К. Д. Бузаубакова



Pdf көрінісі
бет194/474
Дата16.02.2022
өлшемі7,89 Mb.
#132119
түріОқулық
1   ...   190   191   192   193   194   195   196   197   ...   474
Байланысты:
Bilim Beru Menedjment

Мекеменің миссиясы
– бұл әлі қол жетпеген, мекеме жетуге ұмтылатын 
күйі. 
П.Котлер мен К.Фокстың пікірінше, білім беру мекемелерінде миссияның 
мән-мағынасын төмендегідей сұрақтар мен оның жауаптары құрайды: 
1)
Қоғамдағы біздің орнымыз, рөліміз қандай? 
2)
Біз нені ұсына аламыз? 
3)
Кімдерге қызмет көрсетеміз? 
4)
Өзіміз қызмет ететіндерге нені ұсына аламыз?
5)
Болашақта нені ұсына аламыз? 
Құндылықтар төмендегідей параметрлермен анықталады: артықшылығы; 
академиялық еркіндік, сөз еркіндігі, өзгеше болуға құқығы; ұлттық және 
мәдени құндылықтарды қосқанда әртүрлі өзгерістерге төзімділік; ашықтық 
және тазалық; оқыту мәдениеті; қоршаған орта мен өмірдің барлық 
формаларына құрметпен қарау; тәртіп пен тұрақтылық; қоғам мен тұтынушыға 
бағыттаушылық. 
Мектепті басқару мәселесіне арналған көптеген зерттеулер бар. Оларда 
мектепті басқарудың (Ю.А.Конаржевский, П.В.Худоминский, Т.И.Шамова, 
Н.Д.Хмель, Н.Н.Тригубова, Қ.Ж.Қарақұлов және т.б.) мәні ашылды. 
Басқарушылық еңбекті ғылыми ұйымдастырудың жүйесін енгізу бойынша 
(И.П.Раченко, Г.Т.Хайруллин және т.б.) мұғалімдердің шығармашылық 
зерттеушілік және эксперименттік қызмет әрекетін ұйымдастыру бойынша, 
ғылымды практикаға енгізу бойынша (Ю.К.Бабанский, Б.И.Загвязинский, 
В.В.Краевский, кәсіби жетілдіру бойынша (Я.С.Бенцион, Г.И.Горская, 
Б.А.Әлмұхамбетов және т.б. жұмыстар жүргізіледі.
Мектеп 
басқарудың 
жаңашылдық 
аспектілері 
М.М.Поташник, 
И.И.Циркун, Н.Р.Юсуфбекова, Ш.Т.Таубаева, Т.М.Баймолдаев және т.б. 
еңбектерде талданған.
Г.И.Щукинаның 
пікіріне 
сүйенсек, 
басқару 
мектеп 
ішіндегі 
психологиялық, ұйымдастырушылық және әдістемелік сияқты күрделі 
процестер мен қатынастарды сапалы түрде реттеу болып табылады.
Ал ғалым М.М.Поташник: «Басқару – мектептің қалыптасуын, 
тұрақтануын, тиімді қызмет етуін көздейтін мақсатты іс-әрекет» – деген 
анықтама береді.
К.П.Вазинаның пікірінше, басқару – нақты бір мақсатқа жетуді 
қамтамасыз ететін қалыптасуға жауап беретін жүйенің қызметі. 
Педагогикалық басқару әлеуметтік мақсатта жүзеге асады, ол 
адамдардың іс-әрекетін басқару мен олардың бірігуіне қатысты болады. 
Басқару субъектісінің қызметтер жиынтығын 
басшылық
деп атайды.
Атақты ғалым М.И.Кондаковтың зерттеуіне сүйенсек, мектеп жұмысын басқару 
өндірістік және қоғамдық өмірдің басқа салаларын басқарудан айтарлықтай 
ерекше, өйткені мұнда күштерді араластыру мен үйлестіру, байланыс пен өзара 


141 
тәуелділік жүйесін жүзеге асырудағы басқа, оқу-тәрбие процесінің барлық 
жақтарына бағытталған ұйымдастырушылық-педагогикалық ықпал ету 
мәселелері басты мәнге ие болады.
48-суретте ұйымдастыру жоспарының құрылымы берілді. 
Білім беру жүйесінің иерархиялық құрылымының әрбір элементінде, 
министрлік болсын, облыстық, аудандық басқарушы орган (департаменттер, 
білім беру бөлімдері) немесе мектептер болсын, бәрінде тек педагогикалық 
қана емес әкімшілік, шаруашылық, құқықтық басқарулар болады.
Жалпы басқару – шешім қабылдауға бағытталған, белгіленген мақсатқа 
сәйкес басқару нысанын ұйымдастыру, қадағалау, реттеу, алынған шынайы 
ақпарат негізінде талдау жасау, нәтижесінің қорытындысын шығару әрекеті.
Басқару нысаны биологиялық, техникалық, әлеуметтік жүйелер болуы мүмкін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   190   191   192   193   194   195   196   197   ...   474




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет