К., Касенова Н. Б. Бейорганикалық химиядан зертханалық жұмыстар


ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРДЫ ОРЫНДАУ КЕЗІНДЕГІ



бет4/65
Дата20.09.2022
өлшемі2,71 Mb.
#150016
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   65
Байланысты:
Бейорганикалық химиядан зертханалық жұмыстар методичка

ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРДЫ ОРЫНДАУ КЕЗІНДЕГІ

ТЕХНИКАЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІК ЕРЕЖЕРЕЛЕРІ


1. Оқытушының жетекшілігімен алдын-ала әңгімелесу кезінде арнайы оқытылатын және зертханада ілініп тұратын техникалық қауіпсіздік бойынша нұсқаумен танысу.


2. Тәжірибелерді тек берілген зертханалық жұмыс нұсқауымен мұқият танысқаннан кейін және түсініксіз сұрақтарды оқытушымен анықтап алғаннан кейін бастау керек.
3. Кез-келген тәжірибені орындауға кіріскенде оны орындаудың әрбір бөлімін зерделеп және қажетті қауіпсіздік шараларын жасау керек.
4. Материалдарды, реактивтерді, суды, электр энергиясы шығымына мұқият болу керек. Тәжірибе үшін реактивтердің ең аз мөлшерін алу қажет.
5. Барлық реактиві бар ыдыстарды, реагенттің қажетті көлемін алғаннан кейін дереу тығынымен жауып қою керек, тығындарды шатастыруға болмайды.
6. Реактиві бар ыдыстарды оқулыққа және дәптерге қоюға қатаң тыйым салынады.
7. Улы және жаман иісі бар заттар қолданылатын жұмыстар тартпалы шкафта орындалады.
8. Зертханада тамақ ішуге, темекі тартуға және қатты сөйлеуге тыйым салынады.
9. Студенттердің негізгі зертханалық жұмыс істейтін орны – зертханалық үстел. Тәжірибе жасаған кезде үстел таза болуы керек.
10. Аспаптар мен реактивтер қойылған штатив студенттің алдында тұруы керек. Штативтің оң жағына зертханалық журнал және оқулық құралын қою керек.
11. Журналға студент әр тәжірибе нәтижесін бірден жазып отыруы керек, себебі мәліметтер жоғалып қалуы мүмкін.
12. Жұмысқа таза реактивтерді, таза химиялық ыдысты қолдану керек.
13. Көрші штативтен реактивтер, аспаптар алуға болмайды, себебі келесі студенттің жұмысына кедергі келеді және реактивтер бір-бірімен ауысып кетеді. Егер штативте керекті реактив болмаса, лаборанттан сұрап алыңдар.
14. Ыстық ыдыс тек асбест үстіне қойылады.
15. Егер зертханалық тәжірибе кезінде қышқылдың немесе күйдіргіш сілтінің көп мөлшерін төгіп алсаңдар, бірден лаборантқа айтыңдар. Ол заттарды тез үстелден тазалауы керек.
16.Зертханадан шығатын кезде жұмыс орнын жинау қажет.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   65




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет