К. Д. Бузаубакова



Pdf көрінісі
бет348/474
Дата16.02.2022
өлшемі7,89 Mb.
#132119
түріОқулық
1   ...   344   345   346   347   348   349   350   351   ...   474
Байланысты:
Bilim Beru Menedjment

Құндылық
– тәрбие мен оқытудағы адамгершілікке бағытталған 
мұраттар. Оларға шындық, қайырымдылық, ізгілік, еркіндік, махаббат
шығармашылық жатады.
Құндылықтар – тек обьективті, яғни шынайы бола алады. 
Құндылықтар сезім арқылы қабылданады, ал сана арқылы оны түсінуге болады. 
Осының нәтижесінде тұлға құндылықты игереді, іс-әрекет етеді. 
Білім берудегі құндылық бағдар – сезім мен ақыл-ойға тең дәрежеде 
сүйену. Осы тепе-теңдіктің болмауынан білім жүйесінде сыңар жақты 
педагогикалық көзқарастар орын алып келгелі белгілі. Сондықтан да 
мектептерде құндылық-бағдарлы тәрбие үлгісін ұстанып, оны өмірге ендіру 
көкейкесті мәселерлердің бірі болып саналады. 
Құндылық-бағдарлы тәрбиеде басшылыққа алынатын негізгі бағыттар: 
-
тәрбиеге жалпы адамзаттық мәдениет тұрғысынан педагогикалық 
көзқарас қалыптастыру; 
-
педагогикалық процес барысында жалпыадамзаттық мәдениетке енуді 
педагогикалық түсінік негізінде игеру; 
-
тәрбие процесінің мазмұнын анықтауда адамдар үшін өмірге лайықты 
құндылықтар жүйесін белгілеу, ал білім мен білікті – адамның дүниеге 
қатынасын анықтайтын деп құрал деп қарау. 
-
баланың бүкіл өмірін тәрбиелік процеске айналдыру; 
-
баланың даму деңгейіне лайықты өмірлік мәселелерді сатылы түрде 
анықтап, баланы өз субьектісіне айналдыру. 
Тәрбиедегі басты мәселе – балалардың тұлғааралық қатынасын дамыту
өз құрбы-құрдастарымен, отбасы мүшелерімен қарым-қатынасын жасай білу
ол үшін өзге адамдарды түсінуі, қабылдауы, өзінің көңіл-күйі, атқарған іс-
әрекетінің есебін түсініп, істеген ісінің нәтижесіне өзіндік баға беруі тиіс.


251 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   344   345   346   347   348   349   350   351   ...   474




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет