К. Ж. Қожахметова, Ш. Таубаева



бет16/60
Дата20.11.2023
өлшемі1,02 Mb.
#192051
түріРешение
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   60
Байланысты:
УМКД

Балаларды тәрбиелеуші ретінде қаһармандардың өмірбаяны. Кіші жастағы балаларды тікелей қоршаған ортадағы адамдар тәрбиелейді. Бірақ кітаптардың арқасында алдынан ерте заманда өтіп кеткен тарихи қайраткерлердің және жай ойдан шығарылған жандардың қоғамы мен өмірлерінің оқиғалары арқылы теңдесі жоқ кең әлемге жол ашылады. Мектеп жасындағы баланың, әсіресе, жас бозбаланың кітаби тұлғаларға деген еліктеушілігі дами бастайды және жыл өткен сайын бұл күшейе түседі. Кітап қаһармандарының өмірбаяндары жас жеткіншектің тәрбиешісіне айналады. Мұны жақсы түсінген ежелгі римдіктер өз мемлекетінің ұлы адамдарының өмірбаяндарын тәрбиенің басты құралы ретінде санады.
Баланың дамуы мен тәрбиесінің маңызды факторы оның өмір сүру ортасындағы белсенділігі мен өзін-өзі танытуы болып табылады.
Бала өзін, ең алдымен, ойын, кейіннен сабағы арқылы танытады.
Ермек ретіндегі ойын (неміс педагогы Иоганн Бренд Базедов (1723-1790, Basedow)). Мектеп жасындағы баланы тәрбиелеуде ойынды баланың туғаннан жаратылысына сүйенгендей негізгі тірек ету қажет.
Сабақ ретіндегі ойын. Ойынды баланы тәрбиелеудің дербес құралы ретінде түсінуді неғұрлым толық дамытқан Ф.Фребель болды. Ойынның басты атқаратын рөлі – баланың ішкі жан дүниесін оятуда. Ойын барысында баланың өмірі ересектермен бірігеді.
Өзін-өзі сақтау құралы ретіндегі ойын. Неміс психологы Карл Гростың (1861-1946) «Балалардың ойыны» атты жұмысында даму алған теориясы ойынның баланың өзін-өзі сақтау түйсігімен тығыз байланыстылығын нақтылы метариал арқылы көрсетеді. Баланың ойын ойнау кезіндегі қозғалыстары оның болашақ өміріне пайдасын тигізеді. Ойын барысында баланың түрлі органдары жаттығады және есейіп, дербес өмір сүруіне дайындық болады. Әрбір дерлік ойын барысын бақылау баланың қимыл-қозғалыстарының сезіну, түйсіну, байқау, ойлау, әлеуметтік сезімі, еліктеушілігі, шығармашылығы қалай дамитындығын айқын көрсетеді. Жалпы, адам жас болғандығы үшін ойнамайды, бірақ жастықтың өзі оған ойнай алу үшін (өзін-өзі тәрбиелеу үшін) берілген.
ХVII ғ. өзінде баланың ойнаудағы еркіндігі мен еңбектегі мәжбүрлік элементінің айырмашылығы айқындалған. Еңбектің жоғары формасы – рахат алу элементін қамтитын, ойынға ұқсас шығармашылық еңбек. Бұл жағынан алғанда, еңбек пен ойын бір-бірімен ұштас келеді, шығармашылық еңбек нақ ойыннан туындайды. Күнделікті еңбек біршама даярлықтың нәтижесі ретінде тәрбиенің неғұрлым кейінгі сатыларында қалыптасады. Мұндай даярлықтың біртіндеп іске асқаны жақсы: алдымен, табиғи ойын сабаққа ауысады, яғни белгілі обьектілік нәтижесімен педагогикалық тұрғыда ұйымдастырылған табиғи ойынға ауысады; кейін ойын арқылы шығармашылық еңбекпен айналысатын болады.
Педагогикадағы әлеуметтік бағыт қалыптастырудың бастау көзі осындай.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   60




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет