К., Касенова Н. Б. Бейорганикалық химиядан зертханалық жұмыстар


Өзін- өзі бақылауға және зертханалық жұмысты қорғауға арналған сұрақтар



бет41/65
Дата20.09.2022
өлшемі2,71 Mb.
#150016
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   65
Байланысты:
Бейорганикалық химиядан зертханалық жұмыстар методичка

Өзін- өзі бақылауға және зертханалық жұмысты қорғауға арналған сұрақтар:
1.Элементтердің (оттегі мен күкірт) электрондық конфигурациясын көрсетіңдер. Қай электрондар валентті болып саналады?
2. Орбитальдардың энегетикалық диаграммасын құрыңдар. Оттегі молекуласының негізгі күйі мен молекулалық иондардың О2+, О2-, О22- электрондық конфигурациясын келтіріңдер.
3. Мына молекулалардың KClO3, KMnO4, KNO3 термиялық айырылу реакциялары тотығу-тотықсыздану реакциясының қай типіне жатады?
4. Негіздік, қышқылдық және амфотерлі оксидтерді сипаттайтын оларға тән реакцияларға мысал келтіріңдер.
5. Стандартты потенциал Еº298 мәніне сүйеніп, мына заттардың О3, О2, Н2О2 тотықтырғыш қасиеттерін салыстырыңдар:
О3 + 2Н+ + 2е → О2 + Н2О Еº = +2,07В
Н2О2 + 2Н+ + 2е → 2Н2О Еº = +0,68 В
О2 + 2Н+ + 2е → Н2О2 Еº = +1,78В
6.Күкірт тотықтырғыш та, тотықсыздандырғыш та бола алатын реакцияларға мысалдар келтіріңдер.
7. а) суда еритін; б) суда ерімейтін, бірақ сұйылтылған қышқылда еритін; в) қышқылда ерімейтін сульфидтерді келтіріп, реакция теңдеулерін жазыңдар.
8.Күкіртті сутек қышықылының сатылап жүретін диссоциациясын жазыңдар. а) хлорлы сутек қышқылын; б) қорғасын (ІІ) нитратын; в) сілті құйса, тепе-теңдік қай жаққа ығысады?
9. Олеум деген не? Су мен концентрлі күкірт қышқылын қалай араластыру керек? Неге?
10. Сұйылтылған және концентрлі күкірт қышқылдарымен мырыш әрекеттескенде қандай заттар түзіледі? Тотығу-тотықсыздану реакцияларының теңдеулерін жазыңдар.
11. Атом құрылысы теориясы тұрғысынан оттегі күкіртке қарағанда күштірек тотықтырғыш екенін түсіңдіріңдер.
12. Күкірт атомының тотығу дәрежесі неге жұп сан болады? Неге оттегінің валенттілігі тұрақты, ал күкірттікі – айнымалы?
13. Реакция нәтижесінде оттегі бөлініп, KCl (к) және Na2SO3 (к) түзілетінін ескеріп, 1 моль KClO3 (к) және Na2SO4 (к) ыдырау реакциясының ∆Gº298 есептеңдер. Осы қосылыстардың қайсысы қыздырғанда тұрақтылығы төмен және оттегіні алуға қолданылады?
14. О атомының 1s - электронының энергия байланысын келесі оксидтердің ядросымен салыстырыңдар:
Na2O MgO Al2O3 SiO2 P2O5
Ебай, эВ......................................529,6 530,2 531,8 533,1 533,8
а) Осы қатардағы оксидтердің оттегі атомында эффективті зарядтың теріс мәнінің өзгерісі қалай сипатталады?
б) Осы қатардағы оксидтердің қышқылдық-негіздік қасиеттері қалай өзгереді?
15. Әртүрлі агрегатты күйдегі судың құрылысын салыстырыңдар. Неліктен мұз судан жеңіл, ал суды 0-ден 4ºС қыздырғанда оның көлемі азаяды? Судың клатрат беру қасиеті немен түсіңдіріледі? «Гидрат газдардың» мысалдарын келтіріңдер.
16. OF2, O2F2, ClO3F, NO3F молекулаларының құрылымыдық формуласын құрастырыңдар. Осы қосылыстардың жоғары тотықтырғыштық белсенділігі немен түсіңдіріледі?
17. О−О және S−S энергия байланыстары 210 және 259 кДж/моль тең.
а) О−О және S−S энергия байланыстарының айырмашылығын және күкірттің гомотізбек құруға икемділігін қалай түсіңдіруге болады?
б) Қандай атомдар біріккенде күкірт молекуласы түзіледі? Молекуланың қандай типі тұрақты болып келеді?
в) Ромбалы, моноклинді және пластикалық күкірттің кристалдары қандай құрылымдық бірліктерден құрастырылды?
г) Неліктен ромбалы күкірт суға қарағанда күкірткөміртегінде (полярлы емес еріткіш) жақсы ериді?
18. Егер моноклинді және ромбалы күкірттің жану жылуы 296,83 және 297,21 кДж/моль болса, онда моноклинді күкірттің ромбалы күкіртке полиморфты айналу жылуын есептеңдер. Қалыпты жағдайда күкірттің қандай түрі тұрақты болып келеді?
19. а) Күкірт әрі тотықтырғыш әрі тотықсыздандырғыш болатын реакция теңдеулерінің мысалдарын келтіріңдер.
б) Бейметалдардың диспропорциялану реакциясына жақсы әсер ететін жағдайлар қандай?
20. Күкіртке азот қышқылымен әсер еткенде тотықсыздандырғыш қасиет көрсете алады ма? Жауапты сәйкес жартылай реакциялардың Еº298 мәндерімен дәлелдеңдер.
21. Келесі топтардың сульфидтерінің мысалдарын келтіріңдер: 1) суда еритін; 2) суда ерімейтін, бірақ сұйылтылған қышқылдарда еритін; 3) қышқылдарда ерімейтін; 4) суда және қышқылдарда ерімейтін, бірақ негіздік сульфид ерітінділерінде еритін; 5) толық гидролиз нәтижесінде сулы ерітінділерде тұрақсыз;
а) Әр топтың сульфидтерінің алыну реакциясын келтіріңдер.
б) Сульфидті әдіс арқылы бір ерітіндідегі K+, Mn2+, Ni2+ иондарын қалай ажыратуға болады?
22. SF4, SCl4, SO2, SOCl2, SO32- молекула құрылысын сипаттаңдар.
а) Молекла құрылысындағы электрлік диполь моменті қалай сәйкестеледі?
б) Галогенидтердің, оксогалогенидтердің және күкірт (IV) оксидінің қышқылдық-негіздік қасиеттері қандай? Жауапты дәлелдеу үшін сәйкес реакция теңдеулерін жазыңдар.
23. Тиосульфаттар қандай қасиеттерге ие – тотықтырғыш немесе тотықсыздандырғыш?
24. Келесі қатардағы қосылыстардың атауын беріңдер және құрылымдық формуласын құрастырыңдар: H2SO4−H2S2O7−H2S3O10; H2S2O6−H2S3O6−H2S4O6; H2SO4−H2SO5 −H2S2O8.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   65




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет