ме?

4.Адамда қанша шаш болады?

5.Қандай маман иесі болғыңыз келеді?

6.Адамдар неге ренжіседі?

7.Жылқыда не болмайды?

8.Жақсы көретін адамыңызға не сыйлағыңыз келеді?

9.Бүгін ауа-райы қандай?

10.Қожанасыр қандай адам?

11.Металл балқыған кезде энергия жұтыла ма?

12.Күшті немен өлшейміз?



2 – топқа сұрақтар.
1.Сіз Алдаркөсе рөлін ойнағыңыз келе ме?

2.Энергия Күннен Жерге қалай беріледі?

3.Жұлдыз болғыңыз келе ме?

4.Тамаққа тұз саласыз ба?


5.Қай пәннің мұғалімі ұнайды?
6.Туркияға саяхаттағыңыз келе ме?
7.Көңіл – күйіңіз қандай?
8.Ауа-райы қандай?
9.Сіз ұйқыны жақсы көресіз бе?

10.Жалқаулықты жаныңыз сүйеме?


11.Арманыңыз не?
12.Қожанасыр болғыңыз келе ме?
Сайыс арасында «Асыл әжем» әні
Құрметті оқушылар бүгінгі сайысымызда «Алғыр» тобы өздерінің алғырлығымен көзге түсіп, 1 – орынға ие болды.

Жеңілген топ жеңген топқа өз өнерін көрсетеді.


Қолқа салу. «Өзбек биі»

Сайысымыз осымен аяқталды. Сайыс соңында «Достар» әні орындалады.



«Бекітілді»

Мектеп директорының м.а:

_____________ Б. Досов

«__» _________ 2013 жыл

Көмекші құралға Бейнеу ауданы «Манашы орта мектебі» мемлекеттік мекемесінің ІІ санатты физика пәні мұғалімі Ногаева Светлананың физика пәнінен өткізілген сайыстар мен сыныптан тыс шараларды түрлендіре отырып, оқушылардың қызығушылығын арттыруға негізделген сабақтары енгізілген.


«Ұсынылды»

Әдістемелік бірлестік отырысында

Хаттама №_____

Бірлестік жетекшісі: Н. Аманбаева

__________

_______________ 2013 жыл



«Манашы орта мектебі»ММ

Сыныптан тыс шараларды өткізу арқылы оқушыларды тәрбиелеу

/Маңғыстау облысы,

Бейнеу ауданының

физика пәні мұғалімі

Ногаева Светлананың

іс – тәжірибесінен/


Бейнеу – 2013 жыл
Пайдаланылған әдебиеттер:

1.Қазақстан тарихы 1990 жылғы.


2.Қазақ әдебиеті 8 сынып 2009 жылғы
3. «Физика» журналдары 2007- 2008 жыл №6,№8
4. «Жас ғалым» журналы 2010 жыл № 3-4
5. « Мектеп» журналы 2003 жыл №2

Мазмұны

Жүзден жүйрік...........................................................................................3

Ғалымдар аты өлмейді............................................................................5

Кім болам?.................................................................................................8

Ойлан тап сайысы...................................................................................12

Халық ұлына құрмет..............................................................................18

Шығыстың қос жұлдызы......................................................................21

Саяси құрбандар.....................................................................................25

Физика әлеміне саяхат...........................................................................29

ХХІ ғасыр көсбашысы интеллектуалды сайыс................................33

Не?Қайда?Қашан?..................................................................................36

Тапқыр достар.........................................................................................39

Қорытынды

«ХХІ ғасыр дамыта алмаған мемлекет тоқырауға ұшырайтыны сөзсіз....барлық нәрсе мектептен басталады....» - деген Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев.

Ұлт мақтанышы Абай «Адам ата-анадан туғанда есті болмайды естіп, көріп, ұстап, татып ескерсе, дүниедегі жақсы, жаманды таниды, сондайдан білгені, көргені көп болған адам білімді болады» - деген. Қорқыт атамыз «Анадан өнеге алмаған қыз жаман»дейді. Міне, осындай ұлы адамдардың сөзін құлақ қойып тыңдаса,тереңнен ойлап толғанса,біз тәрбиелеп отырған жас буын жаман болады деп кім айта алады? Ендеше келешек кілті – «ақырын жүріп анық басатын» -ұстазда, ата-анада,ал жас ұрпақ –кеше мен бүгінді жалғастырушы.

ХХІ ғасыр –қатаң бәсеке ғасыры.

Бүгінгі таңда өзіміз тәлім-тәрбие беріп жатқан ұрпақ ертеңгі күні тек білімді кадр ғана емес, Отанын жанындай сүйетін, ұлттық тарихы мен мәдениетін қастерлейтін, рухани кемелденген азамат болып өсіп жетілуі қажет. Физика пәнін мектепте оқып үйренуі оқушылардың табиғат құбылысына деген қызығушылығын арттырады. Оқушыларды мұғалімнің тапсырмасын өздігінше орындау барысында мұғалім оқыту үдерісіне басшылық жасай отырып, шәкірттерін өзіндік жұмыс істей білуге үйретеді.



Сөзімді қорытындылай келе оқушылардың Отанға, пәнге деген қызығушылығын,өзіндік жұмыс істеу белсенділігін арттыра отырып, жеке тұлғаны жан-жақты етіп тәрбиелеуді ұмытпайық дегім келеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет