Әдістемелік жұмыстарды ұйымдастыру талаптары: 1) Мектептегі қайта өзгертуді тәжірибе арқылы іске асыру , оның
өмірімен байланысы, маңыздылығы. Әдістемелік жұмысты ұйымдастырудың
барысында жаңа жағдай қоғамның әлеуметтік тапсырысын және осы
мұғалімдер ұжымына жақын мәселелерді есепке алу.
2) Әдістемелік жұмыстың ғылымилығы . Мұғалімдердің мамандығын
көтеру жүйесінің қазіргі ғылым жетістіктеріне бағыт ұстауы.
3) Әдістемелік жұмыстың жүйелілігі . Жүйенің тұтастығы, мақсат,
міндет, мазмұн мен жұмыс әдісінің бірлігі тиімді нәтижеге жетудің көрсеткіші
ретінде қаралады.
4) Әдістемелік жұмыстың кешенді сипаты . Бұл жерде туындыгерлер
мұғалімдердің мамандығын арттырудың барлық жақтарының өзара байланысты
негіздерін, бірлігін ұсынады (жеке әдістер, дидактика, тәрбие ілімі, психология,
физиология, педагогикалық әдеп және жалпы мәдениетті дамыту мәселелері
бойынша).