Байланысты: Бейорганикалық химиядан зертханалық жұмыстар методичка
Тәжірибе № 1–1. Негіздік оксидтің сумен әркеттесуі Сынауыққа магний оксидінің MgO бір микрошпателін салып, 1/3 бөлігіне дейін су құяды және 1-2 тамшы фенолфталеин қосады. Сынауықты қыздыру. Индикатор түсі қыздырғанда қалай өзгереді? Реакция теңдеуін жазу. Қорытынды жасау.
Тәжірибе №1–2. Сілтінің қышқылмен әрекеттесуі Сынауыққа 4-5 тамшы натрий гидроксиді NaOH ерітіндісін құяды және оған 1-2 тамшы фенолфталеин қосады. Ерітінді түсін белгілеу. Содан кейін сынауыққа тамшылатып сұйылтылған күкірт қышқылы H2SO4 ерітіндісін, ерітінді түсі жойылғанша қосады. Реакция теңдеуін молекулалық және иондық түрде жазу. Қорытынды жасау.
Тәжірибе №1–3. Тұз қышқылының металдармен әрекеттесуі Тұз қышқылы HCl ерітіндісі бар сынауықтарға металдың аздаған мөлшерін салыңдар (темір, мыс). Алынған металдардың қайсысы тұз қышқылымен әрекеттеседі. Мүмкін болатын реакция теңдеулерін жазу. Қорытынды жасау.
Тәжірибе №1–4. Қышқыл тұзды алу Сынауыққа 3-4 мл кальций гидроксиді Са(OH)2 (әк суы) ерітіндісін құю және сол арқылы Кипп аппаратымен көмірқышқыл газын алғаш түзілген тұнба ерігенше өткізеді. Байқалған құбылысты сипаттау. Реакция теңдеуін жазу. Қорытынды жасау.
Тәжірибе №1–5. Негіздік тұзды алу Сынауыққа 2 мл 10%–ті кобальт хлориді CoCl2 ерітіндісін құйып, оған тамшылап сілті ерітіндісін негіздік тұздың фиолет-көгілдір түс пайда болғанша қосады. 10% –ті сілті ерітіндісінің артық мөлшерін тұнба түсі өзгергенше қосады. Қорытынды жасау.
Нұсқа 2 Тәжірибе №2–1. Тұзды ыдырату арқылы қышқылдық оксидті алу (көрсетілім) Құрғақ сынауыққа 2-3 микрошпатель аммоний дихроматын (NH4)2Cr2O7 себеді. Сынауықты кері өткізгіш түтікшесі бар тығынмен жабады. Сынауықты ұнтақ түсі өзгергенше қыздырады. Кері өткізгіш түтікшеге жалынды жақындатқанда, ол сөнеді. Сынауықтан қандай газ бөлінеді? Бастапқы тұздың және түзілген хром (III) оксидінің түсін белгілеңдер. Реакция теңдеуін жазу. Қорытынды жасау.
Тәжірибе №2–2. Ерімейтін негіздерді алу Темір хлориді FeCl3 бар сынауыққа сілті ерітіндісін тұнба түзілгенше қосады. Ерітінді бояуын және тұнба түсін белгілеңдер. Реакция теңдеуін молекулалық және иондық түрде жазыңдар. Қорытынды жасау.
Тәжірибе №2–3. Тұз ерітінділерімен металдардың әркеттесуі Мыс сульфаты CuSO4 ерітіндісі және мырыш сульфаты ZnSO4 бар жеке сынауықтарға темір шегені түсіріңдер. Байқауды сипаттаңдар. Неліктен екінші сынауықта реакция жүрмейді?
Тәжірибе №2–4. Алмасу реакциясы арқылы тұздарды алу Калий хроматы K2CrO4 ерітіндісі бар сынауыққа 3-4 тамшы барий хлоридін BaCl2 қосады. Тұнба түсін белгілеңдер. Реакция теңдеуін молекулалық және иондық түрде жазыңдар. Қорытынды жасау.
Тәжірибе №2–5. Тұздардың қышқылдармен әрекеттесуі Сынауыққа 1-2 микрошпатель кальций карбонатын CaCO3 салып, оған тұнба ерігенше тұз қышқылы ерітіндісін құяды. Сынауықтан қандай газ бөлінеді? Оған суға малынған лакмус қағазын жақындатыңдар. Байқауды сипаттаңдар. Реакция теңдеулерін молекулалық және иондық түрде жазыңдар. Қорытынды жасау.
Нұсқа 3 Тәжірибе №3–1. Негіздік оксидтің қышқылмен әрекеттесуі Сынауыққа микрошпательмен магний оксидін MgO салып, оған сұйылтылған тұз қышқылын HCl қосады. Реакция теңдеулерін жазу. Байқалған құбылысты сипаттаңдар және соған сәйкес қорытынды жасаңдар.
Тәжірибе №3–2. Қышқылдық оксид және негізді әрекеттестіру арқылы тұз алу Сынауыққа кальций гидроксиді Са(ОН)2 ерітіндісінің біраз мөлшерін құяды және сол арқылы кальций карбонатының тұнбасы түзілгенше Кипп аппаратынан көмірқышқыл газын өткізеді. Химиялық реакция теңдеуін жазу. Байқалған құбылысты сиапттаңдар және сәйкес қорытынды жасаңдар. Тұнбасы бар ерітіндіні қышқыл тұз алу үшін сақтап қою (тәжірибе 3-3).
Тәжірибе№ 3–3. Қышқылды тұз алу №3-2 тәжірибесінде алынған кальций карбонаты тұнбасы бар сынауыққа Кипп аппаратынан тұнба ерігенше СО2 өткізеді. Байқалған құбылысты сипаттау. Реакция теңдеуін құрастыру. Қорытынды жасау.
Тәжірибе №3–4. Амфотерлі гидроксидті алу және оның қасиеттерін зерттеу Алюминий сульфаты Al2(SO4)3 ерітіндісі бар екі сынауыққа тамшылап сілті ерітіндісін NaOH алюминий гидроксиді тұнбасы түзілгенше қосады. Содан кейін бірінші сынауыққа тұз қышқылы HCl ерітіндісін қосады, ал екінші сынауыққа тұнба ерігенше сілтінің NaOH артық мөлшерін қосады. Құбылысты түсіңдір. Реакция теңдеулерін молекулалық және иондық түрде жазу. Қорытынды жасау.
Тәжірибе №3–5. Тұздардың аммоний гидроксидімен әрекеттесуі Жеке сынауықтарға 3-4 тамшы мыс сульфаты CuSO4 ерітіндісін құяды және тамшылатып аммиак ерітіндісін тұнба түзілгенше қосады. Содан кейін тұнбаға аммиак ерітіндісінің артық мөлшерін тұнба ерігенше қосады. Ерітінді және тұнбаның түсін белгілеңдер. Реакция теңдеулерін жазу: а) Cu(OH)2 тұнбасының түзілуі және б) аммиактың артық мөлшеріндегі комплексті қосылыстың [Cu(NH3)4](OH)2 реакциясын молекулалық және иондық түрде. Қорытынды жасау.
Нұсқа 4 Тәжірибе №4–1. Ерімейтін негізді ыдырату арқылы негіздік оксидті алу Мыс сульфаты CuSO4 ерітіндісі бар сынауыққа натрий гидроксиді NaOH ерітіндісінің артық мөлшерін тұнба түзілгенше құяды. Тұнбаның түсін белгілеу. Содан кейін сынауықты қыздырғыш жалынында қара мыс оксиді түзілгенше қыздырады. Мыс гидроксидінің түзілуінің және ыдырауының реакция теңдеуін молекулалық және иондық түрде жазыңдар. Қорытынды жасау.
Тәжірибе №4–2. Амфотерлі гидроксид алу және оның қасиеттерін зерттеу Мырыш сульфаты ZnSO4 ерітіндісі бар екі сынауыққа тамшылатып аммиак ерітіндісін мырыш гидроксиді тұнбасы түзілгенше қосады. Содан кейін бірінші сынауыққа тұз қышқылы HCl ерітіндісін, ал екінші сынауыққа тұнба ерігенге дейін сілтінің NaOH артық мөлшерін қосады. Құбылысты түсіндіру. Реакция теңдеулерін молекулалық және иондық түрде жаз. Қорытынды жасау.
Тәжірибе №4–3. Тұздың қышқылмен әрекеттесуі Сынауыққа 3-4 тамшы барий хлориді BaCl2 ерітіндісін құяды. Оған күкірт қышқылы H2SO4 ерітіндісін қосады. Реакция теңдеулерін молекулалық және иондық түрде жазу.
Тәжірибе№ 4–4. Қышқылды тұз алу Сынауыққа барит суын Ba(OH)2 құйып, сол арқылы Кипп аппаратынан алғаш түзілген тұнба ерігенше көмірқышқыл газын өткізеді. Құбылысты түсіндір. Реакция теңдеулерін жазу. Қорытынды жасау.
Тәжірибе №4–5. Алмасу реакциялары арқылы тұз алу Сынауыққа 3-4 тамшы күміс нитраты AgNO3 ерітіндісін құяды және тұнба түзілгенше тамшылап калий хроматын қосады K2CrO4. Тұнба түсін көрсетіңдер. Реакция теңдеулерін молекулалық және иондық түрде жазу.
Тәжірибе №5. Кальций оксиді мен гидроксидін және мыс гидроксидін алу. Бордың СаСО3 аз мөлшерін муфель пешінде қатты қыздырыңдар (900-10000С) сосын суытыңдар. Алынған заттарды фарфор ыдысына салып, су тамызыңдар, 2-3 тамшы фенолфталеин тамызып, ерітіндінің ортасын (қышқылдық па, негіздік пе екенін) анықтаңдар. Борды қыздырғандағы алынған заттардың сумен әрекеттескендегі реакция теңдеулерін жазыңдар. Соңғы заттың электролиттік диссоциациясын жазыңдар. Алынған заттарды атаңдар.
Тәжірибе №6. Орта тұздарды бейтараптау реакциялары арқылы және өзара әрекеттесу арқылы алу. а) Сынауыққа 10 тамшы натрий гидроксидін NaOH құйыңдар. Фенолфталеин тамызыңдар. Ерітінді түсін қараңдар. Ақырындап тамшылатып тұз қышқылын HCl, ерітінді түсін өзгерткенге дейін құйыңдар. Индикатор түсін не өзгертеді? Реакция теңдеуін молекулалық және иондық түрде жазып, жауаптарыңды дәлелдеңдер.
б) Үш сынауыққа: күміс нитратына AgNO3, барий хлоридіне BaCl2, алюминий сульфатына Al2(SO4)3 мына ерітінділердің темір (ІІІ) хлоридінің FeCl3, натрий сульфатының Na2SO4, калий нитратының KNO3 әсерін байқаңдар. Реакция теңдеулерін молекулалық және иондық түрде жазыңдар. Қандай жағдайда тұздар өзара әрекеттесетіндігі туралы қорытынды жасаңыздар.