Мектепішілік бақылаудың принциптері :
1)
педагогикалық жүйені демократизациялау және ізгілендіру;
2)
орталықтандыру және орталықсыздандырудың парасатты үйлесімі;
3)
жеке билік пен алқалы биліктің бірлігі;
4)
педагогикалық жүйені басқару ақпараттарының объективтілігі және
толықтылығы.
Мектепішілік басқару ең алдымен басшы, мұғалімдер, оқушылар мен ата-
аналардың бастамашылығы мен өздігінен жұмыс жасай алуын дамытуға
бағытталады.
Мектепішілік бақылау мазмұны: а) оқу жоспары мен оқу бағдарламалары, олардың орындалуы;
ә) сабақ берудің және оқудың жағдайы;
б) жаңашыл мұғалімдердің педагогикалық тәжірибелерін оқып үйрену,
тарату және оқу-тәрбие процесіне енгізу;
в) тәрбие жұмыстарын бүгінгі өмір талаптарына сәйкес басқару;
г) әдістемелік жұмыстар;
д) ата-аналар және жұртшылықпен жүргізетін жұмыстар;
е) педагогикалық кеңесте қабылданған шешімдердің орындалуын
тексеру.
Оқу-тәрбие процесін бақылаудың бірнеше түрлері бар: