Үшінші аралық бақылау 1. Макроортаның қай факторы тұтынушылық тәртіптің әлеуметтік топтары мен модельдерін зерттейді:
А. Табиғи-географиялық;
В. Экономикалық;
С. Демографиялық;
D. Саяси;
Е. Мәдени-тарихи.
2. Макроортаның қай факторы судың, ауаның, топырақтың сапасын, қоршаған ортаның ластану дәрежесін зерттейді:
А. Табиғи-географиялық;
В. Экономикалық;
С. Демографиялық;
D. Саяси;
Е. Мәдени-тарихи.
3. Макроортаның қай факторы қоғамдық ұйымдардың түрлері мен әсерін, лоббизмнің қабылданған түрлерін, биліктің сыбайлас жемқорлығы дәрежесі мен деңгейін зерттейді:
А. Табиғи-географиялық;
В. Экономикалық;
С. Демографиялық;
D. Саяси;
Е. Мәдени-тарихи.
4. Тауарды бағыттау – бұл:
А. Жарнама қызметін бақылау жүйесінің элементі;
В. Бәсекелестердің ұқсас тауарларына қатысты тауарды анықтау процесі;
С. Рынокта жаңа тауарды, фирманы көрсетуден тұратын, паблик-рилейшнз құралы;
D. Сейл-промоушн элементтерін пайдаланып жеке сату;
Е. Тауарды жылжытумен байланысты категория.
5. Рынокты саралаудың қандай стратегииясы кезінде жоғары емес шығындарды бақылауға болады:
А. Сараланған емес;
В. Сараланған;
С. Шоғырланған;
D. Сұрыпталған;
Е. Мақсатты.
6. Рынокта тауарды бағыттау – бұл:
А. Тауарға рыноктағы бәсекелік жағдайды қамтамасыз ету және маркетингтің сәйкес кешенін әзірлеу;
В. Рынокты сатып алушылардың жеке топтарына бөлу;
С. Рыноктың мақсатты сараланымдарын таңдау;
D. Рыноктың сол немесе басқа сараланымын таңдауды негіздеу;
Е. Маркетингтік зерттеулермен байланысты категория.
7. Рынок сыйымдылығы – бұл:
А. Рыноктың бақыланушылық коэффициенті;
В. Нақты тауар ассортиментін өткізу;
С. Сұраныс пен ұсыныстың ара қатысы;
D. Берілген уақыт кезеңінде бағалардың белгілі деңгейінде өткізілген тауарлардың көлемі;
Е. Жалпы өткізілген тауарлар көлемінде фирма өнімінің меншікті салмағы.
8. Саралаудың қай стратегиясында фирма рыноктың тек бір ғана сараланымына немесе тауашасына жұмыс істейді:
А. Сараланған маркетинг;
В. Шоғырланған маркетинг;
С. Жаппай маркетинг;
D. Мақсатты маркетинг;
Е. Сараланбаған маркетинг.
9. Мақсатты маркетинг шараларына ... жатады:
А. Стратегияларды әзірлеу;
В. Маркетинг жоспарын, жылжыту бюджетін әзірлеу;
С. Рынокты саралау, мақсатты сараланымды таңдау, тауарды бағыттау;
D. Рыноктың ассортименттік құрылымын анықтау.
Е. Максимум пайда алу.
10. Саралау – бұл:
А. Тауарға бәсекелік жағдайды қамтамасыз ету;
В. Рынокты зерделеу;
С. Тартымды маркетингтік стратегияларды анықтау;
D. Рынокты тұтынушылардың жеке топтарына бөлу;
Е. Бір жыл ішінде сатудың максимум мүмкін көлемі.
11. Онда фирма өзіне билік етуші және тұрақты жағдайды қамтамасыз еткен рыноктың бір бөлігі:
А. Рынок терезесі;
В. Рынок тауашасы;
С. Рынок үлесі;
D. Рынок сыйымдылығы;
Е. Рынок сараланымы.
12. Фирма бірыңғай баға бойынша шарикті қаламның бір типін өндіреді және сатады. Жарнама бір типті және тұтас алғанда барлық рынок үшін тағайындалған, өз қызметінде фирма ... бағдарланады:
А. Маркетингтік тұжырымдамаға;
В. Рынокты саралауға;
С. Шоғырлану стратегиясына;
D. Жаппай рынок стратегиясына;
Е. Шоғырланған маркетинг стратегиясына.
13. Сұраныс пен ұсыныстың ара қатысы – бұл:
А. Рынок сыйымдылығы;
В. Рынок конъюнктурасы;
С. Рынокты саралау;
D. Рынок үлесі;
Е. Рынокты тестілеу.
14. Бірнеше сараланымды қамту және олардың әрқайсысы үшін өзінің тауарын немесе оның алуан түрлерін шығару – бұл маркетинг:
А. Сараланбаған;
В. Шоғырланған;
С. Сараланған;
D. Біріктірілген;
Е. Инновациялық.
15. Тұтынушылық тағайындалған тауарлар рыногы ... тұрады:
А. Тұтынушыларға кейіннен өткізу үшін тауарларды сатып алатын компаниялардан;
В. Ұзақ тұтыну үшін тауарларды сатып алатын сатып алушылардан;
С. Сату үшін тауарларды сатып алатын адамдардан;
D. Дайын өнімді шығарушы-фирмалардан;
Е. Аралық сатушылардан.
16. Рыноктың қай типі өндірістік процесте пайдалану үшін тауарлар мен қызметтерді сатып алатын ұйымдармен берілген:
А. Тұтынушылар рыногы;
В. Аралық сатушылар рыногы;
С. Өндірушілер рыногы;
D. Мемлекеттік мекемелер рыногы;
Е. Халықаралық рынок.
17. А. Маслоудың 1-ші дәрежесінде тұтынушылардың маңыздылығы дәрежесі бойынша ... атап көрсетеді:
А. Өзін-өзі сақтаудағы қажеттіліктерді;
В. Әлеуметтік қажеттіліктерді;
С. Физиологиялық қажеттіліктерді;
D. Өзін-өзі құрметтеушідегі қажеттіліктер;
Е. Өзін-өзі танудағы қажеттіліктер.
18. Өнеркәсіптік тағайындалған тауарларды сатып алу туралы шешім қабылдайтын тұтынушының типі:
А. Отбасы;
В. Делдал;
С. Жабдықтаушы;
D. Шенеунік;
Е. Жеке тұтынушы.
19. Жылжытудың қай түрі әлеуетті сатып алушыларға сенімді ақпарат береді және олар оны аса объективті қабылдайды:
А. Жарнама;
В. Өткізуді ынталандыру;
С. Тауарды бағдарлау;
D. Паблик рилейшнз;
Е. Жеке сату.
20. Жылжытудың қай түрі тұтынушылар тауарлары үшін аса тиімді болып табылады:
А. Жарнама;
В. Рынокты саралау;
С. Тауарды бағдарлау;
D. Паблик рилейшнз;
Е. Жеке сату.
21. Жаңа өнімді әзірлеудің қай кезеңі ТӨЦ ендіру кезеңіне сәйкес келеді:
А. Идеяларды генерациялау;
В. Тұжырымдаманы тексеру;
С. Өнімді әзірлеу;
D. Коммерциялық өткізу;
Е. Сынама маркетинг.
22. Баға белгілеудің қайндай мақсатында бағалардың деңгейі аса төмен:
А. Ағымдағы пайданы максимумдандыру;
В. Тірі қалушылықты қамтамасыз ету.
С. Сапа көрсеткіштері бойынша көшбасшылықты иелену;
D. Рынокты максимум қамту;
Е. Ағымдағы пайданы максимумдандыру және рынокты максимум қамту.
23. Егер фирма салынған капиталға 15-20% пайдаға қол жеткізуді болжаса, баға белгілеудің қай әдісі пайдаланылады:
А. Орташа шығындар плюс пайда;
В. Мақсатты пайданы алу;
С. Ағымдағы баға әдісі;
D. «Мөр қойылған» конверт әдісі;
Е. Меншікті құн әдісі.
24. Егер фирма бәсекелік дәрежесі жоғары рыноктарда біртекті тауарларды өткізсе, баға белгілеудің қай әдісі пайдаланылады:
А. Орташа шығындар плюс пайда;
В. Мақсатты пайданы алу;
С. Ағымдағы баға әдісі;
D. «Мөр қойылған» конверт әдісі;
Е. Меншікті құн әдісі.
25. Маркетингтің бірыңғай кең бағдарламасы арқылы тұтынушылардың әр түрлі типтеріне бағдарлау … тән:
А. Шоғырланған маркетинг;
В. Сараланған маркетинг;
С. Жаппай маркетинг;
D. Сараланбаған маркетинг;
Е. Мақсатты маркетинг.
26. Айырбастау арқылы қажеттіліктер мен сұраныстарды қанағаттандыруға бағытталған, адам қызметінің түрі – бұл:
А. Жылжыту;
В. Маркетинг;
С. Жарнама;
D. Ынталандыру;
Е. Өткізу.
27. Маркетингтің басты мақсаты:
А. Пайда алу;
В. Бәсекелестерді жою;
С. Тұтынушыға бағдарлау;
D. Шығындарды төмендету;
Е. Салықтардан қашу.
28. Маркетингтің ұраны:
А. «Сатып алатынның барлығын сату»;
В. «Өндірілетіннің барлығын сату»;
С. «Сатылатынды өндіру»;
D. «Не болса да сату»;
Е. «Сатып алғанға дейін сату».
29. Тауардың өмірлік циклінің қанлдай кезеңінде пайда болмайды
А. Ендіру;
В. Өсу;
С. Кемеліне жеткендік;
D. Құлдырау;
Е. Жолы болмаушылық.
30. «БКГ» матрицасында тауарлардың қай тобы табыстардың негізі көзі болып табылады:
А. «Жұлдыздар»;
В. «Сауылатын сиырлар»;
С. «Иттер»;
D. «Қиын балалар»;
Е. «Иттер» мен «Қиын балалар».
Дұрыс жауаптар кілттері