К., Аубакирова С. С. М. Ж. КӨпеев, С. Торайғыров пен ж. Аймауытов шығармашылықтарындағы этикалық ЖӘне эстетикалық



бет5/6
Дата29.01.2018
өлшемі1,14 Mb.
#36193
1   2   3   4   5   6

Бақылау сұрақтары
1. М. Ж. Көпеев, С. Торайғыров, Ж. Аймауытов кейіпкерлерінің кінәсі неде екенін айтыңыз. Кінәсінің немесе кінәлі еместігінің трагедиялығы неде? Талдау жүргізіңіздер.

2. М. Ж. Көпеев, С. Торайғыров, Ж. Аймауытов шығармаларына жасалған талдау бойынша қазақ ойшылдарының трагедиялық кінәнің шешілуіне сызбалы түрде классификация жасаңыз.

3. М. Ж. Көпеев, С. Торайғыров, Ж. Аймауытов пікірлері бойынша кейіпкерлер өміріндегі трагедияға не себеп болды? Талдау жасап, мысал келтіріңіздер.
2.4 М. Ж. Көпеев, С. Торайғыров және Ж. Аймауытов шығармаларындағы өмірге этикалық қатынас феноменологиясы

Сабақтың мақсаты: зерттелетін тұлғалардың мұраларындағы этикалық өзара қарым-қатынастарының жеке ерекшеліктері мен ұқсастықтарын ашу.

Тақырыпты меңгеруге арналған ұсыныстар: Бұл тақырып әлеуметтік коммуникация жүйесінде көп қырлы этикалық қатынастардың шығуын талдауға бағытталған. Зерттелетін қазақ ойшылдарының «тағдыр» деген ұғымды түсіну ерекшелігіне көңіл бөліңіздер. Олардың бұл ұғымды әр түрлі мағынада қолдану себебін түсіндіру қажет.

М. Ж. Көпеев, С.Торайғыров және Ж. Аймауытовтың өмір мен өлім проблемаларына көзқарастарын анықтаңыздар. Олардың өлім көрінісі мен адам тұрмысы мағынасына тоқталып өтіңіздер.

«Қайырымдылық пен зұлымдық» ұғымына талдау жасаңыздар. М. Ж. Көпеев, С. Торайғыров және Ж. Аймауытовтың көзқарасымен бұл өмірде зұлымдықтың болу себебін түсіндіріңіздер.
Тақырып мазмұны
1. М. Ж. Көпеев, С. Торайғыров және Ж. Аймауытовтың шығармаларындағы тағдыр мәселесі.

2. Өлім – өмірдің табиғи үрдісі (М. Ж. Көпеев), өлім – зұлымдық, болмыс мәнін бағалау белгісі (С. Торайғыров), өлімге көзқарас өмірге көзқарасты көрсетеді (Ж. Аймауытов).

3. Қайырымдылық пен зұлымдық, олардың диалектикалық бірлігі.

Біздің пікірімізше, адамның табиғи сұлулығы жасанды сұлулықтан қайырымдылық пен зұлымдыққа қатынасы арқылы анықталады, яғни оның адамгершілік қасиеттерінен көрінеді. Осы аспектіге сүйене отырып, біз этикалық көзқарастан қазақ ойшылдарын толғандырған екі негізгі мәселені атап өтейік:

- Адам бойындағы адамгершілік қасиеттердің көздері .

- Адамның кемеліне жету тәсілдері мен мүмкіндіктері және тұлғаның адамгершілік қасиеттерінің қайта қалыптасуына қажетті жағдайлар.

Бұл кейіпкерлердің тағдырлары неліктен қайғылы болды, бұған олардың өздері кінәлі ме, әлде тағдыр тәлкегі ме деген сауал қоя отырып, қазақ ойшылдары тағдыр ұғымының мағынасын ашпақ болады. М. Ж. Көпеев «Жұлдыздардың бізді бағып-қағу реті» мақаласында аспан жарықтарының әр адамның тағдыры мен мінезіне әсер ететінін айтып өтеді. Оның пікірінше, адам бойындағы кейбір қасиеттер туғаннан пайда болады және өсе келе жаман немесе жақсы қылықтарға ауытқып кетеді. Әр адамның өз жұлдызы болады. Бақытты жұлдыз астында туған адам тамаша қасиеттерімен ерекшеленеді, ол талантты, табысты, жолы болғыш әрі қайырымды болады. Өмірді сезінбей қабылдайтын адам жағымсыз жұлдыз астында туғандар, бұндай адамдар туралы да жағымсыз пікірлер айтылады. Бірақ адам мінезін анықтау фактілері оның өзгеру мүмкіндігін жоққа шығармайды, себебі Көпеевтің пікірінше, әр адамның бойында зұлымдық пен қайырымдылыққа бейімділік болады. Бұдан әрі ойшының мұрасында зейін қоятын тағы да бір аспектінің бар екенін атап өткім келеді. Ойшылдың айтуынша, Алла адамды жаратып, еркіндік пен бостандық берген: «Жаратуын өзі жаратса да, билігін, ерік ықтиярын мақұлықтарына берді» [11, 24б.]. Бұл екі ой бір-біріне қайшы келмейді. Бұнда әрекет пен қылықтардың мәні олардың себебінде ғана емес, жауапкершілік пен оның ауырлығында жатқаны айтылады. Сондықтан адамның еркін таңдауын ерекше атап өтеді. Егер адамда еркін таңдау болса, ол бар жауапкершілікті өз мойнына алып, таңдау арқылы өз тағдырын өзгерте алады. Өмір адамға өзін жетілдіру үшін берілген. Дін адамды Құдайға бағыттап, көмектеседі.

Тағдыр жазуы туралы С. Торайғыров та айтып өткен. Бұл проблемаға оның көзқарасы өте қайғылы. Лирикалық кейіпкер өзінің бақытсыз тағдыры туралы ойға батып отырып, адам күштілігін жоққа шығарады, себебі оның өмірінің мағынасы бір сарынды, қиыншылықтардан құрылған. С. Торайғыров тағдырды адам өзі билік ете алмайтын жан дүниесінің ашылуы түрінде қарастырады. Бұл жерде С. Торайғыровтың тағдыр ұғымын түсіндіруін анықтауда ішкі қайшылық туындайды. Шынында, тағдыр кей кезде адамға қатал болады, адам жанын қинайды, бірақ ерік пен тілекті де, тасыған ақылды да тағдыр сыйға тартады ғой. Ендеше тағдыр сондай-ақ адамның қарсы тұру, қателесу, армандау сияқты қабілеттерін де болжайды. Шынайы өмір мен армандау, мақсат пен нәтиже арасындағы айырмашылықтар тағдырды, яғни өзіңді жаңа жақтарыңнан танып, ашу болып табылады. С. Торайғыровтың лирикалық кейіпкері өз жағдайын маңдайына жазған өмір заңы ретінде қабылдып, мойынсұнады. Бірақ ол өз-өзінен, өз ойынан қашып кете алмайды Өз-өзімен үнемі дауласып, пікірлесу шынайы өмірден алшақтап кеткендердің тағдыры болып саналады. Лирикалық кейіпкер іштен түңіліп, өз-өзін сақтаудың жолын табады. С.Торайғыров және оның кейіпкерлері уақыттың алдын алып, болашақ кезеңдердің жаңа бастамаларының негізі болады. Бірақ С.Торайғыровтың өмірден түңілуін көрсету дұрыс болмайды, себебі ақынның рухы биік болып, адам өмірінде кездесетін қиындықтарға қарсы тұра білген. Тұрмыс ауыртпашылықтарын көрсе де, адамгершілік қасиеттерін жоғалтпады. Ол адамдықты жоғары қойған. Оның бойында оптимистік сипат мол, өршілдік басым. Торайғыровтың айтуынша тағдыр адамды мүгедек етіп, кейде өлтіруі де мүмкін, бірақ оның адамгершілік қасиеттерін өзгертіп, өзіне қарсы қоюы мүмкін емес. Өйткені адамгершілік құлшынысты адам өзі таңдайды. Яғни тағдырға мойынсұну немесе өмір ағымына қарсы шығу шешімін адам өзі қабылдайды. Адамның ішкі жан дүниесі – тағдырға қарсы тұра алатын бостандық белгісі. Ж. Аймауытов тағдыр ұғымын басқаша қарастырады. Ол үшін Тағдыр дегеніміз – ар-намыспен қорғалатын бостандық, еркіндік сынағы. Ақбілек пен Қартқожаның ашынып-күйінуі олардың өжеттілігін, өзін-өзі бағалай алатындықтарын көрсетеді. Олар ауыртпашылыққа көніп, өмірден түңілген жоқ. Яғни олар таңдаған өмір ұстанымы қалыптасқан жағдайға сай келмеді. Сондықтан кейіпкерлер бұл жағдайға қарсы тұрып, өмірдің жаңа жолына түседі. Еркіндікті таңдап, өз жағдайын өзі шешеді немесе керісінше, тағдырды таңдап, еркін болу шешімін қабылдайды.

Жоғарыда айтылғандарды қорытындылай келе, М. Ж. Көпеев еркіндік пен бостандықты Тәңір сыйға тартқан деп санайды, алайда бұл екі ұғымды теңдестірмейді. Еркіндік тағдыр ішіндегі қайырымдылық немесе зұлымдықты таңдаудың рухани тұрғысында көрінеді. С. Торайғыров еркіндік құқығы болу керек деген көзқарасты тұжырымдаса да, тағдырдың жазғанын алдын ала болжау фактісін де атап өтеді. Еркіндік тағдырға қарсы қойылып, табиғи бастаманың кері шамасымен бағаланады. Қоғам заңы әділ болмаса, адам өз тағдырын өзгерте алмайды. Адамның жан дүниесі еркін болып, қоғамның бұл заңын өзгерте алмаса да, өзінің жеке тұлғасын қорғай алады. Бірақ адам осы еркіндіктің мағынасын түсіне ала ма. Ж. Аймауытов адамның онтологиялық бостандығы, адам тұрмысының табиғи әлемнен бостандық факторы арқылы анықталуы туралы мәселені қояды. Тағдыр мен еркіндік теңдестіріледі. Адам қалыптасқан жағдайларға байланысты өзі өзгере отырып немесе осы жағдайларды өзгерте отырып, тағдырын шешеді. Міне, адамның еркін әрекеті деген осы. Тағдыр мен еркіндік ұғымдарының түрлі мағынада қолданылуына қарамастан, барлық ойшылдар өлім – қашып құтыла алмайтын өмір құбылысы ретінде жоғарыдан шешілген деген пікір айтады. Өлім – бұл тағдыр жазмышы. Біздің ойымызша, өлімге деген көзқарас, өмірге деген көзқарасты қалыптастыруға көмектеседі, сондықтан осы проблемаға жүгінуіміз заңды деп санаймыз. М. Ж. Көпеевтің діни пәлсапасында өлім – өмірдің басқа деңгейіне ауысу. Ойшыл өлім алдындағы адамның тән өлімінен қорқуына емес, жасаған зұлымдықтары үшін о дүниеде жауап беретініне баса назар аударады. Яғни өлім арқылы бұл дүниедегі қайырымдылық пен зұлымдықты айырып, өз қылықтарын бағалауға түрткі болады. Өлім туралы қайғыға батып, түңілу үшін емес, өмірді тереңінен түсіну үшін ұмытпау керек.

С. Торайғыров пайымдауынан өмір аралығында оның өлімге көзқарасының өзгеру серпінін бақыладық. Алғашқы шығармаларында ақырзаманның жақындауы, осыдан туындаған шарасыздық, жазмыштық ақынның ішкі жан дүниесін күйзелтіп, бойында ашу, түңілу мен қорқыныш ұялатады. Себебі өлім өмір болмысын бұзып, кемелденудің шексіз мүмкіндіктерін шектейді. «Мейірімсіз ажал» (Безжалостная смерть») өлеңінде жас ақынның ашынып, күйінгенін көруге болады.


Не дав желанного свершить,

Ты, смерть родишь печаль.

Еще бы только жить да жить,

А ты уносишь вдаль [12, 28 б.]


С. Торайғыров түсінігі бойынша өлім, әсіресе, жастар үшін зұлымдық («Қамар сұлу» романы, «Жаным неге түңіледі» өлеңі). Бұл зұлымдық кенеттен ойламаған жерден келіп, жас жанның өмірін қыршынынан қияды. Уақыт ағымын кері қайтаруға болмайтынын, өмір сәттерінің өткіншілігін көріп жас ойшыл қатты күйзеледі.

Бірақ жас тұлға өлгенімен, шексіз өмір тоқтамайды. Болмысына қарамастан, өлместің күнін көріп, тіршілік еткендер де, бар өмірі рухани шиеленіспен өткендер де – барлығы да топыраққа айналады. Сонда дүниеге келіп, өмір сүрудің мәні неде? Өлім барлық рухани іздену мен қайғы-қасіретті жойып, болмыс мағынасын түсіріп, жандыны да жансызды да теңестіреді. Жақынын жоғалтып, өзінің өлімнен қашып құтыла алмайтынын сезген жас ойшылдың жан дүниесіне қайғы толтырып, көңілін қалдырған сауалдар туындайды.

Дүниенің шексіздігі мен адам тіршілігінің өткіншілігі туралы пайымдай отырып С. Торайғыров адам болмысы орынсыз деген идеямен келіспейді, себебі әр адамның өмірде өз орны мен міндеттері бар екенін айтады. Ол өзінің міндеті – қазақ халқының рухани дамуын және ар-намысын қорғау деп көрсеткен. Адам болмысының мәні туралы ойымен бөлісе отырып С. Торайғыров адам үшін ең қорқыныштысы – өлгеннен кейін ұмытылуы, жойылуы, із-түссіз жоғалуы дейді. Әр тұлғаның тіршілік ету уақыты өмір мағынасымен, оның бағытымен өлшенеді. Яғни адам өлімі күнделікті өмір ағымына әсер етпейді. Мәңгілік дегеніміз – үнемі ауысып отыратын өмір кезегі. Ал көзге көрінер Әлем – таусылмас болмыстың бір сәттілік ұшқыны.

Аймауытов шығармашылығына келсек, өлімге қатысты оның ұстанымы С. Торайғыров ұстанымына жақын деп айтуға болады. Ол үшін де өлім деген – зұлымдық. Ол адам өмірін кенеттен ойламаған жерден ұрлайды. «Аңсызда артыңнан бұғып келіп, алып ұрғанын бір-ақ білесің. Ажал бір ұры ғой, ажалға не дауа бар?» [3, 171 б.]. Алайда адам өмір заңы алдында әлсіздігін сезініп, өмірдің бұл құбылысына да көнеді. Адам өлу үшін туады. Зерттеліп отырған ойшылдардан айырмашылығы, ол өлім проблемасын адам өмірі бағаланбай, өлтіру мен өлімді көруге көз үйренген айрықша соғыс жағдайларында қарастырады. Ж. Аймауытов өлімге парықсыз қарауды адамның кез келген жағымды, жағымсыз құбылыстарға бейімделу қабілетімен байланыстырады. Бірақ Ж. Аймауытовтың бұл мәселе тұрғысынан көзқарасы басқа. Оның ойынша, тіпті осы қысқа мерзімде адамның болашақта өз тіршілігін жалғастыратын мәңгілік сүйіспеншілік, мәңгілік істері арқылы өзін мәңгілік етуге мүмкіндіктері бар. Яғни бір кездері жасалған ұмытылмас ізгі істері болашақта басқа адамдар санасында қалады.

Жоғарыдағы талдаудан бірнеше ой қорытындысын шығаруға болады. Әрине, адамның өлімге деген көзқарасын талдау оңай емес, оның сұлбасы жоқ болса да, одан қашып құтыла алмайтыныңды сезіну оған деген белгілі бір көзқарасты туындатады. М. Ж. Көпеев тұжырымдамасы бойынша, өлім – өмірдің табиғи құбылысы. С. Торайғыров үшін өлім – зұлымдық, сондай-ақ болмыс мәнін бағалау белгісі. Ж. Аймауытов өлімге көзқарас арқылы өмірге көзқарасты ашты, егер өлімнің мағынасы болмаса, онда өмір де бағаланбайды. Дегенмен қазақ ойшылдары өз замандастарының өлімге деген көзқарастарын әр мағынада талдай отырып, өлім өмірге мән беріп, өмір құндылықтарын таңдауға жауапкершілікпен қарауды үйретеді деген бір пікір айтады. Өлімді тағдырдың алдын ала анықтап қойған факторы ретінде қабылдап, олар еркіндікті өмір ұзақтығымен емес, оның мәнімен байланыстырады.
Бақылау сұрақтары
1. Қазақ ойшылдарының тағдыр мен таңдау еркіндігі проблемаларын түсіндірудегі негізгі жолдарын ашыңыздар.

2. Жауапкершілік деген не және оның таңдау еркіндігімен арақатынасы.

3. Автордың өлім проблемасына көзқарастарын анықтаңыздар.

4. Қазақ ойшылдарының «Өмірде зұлымдық қалай пайда болды?» деген сауалға жауап берудегі пікірлерін сипаттаңыздар.


2.5 М. Ж. Көпеев, С. Торайғыров және Ж. Аймауытов шығармашылықтарындағы этикалық және эстетикалықтың өзара қатынасы және олардың қайшылықтарын анықтау қағидалары

Сабақтың мақсаты: адам бойындағы этикалық және эстетикалық қарама-қайшылық диалектикасын ашу және ХХ ғасыр басындағы қазақ ойшылдарының көзқарасы тұрғысынан осы қарама-қайшылықтарды шешуі мүмкін әдістерді талдау.

Тақырыпты меңгеруге арналған ұсыныстар: берілген тақырыпта адам бойындағы этикалық және эстетикалық ара қатынас туралы мәселе қойылған. Берілген тақырыпты игеру мақсатында М.Ж.Көпеев, С. Торайғыров және Ж. Аймауытовтардың көзқарасы тұрғысынан эстетикалық және этикалықтың мәні мен табиғатын анықтау қажет. Қазақ ойшылдары позициясынан олардың шығармашылықтарын мысалға ала отырып, салыстырмалы аспектіде адам бойында эстетикалықтың бой алуы себептеріне көңіл аударыңыз. М. Ж. Көпеев, С. Торайғыров және Ж. Аймауытовтардың ұсынған этикалық және эстетикалықтың қарама-қайшылығын шешу әдістерін анықтаңыз.
Тақырып мазмұны
1. Адам бойындағы этикалық пен эстетикалықтың қарама-қайшылық себептері.

2. Әлемдік көзқарас тұрғысындағы сезімдік бастау, эстетикалық бастау, табиғи бастау.

3. Этикалық пен эстетикалықтың қарама-қайшылығын шешу әдістері.

М. Ж. Көпеевтің пікірі бойынша шамадан тыс өмір салтында теріс ойлар біртіндеп адамның санасын жаулап алады. Яғни, біртіндеп уақыт ағынымен сезімдік ләззаттың бой алуы этикалықтың мәнін түсіреді. Бірақ санамен сезімдікті шектеу этикалықты саналы таңдауда, Көпеевтің тұжырымынша, адам рухы тұтасады және үйлесімділік қалпына келеді. «Аз жеуді, аз ұйықтауды, аз сөйлеуді мұрат тұтты» [1, 14 б.]. Шама және үйлесімділік түсініктерімен тығыз байланысты көрсетілген арақатынастың, әрине, эстетикалық аспектісі бар. Сондай-ақ Құранда шама шегін сақтау жақсылық ретінде және, керісінше, шектен асу артынан жамандық әкелетін Құдай кешірмейтін опасыздық ретінде қабылданады. Яғни, адамгершілік қасиет принципі Құран аяттары негізінде адам бойында, бәрінен бұрын, адамға өз табиғатынан жоғары, оны сеніммен және білімімен кеңейтіп эмоциясын, сезімдерін, көңілін бақылай алатын адамға тән ақыл-еске сананың бағынуын топшылайды. Сонымен қатар Көпеевтің айтуынша, адамды күштеп өзгерту өте қиын, оның өзінің көңілі болмаса, бұл уақытты босқа шығындау болады. Мүмкін, адамды зұлымдықтан тек құдай ғана сақтай алатын шығар.

Жоғарыда айтылғандардан мынадай қорытынды шығады: Құдайсыз адам бойында сезімділік бой ала бастайды және адам бойындағы жеке бастау жиі этиканы кейінге шегеріп, эстетизмге ауысады. Көпеев этикалық және эстетикалық бастама үйлесімділігінің діни негізі тұрғысын ұстанып, дін этикалық және эстетикалық бастау арасындағы әдіс болып табылатынын көрсетеді. Шариғат аяттарын сақтау, өз бойыңда адамгершілік қасиеттерді тәрбиелеу адамның рухани тұтастығын қайта қалыптастыруға жағдай жасайды. Бірақ Аллаға сену, Көпеевше жай ғана формалді жол-жораны орындау емес. Ол салтты көзбояушылықпен сақтауды қабылдамайды, Аллаға, яғни қайырымдылыққа, ақиқатқа және сұлулыққа жақын болу жолында, адамгершілікті-ойлы өмір салтын, адамның жетілуін қолдайды. Бұл кемелденуге жақындау тек рухтың дамуы арқылы ғана мүмкін болады. Осылай, этикалық және эстетикалықтың қарама-қайшылығын тек негізінде дін бар этикалық қана шеше алады.

Жамандыққа әкелетін жол ретіндегі сезімділіктің басым болу түсінігі мәселесінде С. Торайғыровтың М. Ж. Көпеевпен ойы бір. Бірақ бір жағынан оның түсінігінде эстетизм шектен тыс ләззәт алуға ұмтылу ретіндегі адамның түңілуін кейіптейді. Қазіргі жағдайын қанағат тұтпау, мұңаю біртіндеп адам рухани тұтастығының бөлшектеніп, құлдырауына әкеледі. С. Торайғыров адам тек ләззәт алу принципімен жүріп, өз-өзін құртатынын көрсеткісі келген. Нәтижесінде ол іштей мұңаю және шарасыздық күйде болады. Оның себебі алдамшы ләззәтқа шектен тыс ұмтылу. Ләззәт іздеу адамды өзіне тәуелді етеді, ол өз бостандығын жоғалтып, оған жетпей, бостандық елестерін ғана алады. Бұл жағдайдан шығуды, яғни тұтастыққа жетуді, Торйғыровтың айтуынша, саналы таңдаудан іздеу керек. Егер Әжібай («Адасқан өмір») бостандықты таңдаса, ол өзіндік «жеке тұлғасын» табушы еді. Бірақ бар қайғы оның өзіндік табиғи «жеке тұлғасын» таба алмауында. Ол жеке тұлғалық бастауын ала алмай, ләззәт алу және рақаттылық сезіміне бөлену ырықсыз соқыр сезіміне бой алдырып, жекелігін жоғалтады. Оның жеке болмысы дәстүрлі көзқарастармен шиеленіске түспеді. Әжібай көпшілік мақұлдаған дәстүрлерге жол береді, өз тұлғасын құрбан етеді, ол аз дегендей, ру мүддесі үшін сүймеген адамына тұрмысқа беріп өз қызын құрбан етеді. Әжібайдың өмірлік дүниетанымы себептерін түсінуге тырысып, адам табиғатын талдап көрейік, оны Торайғыров қалай көрсетті.

М. Ж. Көпеевтен айырмасы Торайғыровтың пікірінше, дүниеге келгенде адам пәк тазалықтың бейнесі болып табылады.

Есейе келе адам қоршаған ортамен түрлі байланыс қатынастарға түседі. «Адасқан өмір» поэмасында біртіндеп кейіпкердің дүниеге келгеннен өмірінің соңғы сәттеріне дейін адам табиғаты және қоғам табиғаты арасында шиеленіс динамикасы орын алады. Торайғыров Әжібайдың алдына табиғи адамгершілікті-бейтарап бастау және рухани-жеке тұлғалық бастау арасына таңдау қояды. Бірақ Әжібай жеке тұлғалық таңдау жасамады, таңдау жасай алмағанынан емес, ол тек алдына таңдау мүмкіндігі туралы мәселе қойған жоқ және өзіндік «жеке тұлғалық» ретінде сол ойында тұра алмады. Сондықтан оның өмірге қатынасы табиғи, эстетикалық, сезімдік, бұзылғандық болып қалды. Торайғыровтың жақсылық деп түсінген рухани жеке тұлғалық бастауы да қажетсіз болып қалды, өйткені таңдау актісі жасалмады. Жеке тұлғалық бастауды айқындайтын бостандық Торайғыровша жақсылық екенін атап кету керек. Адам жақсылықты таңдай отырып, бостандықты таңдайды. Зұлымдық адам бойындағы табиғи, рухтанбаған бастаудан шығады.

Әжібай рулық мүдделерге бой ұсынғасын, барлық жауапкершілікті, яғни, жасалған таңдау нәтижелері үшін туындаған жағдайларға жауапты көпшілікке аудара салды. Осы жағдайдан шығу ретін Торайғыров қарама-қайшы этикалық бастау – барлығына ортақ адамгершілік заңды ұсынады. С. Торайғыров та солай жеке тұлғалық, рухани бастауда тұрып, әділдіктің бірыңғай жалпы адамгершілік заңын құрып, адамның бейтарап табиғатына қарсы тұруды ұсынады.

С. Торайғыровтың әлемі – өзінше адамнан бөлінген болмыс қана емес, ол жасаушы жеке тұлғаның өзі болатын адам бостандығының әлемі екені анық. Мұнда Әжібайдың және сол сияқты адамдардың өмірге сезімдікпен қарауының негізгі себебі, Торайғыровтың айтуынша, надандық. Сондықтан ол жалғандықты қазіргі қоғамның барлық жамандықтарынан: надандық және мәдениетсіздік, құлдық және қайырымсыздық, білімдерінен іздейді. С.Торайғыров жақсылық пен білімнің байланысын сезініп, адамгершілікке адам ақылының тірегі қажеттігін мойындады. Яғни, надандық – ол зұлымдық, бірақ адамгершіліксіз білім – зұлымдықтан жаман. Осылай, С. Торайғыров бойынша таңдау бостандығы адамның өзімен, оның адамгершілік, рухани-жеке тұлғалық даму деңгейімен анықталады.

Көріп отырғанымыздай, этикалық және эстетикалықтың қарама-қайшылығын шешу әдістері адамның өзіндегі этикалық бастаумен байланысты. Адамгершілік өмір, Торайғыровтың пікірінше бұл- абсолютті жақсылықпен адамның ішкі байланысын жетілдіру үрдісі.

Ж. Аймауытовтың пайымдауында біршама басқа жағдай байқалады. Ж. Аймауытов «Тәрбие» мақаласында тәрбиенің мәні мен міндеттері туралы ойлаған әлемнің ұлы ойшылдарының аттарына жүгінеді. Қоғамда зұлымдықтың болуын Ж. Аймауытов жай ғана тәрбиемен емес, мейірімді адамдық қасиеттерді тәрбиелеудің кемшіліктерімен байланыстырады: «Адам баласының арасында ұрлық, зорлық, өтірік алдау, кісі өлтіру, талау сықылды неше түрлі бұзықтықтың көптігі тәрбиенің жетпегендігінен» [28, 133б.]. (Ұрлық, зорлық, өтірік, кісі өлтірушілік- тәрбие жеткіліксіздігінің нәтижесі). Адамгершілік қасиеттер адамға туа бітпейді, адамда тек тәрбиесіне қарай өрбитін бейімділік болады: «Адамды бұзатын да, түзейтін де тәрбие деп едік» [28, 134 б.]. Яғни, Аймауытовтың ойынша, адамды ұлы залым немесе адамгершілігі мол азамат етіп тәрбиелеуге болады. Ол тәрбиелеудегі басты жауапкершілікті ата-аналарға жүктейді, себебі тәртіптілік пен арсыздық, шыншылдық пен өтірікшілік, аяушылық пен зұлымдық отбасында қалыптасады. Жаман отбасынан жақсы бала, ал жақсы отбасынан жаман бала шығуы мүмкін емес дейді. Сондықтан ойшыл кешенді тәрбиелеу туралы сөз қозғайды, бұнда міндетті түрде баланың құрбы-құрдастарының, жолдастарының, ұстаздарының, тұтас қоғамның, дін мен салт-дәстүрдің әсері мен құндылықтарын ескеру қажет. Ж. Аймауытов адамның түрлі күрделі жағдайлар ортасында жүретінін ескере отырып, шығармашылық адамның қалыптасуындағы маңызды шарт білім беру мекемелеріндегі тәрбиесі деп санаған. Ойшыл қарт адамды да жақсылыққа тәрбиелеп, оның рухани әлемін жетілдіруге, сұлулықты түсініп, оны бағалауға үйретуге болады деп сенеді. Сондықтан Ж. Аймауытов тәрбиелеуді оқыту, үйрету деп түсінбеуін анықтап алу қажет. Бұл жерде адамдардың, әсіресе, тәрбиеленушіні өмірге бейімдейтін ата-аналар, ұстаздар мен достарының өмір салты туралы баяндалады. Сондықтан әр адам басқа адамдардың алдына түрлі қылықтары үшін жауап береді. Яғни өз әрекеттерімен және қылықтарымен ол басқа адамдарға үлгі болып, оларды тәрбиелеуге үлесін қосады. Сонымен тәрбие дегеніміз екінші бір адамның өмірін өзгертуге көмек.

Егер адам тамаша және қайырымды ортаға қарамастан бәрібір зұлымдықты таңдаса, зұлымдық ұзақ уақыт аралығында этикалық принципті жеңіп кетсе, онда Ж. Аймауытовтың пікірінше, адам бойында тәрбие және адамгершілік парызды қабылдау арқылы өзгертуге болатын туа біткен бастама ғана емес, басқа бір құбылыс бар. Мүсілім мен Мұқаш бейнелеріне С. Торайғыровтың адамгершілік заңдылығының этикалық талаптары әсер ете алмайды. Олар зұлымдықты таңдады. Бұл жерде аталған кейіпкерлер сезімдікті емес, теріс руханиды таңдағанын атап өту керек. Мұқаш пен Мүсілім эстетикалық, сезімдік бастамаға Әжібай секілдің рухтарының әлсіз болғандығынан берілген жоқ. Олардың рухтары күшті, бірақ бойларындағы зұлымдық жақсылықты жеңіп кетті. Ләззәттың опасыздығы мен сұлулықтың күнәһарлығын біле отырып, олар тыйым салынған құбылыстардан рахат алады. Бұлар арамдықпен өздерінің кез келген опасыз тілектерін орындап, оларды ақтап алатын өте білгір эстетиктер. Яғни бұл жерде С. Торайғыровтың эстетикалық таңдауын қолдану мүмкін емес. Мұқаш пен Мүсілім жағымсыз қылықтарынан ләззат алады. Сондықтан бұл білгір-эстетикалық сайтан бастамасын этикадан тыс құбылыс қана жеңеді. Адам зұлымдықтан ләззат алып, өзін-өзі ұстай алмаса, Ж. Аймауытовтың айтуынша, қуатты энергия қажет. Біз оны Тәңірі күші деп ұғамыз. «Жасында алған мінезді жүре түзеп әкетуге адамның жанында өзгеше бір қуат болу керек» [28, 137 б.]. Осы тұрғыда Ж. Аймауытов пайымында адамның залым ойын, зұлымдықты жою үшін Тәңірге жүгіну қажеттілігі идеясы анық берілген. Адам күші сайтан бастамасы алдында әлсіз және тек қана ізгіліктен тыс құбылыс – тәңірлік қана жеңе алады.

Сөйтіп, қорытындылай отырып, М. Ж. Көпеев, С. Торайғыров, Ж. Аймауытов түсінігінше таңдау еркіндігі мен жеке жауапкершілік адамның ізгі кейпінде маңызды рөл атқарады. Бұнда келтірілген пайымдаулардан әр оқуды қолайлы және дұрыс түсіндіруге қажетті сызбаны жасау өте қиын екенін көруге болады. Алайда біз олардың шығармашылықтарындағы кейіпкерлердің бірнеше типтерін атап көрсетуді жөн көрдік. Біздің пікірімізше, өзінің шарттылығы мен толық еместігіне қарамастан, бұл типтер қазіргі өмірде де жиі кездеседі.

М. Ж. Көпеев мұрасында жақсылық пен жамандықты айыра білетін, бірақ ләззәт үшін жаман қылықтар жасайтын адамдар талданады. Адам бойында адамгершілік, ізгі қасиеттер мен қайырымдылық ислам қағидаларын ұстанып, жаттығу негізінде қалыптасады. Этикалық қажеттілік дінмен анықталады деп айтуға болады. Басқаша айтқанда, дін – этикалық және эстетикалық бастаманың үйлесімдеу негізі.

С. Торайғыровта адамдар қылықтарынан жамандықты көрмеу жағдайлары талданған. Жамандық жасау адамның заттардың шынайы табиғатын түсінбеуінен болады. Ол сезімдікке бейімділігі мен ізгілік парызы арасындағы таңдау алдында тұр. Яғни адам өз ішіндегі рухани бастамаға жүгінуі керек. Сонда ғана ол эстетикалық жағдайдан этикалық жағдайға көшеді. Алайда С. Торайғыров жалпыға ортақ мораль мен жеке адамгершілік бастамасын қарама-қарсы қояды. Оның кезеңінде қоғам кертартпа болып, лирикалық кейіпкер Қамар сұлу кейіпіндегі жеке рухани-ізгілік тұлға жағымды өзгеріс көздері бола бастады. Ойшыл қоғамдық нормаларды теріске шығаруға шақырмайды, адам жақсылықты түсініп, өзі қабылдауы керек деген пікір айтады. Сонымен «барлық заттардың өлшеуіші» қоғамдық құндылықтар емес, адам болуы керек. Торайғыров пен оның кейіпкерлерінің көзқарастарында қоршаған ортадан құрбандықты қажет етпей, өзін құрбандыққа шалу сияқты ашық түрдегі интенция бар. Өздерінің жеке тұлғалық құндылықтары арқылы олар өздерінен да бағалы бір құбылысты сезінеді, міне, осылардың жеке тұлғалық және жалпы адамдықтың бірігуі Торайғыровқа өмір болмысына сын көзбен қарауға мүмкіндік береді.

Ж. Аймауытовтың шығармашылығында мүлде басқа тип беріледі. Бұл адамдар біле тұра зұлымдық жолына түсіп, басқа адамдарға жасаған зорлық-зомбылықтан рахат алады. Олардың алған ләззаты рухани-теріс бастама. Бұл руханилықтың ең соңғы қарама-қайшы нүктелерінің бірі. Оларды тек қана тәңірлік бастама ғана баса алады. Бұл бастаманың М. Ж. Көпеев бастамасынан айырмашылығы бар. Этикалық бастама адам бойындағы сайтан бастамасын жеңе алмайды, себебі ол әлсіз. Оған тек қана табиғаттан тыс құбылыс қана әсер ете алады. Яғни Ш. Айтматовтың пікірінше, діни бастама маңызды және этикалық бастамадан жоғары тұрады.

Көрсетілген айырмашылықтарға қарамастан, үш ойшыл да адамның кемелдену мүмкіндігі мен қажеттілігі туралы пікірді айтады.


Бақылау сұрақтары
1. Адамның абыройы мақсатқа жетуінен, оған баратын жолынан анықталады (Абай). Сіздер бұл тұжырыммен келісесіздер ме?

2. М. Ж. Көпеев, С. Торайғыров, Ж. Аймауытов адам бойында эстетикалық бастамаға бой алдыру себептерін қалай түсінеді?

3. Қазақ ойшылдары адам бойындағы эстетикалық және этикалық арасындағы қарама-қайшылықтарды шешудің қандай жолдарын ұсынады?
2.6 М. Ж. Көпеев, С. Торайғыров және Ж. Аймауытов дүниетанымындағы этика-эстетикалық идеал

Сабақтың мақсаты: М. Ж. Көпеев, С. Торайғыров және Ж. Аймауытов көзқарастарынан қазақ қоғамының даму перспективасын, адамның этика-эстетикалық идеалының салыстырмалы талдау өткізу.

Тақырыпты меңгеруге арналған ұсыныстар: Бұл тақырыптың адамды пір тұту және қоғамдағы табыну түсінігінің көпқырлы трактовкаларын анықтауда студенттерге көмегі болуы тиіс. М. Ж. Көпеев, С. Торайғыров және Ж. Аймауытовтардың идеалды адамды шартты түрде көруі, оның себептеріне назар аудару. Мүмкіндігінше, ХХ ғасырдың басында қазақ даласындағы саяси және экономикалық жағдайлардың қандай тұрғыға байланысты олардың идеалды қоғамды ұсынғанын түсіндіру.
Тақырыптың мазмұны
Қоғамның идеалы: мұсылман мемлекеті, социалистік әділ қайтақұру қоғамы, көшпенділердің үйлесімді үндескен ментальділігі (ділділік) жаңа еуропалық қоғамдық құрылымға енгізу.

Адам идеалы: өзін өзі таныта білудің шығармашылық мәселелері.

Этикалық және эстетикалық өзара байланыс, адамдардың шынайы қарым-қатынасынан білінді, нақты жағдайлардың көрінісін ғана көрсетіп қана қоймай және бағаланады, сонымен қатар адамдықтың заманауи руханилығына бірнеше бағдар-түпқазық беріледі. Адам идеалсыз өмір сүре алмайды. Идеал жоғарғы жетілу ретінде жиі, шынайы өмірде болмаған ғаламат секілді, бірақ нақтылықтың түпқазығы-бағдары озыққа қарай жоғарылаудан анықталады. Идеал туралы түсінік адамға да, және әдемілікке де, және мемлекетті басқару пішініне қолданылады. Идеал мұндай мағынасында нақтылықтың жетілмеген затқа қарсы салыстыру секілді болады. Идеал туралы түсінік – бұл бір мезгілдік емес және мәңгілік тұрақтылықты белгілейді, идеал – бұл дәуір анықтаған сананың эстетикалық және этикалық құрылымының өзіндік кульминациялық нүктесі.

Әрбір дәуір өзінің идеалдарын қалыптастырады, онда адамдардың өзара қарым-қатынасындағы деңгей, олардың айнала дүниеге қатынасы, қоғамның басымдылық құндылығы және қажеттілігі айқындалады. Жоғарыда көрсетілгендей, XX ғасырдың басында идеал бәрінен бұрын қазақ халқының саяси және экономикалық қызығушылығын қозғады. Біздің көзқарасымызша, мұндай жаңа басымдылықтың ішінде және жетілген қоғам және жетілген адамның этика-эстетикалық идеалы қалыптасты. Және дәл осы мерзімде бірлескен қазақ тақырыбына негізделген жаңа реңктер қабылдады.

М. Ж. Көпеев, С. Торайғыров және Ж. Аймауытов сол сияқты мемлекеттің жаңа типі туралы армандайды, онда әрқайсысы өз қабілетіне қарай өзін-өзі жетілдіруге қабілетті болады, онда әділетсіздік пен зұлымдық, кедейлік пен күнәлілік болмайды. XX ғасырдың басындағы ресейлік колонизация шешімінің астарында, ұлттық тамырды және сенімді ыңғайлы етіп жоюға мінезделген сипат қабылданған, М. Ж. Көпеев қайтадан қазақтардың басқа мұсылман халықтарымен бірлігі туралы мәселе көтерді. Ру бойынша емес, сенім бойынша бірігу міне бірліктің негізі, М. Ж. Көпеевтің пікірінше, өз табиғатын және қазақтардың ұлттық рухын сақтауға қабілетті. 1917 жылы қазақ даласына келген революциялық өзгерістер көшпенділер өркениетіне (цивилизациясына) құлдырауына себеп болды. Сонымен бірге шаруа-переселендерге ең жақсы жемісті мал жайылымдарын басып алып беру мен таратып беру, дүниетаным туралы дін және дәстүрден, қазақтарды исламнан айыруға тырысқан әрекеттер миссионерлік қызметтің бірлесе өткізілуі еді. Мұндай саясат шынайы түрде көптеген қазақ зиялы қауымы (интеллигенциясы) өкілдерінің қарсы реакциясын тудырды. М. Ж. Көпеевті алшақ емес уақыттың өзінде Зар-Заман дәуірінің ақын-қайғышылдарына қатысты деп санады. Немесе, кеңестік саясаттың терең мақсатын ашық жан-жақты ашу қазақ халқының рухани әлеуетін (потенциалын) нивелировкасы әрекетінде, руластарын мәдени қазынаны сақтауға шақырады, дәстүрлі құндылықтарды қайта өркендетуге, оны ұлтшыл және жаңа құрылысқа жаулық қатынаста деп айыптады. Бүгінгі күні бәріне де түсінікті, ойшылдардың шығармашылығының мәні мен мағынасының аталған бағыты қиратушы қарсылықты күш (агрессивті) саясатының алдында қазақ халқының ұлттық мүддесін сақтап қалудан тұрады. Оның бүгінгі уақытқа теріс пиғылдық (негативтілігі) қатынасы, бейқамдыққа және туыстастардың мансапқорлығына (карьеризмге) жек көрінішпен қарауынан, медаль мен марапаттар үшін дәстүрді қиратуға мүмкіндік берілетініне, өзінің меншігіндегі жерде сыртқа тебілген қазақтарға аяушылықпен қарайтындарға айқай-үні беріледі.

С. Торайғыров, керісінше, қазақ даласында орнаған революциялық төңкеріске үлкен үміт артты. Ол жақсы жақтарын көрді және орыс революциясының мағынасын сананың жаңа парадигмасының құрылуы деп қарады, экономиканың өсуіне, қоғамның демократиялық дамуына, және «Алаш» партиясының қызметін алға апаруға атсалысты, қазақ халқының мүддесін қорғады. Өз халқының өмірін жақсылыққа мен жарыққа толтыру тілегін жүзеге асыру үшін, ол жаңа құрылыстың және қоғамның ең озық өкілдерінен үлгі алуға шақырады.

Оның тілегі бәрінен бұрын қазақтардың жан-жақты және міндетті біліміне байланысты, ғылымның жаңа түрлерін игеру, техника, әлем мәдениеті жетістігіне және барлық әлем үшін қазақ рухани кеңістігінің өзіндік ашылуына орыс мәдениеті арқылы сөйлесу болды.

Ж. Аймауытовтың аталған жағдайға қатынасы даланың диалектикалық ыңғайымен өзгешеленеді. Саяси қызметпен белсенді айналысып, өмірдің жаңа образы мүмкіндігінің келешегін (перспективасын) талдайды, ол қазақ даласының шынайы жағдайындағы болғанды сипаттайды. Тарихтан белгілідей, өзеннің жағасындағы ең бай территорияларды, бұлақтарды көшіп келуші переселендер әлдеқашан иеленген. Көшпенділерге не істеу керек? – деп сұрайды Аймауытов. Өйткені жақсы жерлерден ешкім ешқашан кетпейді, ендеше, қазақтарға даланың тіршіліксіз қиыр-шетіне риза болып отыруына тура келеді. Ж. Аймауытов көшпенділердің мүшкіл (кедейлік) халін жер өңдеу жағдайына бейімделе алмағанынан деп біледі. Көшпенділер еш нәрсесі қалмай, әлсізденген, қыстаудан бай жазғы жайлауларға көшуіне мүмкіндігі жоқ, олар еріксіз жер игерушілерге айналады. Отырықшылық деген не, көптеген қазақтарға оның қалй көрінуін, ойшыл «Қартқожа» романында ашты, көшпенділерді ырықсыз күшпен отырықшыға айналдыру нәтижесі жойылтуға апаратынын талдады. Егер отырықшы өмірге көшсе қазақтарға мүмкін жеңіл болар ма еді? – сауал тастайды ойшыл. Бірақ шындық басқаша болатын. Отырықшыға айналған ауылдар – бұл тірі бейіттер бола бастады. Рухы құлаған, малдарынан айрылған, жерді иелену ісінен хабары жоқ, бірде-бір еңбек құралсыз, көліксіз кедейленген адамдар еді. Бұған қарап кім отырықшы өмір қазақтарға жақсы өмір берді деп айта алады. Ойшыл тұрғындарды шаруашылықтың жаңа типіне асығыс көшірмеу мәселесін қойып, ақтағысы келеді. Адамдардың қайғысын, оларды кедейлікке ұшыратқанын, сол арқылы аштық жайлағанын және өлімге байлағанын, жер игеру өнері мен ғылымына үйретілмегенін қалай ақтауға болады, ғасырдан ғасырға дала көшпенділер болғаны, адамдардың өмірі сүру ритмі мен дүниетанымы басқаша, басқа уақыт мен кеңістікке жататыны ескерілмеген? Ж. Аймауытов өмірдің жаңа бұрылысына біртіндеп жайымен адамдардың ықылас-тілегін ескере өтудің жақтаушысы болды, бұдан олардың мүмкіндігі, олардың дүниетанымдық қойылысы шығады.

Жоғарыда айтылғандардан байқағанымыздай, М. Ж. Көпеев, С. Торайғыров және Ж. Аймауытов төңкеріс (революция) мәселесіне, Ресейге қазақтардың қосылу нәтижесіне түрліше қатынаста қарады. Бір құбылыстың бойында трагедиялықпен және оптимистіктің араласып кетуі, оны тым жоғарылатып және сорақы тұрғыда көру және ойшылдарды өз халқының жоқшылықтан, жер иелігінсіз жүруден, құлдыраудан шығу жолдарын, перспективті болашағын шаршамай іздеуге мәжбүр етті. Қазақ ойшылдары, өз тамырының, қайнар көзінің сақталуы үшін күресінде, бағынуды қаламайтын және болмыс және ойлаудың жаңа формаларына таралады, қазақтар үшін жанына жақын болашақтың траекториясын сызып беруге ұмтылды. Бірақ та халықтың бақытына орай жалпы ұмтылыстың ішінде, олар түрлі жолдарын ұсынды және оның жетістікке жолу тәсілдері.

М. Ж. Көпеев өткенді идеал етуге бейімдеу, оның позициясына сәйкес, ең озығы, қазақ қоғамында болғандай, саяси өзгерістер XX ғасырдың басында жойылды. Қазіргі кезде қазақ ойшылдары негізінен трагидиясын көреді, күшейтілген жағымсыз өзгермеген, адамның ұнамсыз қасиеті білінеді, мұның себебін негізінен Құдайдан безу деп қарайды. С. Торайғыров, керісінше, өткенді дәріптеп, дәстүрдің де кейбір келеңсіз тұстары болатынын белгілейді, оның түсінігінде ондай нәрсе адамгершілікті жоғалту болып табылады. Нақты сол уақыт әзірше адамға бақыт әкелмеді, сондықтан С. Торайғыров болашаққа бағатталады. Оның ішінде ойшыл әділеттілікті бақыт деп қарайды. М. Ж. Көпеевтен С. Торайғыров Ж. Аймауытовтың айрықшалығы өткенге де болашаққа да ризалықпен қарайды, сонда да, нақты уақыт туралы айтуға бейім. Ж. Аймауытовқа сәйкес дәл бүгінгі күні адамда өзін адамдық қасиетін көрсетудің барлық мүмкіндігі (шанс) бар, қазақ халқы өз қабілеттері мен пайдасына қарай мүмкіндік ашады. Осы жоғарыда айтылғандардан шыға отырып, түйін жасауға болады, М. Ж. Көпеев үшін қоғам идеалы мұсылман мемлекеті болып табылады, С. Торайғыров қоғамның қайта құруында социалистік әділділікке үміт артады, Ж. Аймауытов қоғамдық құрылыстағы жаңа еуропалық кіріспелердің көшпенділердің діліне «ментальділігіне үйлесімді үндесу (гармониялық үндесу) қажеттілігіне негіздейді.

Айтқандай-ақ, М. Ж. Көпеевтің қоғамның қайта құруындағы идеалы сол тарихи дәуір билігіне нақтылай және толықтай қайшылықты болды, шындығында бұл көпке тек қана арман болып қалды. С. Торайғыров идеалында өмір сүріп жатырған нақтылық жасанды секілді қабылданбады және болашақты тезірек жүзеге асыруға ұмтылды. Ж. Аймауытовтың ұсынған идеалында, біздің көзқарасымызша, М. Ж. Көпеев және С. Торайғыровтың синтез позициясына әрекеттенуі өтті. Ол үйлесімді (гармониялық) мұсылмандық және көпке танымалдылықтың және біртіндеп нашардың озыққа айналуы идеалдарының іске асуын ұсынды. Бірақ, сөзсіз бірнәрсе, бұндай ғажайып және күрделі процессте еркін шек-деңгей болуы тиіс емес, нашар пиғылды мүдделердің күшке шығып кетуінен қашқақтайды. Жоғарыда айтылғандай, байқауымызша, идеал – бұл ғасыр басындағы философияда аморфты емес түсінік, ол айқындалған мақсат, адамның және қоғамның өмірлік қозғаушы күші (стимулы) сапасында енеді, дүниетанымдық мағына қабылдайды, мінез-құлық негізі қалыптасады және этика-эстетикалық құндылық және мағынасы анықталады. Сондықтан да қазақ ойшылдарынан қоғамдастық шегінде идеалдылық және нақты адамның идеалы анықталды.

Атап айтуымыз керек, өтпелі дәуірде нақты айтқанда жастық пен бой жету, бозбалалық ең бағалы жас кезеңі болды. Ол туралы барлық ойлар айтылды, оған М. Ж. Көпеев, С. Торайғыров, Ж.Аймауытов барлық үміт артты этностың өсіп келе жатырған ұрпақты құтқаратын жібі ретінде көрді. ойшылдар жағынан жастардың ұмтылысына және басымдылығына салмақты және ынта қойған қатынас олардың жаңа ұрпақты жоғары этика-эстетикалық құндылықты жалғастырушылар ретінде тануымен түсіндіріледі. Егер жалғыз күрделі түсінік арқылы дәуір сипатталса, ал XX жүзжылдық басындағы кезең үшін келесі анықтамалар тиісті болды: жауаптылық, әділділік, патриотизм, батылдылық және басқалар, яғни этикалық және эстетикалық бұзылмайтын бірлікте болады. Осы уақытта ерекше көрінген, өскелең ұрпақ үшін өзінің таусылмас рухани танылып-таралуы секілді тұлғаның ашылуы, принципиалды аяқталмаған шексіздігіндегі оның этика-эстетикалық жетілуі тұрды. Қазақ ойшылдарының идеалында тұлғаның қайталанбас және көпдеңгейлілік ашылуына мақсат қойылды.

Жоғарыда келтірілген алдыңғы бөлімдердегі талдауда, біздің көзқарасымызша, зерттеуіміздегі ойшылдардың пайымдауларында идеалды жетілген адамның бірнеше интенциясы анықталған. М. Ж. Көпеев тұжырымының (концепциясында) ең маңызды мәнінше ұятты адам идеалы қабылданды. Адамгершілік жауаптылығы болғандықтан, адамның түзелуі ұяттың болуына тікілей байланысты (Құдайшыл), және онтологиялық негіздегі этикалық және эстетикалық үйлесім (гармония) болып табылады, сондықтан және Көпеевтің түсінігіндегі адам, өмірге жақсылық жарығын төгуші және әдемілікті кіргізуші болуға үнделеді. Бірақ нәзік сезімталдық әлем үйлесімі (гармониясы) адамның қолына түспейді, Көпеев бойынша, бұл ұяттың болмауы себепті болады. Адам рухының биіктігі, адам бойындағы әдемілік пен жақсылық арасындағы қайшылық себебінен болып табылады. ерекшелеп көрсеткендей, ұятты адамның әлемді тереңірек көру күші, ішкі және сыртқы, әлем үйлесімін синтездеп, хаосқа қарсы тұруға қабілетінен болады.

Этикалық және эстетикалық қайшылық арасындағы, жағымсыз мінез-құлық болғанда, көп үшін лас өмір сүру идеал бола бастайды және эстетикалық мағына жағымдылыққа қарай орын басады, онда жақсылық әдемілік секілді және әдемілік этикалық мазмұннан айрылатыны шығарылады, С. Торайғыров бойынша, шартты, бір жағынан, ұсқынсыз әлеуметтік жағдайлар, екінші жағынан – адамның осы өмірге келгендегі жасалалатын ісіне дұрыс түсінік жоқ. С. Торайғыровтың өзі жетілген адамды әділетті адам секілді, жаңалыққа құмар және өзінің дүниетанымына енуін толық түсінген және, солай ете отырып, әлемге жайлы қатынасты өзгеріссіз таңдаумен анықтайды.

Ж. Аймауытовқа сәйкес жетілген адам өзіне белсенді шығармашылық бастау сіңдіреді, онда өзінің негізінде адамилыққа тірек етуі тиіс. Өйткені шығармашылық белсенділік түрлі құндылық бағыттарында жақсылықпен де, зұлымдықпен де көрінуге қабілетті. Оның бір себебі жетілмеген адамның, его әлсіздігі мен күнәлары, Аймауытов екіжүзділік жасырынған ішкі қуыс кеуделілік мүмкіндігі басталған кезде, сапасыз, бір жағынан даму және тәрбиені, көрсеткіш мінез-құлық жалпы мойындалған моральды қойылыстарға түскенін көреді. Сондықтан да, Аймауытов, өз позициясын дәлелдеп адамның белгісіздік және көпөлшемдік, өз-өзіне қатынасына сынмен қарау қажеттігі туралы ой дамытады. Толығымен, қоғам және адамның құрылымындағы түрлі басымдылықтарға қарамастан онда, М. Ж. Көпеев, С. Торайғыров және Ж. Аймауытовтың мақсаты ұқсас –адамның шығармашылығымен өзін танытуы үшін этикалық адамгершілік және эстетикалық бірлік негізінде адам бойындағы тамаша қасиеттерді шығаруға жағдай жасау болды. Оларды басқалардың басынуы және көтермеленуі, өзінің көп қайғырған халқының жақсы жағдайда өмір сүруін іздеу бағытындағы ой-пікір біріктірді. Осындай мұраттар адам мен оның болмысының дамуы мен өзгерісінің озық тұсына үңілген пайымдаулар М. Ж. Көпеев, С. Торайғыров және Ж. Аймауытов, этикалық, эстетикалық бірлікке сәйкес, интеллектуальды жетілу, яғни, жақсылық бірлігі, әдемілік және шындық, адам болмысының негізгі мәнін құрайды.

Көріп отырғанымыздай, идеалды адам тудырады. Бірақ идеал шынайылықты суреттемейді. Ол келешекте, жетілген. Басқа жағынан, туылған идеалдар шындыққа әрекетті әсер етеді. Сондықтан да идеалды біз диалектикалық бірлікте оның барлық элементімен (этикалық, эстетикалық, әлеуметтік, саяси) және әлеуметтік функцияда қарастырамыз, «бүтін ретінде, бұл бүтіннің тек қана бір бөлігінің ерекшеленуін зерттеуге әкелмейді» [29]. Яғни, этика-эстетикалық идеал адамның дүниетанымына тұтаса (органично) кірікті және оның практикалық әрекеттері жетілуге жетуге ұмтылу, оның шығармашылық потенциалын ашып, адамның рухани белсенділігіне тартты.


Бақылау сұрақтары
1. Қазақ ойшылдарының дүниетанымы олардың идеалды адамды тануына қалайша ықпал етті?

2. М. Ж. Көпеев, С. Торайғыров және Ж. Аймауытов пайымдауларындағы идеалды қоғамның тарихи-мәдени негізі қандай?

3. М. Ж. Көпеев, С. Торайғыров және Ж. Аймауытов мұралары заманауи мәдени-философиялық ізленісте қандай рөл атқарады?

4. М. Ж. Көпеев, С. Торайғыров және Ж. Аймауытовтардың идеалды және оның рөлінің концепцияларын түсіну айырмашылығы қандай?


Қорытынды
Адамның рухани бүтіндігі, оның ішкі әлемінің этикалық және эстетикалық жалпы негіздік бірлігін, біздің уақытымыздың тән белгісі болмайтын іздеуден табылады. Мұндай бағыттағы іздену ерте уақыттан, тіпті адам алғаш рет өзінің кім екенін және өз табиғатын тани бастағаннан келе жатыр. Әрине, қазақ философиясында мұнымен қатар тағы да Абай, Шәкәрім, М. Жұмабаев, А. Байтұрсынов және басқалар болды, олар өз шығармашылығында адамның этикалық және эстетикалық бірлігі қажеттігін бекіткен. Бірақ, біздің көзқарасымызша, қазақ ойшылдарының дәстүрі ХХ ғасырдың басында атап айтқанда Көпеевте, Торайғыровта және Аймауытовта өзгелерден гөрі этикалық және эстетикалық үйлесім қайшылығы мәселесі өткір қалыптасқан болатын. Шыныменде, олардың әрбірі аталған мәселенің (сұрақтың) жауабын іздеуде өз бағытын құрып алды. Бірақ дәл солардың көзқарасының салыстырмалы талдауы ХХ ғасырдың басындағы адам бейнесінің (образының) бүтіндігін анықтауға ықпал етті, оның үміті және ұмтылысы, қазақ халқының өмірінде барлық көпқырлы нәзік нюанстар мен қиын этап реңктері (белгілері) оның рухани ізденістер мінездеме-сипатын байқатты. Сонымен қатар, олардың мұраларымен таныс болу бізге этикалық және эстетикалық өзара байланысқан механикалық түсінісуді, адам бойындағы әсемдік пен жақсылықтың және адамға жаңадан ұсынылған рухани бүтінділікті қалыптастыруды, өзінше анықтала және өзінше жетілдіре бастаған ұмтылысты санамызда өткіздіртті.

Қорыта келгенде айтарымыз, М. Ж. Көпеев, С. Торайғыров және Ж. Аймауытов шығармашылығындағы тарихи-философиялық реконструкция рухани-адамгершілік міндеттердің жарығындағы этикалық және эстетикалық өзектілік, қазіргі қоғамда тұлғаны өзіндік анықтау әлеуметтік-саяси өзара байланыс контексінде жүреді. М. Ж. Көпеев, С. Торайғыров және Ж. Аймауытов шығармашылығында мұраттық (идеялық) ізденістер қиынды тануға, әлем қайшылығы, оны тереңнен байқалуына бағытталған. Олар дәуірдің ішкі мағынасын түсінуге, оларды қобалжытқан, оның рухани және қоғамдық ориентациясына ұмтылды. М. Ж. Көпеев, С. Торайғыров, Ж. Аймауытов өздерінің пайымдауларында өз уақытының қоғамын іздеудің басты тенденциясы және этика-эстетикалық концентрациясы айқындалады, бізге барлық адамның рухани әлемінің байлығы, оның ізденістері, үміті, қайғысы және трагедиясы ашылады. Онда, барлық рухани атмосфера, біздің елімізде өктем болған алыста қалған тарихи уақыттың ең нақтылы белгісі толықтай ашылған. Олардың принципиальды позициясы, көзқарасы, сендіруі, азаматтық іс-әрекеті және құндылығы және бүгінгі күні де маңызды, ізденіс шарты адамдардың дүниетанымдық бағытталу (ориентирлер) және мүмкіндіктегі рухани даму перспективасын игеруі болып табылады. «Шығармашыл тұлғаларға тән екі ойлау-пайымдау және көркемдік әлем бар, олардың ой құйылысы біздің ең жаңа қазақ тарихын көрсетеді. Бұл біздің мәдениетіміздің тарих беттеріндегі тасқынының дәл нүктесіндегі фигуралар» [30].



Глоссарий
Аймауытов Жүсіпбек (1889-1931) – қоғамдық - саяси қайраткер, қазақ жазушысы, драматург, философ, педагог, аудармашы. Ойшылдың философиялық романдарында өзгеріс дәуірінде адамның тұлғаға айналу мәселесі ашылады, қазақ халқының ХХ ғасырдың басындағы экономикалық және саяси өмірі мәселелеріне үлкен назар салынған. Қазақ тіліндегі бірінші педагогика және психология оқу құралдарының авторы. Ол Шекспир, Гете, Цицерон және басқа әлем ойшылдарының шығармаларын қазақша аудармаларын жасаған.

Герменевтика – (грек т., дәл нұсқасы. – түсіндіру, талқылаймын) – мәтін талқылаудың өнері мен теориясы. Мәтін зерттеуіндегі ғылыми әдіс. ХХ ғасыр философиясында герменевтика – түсіну туралы оқу және мәдениеттің ғылыми жетілуі, және кең тұрғыда – адами руханият.

Қорқыт-ата - Оғыз-қыпшақ ойшылы, ақын, 8-9 ғасыр музыканты. Қорқыт-ата аңыз бойынша ұзақ жылдарын мәңгілік өмірді іздеумен өткізген, бірақ барлық жерден ол көр қазған адамдарды кездестіреді. Өмір әрқашан өліммен ауысатынын түсінген соң, Қорқыт өнерден мәңгілік өмірді тапты. Қорқыт-ата барлық әлемге музыка инструментін (аспабын) – қобызды ойлап шығарған бірінші адам ретінде белгілі. Бүгіндері Қорқыттың 22 күйі бар екені белгілі. Оның шығармаларының негізгі философиялық тақырыбы –фатализммен күрес, адам ерік-жігеріне, күшіне деген сенім, адамды танып-білудің таусылмайтындығын түйсіну және оның дамуының шексіздігі.

Көпеев Мәшһүр Жүсіп (1858-1931) – діни қайраткер, ойшыл, ақын. Негізгі шығармашылығы діни тақырыптарға қатысты. Көптеген дастан, қисса, поэма-пайымдаудың, онда адам болмысының, жақсылық пен зұлымдықтың, еркіндік таңдау мен жауаптылықтың қарам-қатынасы мәселелері айтылады.

Методология - (сөзбе-сөз – таным әдісі туралы оқу) –принциптер жүйесі және ұйымдастыру амалдары (тәсілдері) және теориялық және практикалық қызметті құру, сол сияқты осы жүйе жайындағы оқу (білім); таным әдісі туралы философиялық оқу және нақтылықтың құрылуы.

Жауаптылық – философиялық-әлеуметтік (социологиялық) түсінік, нақты (объективті) көріністі, тұлғаралық, ұжымдық, оларға қойылған өзара талапты қоғамдық көзқараспен саналы жүзеге асыратын өзара қарым-қатынастың тарихи нақтылы мінездік сипаты.

Сопылықмұсылман дініндегі, 8-9 ғасырларда пайда болған және Араб халифатында кең тараған бағыттардың бірі. Сопылықтың діни-мистикалық сипаты адамның Аллаһпен куәсіз сөйлесуіне негізделе бағытталған, яғни махаббат негізінде сөйлесу және жүрекпен тану.

Тәңріғаламдық космостық ғажайып. Аталған түсінік аудармаға және бірнеше мағынаға ие болуы беріледі: аспан, дүниеәлемнің көрінетін бөлігі; құдай, ғажайып; құдайлық ғажайыптылық; билеуші, мырза. Қазақтарда тәңрі қарапайым тілде мұсылманша «аллаһ» және парсыша «құдай» дегеннің синонимі ретінде пайдаланылады. Тәңрі – әртүрлі культтің біртіндеп дамуының феномені, сенімі және көзқарасының, культ табиғатына тән, оның құбылту жемісін беретін стихиялық күші. Қазақтардың тәңрі – трансцендентті қалпының әлемі, ол – әрі рухы және денесі, шындығында олардың бірлігі. Тәңрі – бұл өзгеше қалып.

Торайғыров Сұлтанмахмұт (1853-1920) – ақын, қоғамдық- саяси қайраткер. Ойшыл, шығармаларында поэтикалық философиялық мәселелердің мәнін және адам табиғатының мағынасын, қоғамдық дамуын, таным рөлін, тұлғаның өзіндік дамуын және рухани өзіндік анықталуын ашқан.

Рефераттар тақырыптары


  1. С. Торайғыров шығармашылығындағы шынайы өмірдің эстетизациясы (көркемделуі).

  2. Ислам өнерінің эстетикалық аспектілері.

  3. М.Ж.Көпеевтің бейнелі (образды) ойлауы.

  4. Көшпенділер мәдениетінің эстетикалық және этикалық принциптері.

  5. Ж. Аймауытов шығармашылығы арқылы адамды тәрбиелеудің эстетикалық және этикалық мәселесі.

  6. Ж. Аймауытов шығармашылығындағы музыка философиясы.

  7. М.Ж.Көпеев эстетикасындағы күйзеліс пен кінә.

  8. С. Торайғыровтың ойлау жүйесіндегі қайғылылық мәселесі.

  9. Ақын және жырау шығармашылығындағы эстетикалық принциптер.

  10. Көшпенділер мәдениетіндегі этикалық және эстетикалық синкретизм.

  11. М.Ж.Көпеев мұрасындағы этикалық және эстетикалық қайшылық.

  12. С. Торайғыровтың этика-эстетикалық концепцияны таңдау мәселесі.

  13. Табиғаттық эстетика.

  14. М.Ж.Көпеев, С. Торайғыров және Ж. Аймауытовтардың эстетикалық өзара тұлғалық қатынасы.

  15. М.Ж.Көпеевтің ирониялық тақырыптары.

  16. Ж. Аймауытов ойлау жүйесіндегі күнәлілік пен түңілу.

  17. М.Ж.Көпеев шығармашылығындағы жауаптылық концепциясы.

  18. С. Торайғыров мұрасындағы әділдік және ізденіс мұраты (идея).

  19. Ж. Аймауытов шығармашылығындағы азаматтық іс теориясы.

  20. Адам идеалы мәселесі.

  21. М.Ж.Көпеев, С. Торайғыров және Ж. Аймауытов қоғамындағы идеалдылық.

  22. Дәстүрлі қазақ қоғамындағы сөйлесу мұраты (идеясы).

  23. Көшпенділердің экологиялық ойлауы.

  24. Эстетикалық, этикалық және діни.

  25. М.Ж.Көпеев, С. Торайғыров және Ж. Аймауытов мұрасындағы махаббат философиясы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет