«Миға шабуыл»
Тақырыпппен таныспай тұрып мына жаттығуларды орындау. Металл валенттілігі бойынша негіздерінің формуласын құрастыру. Nа, Са, Ғе(ІІІ), Сu (І, ІІ)
Жауабы (NaOH, Ca(OH)2, Fe(OH)3, CuOH, Cu(OH)2)
Дескриптор: "Негіз дегеніміз әрбір металл атомы бір немесе бірнеше гидроксотоп пен байланысқан күрделі зат" деген ұғымды түсінеді
Жаңа сабақ: «Мағынаны тану»
Негіздер
Суда еритін Суда ерімейтін
LiOH, Ca(OH)2, Ba(OH)2, Cu(OH)2, Fe(OH)2, Fe(OH)3,
Екідайлы
Zn(OH)2, Al(OH)2, Be(OH)2,
Cr(OH)3, Pb(OH)2, Sr(OH)2
Негіздердің гидроксотоп саны металдардың валенттілігмен анықталады.
Суда еритін негіздер сілтілер деп те аталады
Негіздердің алынуы
Суда еритін негіздерді алу.
1.Белсенді металдарды тікелей сумен әрекеттестіреді.
2Na+2H2O=2NaOH+H2
Ca+2H2O=Ca(OH)2+H2
2. Белсенді металл оксидтері сумен қосылғанда түзіледі.
Na2O+H2O=2NaOH
CaO+H2O=Ca(OH)2
3.Суда ерімейтін және екідайлы гидроксидтерді алу үшін металлдардың ерімтал тұздарына
CuCl2, FeSO4 AlCl3 сілті қосады.
CuCl2 + 2NaOH = Cu (OH)2 + 2NaCl
FeSO4 + 2NaOH = Fe(OH)2 + Na2SO4
AlCl3 + 3NaOH = Al(OH)3 +3NaCl
1.Топтық тапсырма. «Конверт» әдісі (Оқушылардың ойлау ,жазу дағдысы қалыптасады.) (дәптермен жұмыс)Индикатордың түстері арқылы 3 топқа бөлеміз
1-топ: А деңгейі:Формулалар берілген негіздердің қайсысы суда ериді. NaOH, Ca(OH)2, KOH, Ba(OH)2, Cu(OH)2,AL(OH)3
В-деңгейі: Нәтижесінде LiOH, Fe(OH)2 гидроксидтері түзілетін химиялық реакция теңдеулерін жазыңдар.
С-деңгейі:Массасы 28 г литий суда ерігенде сутектің (қ.ж) қанша көлемі түзілетінін есептеңдер.
2-топ:
А-деңгейі: Формулалар берілген негіздердің қайсысы суда ерімейді. NaOH, Ca(OH)2, KOH, Ba(OH)2, Cu(OH)2,AL(OH)3
В-деңгейі: Негіздердің формуласын құрастыр ( темір(ІІІ), натрий гидроксиді.
Нәтижесінде КOH, Сu(OH)2 гидроксидтері түзілетін химиялық реакция теңдеулері жазыңдар
С-деңгейі:Массасы 4,6г натрийді 150г суда еріту арқылы алынған натрий сілтісінің массалық үлесін табыңдар.
3-топ:
А-деңгейі: Формулалар берілген негіздердің қайсысы суда ериді. NaOH, Ca(OH)2, KOH, Ba(OH)2, Cu(OH)2
В-деңгейі: Негіздердің формуласын құрастыр ( кальций гидроксиді, мырыш гидроксиді.
Нәтижесінде Ba(OH)2, Mg(OH)2 гидроксидтері түзілетін химиялық реакция теңдеулерін жазыңдар.
С-деңгейі:Массасы 2,8г кальций оксиді сумен әрекеттескенде түзілетін кальций гидроксидінің массасын табыңдар.
Дескриптор:
-негіздерді жіктейді
-негіздердің формуласын құрастырады, реакция теңдеулерін жазады
-реакция теңдеулері бойынша есептер шығара алады
Қ.Б Пішіндер арқылы бағалаймын
|