4) Көлемі бойынша: толық, қорытынды; тақырыптық аймақтық;
параметрлік талдау; оқу-тәрбие процесінің негізгі параметрлері.
5) Қайталануы бойынша: айналымдық; бір реттік; оперативті.
6) Функционалды байланыстары бойынша: жоспарлаудың
ғылымилығын қамтамасыз ететін талдау; мектепішілік бақылау негізінде
жататын талдау.
SWOT ұғымы ағылшынның 4 негізгі ұғымынан шығып,
Streng – күш,
Weakness – әлсіздік,
Opportunity – мүмкіндіктер және
Threat – кедергілер
деген мағынаны береді. Осы төрт ұғымның негізінде
SWOT талдау құрастырылады.
SWOT талдауға ұжым ішіндегі жағдайды талдау жатады, сондай-ақ
нарықтағы жағдай, оның ішінде білім беру қызметі мен сыртқы фактордың
талдауы да кіреді. Барлық мәліметтер 4 негізгі жолдан: күш, әлсіздік,
мүмкіндіктер, қауіптерден тұратын кестеге жинақталады. Мұндай кестені
«SWOT талдаудың матрицасы» деп атайды (5-кесте).