К. О. Жекеева қазақ тілі



бет34/60
Дата22.12.2023
өлшемі301,85 Kb.
#198446
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   60
Байланысты:
К. О. Жекеева қазақ тілі оқу құралы-emirsaba.org

Туризмнің даму тарихы 
Туризм – қоғамдық, шаруашылық және кеңістік қатынас. Туризм тарихының
тамыры өте тереңде жатыр. Біз туризмнің даму кезеңін үшке бөлеміз:
1. ХҮІІІ ғ. соңына дейінгі туризм:
А) ерте заманғы туризм;
Б) жаңадан пайда болған туризм және орта ғасырлар уақытындағы туризм;
В) ХҮІІ-ХҮІІІ ғғ. Туризм.
2. ХІХ-ХХ ғғ.туризм – екінші дүниежүзілік соғысқа дейінгі;
3. Қазіргі, осы заманғы туризм
Туризм – туристік саяхаттар, сауда-саттық сапарлар өзінің мәнін
жоғалтқанда басталды. Осындай алғашқы діни саяхаттар б.э.д. төртінші
мыңжылдықта Ежелгі Египетте басталды. Б.э.д. 1501-1484 жылдары Египет
ханшасы Хатшеспуттың ұйымдастыруымен Пунт деген жерге теңіз аралына
саяхат жасалды. Ал б.э.д. ҮІ ғасырда египеттік Фараон Нехао Африка
төңірегінде атақты үшжылдық саяхат құрған. Осы кезеңде көптеген саяхаттар
болды.
Туризмнің алғашқы қадамдары ХҮІІ-ХҮІІІ ғасырларда басталды. Ең
бірінші туристік саяхат Англияда пайда болған. Ең көп туристік саяхат
Англияда болған. Онда 1841 жылы Томас Кук 600 адамнан құрылған топты
Лейстерден Лафбороға дейін апарып, темір жолмен саяхат жасаған.
1882 жылы ең алғашқы әлемдік «Куктың жер шарын айналған» саяхаты
болды. Ол темір жол және пароход компонияларымен, қонақ үй және
мейрамханалармен келісім құжат жасады. Томас Кук ең алғашқы болып
туристік «тур» деген сөзді ашты. Ол бірінші болып туристік маркетинг пен
менеджментке жол ашты. Сол үшін Кук бірінші туризм менеджері болып
саналады.
Халықаралық курорттардың дамуы Германия, Швейцария, Франция,
Италия, Чехия – мемлекеттерін халықаралық дәрежеге жеткізді. ХҮІІІ
ғасырдың аяғында басқа елдерге барып саяхат жасап жүрген адамдарды
туристер деп атай бастады.
Тапсырмалар:
1.Мәтінді оқыңыз, түсініксіз сөздермен жұмыс жасаңыз.
2.Мәтіндегі сан есімдерге көңіл аударып, жоспар құрастырыңыз.
3.Мәтін бойынша сұхбат құрастырыңыз.
4.Қазақстандағы туризм туралы айтыңыз.



44
14.7.Төмендегі сөздермен сөйлем құрастырыңыз.


Қоғамдық, кезең, ғасыр, сауда-саттық, саяхат, сапар, әлемдік, жер шары, 
келісім 
14.8.Мына сөздерге антоним жазыңыз.
Отандық--------------
Табыс------------------
Ғасыр------------------
Бастау----------------
Алғашқы-------------
Даму------------------
Ұйымдастыру------------

14.9.Мәтінді оқыңыз, сұхбат құрастырыңыз.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   60




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет