Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар (тест тапсырмалары) Бірінші аралық бақылау



бет1/4
Дата11.05.2022
өлшемі51,54 Kb.
#142880
  1   2   3   4
Байланысты:
тест маркетинг


Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар (тест тапсырмалары)
Бірінші аралық бақылау
1. Ремаркетинг ... байланысты:
А. Төмендейтін сұраныспен;
В. Жағымсыз сұраныспен;
С. Ауытқитын сұраныспен;
D. Шамадан тыс сұраныспен;
Е. Әлеуетті сұраныспен.
2. Шамадан тыс сұраныс кезінде ... жүзеге асырады:
А. Демаркетингті;
В. Ремаркетингті;
С. Конверсиялық маркетингті;
D. Ынталандырушы маркетингті;
Е. Синхромаркетингті.
3. Жоқ сұранысқа ... сәйкес келеді:
А. Конверсиялық маркетинг;
В. Ынталандырушы маркетинг;
С. Демаркетинг;
D. Ремаркетинг;
Е. Синхромаркетинг.
4. Адамның белгілі қажеттіліктерін қанағаттандыратын және алмасу үшін тағайындалған, еңбек өнімі – бұл:
А. Тауар;
В. Баға;
С. Еңбекақы;
D. Кәсіпкерлік қызмет;
Е. Маркетинг.
5. Мекемелердің қайсысы «сатып алушы рыногындағы» жағдайды сипататйды:
А. Сұраныс ұсыныстан едәуір жоғары болады;
В. Ұсыныс сұранысқа сәйкес келеді (рыноктық тепетеңдік);
С. Ұсыныстың сұраныстан жоғарылауы;
D. Тұтынушылар тауарларды белсенді іздеуді жүзеге асырады;
Е. Сатып алушылар өз араларында бәсекеге түседі.
6. Маркетингті басқару тұжырымдаларының қайсысы үш фактордың теңгерілгендігін талап етеді: фирма пайдасының, сатып алушылар қажеттіліктерін және қоғамның мүдделерін:
А. Өндірістік;
В. Өткізу;
С. Әлеуметтік-этикалық маркетингтің;
D. Тауарлық;
Е. Маркетингтік.
7. Маркетинг принциптеріне ... жатпайды:
А. Саралау;
В. Бейімдеу;
С. Сатып алу;
D. Жоспарлау;
Е. Бақылау.
8. «Тауарды сатып алу орнының, уақыты мен процедурасының ыңғайлылығын» кім қамтамасыз етеді?
А. Жеткізушілер;
В. Делдалдар;
С. Бәсекелестер;
D. Тұтынушылар;
Е. Серіктестер.
9. Шығарылатын өнімнің тар және тұрақты ассортиментінде ұйымның келесі құрылымы пайдаланылады:
А. Функционалдық;
В. Тауарлық;
С. Рыноктық;
D. Сегменттік;
Е. Матрицалық.
10. Фирманың қол жеткізуі немесе басып озуы керек болатын критерийлерді береді:
А. Сатып алушылар;
В. Бәсекелестер;
С. Жеткізушілер;
D. Байланыстық аудиториялар;
Е. Делдалдар.
11. Маркетингтің базалық элементтеріне («4Р») ... жатпайды:
А. Тауар;
В. Марка;
С. Баға;
D. Орын;
Е. Тауарды жылжыту.
12. Маркетинг ... басталады:
А. Тауарды әзірлеуден және өндіруден;
В. Ақпараттық жарнама компаниясынан;
С. Рынокты зерделеуден және тұтынушы сұраныстарынан;
D. Үлестіру каналдарын анықтаудан;
Е. Маркетинг бюджетін жоспарлаудан.
13. Компанияның тауарын клиентураның арасында жылжытуына, өткізуі мен үлестіруіне көмектесетін фирмалар ... деп аталады:
А. Сатып алушылар;
В. Бәсекелестер;
С. Жеткізушілер;
D. Байланыстық аудиториялар;
Е. Делдалдар.
14. Маркетинг кешенінің элементтері – бұл:
А. Өндіріс, үлестіру, айырбастау және тұтыну;
В. Тауар, баға, жылжыту және өткізу;
С. Өнім, үлестіру және өткізу әдістері;
D. Сұраныс, ұсыныс, баға;
Е. Өндіру және өткізу.
15. Сатып алушыларды қанағаттандыру дәрежесі бойынша рыноктық сұраныс ... болады:
А. Өсуші;
В. Сөнуші;
С. Тұрақты;
D. Қанағаттандырылған, қанағаттандырылмаған, шартты қанағаттандырылған;
Е. Қанағаттандырылмаған.
16. Маркетингтің қай түрі коммерциялық емес түріне жатады:
А. Ұйымдар маркетингі;
В. Тауар маркетингі;
С. Идеялар маркетингі;
D. Орындар маркетингі;
Е. Жеке тұлғалар маркетингі;
17. Маркетинг қандай жүйені білдіреді:
А. Өндірістік;
В. Өндірістік-өткізу;
С. Өткізу;
D. Басқарушылық;
Е. Өндірістік-қаржылық.
18. Маркетингтің жалпы мақсаттары туралы келесі тұжырымдардың қайсысы дұрыс болып табылады:
А. Максимум пайда алу;
В. Максимум тұтынушылық қанағаттандыруға қол жеткізу;
С. Максимум өткізуге қол жеткізу;
D. Қысқа мерзімді пайданы максимумдандыру;
Е. Рынок үлесін ұлғайту.
19. Маркетингтің негізгі мақсаты – бұл:
А. Мүмкіндігінше көп тауар өндіру;
В. Тұтынушылардың талаптарын анықтау және олардың проблемаларын қанағаттандыру мүмкіндіктерін анықтау;
С. Тауарды өткізуді максимумдандыру;
D. Өнімнің тиімді жарнамасын өткізу;
Е. Жақсы сервисті қамтамасыз ету.
20. Маркетинг кешені – бұл:
А. Фирманың тауар саясаты;
В. Баға саясаты;
С. Marketing mix;
D. Тауарды үлестіру саясаты;
Е. Тауарды үлестіру саясаты.
21. Қай функция маркетинг функциясы болып табылмайды:
А. Фирманың өндірістік-өткізу қызметін талдау;
В. Рынокты кешенді зерттеу;
С. Фирманың маркетингтік қызметін бақылау;
D. Фирманы материалдық-техникалық ресурстармен қамтамасыз ету;
Е. Сұранысты қалыптастыру және өткізуді ынталандыру.
22. Маркетингтің негізгі тұжырымдамаларын атаңыз:
А. Тауарлық тұжырымдама;
В. Өткізу тұжырымдамасы;
С. Маркетинг тұжырымдамасы;
D. Өндірістік тұжырымдама;
Е. Тауар, өткізу, өндірістік, маркетингтік тұжырымдамалар және әлеуметтік-этикалық маркетинг.
23. Тауарды үздіксіз жетілдіру маркетингтің қай тұжырымдамасына сәйкес келеді:
А. Тауарлық;
В. Өндірістік.
С. Өткізу;
D. Маркетинг;
Е. Әлеуметтік-этикалық маркетинг.
24. Ішкі маркетинг – бұл:
А. Сыртқы, әлемдік рыноктағы қызмет;
В. Тауарды тұтынушыға дейін жеткізу, клиенттермен және сауда делдалдарымен байланыстарды ұйымдастыру, рынокты зерделеу;
С. Меншікті маркетинг қызметі персоналының қызметін ұйымдастыру;
D. Рынокқа өту бойынша қызмет;
Е. Жергілікті рыноктағы қызмет.
25. Олармен күрделі қимылдар жасап, қойылған мақсаттарға қол жеткізуге болатын, өзгеретін факторлардың жинағы – бұл:
А. Маркетинг кешені;
В. Маркетингтік зерттеу;
С. Маркетинг технологиясы;
D. Маркетингтік орта;
Е. Маркетинг тұжырымдамасы.
26. «4Р» маркетинг туралы тұжырымдардың қайсысы дұрыс:
А. Бұл фирманың қызметін төрт шектеу;
В. Бұл компания алдына қоятын төрт мақсат;
С. Бұл төрт жылжыту каналы;
D. Бұл өткізуді ынталандырудың төрт құралы;
Е. Бұл маркетинг кешенінің төрт элементі.
27. Ұғымдардың қайсысы маркетингтің аса көп таралған анықтамасына кірмейді:
А. Қажеттілік;
В. Тауар;
С. Бағыттау;
D. Сұраныстар;
Е. Айырбастау.
28. «Тауарды емес, клиентті жақсы көріңіз» деген айтылым тұжырымдаманың қай типіне жатады:
А. Тауарды жетілдіру тұжырымдамасы;
В. Коммерциялық күштерді қарқындату тұжырымдамасы;
С. Әлеуметтік-этикалық маркетинг тұжырымдамасы;
D. Маркетинг тұжырымдамасы;
Е. Өндірістік.
29. Маркетинг анықтамаларының қайсысы дұрыстау:
А. Өндіріс пен сауданы мемлекеттік басқару;
В. Фирманың қаржылық және экономикалық потенциалы;
С. Қажеттілікті қанағаттандыруға бағытталған қызмет;
D. Басқару туралы ғылым;
Е. Тұтынушылар құқықтарын қорғайтын қоғамдық қозғалыс.
30. Сұрақтарға жауаптар алып қана қоймай, сонымен бірге бақылауға, жауапкермен бірлес-кен жұмысты қамтамасыз етуге, жауаптардағы дәлсіздіктерді жоюға ... мүмкіндік береді:
А. Қадағалау;
В. Эксперимент;
С. Жеке сұрау;
D. Еліктеу;
Е. Поштамен жіберу.
Дұрыс жауаптар кілттері

Сұрақ №

Дұрыс жауап

Сұрақ №

Дұрыс жауап

Сұрақ №

Дұрыс жауап

1

А

11

В

21

D

2

А

12

C

22

Е

3

D

13

Е

23

А

4

A

14

В

24

C

5

C

15

D

25

А

6

C

16

В

26

Е

7

C

17

В

27

C

8

В

18

B

28

D

9

А

19

В

29

C

10

B

20

C

30

C



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет