К. Ж. Қожахметова, Ш. Таубаева


Өскелең ұрпақ тәрбиесіне қоғамның талабы (әлеуметтік- жеке тұлғалық тәсілдеме)



бет13/60
Дата20.11.2023
өлшемі1,02 Mb.
#192051
түріРешение
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   60
Байланысты:
УМКД

1.2. Өскелең ұрпақ тәрбиесіне қоғамның талабы (әлеуметтік- жеке тұлғалық тәсілдеме)


Павел Петрович Блонский (1884-1941) әлеуметтік-жеке тұлғалық тәсілдеме негізінде педагогикадағы әлеуметтік бағытқа талдау жасауға алғашқылардың бірі болып талаптанды. Оның мәнісі - адам тәрбиесі көбінесе оның өмір сүрген ортасының және әлеуметтік тәрбиесінің объективті және субъективті факторларымен айқындалатынын білдіреді. Мұны былайша сипаттауға болады: адамның әлеуметтік қалыптасуы оның өмір сүрген ортасының объективтік (қоғамдық) факторларымен (объективті фактор) және оның тәрбиесіне субъективті көзқараспен (субъективті фактор) айқындалады.
Объективті фактор адамның өмір сүру ортасымен және оның тәрбиесімен анықталады. Ол мемлекет пен қоғамның қызметі, өскелең ұрпақты тәрбиелеу дәстүрінен туындаған адамгершілік құндылықтарымен мінез-құлық үлгілері, нормалары мен ережелерінің іске асуымен анықталатын әлеуметтік мәдени ортамен байланысты қоғамның жеке тұлғаға қоятын талаптарын көрсетеді.
П.П.Блонский мемлекет факторының өскелең ұрпақты тәрбиелеудегі маңызы ежелден белгілі екенін атап көрсетті. Ол ежелгі грек философтары Платонның (б.д.д. 427-347 ж.ж.; «Мемлекет», «Заңдар») және Аристотель Стагириттің (б.д.д. 384-322 ж.ж. шамасында; «Саясат») есімдерімен байланысты. Ежелгі грек дәуірі үшін педагогиканы мемлекет туралы ғылымнан бөліп қарау тән. Мемлекеттің аса маңызды функциясы – тәрбие. Ол мемлекетке қандай адамдар керек және оларды қалай тәрбиелеу керектігін анықтайды. Философтар мінсіз мемлекетті суреттей келе, оның тәрбиелеу қызметіне ерекше мән берген.
Орта ғасырда кейіннен ХVII ғасырдың бекзадалардың тәрбиесі туралы көптеген трактаттарында Француз революциясының өкілдері (Мари Жан Антуан Никола Кондорсе (1743-1794), Оноре Габриель Рикети Мирабо (1715-1791), еп.Шарль Морис Талейран (1754-1838)) үшінші ататегінің тәрбиесі туралы шығармаларында және И.-Г.Фихтенің және басқа ойшылдардың социалистік мемлекеттегі тәрбиені суреттеулерінде социалистік тәрбие идеясы қайта оянды.
Әрбір жеке адам қоғамға тәуелді. Орташа деңгейлі жеке адам өзі өмір сүретін қоғам қалай сезінеді және қылық көрсетеді - дәл солай сезінеді және қылық көрсетеді, ойлайды, алайда, жұрт біткеннің бәрі сол тұстағы табиғи және тарихи фактордың көзсіз құралы болып табылмайды.
Г.Кершенштейнер «қоғам» және «мемлекет» деген ұғымдарды, егер біз мемлекетті қоғамды құрудың жоғары формасы деп білетін болсақ, туыстас ұғымдар деп санады. Бұл жағдайда педагогика мемлекет туралы білімнің бір бөлігіне айналады. Мемлекет өскелең ұрпақты тәрбиелеудегі өзінің мақсаты мен міндеттері тұрғысынан мектептің мақсаты мен міндеттерін айқындайды.
Өз кезегінде, неміс педагогы Вильгельм Рейн (1847-1929) саясат тәрбие үдерісінде берілуі қажет адамгершілік нормалары мен ережелерін анықтайтын этикамен байланысты екенін атап көрсетті. Ол тәрбиенің негізінде адамзат мәдениетінің жоғары адамгершілік идеалын қалыптастыру болуы тиіс деп санады. Осы идеалды жүзеге асыруда тәрбиеленушінің мінез-құлқы адами-діни тұрғыда қалыптасады, бұл оған осы заманғы қоғамға бейімделіп қана қоймай, биік мұраттар жолында өз ортасына қарсы тұра және күресе білуге мүмкіндік береді. Бұл моральдік қағидаға жеке адамның барлық қоғамдық және мемлекеттік қызметі бағынуға тиіс.
П.Наторп педагогиканы философия ғылымы анықтайды деп көрсетті. Педагогиканы негіздеу ісіне нормативтік ғылым ретінде этика ғана емес, сонымен бірге, логика мен эстетика қатысуға тиіс. Ол тәрбиенің мақсатын анықтау еш шүбәсіз логикаға, этика мен эстетикаға тәуелді болуға тиіс деп білді. П.Наторп қоғам мен мемлекет өскелең ұрпақты тәрбиелеу идеологиясын көп жағынан анықтайды:
- тәрбиенің осы теориясы қауымдағы өмірдің негізгі алғышарты ретінде қабылдануы тиіс;
- тәрбие міндеттерін орындаудың негізгі шарты қауымда тәрбиелеу, яғни адам санасы немесе ерік жігерінің қарым-қатынасы арқылы тәрбиелеу болып табылады. Адам басқаларды көріп, ынтасын оятады. Басқалардың энергиясы оның ерік-жігерін жаниды;
- қауымдастық баланың дүниені танып-білуіне, негізінен, тілі арқылы қатысады. Өйткені тіл – тұтастай қоғам игілігі, ал онымен бірге балаға заттарды түсінудің ерекше рухы мен сипаты беріледі.
- тәрбие мағынасын, ең алдымен, ерік-жігерді тәрбиелеу деп түсінген дұрыс. Ол сананың белсенділігі немесе іскер бағыты формасында психикалық өмірдің жалпы шарты, орталығы болып табылады. Бұл сананың даму қажеттігі мен басқа да жақтарын жоққа шығармайды. Сананың қалған басқа қызметтерінің барлығы дұрыс бағытталған ерік-жігерді қажет етеді.
Педагогика қоғамның мәдениетімен тығыз байланысты. Ол адамның өмір сүру ортасының мәдениетін қалыптастыруға тікелей әсер етеді. Тек қана қоғамда өзі сияқтылармен қарым-қатынас жасау қажеттігінен мәдениеттің басты қаруы – адам тілі, ең алдымен, ым-ишара тілі, сосын дыбыстық тіл пайда болды.
Адам халықтың тілін меңгере отырып, онымен бірге логикалық ойлауды да меңгереді. Ана тілінде бұған дейінгі өткен барлық ұрпақтың тілдік тәжірибе қоры жинақталған. Дәстүрді сақтау мүмкіндігі және осы арқылы мәдени байлықты барған сайын байыта түсу қоғамның басқа мүшелерімен қарым-қатынас жасау қажеттігінен ауызекі тілге жазбаша тіл қосылғанда одан әрі ұлғая түсті. Ауызекі тіл мен жазбаша тіл мәдениеттің ең берік негізі болып табылады. Олар әрбір жеке адамның табысын жалпыға ортақ игілікке айналдырады және үздіксіз байытады, осылайша жеке құралдардың есебінен мәдени игілік жасайды.
Қоғам өміріндегі оны реттеудің нормасы ретінде дәстүрлер, әдет-ғұрыптар, құқық пен мораль туындайды. Олар адам өмірінің барлық жағын реттейді. Көптеген әдет-ғұрыптар діни нанымдар негізінде пайда болды, өмірге санасыз түрде бейімделу нәтижесінде қалыптасты және ақыр соңында жазалау қорқынышы әсерімен жұрттың бәрі үшін міндетті мінез құлық нормасы ретінде қоғамның рұқсатына ие болды.
Жұртқа белгілі мағынасында әдет-ғұрып өзінің күшін сақтап қалды және ол физикалық тұрғыда емес, моральдық тұрғыдағы мәжбүрлік болып табылды.
П.П.Блонскийдің пікірінше, мемелекет пен қоғамның тәрбиеге деген ықпалын ғылыми пайымдау ХІХ ғасырда француз философы Огюст Конттің (1789-1857) есімімен оның қоғам жөніндегі ғылым ретінде әлеуметтануды өмірге енгізуімен байланысты. Оның пікірінше, жеке адамды қоғамнан оқшау алып қарау абстракция болып шығады. Этика – бүкіл адамзат өмірінің ынтымақтастығы туралы ғылым және әлеуметтік сезіміне негізделеді. Жеке адамның дамуы тұтастай қоғам деңгейінде іске асады және қоғамның даму заңдарымен анықталады.
О.Канттың шәкірті француз педагогы Поль Робен (1837-1912) педагогиканы әлеуметтік динамикадан яғни қоғамның даму заңы туралы ғылымнан туындайтын өнер ретінде анықтады. Ол әлеуметтік педагогика біртіндеп қалыптасты деп санады. Әлеуметтік педагогика әсіресе Францияда танымал болды және оның өкілдері Альфред Фуллье (1838-1912, «Lenseigment av point de vve national») (Ұлттық пайымдаутұрғысынан білім беру); Ромен Жорж Грожан (1865-1934, «L Ecole et la Patrie» (Мектеп және Отан)) тағы басқалар болып табылады. Оның идеясын Германияда Бергеманн («Sociale Padagogik») (Әлеуметтік педагогика)), П.Наторп («Sociale Padagogik») (Әлеуметтік педагогика)), Кершенштейнер «Der Begrift der staastiirgerlichen Erziehung» (Азаматтық тәрбие ұғымы)) және басқалар.
Мемлекет пен қоғам өскелең ұрпақты тәрбиелеудің мақсаты мен бағытын ұсынды. Тәрбиенің неғұрлдым маңызды бағыттары ретінде мыналарды атады:
- адамгершілік тәрбиесі тәрбиешінің басты міндеті болып саналды және саналуда;
- азаматтық тәрбие әділетті (идеалдық) мемлекеттің мүшесін тәрбиелеу және осы мемлекеттің азаматын тәрбиелеуді қарастырады. Мұндай тәрбиеде отаны Америка болып табылатын мектептегі өзін-өзі басқару маңызды рөл атқарады. Неміс философы және педагогы Фридрих Вильгельм Фёрстер (1869-1956) мектептегі өзін-өзі басқару әлеуметтік тәрбие үшін тамаша қызмет атқаратынын әділетті түрде атап көрсетті. Алайда, ол корпоративтік эгоизм туғызуы да ықтимал;
- конфессиялық-догмалық тәрбие, оның басты мақсаты – балаға аталмыш діни сенімнің догмасын оқыту болып табылады. Тәрбиенің бұл формасы Лютердің катехизисін меңгерген анық діни адамға айналады деген сенімге негізделген лютеранттық бағыттағы тәрбие болып табылады. ХІХғ. мұндай тәрбиенің қызу қуаттаушысы Георг Вильгельм Фридрих Гегель (1733-1799) болды. Оның көзқарасы бойынша діни тәрбие барысы философиялық ой-сананың дамуы мүддесіне қызмет ететіндіктен догмаға оқыту басымдығын талап етеді.
Әрбір тәрбиеші қоғамда болып жатқан үдерістердің және өзінің тәрбиенің мәні мен мақсаттарын және ерекшеліктерін түсіну әсеріне орай тәрбие қызметіне деген өз тұғырнамасын анықтайды. Тұжырымдамалық тұғырлардың біразы тәрбие қызметінің теориялық негізіне айналды. Мұндай тұғырлар көп. олар тәрбиенің мәні мен мақсаты ғана емес, сонымен бірге оған жетудің жолдарын да анықтайды.
Педагогика тарихында неғұрлым танымал тұжырымдамалар қатарында мыналарды атауға болады:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   60




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет