К. Д. Бузаубакова



Pdf көрінісі
бет418/474
Дата16.02.2022
өлшемі7,89 Mb.
#132119
түріОқулық
1   ...   414   415   416   417   418   419   420   421   ...   474
Байланысты:
Bilim Beru Menedjment

-
 
педагогикалық процестің сапасын анықтау, әдістері мен критерийлерін 
белгілеу; 
-
 
педагогикалық процестің сапалы жүруіне әсер ететін қажетті 
ақпараттармен қамтамасыз ету; 
-
 
педагогикалық процесті бақылау, талдау; 
-
 
белгіленген межеге нақты сапаға қол жеткізу үшін арнайы түзетулер 
енгізу. 
 
Білім беру процесінде көшбасшылық өнер және шеберлік
ретінде. Мектептегі көшбасшылықтың типі және сипаттамасы. Тиімді 
көшбасшылық және көшбасшылық қасиет. Көшбасшылықтың гендерлік
мәселелері. Мінез-құлық факторларына талдау жасау және оның 
көшбасшылықты 
 
жетілдірудегі 
рөлі. 
Көшбасшылық 
қабілеттер 
көшбасшылық елес, көшбасшылық ойлау арқылы қалыптасады. Ал 
көшбасшылық ойлауға ойдың жылдамдығы, ұшқырлығы, икемділігі, 
тапқырлығы, дәлдігі жатқызылады.
 
Ұзақ жылдар бойы көшбасшылық барлық адамның қолынан келе 
бермейді деп қарастырылып келсе, қазіргі ғылым жетістіктері бойынша белгілі 
бір шарттар орындалған жағдайда кез-келген баланы көшбасшылыққа 
бейімдеуге болатыны көп айтылуда.
Көшбасшылық – ерлер мен әйелдерді бір мақсатқа жетелейтін қасиет
сонымен қатар сенімділік ұялататын мінез-құлық. 
Көшбасшылыққа деген қажеттілік 
– 
күрделі рухани қажеттілік. Әзірге ол 
барлық адамдарда бірдей деуге болмайды. Ал қоғамдағы жаңару процестері әр 
адамның күнделікті шығармашылық қайтарымды талап етіп отыр. 
В.И.Андреев даму мен өзін-өзі дамыту процесінің 2 ерекшелігін атап 
өтеді: тұлғаның өзгерісі сырттан емес, оның өзіне-өзінің ішкі мақсатқа 
бағытталған әсерінен болады; өзгерістер тек қана мотивте, интеллектуалды, 
эмоционалды аймақта ғана болмайды, сондай-ақ, барлық «өзіндік» процестерде 
жүреді: өзін-өзі тану, өзін-өзі анықтау, өзін-өзі жетілдіру, өзін-өзі өзектендіру, 
өзін-өзі басқару (85-сурет).
В.А.Кан-Каликтің пікірінше, шығармашылық өзін-өзі дамыту процесі 
тұлғаның барлық аймағын қамтиды және интеллектуалдық, эмоционалдық 
қажеттіліктерді қанағаттандырады, ең негізгісі, бұл өзін-өзі дамыту процесі 
қашан да жаңа деңгейге көтеріледі, яғни барлық өзіндік процестерді 
жеделдетеді: өзін-өзі тану, шығармашылық өзін-өзі анықтау, өзін-өзі басқару, 
шығармашылық өзін-өзі жетілдіру, шығармашылықпен өзін-өзі жүзеге асыру 
және т.б. Бұл – субъект-субъект бағытындағы шығармашылық іс-әрекеттің 
ерекше түрі. 
Көшбасшының кәсіби өзін-өзі жетілдіру мотивациясына психологиялық 
талдау 
инновациялық 
іс-әрекетке 
талдау 
жасаудан 
бастау 
алады. 


293 
Көшбасшының кәсіби өзін-өзі дамытуын ояту негізінде мұғалімнің қажеттілігі, 
қызығушылығы, әртүрлі бағыттағы танымдық өзгеріс сапалары жатады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   414   415   416   417   418   419   420   421   ...   474




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет