Бекітемін
МКҚК «Томирис» балабақша
директоры: ___________
К.С.Агментаева
Тақырыбы 3-цифрымен таныстыру.
Білім беру саласы: Таным
Білім бөлімі: Математика
Өзге пәндермен байланысты: Тіл дамыту.
Мақсаты: 3 цифрын 3 санының таңбасы ретінде таныстыру 3 санын өзге цифрлардың арасынан табу. Биік – аласа ұғымдарын айыруға үйрету.Логикалық ойлау қабілеттерін дамыту.
Көрнекілігі: Суреттер, сандар, геометриялық пішіндер.
Әдіс-тәсілі: Көрсету, түсіндіру, сұрақ-жауап.
Қайырлы таң құрметті қонақтар, ұстаздар әріптестер. Бүгінгі «Ақбота» тобының Математика сабағынан оқу іс-әрекетімізді ашық деп жариялаймыз сабағымызды Қ.Р ән ұранымен бастайық. Балалар бүгін біздің оқу іс-әрекетімізге көп қонақтар келіпті, қонақтармен сәлемдесіп алайық балалар.
Біз әдепті баламыз
Алдыменен қонақпен
Амандасып аламыз.
Қайырлы таң қонақтар.
Енді балалар біз күніге бір-бірімізге қандай жылы сөз айтамыз. Қане айтайықшы.
Еліміз тыныш болсын
Көк туымыз желбіресін
«Томирис» атты бақшамыз
Жайнай берсін жайнасын.
Балалар сабағымызды жыл мезгілдерімен бастайық. Қазір жылдың қай мезгілі (Күз). Күзде қанша ай бар балалар (3-ай). Айтайықшы қане қыркүйек, қазан,қараша ал енді қазір қай ай қараша.
Балалар бүгін біз 3 санымен танысамыз , өткен сабақтарда 1,2 сандарымен таныстық енді бүгін 3 санымен танысамыз . Цифрларды көрсетіп санатамыз 1, 2 ,3 қане ауада жазып көрейікші 3 санын плакатқа жазамыз.
Мен сендерге жұмбақ жасырайын балалар сендер шешіп көріңдерші
Балжан келді бірінші боп бақшаға
Қосылды оған Сабина мен Асылбек
Балаларды ойнап жүрген топтағы
Санап берші сен бізге бір ойлан да.
Қанша бала ойнап жұр екен тобымызда (үш бала)
Ал енді тағы бір жұмбақ.
Табақта екі алма
Қолымда бір алма
Қосқанда барлығы
Болады неше алма (үш алма)
Балалар мынау не ? Қоян
Қоянның неше құлағы бар? (екі)
Қоян не жейді? (сәбіз)
Бір қоянға неше сәбіз береміз (біреу)
Енді осы неше қоянның қасына тағы бір қоянды қоямын, сонда неше қоян болды? (екеу) Екі қоян неше сәбіз жейді? (екеу) Бір қоян бір сәбіз жеді, енді екі қоян неше сәбіз жеді? Жарайсыңдар балалар.
Мынау не балалар ? Аю
Аю қалай жүреді ? (қорбаң-қорбаң)
Аюдың көлемі қандай? Үлкен
Қоянның көлемі қандай ? (кішкентай)
Балалар мынау екі қоянды жұп деп атаймыз, ал жалғыз тұрған аюды тақ деп атаймыз.
Сергіту : Біз үйде нешеуміз.
Кел санайық екеуміз
Бас бармағым әкем
Балан үйрек анам
Ортан терек ағам
Шылдыр шүмек мен
Титтай бөбек сен.
Бір баланы шығарып 3 цифрын өзге цифрлардың ішінен таптырамыз.
Мына жемістерді санайықшы балалар.
Әр балаға карточка таратып береміз. Моншақтың суретін бояймыз . Мен қанша ойыншық көрсетсем сонша моншақ бояймыз. Ал енді балалар пішіндерді атайық. Мынау шеңбер, ұшбұрыш, төртбұрыш, сопақша.Бұрыштарын санатмыз, түстерін сүраймыз. Ал балалар осы пішіндер, сандар туралы тақпақтарымызды айтайықшы қане.
Бір дегенім бірінші
Тұрады ғой қатарда
Көтеріп ап танауды
Бастайды ол санауды. Алина
Басында бар ілмегі
Ортасында тірегі
Толқып қанша жүзсе де
Тұрады үнемі екінші Балжан.
Үш дегенім екі ілмек
Тұратын қармағын сермеп
Үшінші боп тұратын
Мұны әркім білмек Әділет.
Теледидар таныс екен баршаға
Ал пішіні ұқсайды ғой шыршаға Мерей.
Барлық шатыр ұқсайды тек өзіме
Бірден білер асқан сөзіме.
Күтілетін нәтиже. Балалар біз бүгін қандай санмен таныстық. Санайықшы қане 1,2,3 кері 3,2,1 3-саны қандай сан екен (тақ сан) Қоянның құлағы нешеу? (екеу) Жарайсыңдар балалар сендер сабаққа өте жақсы қатыстыңдар, сендерге көп-көп рахмет.
Қортынды.Осымен оқу іс-әрекетімізді аяқталды сау болыңыздар.
Орындаған : тәрбиеші Таттибекова.А
Бекітемін
МКҚК «Кәусар» балабақша
директоры: ___________
К.С.Агментаева
Сабақтың тақырыбы «Көңілді қыс»
Білім беру саласы: Қатынас
Білім бөлімі Тіл дамыту
Сабақтың мақсаты: Қыс мезгілі туралы түсініктерін кеңейту. Өзіне тән ерекшеліктерін ажырата білуге, өз ойын толық жеткізе білуге үйрету. Қысқы ойындарға қажетті құралдарды атау.
Көрнекілік құралдары.
Сабақтың барысы
1.Ән ұран
2.Жылулық шеңбері
3.Төрт мезгілмен таныстыру
4.Сұрақ жауап
5.Сергіту сәті
6. «Кім жылдам» ойыны
7.Тақпақтар
8.Жұмбақ
9.Қортынды
1.Сабағымызды Қ.Р ән ұранымен бастаймыз.
Күн суық болсада, біздің жүрегіміз жылы .Жылыуымызды жан-жағымызға беріп.Жылулық шеңберін құрып, келген қонақтарымызбен амандасайық.
Мейірімділік жүрекпен,
ақ пейілді тілекпен.
Амандасып алайық
Бір жадырап қалайық.
Сәлеметсіздерме апайлар, балалар мен сендерге өлең жолдарын оқып бергім келіп тұр.
Шанамен зырғып жүретін
Коньки, шаңғы тебетін,
аққала жасап ойнайтын.
Қай мезгілі деп ойлайсыңдар балалар?
Тәрбиеші'>Балалар (қыс мезгілі)
Жарайсыңдар бізде қанша мезгіл бар?
Балалар: Төрт мезгілі бар қыс, көктем, жаз, күз.
Тәрбиеші:Қыс мезгілінің белгілерін білесіңдерме?
Бала:Қар жауады, аяз болып, боран соғады.
Тәрбиеші:Жарайсыңдар , енді қыс мезгілінде қанша ай бар?
Балалар: үш ай, желтоқсан, қаңтар, ақпан.
Тәрбиеші: Балалар , мынау ненің суреті.
Бала: Аққала.
Тәрбиеші: Аққала неден жасалады?
Балалар: Қардан
Тәрбиеші: Қардың түсі қандай?
Балалар: Ақ
Тәрбиеші: Қар мұздай ма, жылыма?
Балалар: Мұздай
Тәрбиеші: Аққала неше бөліктен тұрады.
Балалар: Үш бөліктен
Тәрбиеші: Пішіні қалай
Балалар: Дөңгелек
Жарайсыңдар балалар: Бойымызды сергітіп алайық.
Боран соқты оң жақтан.
Боран соқты сол жақтан
Қар лақтырып ойнасақ
Су өтеді қолғаптан
Жарайсыңдар енді аққала құрастыру..
Сонымен балалар қонақтарымызға тақпақтарымызды айтып берейік.
Інжу: Қыс мезгілі көңілді
Аспаннан ақ қар төгілді.
Шанамен біз ойнаймыз.
Шаңғы теуіп сырлаймыз.
Ғайша: Далада қар борайды
Ақ мамыққа орайды
Мұз болады қатады
Жып – жылтыр болып жатады.
Бекзат: Аппақ қылып өңірді.
Қар жауды,қар жауды.
Көңілді балалар.
Қызығып секірді, секірді.
Аягөз: Қандай суық қыч деген?
Қалтырайды қыс деген
Құлақшында кимесең
Құлағыңды тістеген.
Ерсұлтан: Қыс келді, қыс келді
Ақтарып ақ қарды.
Жол аппақ түске енді.
Аралап қайтайық
Арай: Қар жауғанда топ бала
Соқты қардан аққала
Мұрны сәбіз, үп-үшкір.
Көзі көмір қапқара.
Нұрасыл: Ақ көрпесін жапты да
Аяз кенет аптыға
Айналаны үрледі
Ақ бораны гуледі.
Қане балалар сендерге жұмбақ жасырайын кім тапқыр екен байқайық.
Қыста ғана болады. Қолы жоқ, сурет салады
Ұстасаң қолың тоңады. Тісі жоқ, тістеп алады
(Қар) (Аяз)
Жарайсыңдар балалар рахмет сендер өте ақылды, өнерлі, тапқыр екенсіңдер.
Тәрбиеші: Қортынды.Балалар бүгін біз жылдың қай мезгілі туралы өттік.
Балалар: Қыс мезгілі
Сендерге сабақ ұнадыма?
Балалар: Ия
Жарайсыңдар балалар енді келген қонақтарымызбен қоштасайық.
Балдай тәтті баламыз
Айтқан тілді аламыз
Ойынменен өседі
Ойымызбен санамыз
Қол ұстасайық бәріміз.
Жарасады сәніміз.
Көріскенше күн жақсы.
Сау болыңыздар апайлар.
Бекітемін
МКҚК «Томирис» балабақша
директоры: К.С.Агментаева
«Томирис» балабақшасының «Қала күні» мерекесін атап өту бойынша онкүндік іс-шаралар жоспары.
№
|
Іс-шаралар мазмұны
|
мерзімі
|
Өтетін орны
|
Жауапты
|
Таныстым
|
1
|
Мектептер, мектептен тыс мекемелерде «Қала күнін» атап өту іс-шаралар жоспарын бекіту.
|
25.09.2014ж
|
Балабақша
|
М.Ахмедиева
|
|
2
|
«Қала күні» мерекесі қарсаңында барлық мектептер, мектептен тыс мекемелердің қабырғаларында «Көркейе бер әсем қала Шардара!», «Жарқырыа,жайна жан қала!!!», «Шағалалы Шардара!!!»
|
01.10.2014ж
05.01.2014ж
|
Балабақша
|
У.Ермекбаева
|
|
3
|
«Қала күні» мерекесі аясында концерттік бағдамалар мен сахналық қойылымдар қою.
|
01.10.2014ж
05.10.2014ж
|
Балабақша
|
А.Сулейменов
|
|
4
|
Спорттық ойындар, кітап көрмелерін ұйымдастыру.
|
05.10.2014ж
|
Балабақша
|
Х.Тұрсынбаева
|
|
5
|
Жоғары топтар арасында «Көркейе бер әсем қала Шардара!» тақырыбында шығарма байқауын жаздыру.
|
20.09.2014ж
дейн АББ-не өткізу керек
|
Балабақша
|
Г.Тукеева
|
|
|
«Шардарамның жарқырасын жұлдызы!» атты аудандық байқау (фото сурет экспозициясы,Шардара туралы әндер жанды дауыста,көркемсөз)
|
20.09.2014ж
дейн АББ-не өткізу керек
|
Балабақша
|
Г.Тукеева
|
|
6
|
Мектептерге тіркелген жерлерге сенбіліктер өткккізу.
|
01.10.2014ж
10.11.2014ж
|
Балабақша
|
Н.Булегенова
|
|
7
|
Атқарылған іс-шаралар туралы БҰҚ-на мақала жазуды ұйымдастыру
|
01.10.2014ж
10.10.2014ж
|
Балабақша
|
Н.Коришова
|
|
8
|
«Қала күні» мерекесінің салтанатты кешіне ауданның жас өнерпаздарын қамту
|
09.10.2014ж
10.10.2014ж
|
Балабақша
|
К.Агментаева
|
|
Дайындаған: Н.Булегенова
Шардара аудандық
білім бөлімінің басшысы
А.Бердалиеваға
Шардара ауданының төтенше жағдайлар бөлімінің аға инженері, өртке қарсы қызмет капитаны А.Сатбаевтың 02.09.2014 жылғы №23-16/30-330 санды хатына сәйкес «Томирис» балабақшасының осы жоғарыда айтылған талаптарға сай келіп түскен қатты отынды өрттің алдын алу және болдырмау мақсатынды төменденіше амалдар жасалынды.Сонымен қатар қатты отын сақтайтын қойма от жағатын қазандықтардан бөлек оқшауланған.Көмірді жинау кезінде ағаштан матадан жасалған заттарды қолданылмайды.Көмір тұтандыратын ағаш отын бөлек сақталуда.
«Томирис» балабақша директоры: К.С.Агментаева
Дайындаған:
Н.Булегенова
Тел:43-2-59
Достарыңызбен бөлісу: |