Байланысты: Бейорганикалық химиядан зертханалық жұмыстар методичка
Өзін өзі бақылауға және зертханалық жұмыстарды қорғауға арналған сұрақтар: 1.Салыстырмалы молярлық масса дегеніміз не және оны қалай анықтайды? Екі мысал келтіріңдер.
2.Молярлық масса дегеніміз не? Оның өлшем бірлігі, 3-4 мысал келтіріңдер.
3.Авогадро заңы және оның салдары.
4.Газдың молярлық көлемі деген не?
5.Менделеев-Клапейрон формуласын келтіріңдер.
6. Реалды газдардың идеалды газдан айырмашылығы неде? Қандай жағдайда реалды газдарды идеалды газ ретінде қарастыруға болады?
7. а) Бойль-Мариот тұжырымдамасын келтір.
б) 5 л көлем алатын газ қысымы 40,0 кПа. Егер осы температурада газ көлемі 2 л болса, онда қысым қандай болады?
8. Қалыпты қысымда (101,325 кПа) газ көлемі 100,0 л болады. Егер температура өзгеріссіз қалса, онда газды 20 л дейін қысу үшін қанша қысым қажет?
9. Гей-Люссак заңын пайдаланып келесі есепті шешіңіз. 27°С кезінде газ көлемі 1200 мл тең. Егер қысым өзгеріссіз қалса, 102°С кезінде газ көлемі қанша болады?
10. 27°С кезінде көлем 2,34 л. 327°С және қысым өзгеріссіз болған кезде осы газдың көлемі қанша болады?
11. Қалыпты жағдайда (0°С, 101,325 кПа) газ көлемі 453 мл. Қысым 202,650 кПа және 100°С кезінді газ көлемі қаншаға тең болады?
12. Қысым 1,000 кПа және температура 80 °С болған кезде 2,000 мл идеалды газ құрамында қанша молекула болады? Бұл есепті шешу қандай заңға негізделеді? Осы заңңын тұжырымдамасын беріңіздер.
13. Егер газдың 380 мл көлемі 27°С температурада және 102,658 кПа қысымда массасы 0,5 г болса, онда газдың салыстырмалы молекулалық массасын есептеңіз.
14. Ауадағы азоттың және оттегінің парциалды қысымын есептеңдер. (Ауадағы азот мөлшері - 78%, ал оттегінікі - 21%). Газдардың парциалды қысымын есептеу қандай заңға негізделген?
15. Егер су бетінде 27°С температурада және 99,962 кПа қысымда жиналған 0,57 г газ көлемі 0,5 л болса, оның салыстырмалы молекулалық массасын анықтаңдар.
16. CH4 (―161°C) ―SiH4 (―112°C) ―GeH4 (―88°C) ―SnH4 (―52°C) және HF (19.5°C) ― HCl (―85.1°C) ― HBr (―66.8°C) ―HI (―35.8°C) қатары үшін температураның р-элементтің период нөміріне тәуелділігінің графигін құрыңдар.