172
2)
Мұғалімдердің
теориялық
(пәндік)
және
психологиялық-
педагогикалық дайындық деңгейін көтеру.
3)
Жаңа оқу бағдарламаларын, жоспарларын, мемлекеттік білім
стандарттарын оқып, үйренуді ұйымдастыру;
оқыту мен тәрбиелеудің жаңа
технологиясы, түрлері мен әдістерін байыту.
4)
Жаңа нормативтік құжаттар, нұсқау-әдістемелік материалдармен
танысуды ұйымдастыру.
5)
Ғылыми-әдістемелік көмекті дербес және жеке ерекшеліктерді ескеріп
ұйымдастыру.
6)
Мұғалімдердің өздігінен педагогикалық білім көтеруіне кеңес беру.
7)
Жалпы кәсіптік-педагогикалық мәдениет деңгейін көтеру.
Мұғалімнің
әдістемелік
жұмыстарының
мазмұнын
кәсіптік-
педагогикалық мәдениетінің құрамды бөліктерін ескере отырып айқындаған
дұрыс. Олар – мұғалімнің жалпы мәдени дайындығы: әдістемелік,
тәрбиешілік,
зерттеушілік, кәсіптік-адамгершілік, басқара білу мәдениеті.
Әдістемелік жұмыстың мазмұны кәсіптік-педагогикалық мәдениеттің әрбір
бағыты бойынша нақтыланып, бірнеше ұзақ мерзімдік зерттеудің нысанына
айналуы мүмкін.
Педагогикалық әдебиеттерде мұғалімнің
педагогикалық іс-әрекеті
төмендегідей аспектілерде қарастырылады:
1)
ғылыми-педагогикалық қабілеттілік (М.Н.Скаткин және т.б.);
2)
зерттеушілік білім, білік, дағды (Л.Горбунова және т.б.);
3)
кәсіби іс-әрекет (А.Е.Абылкасымов, З.А.Исаева, М.С.Молдабекова);
4)
педагогикалық шығармашылық іс-әрекет (В.И. Скляной);
5)
зерттеушілік іс-әрекет (Н.В.Кухарев, А.И.Кочетов, Ш.Т.Таубаева, т.б.)
6)
педагогикалық мәдениет (А.А.Молдажанова);
7)
ғылыми шығармашылық іс-әрекет (Я.А.Пономарев және т.б.);
8)
мұғалімнің әдіснамалық мәдениеті (В.А.Сластенин, В.Э.Тамарин, т.б.);
9)
педагогикалық ойлау іс-әрекеті (Ю.Н.Кулюткин, Г.С.Сухобская);
10)
кәсіби-зерттеу мәдениеті (З.А.Исаева және т.б.);
11)
зерттеу жұмысының құралы (П.Т.Приходько);
12)
кәсіби құзыреттіліктің даму деңгейі (А.К.Маркова);
13)
кәсіби мәдениет (В.А.Сластенин және т.б.);
14)
әдіснамалық ойлау көрінісі (О.С.Анисимов);
15)
педагогикалық
іс-әрекетті
жетілдіру
(К.М.Варшавский,
Т.И.Саломатова);
16)
оқыту процесіндегі зерттеушілік іс-әрекет (Т.И.Шамова және т.б.);
17)
инновациялық
іс-әрекет
(Ш.Т.Таубаева,
Л.С.Подымова,
И.И. Цыркун, К.Д. Бузаубакова және т.б.);
18)
технологиялық іс-әрекет (Г.К.Селевко);
19)
рухани мәдениеттің құрамды бөлігі (М.М.Мұхамбетова және т.б.)
Әдістемелік жұмыс оқу-тәрбие жұмысын басқарудың маңызды
құралдарының бірі ретінде қаралатындықтан, ол да мектепті басқару
173
жұмысының белді саласы болып табылады. Оны қысқаша айтсақ – жоспарлау,
ұйымдастыру, басшылық, үйлестіру және бақылау.
Әдістемелік жұмысқа қойылатын ең маңызды талап – ол әдістемелік
жұмысты үнемі
жетілдіру, оның ғылым негізін оқытудың сапасын, оқушылар
білімінің деңгейін көтеру мақсатында оқудың барысына дәл бағытталады:
1)
Достарыңызбен бөлісу: