К., Касенова Н. Б. Бейорганикалық химиядан зертханалық жұмыстар



бет9/65
Дата20.09.2022
өлшемі2,71 Mb.
#150016
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   65
Байланысты:
Бейорганикалық химиядан зертханалық жұмыстар методичка

Жұмысты орындау тәртібі


    1. Колбаны [5] және сынауықты [6] құрылғыдан ажырату.

    2. Тепе-теңдендіретін ыдысты [2] штатив табанымен бірге көтеру және жоғарғы жақта бюреткадағы [1] судың көлемін нөлге жақындатып орнату.

    3. Колба жалғанған үшілік шетін сұйықтық тамшысын жою үшін мұқият фильтр қағазымен сүрту.

    4. Колбаға [5] металл өлшендісін (оқытушыдан алады) салады және колбаны құрылғыға жалғайды.

    5. Сынауыққа [6] шамамен 4 мл 10% тұз қышқылы ерітіндісін (сынауықтың ≈ 3/4 көлемі) құяды және құрылғыға жалғайды.

    6. Құрылғыны герметикалыққа тексеру. Ол үшін тепе-теңдендіретін [2] ыдысты штатив табанымен ондағы су деңгейі бюреткаға [1] қарағанда 5-10 см жоғары орналасатындай қояды. Егер деңгейлері өзгермесе, құрылғы жұмыс істейді; ал егер бюреткадағы сұйықтық деңгейі тепе-теңдентіретін ыдыстағы сұйықтық деңгейімен сәйкес келсе, онда құрылғы герметикалық емес, ауа өткізеді, оны лаборантқа айту қажет.

    7. Егер құрылғы герметикалық болса, бюреткадағы суды бірдей деңгейге тепе-теңдендіретін [2] ыдысты орнын ауыстыру арқылы жасайды. Бюреткадағы [1] судың деңгейін белгілеу. Есепті судың төмен деңгейінен 0,1 мл нақтылығымен жүргізеді.

    8. Сынауықты [6] ішіндегі қышқыл металы бар колбаға [5] құйылатындай етіп қою. Сутектің бөлінуін және бюреткадан [1] судың ығысуын бақылаңдар. Реакция аяқталғаннан кейін тепе-теңдентіретін [2] ыдысты бюреткадағы [1] су деңгейіне дейін түсіреді және колбаны бөлме температурасына дейін суытады.

    9. Бюреткадағы суды бірдей деңгейге келтіріңдер. Бюреткадағы судың жаңа деңгейін жазыңдар. Неліктен реакциядан кейін бюреткадағы суды бірдей деңгейге келтіру керек?

    10. Реакцияға дейін және кейін су деңгейінің әртүрлілігі бойынша бөлінген сутегінің көлемін есептеңдер (V).

Тәжірибе мәліметтерін 2.1 кестеге жазыңдар
Кесте 2.1

Өлшенетін шама

Белгіленуі

Сандық мәндері

Металл массасы, г

mMe




Тәжірибе температурасы, оС

t




Абсолютті температура, К

T




Атмосфералық қысым,(мм рт. ст.)

P




Тәжірибе температурасы кезіндегі су бетіндегі будың серпімділігі,

Р2О)




Газдың парциалды қысымы, (мм рт. ст.)

P2)




Тәжірибе температурасы кезіндегі бөлінген газ көлемі, мл

V2)




Қалыпты жағдайдағы бөлінген газ көлемі, мл

Vо2)




Бөлінген газ массасы, г

m2)




Газдың молярлы массасы, г/моль

М2)




Сутегі эквивалентінің молярлы көлемі, л/моль

VЭо ( Н2)








Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   65




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет