К. Ж. Қожахметова, Ш. Таубаева



бет50/60
Дата20.11.2023
өлшемі1,02 Mb.
#192051
түріРешение
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   60
Байланысты:
УМКД

Басқа елдердің белгілі адамгершілік құндылықтарын оқушы жастарға күштеп жапсыру,санаға ендір және оларды насихаттау. Мұндай қатынас әсіресе балаларға, жеткіншектерге, жастар ортасына және жеке тұлғалардың санасына ықпал ету арқылы ендіруге бағытталады. Ол ақпарат құралдары, мемлекеттен тыс мекемелер, түрлі ұйымдар, жеке тұлғалар - сол мұраттарды, құндылықтарды және өмір сүру бейнесін қабылдағандардың қатысуымен насихатталып, жүзеге асырылып келеді. Оның бастауын Орта ғасырдан іздеу керек. Сол кезеңде Христостың идеяларын көпшілік санасына жаулауға дін таратушылар белсенді іс-әрекет етті және ол ілімді бүкіл әлемге таратты. Ол тек сөз жүзінде ғана емес, қарудың күшімен де жүргізілді. Сол мақсатта түрлі арнайы бірлестіктер, діни қауымдар, мысалы, 1534 жылы иезуит ордені - Христос сарбаздары құрылды.
Қазақ жерінің оңтүстік өңірлеріне VIII ғасырдан бастап ислам ілімі таратыла бастады.
Қазіргі жағдайда бұндай бағыттар ақпарат құралдары, түрлі уағызшылар, қоғамдық ұйымдар арқылы біздің елімізде, бұрынғы ТМД мемлекеттерде американдық мұраттарды, құндылықтарды, діни ілімдерді насихаттауда. Сондай іс-әрекеттің мысалы ретінде діни секталарды айтуға болады, олар түрлі жастағы балалар, жеткіншектер арасында өз мұраттарын насихаттап, соларға тән ұстанымдарды сақтауға шақырады. Осындай діни секталар адамдардың психикасына ауыртпалық түсіріп, олардың басын айландырып, денсаулықтарына нұқсан келтіріп, олардың материалдық игіліктерін талан-тараж етуде. Көптеген елдерде мұндай секталардың жұмысына заң жүзінде тиым салынғаны белгілі.
Осындай әлеуметтік ықпалдар педагогикалық және психологиялық әдебиеттерде қарастырылмаған. Оны адамдардың санасын мәдени, идеологиялық және діни тұрғыдан жаулау деп қабылдаған абзал.
Сонымен, мемлекет тарапынан әлеуметтік тәрбие мазмұны, оны іске асыру жолдары бақыланады. Мемлекет жас жеткіншектерге әлеуметтік бағытта тәрбие беру үшін түрлі институттар құрады.
2 Әлеуметтік институттар және олардың субьектілер ретіндегі
тұлғаның әлеуметтік тәрбиесінің мәні
Өскелең ұрпақтың жеке тұлғалық сапасын қалыптастыруды және оны әлеуметтік тұрғыдан шешу талаптарын мемлекет анықтайды. Дегенмен де, нақты тәрбиелеуді іске асыратындар - әлеуметтік институттар мен адамның өзі. Әр әлеуметтік институт әлеуметтік-тәрбиелік қызметін мемлекеттің (қоғамның) талаптарына сай жүргізеді. Олар мемлекеттік (қоғамдық), арнайы және арнайы әлеуметтік-тәрбиелік міндеттерді шешеді. Әлеуметтік институттар тарапынан мынадай әлеуметтік тәрбие бағыттары бөлініп көрсетіледі:

  • ресми шартты (мемлекеттік) қалыптағы тәрбие. Әр әлеуметтік институт мемлекеттің заңдарына, ережелері мен қоғамда қалыптасқан дәстүрлер негізінде тәрбиелеп, адамдарды қоғамдық өмірге дайындайды. Ол әлеуметтік-тәрбиелік міндеттерді өз құралдарымен және әдістерімен жүргізеді;

  • әлеуеттік-шартты (ерекше) тәрбие, әлеуметтік мәртебемен құрылып, мекемесі анықталып, қызмет етеді. Әлеуметтік-себепті тәрбие жеке тәрбиеленушілердің менталитетін қалыптастыруға бағытталады, ол өзінің ерекшелігімен, әлеуметтік тұрғыдан толысуымен және кәсіби маңызды, әлеуметтік міндеттерді игереді, мысалы, мұғалім, дәрігер, әлеуметтік педагог, әлеуметтік қызметкер, әскерилер және т.б. Бұл жердегі мәселе төркіні адамдардың белгілі әлеуметтік мәртебені, әлеуметтік қызметті игеруі жайлы.

Әр мекеме, әр ұйым өзіне тән әлеуметтік ортаны (кәсіби бағытты) құрады. Ол жеке тұлғаны қалыптастырып, әлеуметтік мәртебемен ерекшелендіреді, осы ортаға тән адамның менталитеті қалыптасып, ол өзгелерден ерекшеленеді: мысалы, әлеуметтік педагог – мұғалімнен, әскери қызметкер - әлеуметтік қызметкерден, ал ол дәрігерден және т.б.;
- арнайы (өзіндік ерекшелігі бар) әлеуметтік тәрбие. Ол белгілі ортаға тән (отбасы, ұйым, мекеме). Бұндай тәрбие типіне нақты әлеуметтік идеал, модельдер, әлеуметік типке сай жеке тұлға қалыптастырылады. Ол адамгершілік-психологиялық ахуалға, қағидаларға, ұстанымдарға, қалыптасқан дәстүрге, тәрбие жұмысының тәжірибесіне, беделді адамдардың тәрбие үдерісін ұйымдастыруына, тәрбиелеуші ортаға, қалыптастырылатын адамның әлеуметтік тұрғыдан қажеттілігіне байланысты болады. Бұның өзіндік ерекшелігі болғандықтан, осы жерде және осы ортада туындайды және өз тәрбиеленушілерін өзге мекеме тәрбиесінен ерекшелендіреді.
Отбасында әлеуметтік тәрбиенің осы типін белгілі идеалға негізделген ата-ана тәрбиесі деп атауға болады. Әр ата-ана өз баласын тәрбиелеудің мақсатын өзі анықтайды. Оны олар әр түрлі шешеді, үнемі тар ауқымды өзімшілдікке ой алдырып, баласының болашағын жоспарлап, өз ұлы немесе қызы үшін жайлы жылы орынды армандап, сол жерден орын алғанын қалайды. Мұндай болашақ түрлі кейіпте суреттеледі, мысалы, ұлының қоғамда «жоғары мәртебелі орында қызмет етуі», өзінің «ізін жалғастырушы», «адам болу», ғалым, инженер атануы және т.с.с.
Отбасының, мекеменің өзіне тән ерекшелік ортасы, тәрбиеленушінің жағымсыз - әлеуметтік тәжірибесінің қалыптасуына ықпал етіп, соның салдарынан ол көшенің, жағымсыз ортаның, жеке адамның теріс ықпалына тәуелді болуы мүмкін. Басқа сөзбен айтар болсақ, ортаның өзі әлеуметтік ауытқуларды тудырып, тәрбиеленушінің көше ықпалында кетуіне, теріс әлеуметтік бағытта қалыптасуына әсер етеді. Мұндай жағдайда арнайы мемлекеттік мекемелердің баланы түзету, қайта тәрбиелеу бағытындағы қызметі іске асырылады (Луначарский, Макаренко, Сорока-Росинский және т.б.). Әлеуметтік тәрбиеге мұндай қатынасты - әлеуметтік қадағалауды әлеуметтендіру деп атап, арнайы құрылған тәрбие мекемелерінде жүргізеді. Бұл бағыт әлем елдерінде, Ресейде, Қазақстанда кең таралған. Әсіресе осы бағыттың дамуы Ресейде 1918 жылдан басталды, ондағы балалар арасындағы тәртіп бұзушылық пен панасыз балалар санынның артуына байланысты кең тарады. Қазіргі кезеңде де ата-аналардың қарауынсыз қалған балалар үшін бұл мекемелердің атқаратын рөлі орасан зор.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   60




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет