К. К. Карменов 5В100100 «Өрт қауіпсіздігі» мамандығына арналған «Қызметті және дайындықты ұйымдастыру» пәні бойынша дәріс курсы



бет9/9
Дата25.08.2017
өлшемі1,7 Mb.
#26004
1   2   3   4   5   6   7   8   9

Бақылау сұрақтары:

1. Қалалар мен облыстардың өртке қарсы қызмет штат санын ұлғайту және ұйымдастыру мәселесін шешу үшін қандай мәліметтер қажет?

2. Экономикалық анықтамада не көрсетіледі?

3. Өрт сөндіру деполарын жобалағанда қандай нормативтік құжатты басшылыққа алады?

4. Қалаларда, елдi мекендерде және аса маңызды мемлекеттiк меншiк объектiлерiнде өрт сөндiрудi қадай орган жүзеге асырады?

5. Шақыру жасаған орынға алғашқы өрт бөлiмшесiнiң жету уақытықанша минуттан аспауға тиiс?

6. Негізгі өрт сөндіру автомобильдерінің санын анықтау формуласын келтіріңіз.
Әдебиет:

1. «Өрт қауіпсіздігіне қойылатын жалпы талаптар» техникалық регламенті.40 тармағы, 11 тармақшасы; 6 қосымша.

2. ҚР ҚН 2.02-30-2005.Өртке қарсы қызмет органы нысандарын жобалау нормалары.

Сабақ 6/3. Ұйымдар мен объекттерде өртке қарсы қызметті ұйымдастыру.

1. Өртке қарсы қызмет құрылатын ұйымдар мен объекттердің тізімі.

2. Ұйымдар мен объектілерді күзету бойынша ӨСБқызметті ұйымдастыру.

Дәрістің мақсаты: өртке қарсы қызмет құрылатын ұйымдар мен объекттердің тізімін, ұйымдар мен объектілерді күзету бойынша ӨСБқызметті ұйымдастыру тәртібі туралы түсіндіру.



1. Өртке қарсы қызмет құрылатын ұйымдар мен объекттердің тізімі.

1. Мұнай мен газды өндіру, қайта өңдеу, сақтау, қамтамасыз ету және тасымалдау жөніндегі ұйымдар мен объектілер:

1) мұнай өндіру жөніндегі объектілер:

өнімділігі тәулігіне үш жүз тоннаға дейін – жолға шығатын техникасы жоқ;

өнімділігі тәулігіне үш жүз тонна және одан көп – жолға шығатын техникасы бар;

2) өнімділігіне қарамастан газ өндіру жөніндегі объектілер – жолға шығатын техникасы бар;

3) мұнай айдау станциялары:

резервуарлық парктерінің жалпы сыйымдылығы қырық мың текше метрге дейін – жолға шығатын техникасы жоқ;

резервуарлық парктерінің жалпы сыйымдылығы қырық мың текше метр және одан көп – жолға шығатын техникасы бар;

4) газ айдау агрегаттарының жалпы қуаттығына қарамастан газкомпрессорлық станциялар – жолға шығатын техникасы бар;

5) өндірістік қуаттығына қарамастан, газ өңдеу зауыттары – жолға шығатын техникасы бар;

6) өндірістік қуаттығына қарамастан, мұнай өңдеу зауыттары – жолға шығатын техникасы бар;

7) газ жинақтау станциялары:

резервуарлардың жалпы сыйымдылығы сегіз мың текше метрге дейін – жолға шығатын техникасы жоқ;

резервуарлардың жалпы сыйымдылығы сегіз мың текше метр және одан көп – жолға шығатын техникасы бар;

8) мұнай құю және мұнай төгу эстакадалары:

төгу-құю операцияларының жобалық көлемі тәулігіне екі мың текше метрге дейін – жолға шығатын техникасы жоқ;

төгу-құю операцияларының жобалық көлемі тәулігіне екі мың текше метр және одан көп – жолға шығатын техникасы бар;

9) өнімділігіне қарамастан, қайраңда мұнай мен газ өндіру мен дайындауға арналған теңіз операцияларын қолдау базалары – жолға шығатын техникасы бар;

10) мұнай базалары мен мұнай өнімдерінің қоймалары:

резервуарлық парктерінің жалпы сыйымдылығы он мың текше метрге дейін – жолға шығатын техникасы жоқ;

резервуарлық парктерінің жалпы сыйымдылығы он мың текше метр және одан көп – жолға шығатын техникасы бар;

11) жерасты газ сақтау станциялары:

жалпы көлемі бір миллиард текше метрге дейін – жолға шығатын техникасы жоқ;

жалпы көлемі бір миллиард текше метр және одан көп – жолға шығатын техникасы бар.

2. Химия және мұнай-химия өнеркәсібі ұйымдары:

1) мұнай-химия өнімдерін (полипропилен, полиэтилен, хош иісті көмірсутектер, синтетикалық каучук, полистирол және басқалары) шығару жөніндегі кәсіпорындар:

жалпы өндірістік ауданы үш мыңнан он мың шаршы метрге дейін, егер осы ауданның он және одан көп пайызын жарылу-өрт қаупі бар ғимараттар мен үй-жайлар, сондай-ақ сыртқы технологиялық қондырғылар алып тұрса – жолға шығатын техникасы жоқ;

жалпы өндірістік ауданы он мың шаршы метр және одан көп, егер осы ауданның он және одан көп пайызын жарылу-өрт қаупі бар ғимараттар мен үй-жайлар, сондай-ақ сыртқы технологиялық қондырғылар алып тұрса – жолға шығатын техникасы бар;

2) жарылу-өрт қаупі бар заттарды қолдана отырып, химия өнімдерін (спирттерді, эфирлерді, шайырларды, винилхлоридті, талшықтарды, бояуларды және басқаларды) шығару жөніндегі кәсіпорындар:

жалпы өндірістік ауданы үш мыңнан он мың шаршы метрге дейін, егер осы ауданның он және одан көп пайызын жарылу-өрт қаупі бар ғимараттар мен үй-жайлар, сондай-ақ сыртқы технологиялық қондырғылар алып тұрса – жолға шығатын техникасы жоқ;

жалпы өндірістік ауданы он мың шаршы метр және одан көп, егер осы ауданның он және одан көп пайызын жарылу-өрт қаупі бар ғимараттар мен үй-жайлар, сондай-ақ сыртқы технологиялық қондырғылар алып тұрса – жолға шығатын техникасы бар;

3) шиналар мен резеңке-техникалық бұйымдарды шығару жөніндегі кәсіпорындар:

жалпы өндірістік ауданы үш мыңнан он мың шаршы метрге дейін, егер осы ауданның он және одан көп пайызын жарылу-өрт қаупі бар ғимараттар мен үй-жайлар, сондай-ақ сыртқы технологиялық қондырғылар алып тұрса – жолға шығатын техникасы жоқ;

жалпы өндірістік ауданы он мың шаршы метр және одан көп, егер осы ауданның он және одан көп пайызын жарылу-өрт қаупі бар ғимараттар мен үй-жайлар, сондай-ақ сыртқы технологиялық қондырғылар алып тұрса – жолға шығатын техникасы бар;

4) сұйытылған көмірсутегі газдарын қайта өңдеу және алу жөніндегі кәсіпорындар:

жалпы өндірістік ауданы үш мыңнан он мың шаршы метрге дейін, егер осы ауданның он және одан көп пайызын жарылу-өрт қаупі бар ғимараттар мен үй-жайлар, сондай-ақ сыртқы технологиялық қондырғылар алып тұрса – жолға шығатын техникасы жоқ;

жалпы өндірістік ауданы он мың шаршы метр және одан көп, егер осы ауданның он және одан көп пайызын жарылу-өрт қаупі бар ғимараттар мен үй-жайлар, сондай-ақ сыртқы технологиялық қондырғылар алып тұрса – жолға шығатын техникасы бар;

5) минералдық тыңайтқыштар өндіру жөніндегі кәсіпорындар:

жалпы өндірістік ауданы үш мыңнан он мың шаршы метрге дейін, егер осы ауданның он және одан көп пайызын жарылу-өрт қаупі бар ғимараттар мен үй-жайлар, сондай-ақ сыртқы технологиялық қондырғылар алып тұрса – жолға шығатын техникасы жоқ;

жалпы өндірістік ауданы он мың шаршы метр және одан көп, егер осы ауданның он және одан көп пайызын жарылу-өрт қаупі бар ғимараттар мен үй-жайлар, сондай-ақ сыртқы технологиялық қондырғылар алып тұрса – жолға шығатын техникасы бар;

6) қуаттығына қарамастан, биоотын өндіру жөніндегі кәсіпорындар – жолға шығатын техникасы жоқ.

3. Электр энергетикасы өнеркәсібінің ұйымдары:

1) мемлекеттік аудандық электр станциялары қуаты бес жүз МВт және одан көп – жолға шығатын техникасы бар;

2) су электр станциялары:

қуаты екі жүз елу МВт дейін – жолға шығатын техникасы жоқ;

қуаты екі жүз елу МВт және одан көп – жолға шығатын техникасы бар;

3) жылу электр станциялары:

қуаты елу МВт немесе үш жүз Гкал дейін – жолға шығатын техникасы жоқ;

қуаты елу МВт және одан көп немесе үш жүз Гкал және одан көп – жолға шығатын техникасы бар;

4) қуаттығына қарамастан, атом электр станциялары – жолға шығатын техникасы бар;

5) газ-турбиналық электр станциялары:

қуаты елу МВт дейін – жолға шығатын техникасы жоқ;

қуаты елу МВт және одан көп – жолға шығатын техникасы бар;

6) кернеуі бір мың бір жүз елу кВ және одан көп кіші станциялар – жолға шығатын техникасы бар.

4. Өндірістік қуаттығына қарамастан көмірді, қара және түсті металдарды өндіретін кен орындарының объектілері – жолға шығатын техникасы бар.

5. Жолаушылардың есептік сыйымдылығына ғимараттары бар халыққа тікелей қызмет көрсетуге арналған көлік кәсіпорындары:

әуежайлардағы жолаушылардың сыйымдылығына қарамастан – жолға шығатын техникасы бар;

темір жол вокзалдарында және метрополитендерде жеті жүз адам және одан көп – жолға шығатын техникасы жоқ.

6. Жалпы ауданы бір жарым мың шаршы метрден астам жарылғыш заттар қоймалары – жолға шығатын техникасы бар.

7. Астықты сақтау және қайта өңдеу бойынша жалпы өндірістік қуаттығы елу мың тонна астық және одан көп элеваторлар – жолға шығатын техникасы бар.

8. Өрт қаупі, жарылу-өрт қаупі бар ғимараттар мен үй-жайлардың, сондай-ақ сыртқы технологиялық қондырғылардың жалпы ауданы үш жарым мың шаршы метр және одан көп, мемлекеттік өртке қарсы қызмет бөлімшелерінен үш километрден астам қашықтықта орналасқан өнеркәсіптік өндірістің барлық түріндегі ұйымдар мен кәсіпорындар – жолға шығатын техникасы бар.

9. Сауда ауданы үш жарым мың шаршы метр және одан көп, өрт сөндірудің автоматикалық жүйесімен жабдықталмаған және мемлекеттік өртке қарсы қызмет бөлімшелерінен үш километрден астам қашықтықта орналасқан базарлар – жолға шығатын техникасы бар.

2. Ұйымдар мен объектілерді күзету бойынша ӨСБ қызметті ұйымдастыру.

Мемлекеттiк емес өртке қарсы қызметтiң негiзгi мiндеттерi:

1) ұйымдарда, елдi мекендерде және объектiлерде өрттердiң алдын алу және сөндiру;

2) ұйымдарда, елдi мекендерде және объектiлерде авариялық-құтқару жұмыстарын жүргiзу болып табылады.

Ұйымдардың, елді мекендердің және объектілердің өрт қауіпсіздігі мемлекеттік емес өртке қарсы қызмет құру немесе жұмыс істеп тұрған мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтермен қызмет көрсетуге арналған шарттар жасасу арқылы қамтамасыз етіледі.

Негiзгi мiндеттерiне сәйкес мемлекеттік емес өртке қарсы қызмет жолға шығатын техникасы бар және жолға шығатын техникасы жоқ болып құрылады:

1) жолға шығатын техникасы бар – қарамағында негiзгi және арнайы өрт сөндiру автомобильдерi бар өрт сөндiру бөлiмдерi;

2) жолға шығатын техникасы жоқ – қызметкерлерi өрттердiң алдын алу (профилактика) бойынша жұмысты жүзеге асыратын және өрттердi алғашқы өршу сатысында өрт сөндiрудiң стационарлық, ұтқыр немесе қолмен басқарылатын құралдарын пайдалана отырып, сөндiруге қатысатын өрт сөндiру бекеттерi.

Теңізде мұнай операцияларын жүргізу үшін стационарлық теңіз құрылыстарында жолға шығатын техника ретінде өрт сөндіру немесе өрт сөндіруге бейімделген кемелер көзделеді.

Мемлекеттiк емес өртке қарсы қызметке жұмысқа он сегiз жасқа толған және мемлекеттiк емес өртке қарсы қызметтердiң мамандарын даярлау, қайта даярлау және олардың бiлiктiлiгiн арттыру жөнiндегi өрт қауiпсiздiгi саласындағы мамандандырылған оқу орталықтарында арнайы даярлық бойынша оқу курсынан өткен Қазақстан Республикасының азаматтары қабылданады.

Мемлекеттiк емес өртке қарсы қызметтiң өртпен күресуге әзiрлiгiн бақылауды және өртке қарсы қызметтердiң қызметiн үйлестiруді азаматтық қорғау саласындағы уәкiлеттi орган жүзеге асырады.

Мемлекеттiк емес өртке қарсы қызмет өз қызметін объектілерде өрттердің алдын алу және сөндіру, өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету және авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу бойынша жұмыстарды жүргізуге құқығы бар аттестат болған жағдайда жүзеге асырады.

Мемлекеттiк емес өртке қарсы бiр қызметтің оны ұстауға үлестiк қатысатын мемлекеттiк емес өртке қарсы қызметтің нормативтiк шығу радиусындағы бiрнеше объектiге қызмет көрсетуiне болады.

Мемлекеттiк емес өртке қарсы қызметтің қызметін ұйымдастыруды регламенттейтiн құжаттар мемлекеттiк емес өртке қарсы қызмет құжаттарының тiзбесiне сәйкес қалыптастырылады.

Мемлекеттiк емес өртке қарсы қызмет тұрақты (тәулiк бойы) дайындықта болады.

Есептоптың командирi басқаратын өрт сөндiру автомобилiндегі есептоп жолға шығатын техникасы бар мемлекеттiк емес өртке қарсы қызметтiң өрт сөндiру бөлiмдерiнiң негiзгi бiрлiгi болып табылады. Өрт сөндiру бөлiмiнде екi және одан астам өрт сөндiру автомобилi болған кезде қарауылдардың бастықтары (ауысымдардың басшылары) басқаратын қарауылдар құрылады.

Жолға шығатын техникасы бар өрт сөндiру бөлiмдерiнде өрттердiң алдын алу жұмыстарын жүзеге асыру үшiн объект басшысының шешімімен нұсқаушылары бар өрт профилактикасы топтары құрылады.

Жолға шығатын техникасы жоқ мемлекеттiк емес өртке қарсы қызмет құрылған объектiлердi өрттерден күзетудi нұсқаушы-өрт сөндiрушiлер (кезекшi ауысымда кемiнде 2 штаттық қызметкер) жүзеге асырады.

Объект басшысының шешімімен мемлекеттiк емес өртке қарсы қызметтің өрт сөндiру бөлiмдерi мен бекеттерiнде күштердi, құралдарды жедел басқаруды ұйымдастыру және мемлекеттiк өртке қарсы қызмет бөлiмшелерiмен өзара iс-қимыл жасау үшiн:

1) өрт, авария туралы хабарламаларды қабылдауды;

2) шақыру орнына өрт сөндiру автомобильдерiндегі есептоптарды жіберуді;

3) өкiмдер берудi, өрт орнынан ақпарат алуды және өрт сөндiруге тартылатын бөлiмшелермен өзара iс-қимыл жасауды қамтамасыз ететiн ұйым немесе объекті басшысының шешімімен байланыс пункттері құрылады.

Өрт сөндiру бөлiмінiң (бекетінiң) байланыс пункті мемлекеттiк өртке қарсы қызметтiң жақын орналасқан бөлiмшесiнiң байланыс пунктімен байланыс арнасымен қамтамасыз етіледі.

Өрт сөндiру автомобильдерi ұтқыр радиостанциялармен қамтамасыз етiледi. Тасымалданатын байланыс құралдарымен, сондай-ақ өрт сөндiру басшысы, кезекшiлiктi жүзеге асыратын және жұмыс жағдайы бойынша өрт сөндiру бөлiмi мен бекетi тұрақты орналасқан жерден тыс жерлердегi қызметкерлер қамтамасыз етiледi.

Өрт сөндiру бөлiмдерiнде және бекеттерiнде демалуға қолайсыз ортада жұмыс iстеу мүмкiндiгi үшiн объект басшысының шешімімен газ-түтiннен қорғау қызметi құрылады.

Объектілер мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтің құрамында үлестік қатысқанда негізгі өрт сөндіру автомобильдерінің саны ең көп су шығынын қажет ететін объект үшін айқындалады.

Объектiлерде өрттердi сөндiру үшiн қажеттi негiзгi өрт сөндiру автомобильдерiн жөндеу және/немесе техникалық қызмет көрсету кезiнде тасымалданатын немесе жылжымалы өрт сөндiру мотопомпалары көзделедi.

Мемлекеттік емес өртке қарсы қызмет үшін арнайы өрт сөндіру автомобильдерінің санын объект басшысы олардың ерекшеліктерін ескере отырып айқындайды.

Өрт сөндiру автомобильдерi Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 16 қаңтардағы № 16 қаулысымен бекітілген «Объектілерді қорғауға арналған өрт техникасының қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламентінің талаптарына сәйкес орналастырылады және пайдаланылады.

Объектідегі кезекшілік ауысымдағы мемлекеттік емес өртке қарсы қызмет қызметкерлерінің саны өрт сөндіру автомобиліндегі есептоптардың санына көбейтілген өрт сөндіру автомобильдерінің санымен анықталады.

Мемлекеттiк емес өртке қарсы қызмет қызметкерлерiнiң жалпы саны Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес олардың жұмыс ауысымын және жұмыс уақытының ұзақтығын ескере отырып анықталады.

Мемлекеттiк емес өртке қарсы қызмет қызметкерлерiнiң жалпы саны объект қызметкерлерiнiң бекітілген штат санына тең немесе 50 % артық болғанда есептоптың лауазымдарын өртке қарсы ерікті құралымдар құрамына кіретін объектінің штаттық қызметкерлері есебінен ауыстыруға болады.

Мемлекеттiк емес өртке қарсы қызметте объектiнiң өндiрiстiк сипатын ескере отырып, теориялық және практикалық сабақтарды қосып, қызметкерлердi жыл сайын арнайы даярлауды ұйымдастыру көзделедi.

Бақылау сұрақтары:

1. Өртке қарсы қызмет құрылатын мұнай мен газды өндіру, қайта өңдеу, сақтау, қамтамасыз ету және тасымалдау жөніндегі ұйымдар мен объектілертізбесін келтіру.

2. Өртке қарсы қызмет құрылатынхимия және мұнай-химия өнеркәсібі ұйымдарытізбесін келтіру.

3. Өртке қарсы қызмет құрылатын электр энергетикасы өнеркәсібінің ұйымдарын келтіру.

4. Өртке қарсы қызмет құрылатын жолаушылардың есептік сыйымдылығына ғимараттары бар халыққа тікелей қызмет көрсетуге арналған көлік кәсіпорындарын атаңыз.

5. Мемлекеттiк емес өртке қарсы қызметтiң негiзгi мiндеттерiн атаңыз.

6. Мемлекеттiк емес өртке қарсы қызметке жұмысқа кімдер қабылданады?

Әдебиет:

1. Міндетті түрде мемлекеттік емес өртке қарсы қызмет құрылатын ұйымдар мен объектілердің тізбесін бекiту туралыҚазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 25 қыркүйектегі № 1017 қаулысы.

2. Мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтердің қызметін жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралыҚазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 14 шілдедегі № 782 бұйрығы.
Әдебиеттер
Брушлинский Н.Н. Системный анализ деятельности государственной противопожарной службы. Оқулық. -М: Ресей ІІМ МӨҚИ, 1998.-255 бет.

Брушлинский Н.Н., Микеев А.К., Бозуков Г.С. және т.б.; Брушлинский Н.Н. редакциясымен. Совершенствование организации и управления пожарной охраной. - М.: Стройиздат, 1986. -152бет.

Повзик Я.С., Панарин В.М.Тактическая и психологическая подготовка руководителя тушения пожара. – М.: 1988. -112б.

Х. Корганов. Огненная летопись. - Алматы: ТОО «Қағанат-ҚС», 2001. - 455 бет.

Міндетті түрде мемлекеттік емес өртке қарсы қызмет құрылатын ұйымдар мен объектілердің тізбесін бекiту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 25 қыркүйектегі № 1017 қаулысы.

Мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтердің қызметін жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 14 шілдедегі № 782 бұйрығы.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 16 қаңтардағы № 14 қаулысымен бекітілген «Өрт қауіпсіздігіне қойылатын жалпы талаптар» техникалық регламенті.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 16 қаңтардағы № 16 қаулысымен бекітілген «Объектілерді қорғауға арналған өрт техникасының қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламенті

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің «Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының қызмет жарғысын бекіту туралы» 2010 жылғы 14 қарашадағы № 266 бұйрығы.

Қазақстан Республикасы мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарында қызмет өткерудің кейбір мәселелері Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2012 жылғы 1 маусымдағы № 242 Бұйрығы.

ҚР ҚН 2.02-30-2005. Өртке қарсы қызмет органы нысандарын жобалау нормалары.

Құқық қорғау қызметі туралы 2011 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы.


5В100100 «Өрт қауіпсіздігі» мамандығына арналған

«Қызметті және дайындықты ұйымдастыру» пәні бойынша
Дәріс курсы

Подписанов в печать 04.03.2017 г.

Формат 210/297х1/80

Печать RISO

Заказ № 25. Объем 5,25 п.л.

Тираж 50 экз.

Отпечатано в типографии Отдела организации научно-исследовательской

и редакционно-издательской работы

Кокшетауского технического института Комитета по чрезвычайным ситуациям МВД Республики Казахстан

(020000, Республика Казахстан, Акмолинская область,

г.Кокшетау, ул. Акана-серэ, 136)

тел. 8(7162)25-58-95






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет