К. Ж. Қожахметова, Ш. Таубаева



бет35/60
Дата20.11.2023
өлшемі1,02 Mb.
#192051
түріРешение
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   60
Байланысты:
УМКД

Ортаға негізделген қағида


Қағиданың бастауы. Адамның жеке әлеуметтік дамуы, тәрбиесі оның тіршілік қарекеті ортасына тікелей байланысты екенін И.Г.Песталоцци негіздеп берді. Ол бала тәрбиесіне қолайлы ортаны қалыптастыру қажеттігін атап көрсетті. Бұл қағиданың маңыздылығын А.С.Макаренко да сезініп, ескерген болған. Ол тәрбие ісі арнаулы дайындалған ортада жүргізілуі тиіс деп санады. Бұл - отбасына да, арнаулы мамандандырылған тәрбие мекемесі үшін де маңызды нәрсе.
Орта адам өзін танытатын (бұл - тіршілік қарекеті, мақұлдау, күдіктену, қолдау ортасы немесе басқаша орта) орын ретінде қаралады; немесе кеңес беру жұмысын іске асыратын (орталықтағы арнайы жабдықталған бөлме, үй іші жағдайы, мектеп) орын.
Орта факторлары – бұл онымен өзара әрекетте адамға тікелей ықпал ететін факторлар. Олар өсу үстіндегі адамның әлеуметтену үдерісінде бойына сіңіретін тікелей әлеуметтік тәжірибе мен әлеуметтік рөлдерді атқарады. Бұл арқылы әлеуметтік қоршаған ортамен басқару және адамның олар арқылы мақсатты түрде бағытталған жеке дамуды, әлеуметтенуді ынталандырудағы өзара әрекеті қажеттігі және мұның негізінде ортаға негізделген қағида жатқаны түсіндіріледі.
Қағиданың мәні. Әрбір фактор әлеуметтік педагог ескеруге тиісті өзінің тәрбиелік ықпалына, ерекшелікке ие (тәрбиелік әлеует). Орталық фактор тәрбиелік ықпалды ынталандыра, оны белгілі бір мазмұнмен толтыра және бейтараптандыра алады, тіпті оған қарсы тұра алады. Бұл ерекшелікті тәрбие қызметінде оны ынталандыру үшін ескеру маңызды.
Қағиданың негізгі талаптары:
- әрбір тәрбиелік іс-шара үшін неғұрлым қолайлы (жеткіліксіз қолайлы, қолайсыз) орта болады және оны ықпал ету шараларын әзірлеу және іске асыруда ескеруді қажет етеді;
- үдерісті ынталандыруы, оның неғұрлым толық жетістікке жетуін қамтамасыз ете алатын орталық факторлар әлеуметтік-педагогикалық қызметтің мақсаттарын (түпкі ой-ниеті), субъекті мен объектінің ерекшеліктерін ескере отырып анықталады;
- әлеуметтік педагогқа ортаның ықпалын болжай білу және неғұрлым оң мүмкіндіктерді толық пайдалануға ұмтылу, онымен бір мезгілде жағымсыз ықпалдарды азайта немесе бейтараптандыра білу қажет;
- орта факторы кез-келген адамға, әсіресе өсіп келе жатқан әсершіл адамға ерекше қатты әсер ететіндіктен, оған кәсіби қызмет үдерісінде неғұрлым назар сала қарауды қажет етеді;
- орта факторы баланы тәрбиелеудің құралы рөлін жиі атқарады. Бұл баламен жұмыс істеуде орта ықпалының сипатын болжай білуді және оны әлеуметтік-педагогикалық жұмыс үдерісінде мақсатты түрде пайдалануды талап етеді.


Ортаны педагогикаландыру қағидасы


Қағиданың бастауы. Адамды тәрбиелеуде ортаның маңыздылығын ескере отырып, ортаның тәрбиелеуіне ұмтылу маңызды.
Ортаны педагогикаландыру қағидасын С.Т.Щацкий және оның ізбасарлары негіздеді. Ол әлеуметтік педагогтың баланы тәрбиелеу үдерісі іске асырылатын ортаның немесе тәрбиелеу ықпалынан кейін баланың түсетін ортасы факторларының мүмкіндіктерін зерттеп-білуінің қажеттігіне және осы білімін нақтылы жағдайда адамды мақсатты түрде тәрбиелеу жұмысына пайдалануына назар аударды. Педагог орта балаға қоғамдық сипатта әсер ететіндіктен, оған қоғамдық фактор ретінде қарады. Тұрғылықты жері бойынша тәрбие жұмысын – қоғамдық педагогикалық жұмыс деп санады. Осылайша ол балалар мен жасөспірімдердің тіршілік қарекетіне орта әсерін педагогикаландырудың қажеттігіне назар аударды.
С.Т.Щацкий әрбір тәрбиеленушінің жеке ойлағанынан гөрі педагогикалық ортадан тәрбиелеудің неғұрлым биік мұратын көре білді. Тәрбиеленуші осы мұратқа жақындай отырып, тәрбиелеуші ортаның өніміне айналады. Ол баланың осы социум талап еткен субмәдениетті сіңіруіне мүмкіндік туғызады. Сондықтан, осы ортаны түсіну, яғни көру, сезіну, болжамдау және керек нәрсені құру қажет. Осы мағынасында орта факторы өзін құраушыларды тәрбиелеуде алдыңғы орынға шығады. Ол балаларды тәрбиелеудің алдыңғы құралы функциясын атқарады. Педагог үшін оң мәнді әлеуметтік- педагогикалық бағытта неғұрлым елеулі рөл атқаратын нәрсе - мектептің жақсы ұйымдастырылған педагогикалық (тәрбиелеуші) ортасы. Ерекше маңызды фактор - отбасындағы ортаны педагогикаландыру болып табылады.
Қағиданың мәні. Қағида негізінде баланың неғұрлым қолайлы жағдайда дамуы және тәрбиеленуі үшін, оның өмір сүру ортасын басқару мен тәрбиелеу үдерісінде талап етілетін жағдайларды мақсатты түрде туғызуға бағытталған педагогикалық ортаның тәрбиелеуші қызметін зерттеу қажеттігі жатады.
Қағида талаптары:
- орта белгілі бір субмәдениетті білдіреді, оны есепке алуды, сондай-ақ, нақтылы баланы тәрбиелеу үшін неғұрлым мақсатқа сәйкес мәдени ахуалды құра білуді (ықпал ете білуді) талап етеді;
- тәрбиелеу қызметінің мақсатын, технологиясын және орталық жағдайларын білу;
- тәрбиелік мақсатқа жетуге ұмтылдыратын жағдайларды (мәдени-тәрбиелеуші ортаны) бағытты түрде құру;
- тәрбиеленушіні өзін-өзі танытатын тәрбиелеуші ортаға қосудың көптеген түрлері мен әдістерін мақсатты түрде пайдалану;
- тәрбиелеудегі ортаның жағымсыз факторларын бейтараптандыру және жеңудің мүмкіндігін қарастыру;
- тәрбиеленушінің тәрбиелеуші ортада өзін-өзі танытуына түрткі болып, белсендіретін жағдайлар туғызу.


Өмір мен тәрбиенің бірлігі қағидасы


Қағида бастауы. Педагогика заңы – жас ұрпақтың аға ұрпақтың тәжірибесін міндетті түрде игеруі – мұны табиғи өмір жағдайында іске асыру идеясының тууына жағдай жасады, әлеуметтік оқу мен тәрбиені өмір мен тәрбиенің бірлігінде ұйымдастыру жөніндегі ойға нық жетеледі. Бұл идеяның іске асырыла отырып, белгілі бір заңдылықтар мен ережелерді өмірге әкеліп, біртіндеп қағидаға айналғаны А.С.Макаренконың әлеуметтік-педагогикалық жүйесінде тамаша дәлелденді. Педагогика халықтың «өмірдің өзі тәрбиелейді» деген ғасырлардан келе жатқан даналығына сүйене отырып, принципті түрде жаңа нұсқауды тұжырымдады, оның мәні - баланың бүкіл өміріне тәрбие басшылық жасауға тиіс және бұл әлеуметтік тәрбиенің аса күрделі педагогикалық проблемаларын шешуге жол ашады.
Бұл тәсілдеме жас ұрпақты дербес өмір сүруге дайындады, олардың бұған оңтайлы түрде әлеуметтік бейімделуіне негіз болды. Өмір мен тәрбиенің бірлігі балаларды тәрбиелеу үдерісінің қағидасы мен ұйымдастыру нысанын анықтайды. Онда тәрбиеленудің мақсаты педагогикада балалар араласқан өмірлік және практикалық істермен байланысты негізгі мәселеге ұйғарылып, нақтыланады. Ол тәрбиелеудің жалпы және жеке мақсаттарының – тұтас алғанда, әлеуметтену үдерісінің проблемаларын шешуде қажетті үйлесімділік пен оңтайлылықты туғызады.
Қағиданың мәні. Өмір тәрбиелеу үдерісін жүзеге асырудың мақсаты мен мазмұнын және тәсілдерін анықтайды. Ол тәрбиешілердің педагогикалық жұмысының негізгі ұйымдастыру нысандары мен әдістерін еске салады. Нақты практика тәрбиелеу үдерісінің табыстылығы мен нәтижелілігінің басты өлшемі болып табылады. Өмір мен тәрбиенің бірлігі жинақталып жоғары нәтиже беретін тұтас құбылыс ретінде тәрбие үдерісін ұйымдастыру мен жүзеге асыру үшін жағдай туғызады. Бұл қағида қоғамдық және жеке тұлғаның маңызды мақсаттарды жолға қоя отырып, табиғатқа және мәдениетке сәйкестілік үйлесімдеріне қол жеткізуді, өскелең ұрпақты қоғам үшін даярлауда әлеуметтік тәрбиені жалпыға ортақ пайдалы етуді көздейді.
Қағиданың негізгі талаптары:
- тәрбие мақсаты өмірдің өз талаптарымен анықталады;
- тәрбие мақсатына қол жеткізудің тәсілдерін анықтауға өмірдің өзі көмектеседі (тәрбиені ұйымдастыру нысандары мен әдістері);
- тәрбиешілікті бағалау өлшемдерін өмірлік тәжірибе мен өмір талаптары анықтайды;
- тәрбиелеу нәтижесіне өмірдің өзі баға береді.


Тәрбиелеуші ортаның ашықтығы қағидасы.


Қағида бастауы. Тәрбиелеу жүйесінің табиғи және ашық болуының маңызын ашып, негізделен В.Н.Сорока-Росинский мен А.С.Макаренко. Мұны құруда олар әлеуметтік-мәдени орта үшін қажетті бейімделу мен өз қабілеттерін іске асыруда әлеуетті күшке ие болуға мүмкіндік туғызатын баланың жеке басын қалыптастырушы аса маңызды факторды көре білді. Тәрбиелеудің жабық жүйесі алысқа апармайтын еді. Жабық жүйеде тәрбиелеу үдерісінде туындайтын барлық жағымсыз сипатты үрдістер сақталады және оған сәйкес тәрбие ісіне кері әсерін тигізеді.
Қағиданың мәні. Өсу үстіндегі бала өмір сүретін қоғамның әлеуметтік-мәдени өзгешелігін даму мен тәрбиенің табиғи ашық ортасы неғұрлым толығымен бейнелейді. Ол оның біртіндеп дамып, жеке тұлға ретінде қалыптасуын, тиісті әлеуметтік-мәдени ортаның құндылықтарын, қағидаларын, нормалары мен ережелерін, әлеуметтік мінез-құлықтар мен қызметтің тәжірибесін игеруге мүмкіндік береді. Білім беру (арнаулы білім беру) мекемесіндегі тәрбие үдерісінде баланың тәрбие ортасы өзімен-өзі тұйықталып, жабық кеңістікке айналмас үшін, оның өмір қаракетінің әлеуметтік-мәдени ортасының өзгешелігін мейлінше көрсету талап етіледі.
Қағида талаптары:
- тәрбие қоғамға және онымен өзара әрекет етуге мүдделі тұлғаларға қолжетімді ашық сипатты ортада іске асырылады;
- тәрбиешілер мен тәрбиеленушілер өмірінің бірлігін қамтамасыз ету;
- тәрбиеленушінің тіршілік қарекетінің табиғи ортасымен өзара әрекет ету, әлеуметтік тәжірибені сіңіруі және көрсетуі үшін неғұрлым қолайлы мүмкіндіктер туғызу;
- тәрбиеленушінің ұлттық және аймақтық мәдениет көздеріне қол жеткізуін қамтамасыз ету;
- әрбір балаға білім алу мүмкіндігін ұсыну;
- баланың да, тәрбиешінің де құқықтары мен жеке бастарының қадір-қасиеттерін қорғау.





      1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   60




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет