К. Қабылғазина1, А. Лепесова



Дата27.03.2018
өлшемі84,49 Kb.
#39715
К. Қабылғазина1, А.Лепесова2

Бала болмысының қалыптасуына телевизияның әсері

Телевизиядағы озбырлық әрекет әсерлі көрінеді, әрі тілдік және мәдени айырмашылықтарға қарамастан, бәріне бірдей түсінікті болады. Отандық арналардың басым көпшілігі көрерменіне осындай дүниелерді ұсынуға құмар. Сенсацияға ұмтылған арналарда жан түршігерлік оқиғаларды ашық көрсететін кадрлар беріліп жатады. Ғалымдар дәлелдегендей, мұндай қатыгездікті үнемі көріп үйренген жастар оны сезінбейтін болып алады және шынайы өмірде қайталамасына ешкім кепілдік бермейді.

Кілт сөздер: телевизия,озбырлық ,тілдік , мәдени ,сенсация
К. Қабылғазина1, А.Лепесова2

Влияние телевидения на развития ребенка

Кадры впечатляющие насилие на телевидении , не смотря на языковые и культурные различия к сожелению, понятны всем. Почти все отечественные каналы стараются подать своим зрителям такие видеосюжеты. Некоторые каналы которые занимаются сенсацией явно открыто показывают насильственные кадры.Как ученые доказывали молодежь которые постоянно наблюдаюшие жестокость стараются быть бесчеловечным и безжалостным. Влияние телевидении на детскую психологию ныне является одно из современных проблем.Ключевые слова: насилие, илияние, психология

.


K. Kabylgazina A. Lepesova,

Footage of violence on television, are understood by all despite the differences in language and culture. Almost all national channels are trying to provide such videos. Some channels that seek sensation are openly broadcasting the violent footage. As scientists argue young people who usually watch violent scenes are more likely to be cruel. The impact of TV on child psychology is one of the modern problems Key words: psychology, national , problems


К. Қабылғазина А.Лепесова

Казахский национальный университет им.Әл-Фараби

Казахстан, г.Алматы

Kabylgazina.klara@mail.ru



Бала болмысының қалыптасуына телевизияның әсері

Балалар бағдарламалары негізінде тәрбиелік қызметті жүзеге асырады. Бағдарламалар бала мен қоғам арасындағы байланысты қамтамасыз етеді. Балаларға арналған бағдарламардың тәрбиелік қызметінің қаншалықты дұрыс жүргізілгендігін анықтайтын негізгі белгілері мыналар: а)бағдарламада берілген ақпараттың толық, толыққанды қабылдау үшін қолжетімді әрі түсінікті болуы; ә)бағдарламаға қызығушылығын арттыру тәсілдерінің қолданылуы; б) бағдарламаның құрылуына белсенді түрде қатысуы керек; в)бағдарлама педагогтік ұстанымға сай болуы керек.



Бұл ретте Э.Г.Багиров ұсынған бағдарламалар типологиясына жүгінген орынды . Ғалым бағдарламалардың классификациясын оның функционалды құрылымына байланысты жасақтаған, ал диференциация негізі бағдарламалардың қызметтік бағыты болды. Бұл классификацияда Э.Г.Багиров бағдарламаларды былай бөлген: ақпараттық-публицистикалық бағдарламалар. Олардың мақсаты қоршаған орта туралы мағлұмат беру, қоғамдық пікір қалыптастыру, әлеуметтік, саяси, өндірістік және басқа да мәселелердің шешімін табуға әсер ету. Ғылыми-танымдық бағдарламалар. Олар балалардың ғылым, білім, өнер, техника саласындағы танымдық қажеттілігін қанағаттандырады, дүниетанымының кеңеюіне әсер етеді. Ғылыми-танымдық бағдарламаларға дәріс беретін бағдарламаларды да жатқызуға болады, себебі, олар қоғамдық ортада жинақталған білімді таратады. Бірақ айырмашылығы ғылыми-танымдық бағдарламалар рекреативті функцияны алдыңғы орынға қойса, арнайы оқытуға, білім беруге маманданған бағдарламалар үшін көңіл көтеру функциясы кейінге ысырылады. Көркемфильмдер мен өскелең ұрпаққа эстетикалық тәрбие беретін бағдарламалар. Эмоционалды қуат беретін, демалуға мүмкіндік бере отырып, көңіл көтеретін бағдарламалар[1]. Құрылымдарының күрделілігіне қарай әр түрлі деңгейлерге бөлінгенімен балаларға арналған бағдарламалар түгелдей дерлік «Көңіл көтере отырып, үйрету керек» деген принципті ұстанады. Сонымен қатар, әр түрлі функцияларды атқаратынына қарамастан балалар мен жасөспірімдерге арналған бағдарламалардың бәріне ортақ бір нәрсе, олардың барлығы ойын түрінде ұйымдастырылады.

Телевизия басқа бұқаралық ақпарат құралдарына қарағанда біршама ауқымды аудиторияны қамтиды. Балаларға арналған телеарналардың айырмашылығы мақсатты аудитория сұранысының ерекшелігінде. Балалар телеарнасы ең алдымен мәдени-ағарту, білім беру және көңіл көтеру қызметтерін атқарады. Себебі, теледидар хабарлары қашанда тартымдылығы, жеңілдігі, мәтіндерінің әртүрлі сюжеттермен, әуендермен үйлесіп берілуі арқылы балалардың қызығушылығын оятып, өмірді жан-жақты қырынан көруге мүмкіндік береді. Тіпті, баланың басында болу болмауы неғайбыл оқиғалардан да сабақ алуға үйретеді. Ескеретін мәселе: тек хабар таратуға ғана жауапты телевизия белгілі бір ақпаратты бере отырып, көрерменіне таңдау ұсынады. Яғни, бала өзінің моральдік ұстанымдарына байланысты одан бас тартуы мүмкін немесе моральдық тұрғыдан орынды деп танып, қабылдауы мүмкін. Сондықтан, оқушыларды ақпарат құралдары ұсынатын бағдарламаларды талғаммен көруге үйрету керек. Психологтар баланың психологиялық және физиологиялық тұрғыда зиян шекпеуі үшін мына жайттарды есте ұстауға кеңес береді: 3 жасқа дейінгі балаларды экран алдына мүлде жақындатпаған дұрыс; 5-6 жастағы балалар теледидар алдында тәулігіне жарты сағаттан артық отырмауы тиіс; бастауыш сынып оқушылары аптасына екі үш мәрте 1-1,5 сағат отырса жеткілікті екен. Балаларға арналған мультфильмдер мен фильдерді алдымен ересектердің өзі тамашалуы керек.Себебі, кейбір өнімдер жарқ-жұрқ етіп көзді қызықтыратын арнайы эффектілер арқылы баланы өзіне тәуелді етеді; виртуалды кеңістік пен шынайы өмірді ажырату қабілеті 12 жастан кейін ғана толық қалыптасады. Сондықтан осы жасқа дейінгі баланы ешқашан теледидар мен компьютердің алдында жалғыз қалдыруға болмайды. Бірақ, күнделікті өмірде көптеген отбасыларда күнұзақ теледидар қосулы тұрады, ал кейде тіпті ата-ана үйде болмағандықтан балалар жалғызсырамас үшін теледидар алдында бар уақытын өткізеді. Балаларды теледидарға жолатпай, байлап ұстау мүмкін емес. Оған қоса қалалық жерлерде балалар еркін ойнайтын, қауіпсіз алаңдар да жоқ. Сондықтан ата-ана үшін баланың тыныш қана теледидар алдында отырғаны тиімдірек. Бірақ «көк жәшікте» көрсетілген ақпараттың баласының психологиясына кері әсері тие ме деп алаңдаушылық білдірген ата-аналар кейбір бағдарламаларға көңілдері толмайтындықтарын айтып жатады. Көрерменге сапалы өнім ұсыну үшін алдымен телевизияның бала психологиясына қаншалықты әсер ететіндігін зерттеп білу қажет. Бұл мәселеге қатысты зерттеу жүргізген бірқатар ғалымдарды атап өтуге болады. Олар: Л. Мастерман, К. Метц, Ж. Гонне, Э. Харт, О. Баранов, С. Пензин, Л. Баженова, А. Шариков және т.б. Өкінішке қарай, отандық әлеуметтанушылар мен психологтардың «Теледидар және жасөспірімдер» (авт.А. Байшүкірова ), «Балалар ерте есейгісі келмейді» (авт. Ж. Сәрсенов), «Теледидардың бала психикасына және тәрбиесіне кері әсері» (авт. Құсайынов А.) [2] т.б. сияқты бірқатар зерттеу мақалаларын есептемегенде, бала психологиясына телевизияның әсері жайында жазылған бірде бір оқулығы жоқ. Сондықтан, қандай да бір ғылыми дәлелдеме ұсыну үшін шетелдік зерттеушілердің еңбектеріне сүйенуге тура келеді. Д. Лемиштің «Жертвы экрана. Влияние телевидения на развитие детей» [3] атты кітабында телевизияның балалар мінез-құлығы мен жүріс-тұрысына әсері, олардың телевизиялық кейіпкерлерді шынайы қабылдауы мен олардан үлгі алуына қатысты жүргізілген сынақтар нәтижесінде қорытынды шығарады. Лемиштің айтуынша, телевизияның пайдасы мен зиянын есептемес бұрын өзімізбен қатар өмір сүріп жатқан баланың әлеуметтік өміріне үңіліп көру керек. Ол күн сайын қандай мамандық иелерін, қандай өмірлік ұстанымдағы адамдарды көреді? Әрине, көбіне балалар отбасы мүшелерімен, мұғалімдер, сатушылар, дәрігерлер, автобус және такси жүргізушілерімен одан бөлек әртүрлі жағдайларға байланысты тағы басқа қандай да бір мамандық иелерімен байланыс орнатуы мүмкін. Алайда, ересектер әлеміндегі көптеген мамандықтар туралы олар тек теледидар арқылы ғана біле алады. Мысалы, заңгерлер, құқық қорғау орындарының қызметкерлері, медицина қызметкерлері, танымал даңқты адамдар, қылмыскерлер және студенттер туралы ақпарат алып түсініктері қалыптасады. Содан кейін бала өзін олармен салыстыра бастайды, түрлі сұрақтарға жауап іздейді, қызығушылығы оянады. Мысалы: «Мен дәл осылар сияқтымын ба, әлде өзгешемін бе? Менің солар сияқты болғым келе ме? Олар жақсы ма әлде жаман ба? Мен қандай болуым керек?» дегендей сұрақтарға жауап іздей отырып, бала өзінің қоғамдағы орынын анықтайды. Телевизия – өнегелі білімнің негізгі көзі, себебі адамдардың болмысына қатысты көптеген мысалдарды назарымызға ұсынады. Ал телевизиялық кейіпкерлерді, олардың іс-әрекетін бағалауы балалардың түсінік-танымының дамуына негіз болады. Сәби күнінен бастап ата-анасына еліктеп, үлкендерді үлгі тұтып өсетіндіктен балалар үшін кез-келген кейіпкерге қатысты өз ортасындағы адамдардың көзқарасын білу маңызды. Сондықтан олар көбіне әлемді «жақсы» және «жаман» деп екіге бөліп алуға ұмтылады. Сонымен қатар, кішкентай бүлдіршіндер кейіпкерге мінездеме берген кезде көбіне оның сырт пішініне ерекше назар аударады да, түр әлпеті ұсқынсыз адамдарды жаман деп қабылдайды. Ал шамамен жеті-сегіз жастан асқан балалардың өзіндік пікірлері қалыптаса бастайды да қандай да бір әрекетке себебіне байланысты әртүрлі баға беруі мүмкін. Мысалы, егер телевизиялық кейіпкер біреуге көмек көрсету мақсатында өтірік айтса «жақсы», ал арам пиғылмен дәл осы әрекетті жасаса «жаман» деп бағалайды. Осы тұста «неге біз баланың телевизиялық кейіпкерді қалай қабылдайтындығына тереңірек үңілуіміз керек?» деген сұрақ туындауы мүмкін. Біріншіден, телевизиялық кейіпкерлер – идентификация нысаны, яғни үлгі тұтып, бас иетін тұлға. Екіншіден, телевизиялық кейіпкерлер жеткіншектер еліктейтін жүріс-тұрыс үлгісін қалыптастыруға қызмет етеді. Бүлдіршіндер қандай да бір телевизиялық кейіпкерге ұқсағысы келеді, оның әрекеттерін қайталайды. Өз бойынан сол кейіпкерге тән қасиеттерді көріп, ұқсастықты байқайды. Тіпті, кейде балалар идентификация нысанымен орын ауыстырып, бағдарламаны көру барысында қаһарманның басынан өткерген қызықтарын өзі жасап жатқандай сезінуі мүмкін. Сонықтан, бағдарлама кейіпкерлерінің бойында жағымды қасиеттер мейлінше көп болуы керек. Балалар еліктейтін қаһармандар жауыздықтан гөрі мейірімділікке бейім, жақсылыққа құмар, сыпайылық пен кішіпейілдікке баулып, үлкенді сыйлап, кішіге көмек қолын созатын достықты, татулықты насихаттаушылар болуы тиіс. Десек те, бүгінгі күні экранда көрсетілетін материалдар мазмұнына қарай басымдыққа ие болып отырған жауыздық пен агрессиялық мінез-құлық – балалар мен телевизияның ара-қатынасындағы ең өзекті әрі кең таралған проблема. Яғни, теледидардан көргенін өмірде қайталауға бейім балалар телевизиялық қаһармандардың зұлымдық әрекеттерін де үйреніп алып, қаз қалпында қайталайды екен. Мысалы, БАҚ таратқан ақпаратқа сүйенсек Израильде жеті жасар бала: «Суперменнің қалай ұшатынын қараңдар!» - деп айғай сала терезеден секіріп, омыртқасын сындырса, Норвегияда бес жасар қызды телесериалдан көргендерін қайталаған достары мазақтап қорлайды. Осыған ұқсас мысалдар өз елімізде де орын алып жатады. Көптеген коммерциялық телеарналарда зорлық-зомбылық көріністері басым екеніне дауымыз жоқ. Телевизиядағы озбырлық әсерлі көрінеді, әрі тілдік және мәдени айырмашылықтарға қарамастан, бәріне бірдей түсінікті болады. Сондықтан, телевизиялық сенсациялық өнімдер жаһандық нарықта өтімді болып отыр. Шетелдік телеарналарды есептемегенде отандық арналарымыздың басым көпшілігі көрерменіне осы «өтімді тауарды» ұсынуға құмар. Күннен күнге сенсацияға ұмтылған телеарналарымызда жан түршігерлік оқиғаларды ашық көрсететін кадрлар беріліп жатады. Бұл көптеген шетелдік арналардағыдай әдетке айналып барады. Ғалымдар дәлелдегендей, мұндай қатыгездікті үнемі көріп үйренген көрермен оны сезінбейтін болып алады. Экран алдында балалар отырғанда эфирдің қылмысқа бет бұруы, зорлық-зомбылықтың басты кейіпкерлерге айналуы, ашық сексуалды көріністерді көрсетуі біздің өмірімізде орын алуы әбден мүмкін жағдай болып қалды. Егер кәмелетке толмаған балаңыз экраннан үнемі қылмыстық істерді бүге-шігесіне дейін, тіпті практикалық нұсқауларымен қоса дерлік көретін болса, оны шынайы өмірде қайталамасына ешкім кепілдік бермейді. «Телерадиохабар тарату туралы» заң жобасыЗаң жобасының 23-бабына [4] сәйкес, шетелдік телеарналар мен радиоларда отандық авторлардың туындылары 2015 жылдың 1 қаңтарында 50 пайызын құрауы тиіс. Сонымен қатар телеарналарда шетелдік өнімдерді қазақшаға аудару экран астындағы жүгіртпе жол арқылы емес, дыбыс негізде, яғни дубляж жасау арқылы жүзеге асырылу шарт.Заң жобасында қанау, ұрып-соғу, атыс-шабыс және анайы ақпараттар ықпалынан балалар мен жасөспірімдерді қорғау мақсатында мұндай теле және радиобағдарламаларды тек сағат 22.00 мен 07.00 арасында ғана беруге рұқсат етілетіндігі айтылған. Ал күндізгі уақыттарда берілетін шетелдік өнімдерде жоғарыда аталғандай көріністер мен ақпараттар болса, телерадиохабар тарату операторлары оларды қиып тастауы шарт.Ел болып балалардың болашағына атсалысу- өмірдің өзі алға қойып отырған маңызды міндеттердің бірі.

Пайдаланылған әдебиеттер:



  1. Э.Г.Багировkafedramk.ru/content/

  2. www.webirbis.ksu.kz/

  3. Д. Лемиш https://books.ru/author/lemish

  4. «Телерадиохабар тарату туралы» заң жобасы -adilet.zan.kz/

Adebietter:

1.E.G.Bagirov ,kafedramk.ru/content/



2. www.webirbis.ksu.kz/

3.D. Lemish ,https://books.ru/author/lemish



4. «Teleradiohabar taratu turaly zan jobasy -adilet.zan.kz/
Каталог: sites -> default -> files -> publications
publications -> М. П. Ешимов ф.ғ. к., доцент, Р. С. Нұртілеуова аға оқытушы
publications -> Жаппарқұлова Анар Абусайылқызы ОҚмпи қазақ және әлем әдебиеті кафедрасының аға оқытушысы, ф.ғ. к. Шымкент қаласы. Майлықожа ақынның шығармашылық ықпалы
publications -> Білімнің биік ордасы. Высокий центр знании.)
publications -> Қазақ халқының шешендік өнері Абилбакиева Ғ. Т
publications -> 1903 жылы Санкт-Петербургте «Россия. Біздің Отанымыздың толық географиялық сипаттамасы» деп аталатын көп томдықтың XVІІ томы қазақ халқының тарихына арналып, «Киргизский край» (Қазақ өлкесі) деген атаумен шықты
publications -> Олжастанудың деректі көздері
publications -> Өмірде өнегелі із қалдырған, халықаралық қатынастар факультетінің тұңғыш деканы Гүлжауһар Шағатайқызы Жамбатырова
publications -> С. торайғыров мұрасының ТӘуелсіздік тұсында зерттелуі
publications -> Жамбыл жабаевтың арнау өЛЕҢдері сағынған Назерке Берікқызы
publications -> Ш.Құдайбердіұлы және М.Әуезов шығармашылығындағы тұтастық Нұрланова Әсем Нұрланқызы


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет