К. Д. Бузаубакова


Педагогикалық процесті басқару және оның жай-күйін зерделеу



Pdf көрінісі
бет142/474
Дата16.02.2022
өлшемі7,89 Mb.
#132119
түріОқулық
1   ...   138   139   140   141   142   143   144   145   ...   474
Байланысты:
Bilim Beru Menedjment

 
Педагогикалық процесті басқару және оның жай-күйін зерделеу 
үшін ақпараттарды іріктеу критерийлері. Тұтас педагогикалық процесті 
басқару және педагогикалық талдау. Педагогикалық талдаудың түрлері 
мен мазмұны. Педагогикалық талдаудың негізгі объектілері. SWOT-
талдау. 


106 
Талдау – тұтас құбылысты ойша құрамдық элементтерге немесе 
құбылыстарға жіктеп, ары қарай зерттеу үшін талдаудан тұратын ғылыми 
зерттеу әдісі. 
Педагогикалық талдау – педагогикалық процестің даму тенденциясы мен 
жағдайын зерттеуге бағытталған басқару қызметі. 
Талдаудың мақсаты – мектеп жұмысын жандандыруға атсалысу, 
педагогикалық ұжымның әрекетін оперативті және жоспарлы перспективті 
басқару үшін қызмет ету, оқыту мен тәрбиелеудің сапасын жақсарту. 
Педагогикалық талдаудың міндеттері: 
1)
Белгілі бір уақыт аралығында тұтастай басқарылатын жүйенің 
жағдайын зерттеп, үйрену. 
2)
Белгілі уақыт аралығында мектеп жұмысы мен оның бөлімдерінің 
нәтижелерін зерттеу. 
3)
Оқушылардың оқу мен тәрбие деңгейіне ықпал ететін факторларды 
анықтау. 
4)
Мектептің құрылымдық бөлімшелерінің, оқу-тәрбие процесінің 
бөлімдері арасындағы келіспеушіліктердің себебін анықтау. 
5)
Мектептің қоршаған ортамен өзара қарым-қатынасын талдау. 
6)
Мектеп үшін оқушылардың білім, білік, дағдыларын, толеранттылық 
деңгейін, білім беру сапасын көтерудің сыртқы және ішкі педагогикалық 
резервтерін анықтау және айқындау. 
7)
Озық педагогикалық тәжірибені айқындау, үйрену. 
8)
Мектепті басқарудың тиімділігін талдау. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   138   139   140   141   142   143   144   145   ...   474




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет