Кабылгазина Клара



бет2/3
Дата08.06.2018
өлшемі1,21 Mb.
#41539
1   2   3

Ақпарат және ұлт


Достастық органдарының 80 пайызы Мәскеуде орналасқандықтан, оларға не кедергі келтіруі мүмкін ? Ал 20 пайызы Санкт-Петербургте. Кез-келген уақытта бұл техникалар бір қолға шоғырлануы мүмкін. Ол тек Тәуелсіз мемлекеттерге ғана қызмет ететіндіктен, ешқандай балама жоқ.

Минск-Москвадан радиокөпір жүргізу яғни 3-4 мемлекеттің бір уақытта байланысқа шығуы бұл МИР-дің ұтатын тұсы.

Алайда оның басты қызметі Мәскеуде , ал офисі Санкт-Петербургтегі Таврический сарайындағы Парламентаралық Ассамблеясының ғимаратында орналасқан.

Беларусь Республикасының Премьер – министрі М. Чигирь МТРК туралы былай деген еді: “МИР” телерадиокомпаниясының уақыт өткен сайын беделі жоғарылап барады. “МИР”-бұл өте табысты жұмыс істеп тұрған құрылғы. Бұны ұлттар мен ұлыстарды біріктіретін кедендік бірлестік және телерадиокомпания деп айтсақ болады.”

“МИР” телеарнасының жұмысын Қазақстан Президенті де жоғары бағалады. Ол Алматыда өткен Мир телерадиокомпаниясының ұлтаралық директорлар кеңесінде жасаған мәлімдемесінде МИР-дің қызметі жайлы атап өтті: “Бүгінде аяғынан тік тұрған телерадиокомпанияның ТМД аумағында белсенділігі артып келеді. Біз істің алға басқандығын Қазақстандағы МИР телеарнасының бөлімшесінен де байқап отырмыз. Бұл тәуелсіз елдер арасындағы институт іспеттес.” Бұл мәлімдеме “Ветер” атты ұлтаралық телерадиокомпанияның 5-ші жинағында басылған болатын. (Москва 1996 жыл, 22бет)

Ақпарат көп жағдайда орын алған жағдайға да байланысты. Сондай-ақ ұлттық жағдайда басты рөл ойнайды. ОРТ телеарнасындағы “Время” бағдарламасы туралы Украина өкілі былай дейді: “Бізде көрсетілетін ОРТ телеарнасы әр жаңалықты толық әрі обьективті түрде бере алмайды. Сондай-ақ “Время” бағдарламасы әскери іс-әрекетті театрланған көрініс сияқты көрсетеді” (36-бет).

Ақпаратты беру барысында ұлттық және ұлтаралық талаптарды және амбицияны да ескермеуге болмайды. Әзірге “МИР” телеарнасы өз шығарылымдарында ақпаратты бейтарап және жақсы жағынан беруге тырысады. Бірақ ақпарат берудің сипаты өзгерген. НТВ телеарнасындағы “Сегодня ” бағдарламасының жүргізушісі Михаил Осокин бұл туралы пікірін білдірген еді “Біреу туралы жақсы ақпарат таратқан жақсы. Бірақ әлемде жаңалық бағдаламаларының барлығы сенсацияға құрылады. Бұл теріс.Бірақ бұған қарсы тұра алмайсың. Себебі адамзаттың ақыл-ойы соған бағытталған. Яғни халықты бірінші ретте өрт, өлім-жітім, зілзала, қақтығыс қызықтырса, жағымды мәліметтерді екінші орынға ығыстырады.” (ТВ шанс, 14 тамыз 1996 жыл 2-бет)

Қазіргі ақпарат яғни Мәскеуден келетін мәліметтер теріс бағытта да эфирден өтіп жатады. Көпшілік жағдайда ақпаратқа сыни көзғарастарды да қосып жіберу тәсілдері кең қолданылады.

Ал “МИР”-дан өтетін жаңалықтар “көбінесе әр нәрсеге араласушы” деген атқа ие болған. Кәсіби телесыншылар “МИР телеарнасынан өткен жаңалықтар жүрекке жылы тигенімен бәсекелестік қабілетін төмендетеді” дейді. Олар сондай-ақ “Мир” телеарнасын көрермендерге материалы арқылы шындықтың өткір тұстарын ашық бере ала ма ? деген сауал қояды”(Родники.207-бет. )

Содан кейін орыс ақпарат тарату бөлімдері ұлттық құндылықтар мен билік институттарының мүддесін көрсетіп отыруды нысанаға алды. Сондай-ақ олар орыс ұлтын барлық ұлттар мен ұлыстардан жоғары көрсетуге тырысты.

Бірде Әзербайжан өкілі былай деген еді : “менің айтқым келіп тұрғаны саяси оқиғаларды көрсеткен кезде өте сақ және ұқыпты болған жөн. Бұл өте маңызды. Тіпті өз жемісін бергелі тұрған істің өзін құртып алуымыз мүмкін. Сондықтан әріптестеріме саяси және геосаяси жағдайды ескере отырып, барлығына этикалық тұрғыдан келуді сұраймын”.

“МИР” телеарнасы бейбітшілікті насихаттаумен ерекшеленеді. Егер саяси жағдайларға араласып кетсе, онда басқа каналдардан айырмашылығы болмай қалады. Қазір барлық телеарналар тәжірибе жүзінде бір-біріне ұқсас болып келеді. Олар жалған демократияны жалау етіп, бір-бірінен асып түскісі келеді. Ал бұл “МИР” телеарнасында басқаша көрініс тапқан.(“Подьем”. 70-71-бет.)

Әзербайжанда “МИР”-ді түскі уақытта көрсе, Ал Арменияда 20 минутқа созылған бағдарламаларды қайтадан монтаждап, қысқартатын жерін қысқартып, яғни орысшадан армян тіліне аударып қана эфирге береді.

Татарстанда “МИР”-ді өте жақсы көрсетеді. Бұл елде тіпті саяси жағынан жақсы көзғарастағы аңыз да қалыптасқан.

Сондықтан “МИР”-дің Татарстандағы бөлімшесі Минтемир Шаймиевтің сайлауға түскен уақытында тек жақсы жағынан көрсетіп, жағымды пікір қалыптастырды.

Алайда жағымды жағынан көрсетілгенімен астарында сыни көзғарастар болғанын жасыруға болмас. “Біз бағдарлама барысында сайлауды жан-жақты қамтуға тырыстық. Біз бүгінгі күні Ресей Федерациясындағы өз жолы, экономикасы мен саяси беделі бар ел екенін көрсетуге тырыстық. Республика-жыл сайын бидайы бітік шығатын бай ел. Ал сол бағдарламада Татарстанның 4 жыл қатарынан экономикасы 5-7 пайызға өсіп отырғандығы да тілге тиек етілген. Республика толығымен ауылшаруашылық өнімдерімен қордаланған. Ресей Федерациясы үшін біз жақсы үлгі бола аламыз” деп жазылды газетте. (Подьем 79-80-бет.) Соңғы сөйлем көңілге қонымды.

Қазақстан орыстармен жақсы қарым-қатынаста екенін МИР арқылы неге көрсетпеске ? Сондай-ақ сыни көзғарасқа да жол беру керек сияқты. Мәселен Жамбылдың 150-жылдық мерейтойы өтіп жатқан кезде казактар митингіге шыққан болатын. Неміс пен орыс министрлеріне қарапайым халықтың жалақыларын ала алмай жатқандығы туралы мәселе көтерді. Алайда “МИР” телеарнасы мұны бір жағынан бере алмайды. Бұл жерде “МИР” телеарнасы біраз әбігерге түсті. Өйткені Кавказ елдерінің төңірегіндегі дау-дамайды көрсетуде де пікірталасты мәселе етіп көрсете білу шарт. Бұл жерде әлеуметтік мәселелерді көтеретін пікірталасқа құрылған блок сұранып тұр. Яғни жан-жақты пікірді ашық өзекті етіп бере білетін арнайы шығарылым болса, жаман болмас еді.

“МИР”-дің басты ұстанған бағыты-оқиғаны қаз-қалпында бере білу. Сондай-ақ “МИР”-ді қаржыландырып отырғандардың алдында да өз міндеті бар. 1995 жылдан бастап, Қазақстандық бөлімін 100 пайыз Қазақстан қаржыландырды, Әзербайжан 41 пайыз , Армения 30 пайыз, Беларусь -92 пайызын, Тәжікстан-20 пайыз, Қырғызстан мен Ресей 100 пайыз қаржыландырды. Барлық республика халықтары ТМД аумағында болған оқиғалардан бірдей ақпарат алып тұру мүмкіндігіне ие болды.

Сондай-ақ ол тек ТМД емес, әлемнің басқа да елдеріне таралды. Мәселен СИ-ЭН-ЭН –дегі “Мировое телеобозрение”, Азиавидение жүйесінде де “МИР” телеарнасы қатысты. Тіпті “МИР” телеарнасының делегациясы Тегеранда өткен осы ұйымның бас ассамблеясына да қатысты. ЮНЕСКО -мен де тығыз байланыста. ЮНЕСКО-ның бөлген қаржысына Достастық елдеріндегі жастар өмірі туралы фильм түсірілді.

“МИР” телекомпаниясы батыста да шығыста да өркендеуде. Қазір Болгария эфиріне шығуды көздеп отыр. Прибалтика елдері эфиріне таралудың түрлі жолдарын қарастырып жатыр. МИР болашақта батыстық телеарналарға шығуға да жоспары бар екенін Будапеште мәлімдеді. Батыс Молдава эфиріне шығуға да жолдама алмақ. МИР Туркмения мен Грузияға да құрал-жабдықтар апарып қойды.

Кеңестер Одағынының тарағанымен –бұл интеграциялық және орталықтан өтетін процесс.

Арна тек телерадиоэфиріне ғана таралуда. Ол ұлтаралық дегенімен белгілі бір ұлттың мүддесіне ғана қызмет етпейді. Алайда эволюциялық өрлеу жолы МИР-дің бәсекелестік қабілетін арттырды.




Телевизия дәуіріндегі ұлттың азшылдығы

Ең қызығы бүгінге дейін ұлттың аздығы ұғымын түсінудің нақты анықтамасының болмауында. «Аз ұлттардың мүддесін қорғау жөніндегі рамалы конвенцияға жасалған түсіндірмелі баяндамада» «Рамалы конвенцияда «ұлттық кемшіліктер» ұғымына анықтама берілмеген» - деп, абыржып мойындауда. Барлық Еуропа Кеңесіне мүше мемлекеттердің ортақ мақұлдауын алатын, мұндай анықтама жасауға мүмкіндік берілмегендігін мойындауға негізделген, прагматикалық әдістеме қолдану жөнінде шешім қабылданған болатын. Басқа жағдайда ұлттың аздығы ұғымын талдағанда, пәтуаға қол жеткізе алмас едік деп өкінеді.

Расында да, қасында көп миллионды ұлт өкілі бар Ресей тұрғанда Қазақстандағы орыстар аз ұлт болып табыла ма? Синьцзяндағы қытайлар аз өкілді ұлт болып табыла ма? Бұл сауалдың қойылымының өзі бірқатар эмоцияның туындауына себеп болатыны рас. Және ол өте айбатты. Егер бір егеменді ортақ мемлекетте өмір сүре алмаса, неге Ресей Грузиядағы абхаздықтарға қатысты мүлде басқа рөлге ие? Мәскеу Шешенстанды қару күші арқылы ұстап, қару күші арқылы Абхазияның Грузияға қатысты егемендігі үшін күресуіне қол ұшын беруде. Мәскеу Молдавияға гагауздарды талқандап тастауға жол бермеді. Неге АҚШ секілді ұлы мемлекет Кубаға оқшаулау жариялап, Ұлыбритания Ирландиямен, Қытай Тайваньмен шайқасуда? Ал олардың барлығы өздерін демократиялық мемлекеттер деп санайды.

Саясаткерлер пәтуа іздеп жүргенде назарды басқа проблемаға – телеарнаға аударайық. Ұзақ уақытқа созылған ұлттық азшылық мәселесі үшін күрес эволюциясында - өз мектебін ашу, құқығына ие болу, өз тілінде сөйлеуге, өз дінін дәріптеуге қол жеткізу деп жүргенде, ақыр соңында қазіргі кезеңде әлдеқайда өзекті мәселе - телеарнаға келіп тірелдік. «Аз өкілді ұлт тілдері мен аймақтық тілдер жөнінде Еуропалық хартияда былай деп жазылған: 11тармақ. Бұқаралық ақпарат көздері. Ол бұрын еш жерде және еш уақытта болған жоқ. Ал қазір ұсыныстардың тізімі көшкін секілді жиылуда: кем дегенде бір радиостанция мен бір телеарнаның ашылуын, хабарларды аймақтық тілде немесе аз өкілді ұлт тілдерінде тарататын жүргізушілерді қамтамасыз ету; немесе...

Теле және радиолық хабарлар қатарына аймақтық аз өкілді ұлт тілдерінде таратылатын бағдарламалардың болуы үшін қажетті шара қолдану». Бұл сауалдарға байланысты толығырақ ақпаратты «Еуропа кеңесі: ұлттық мәселелерге байланысты сауалдар» кітабынан оқуға болады. (Санк-Петербург. 1996, 52-54 бет).

Қазақстанға келетін болсақ, бізде бұл ұсыныстың басым бөлігі іске асырылған. Қазақ телеарналарында ұйғыр және неміс тіліндегі бағдарламалар бар. Татар, кәріс, күрд және украин әуендері айтылады. Бағдарламаның жартысы орыс тілінде. Сонымен қатар тағы бірнеше телеарналарда орысша хабар таратылады: «31 арна», КТК, АТВ, «Рахат», «Таң», екі мәскеулік бағдарлама. Қайда және қалай екені белгісіз, бірақ телеарна эфиріндегі қазақ тілді бағдарламалар, қайтадан азшыл орыс ұлтынан он есе асып түсетін «ұлттың аздығына» айналып отыр. Себебі қазақ арнасында басқа да ұсақ тілдер баспана табады.

Телеарнанадағы аз өкілді ұлт мәселесі жөніндегі сауал – дәл осындай терминді ендіретін уақыт жетті. Ол Еуропа эфирінде де туындап отыр. Онда, Еуропа телерналарында бар болғаны 3-5 тілдің жетекшілік ететінін жақсы біледі: неміс тілі (Германия, Австрия, Швейцарияның бір бөлігі, Швеция, Норвегия, Бельгия мен Голландия да жақын), француз, ағылшын... Оларға италиян және испан тілдері қосылуы мүмкін. Ал қалғандарына оңай соқпайды. Бірақ бір бейнені көрсету барысында бес тілдің үш-төртеуін дубляж жасау ұсынылуда. Бірақ ... Егер тілдер мәдениетпен бірге жоғала бастаса, ең алдымен бұл процесс телевидениядан басталады.

Сонда да...

Сонда да тағы бір рет «аз өкілді ұлт тілдері мен аймақтық тілдер жөнінде Еуропалық хартияға» біз Қазақстанда оның қандай да бір нұсқауын ұмытып кетпедік пе, соны қайта қайта еске түсіру үшін назар аударайық: «Екі жақ көршілес мемлекеттен бірдей аймақтық және аз ұлттық тілдерде таратылатын радио және телебағдарламалардың кедергісіз жеткізілуіне кепілдік беруге міндетті» (54 бет).

Еуропалық ой этникалық аз топтарға да ортақ пайданы – халықаралық қауіпсіздік, әділеттілік пен халықтар арасында бейбітшілікті қорғау факторын назарға алуда. Этникалық аз топтар міндетті түрде бір теорияға шоғырлануы тиіс емес. Мұнда мәдени автономия ұғымы ендіріледі. Және мұнда да БАҚ рөлі артады: «жекеменшік газеттер, жекеменшік радио мен телеарна арқылы мәдени дәнекер құқына ие болу» (26 бет).

Еуропалық зерттеушілердің бұлдыр сілтемесі, Түркан Қарақұрттың «Ұлт аралық қақтығыстар мен олардың жаңа тәуелсіз мемлекеттердегі шешімі» кітабында нақтыланған (Фридрих Эберт атындағы қор, 1995). Біріншіден, ол «азаттық ұлттары» іспеттес француз революциясы түсінігін ендіре отырып, ұлт пен ұлттық ұғымын жаңаша түсіну мәселесін жалғастыруда: Ұлт белгілері ретінде мемлекет және шекара емес, тіл мәдениет, жаратылыс пен тарих болып табылады (10 бет).

Ресейдің НАТОның шығысқа қарай етек жаюына келеңсіз көзқараста екені белгілі. Ал егер бұл НАТО емес, Еурокеңес болса? Түркан Еурокеңеске тек қана шығыс және оңтүстік еуропа елдерін ғана емес, оған қоса бүкіл Азия елдерін де қосуға дайын. Ол «орталық Еуропаның барлық елдері бірінен кейін бірі еуропалық құрылымға бірігетін болады, дегенді алға тартады. Словакия, Чехия, Словения, Польша, Венгрия, Болгария, Эстония және Литва бүгіннің өзінде Ерокеңеске мүше болып отыр. Албания, Румыния, Ресей, Хорватия, Белорусь, бұрынғы Югославия республикасы Македония ерекше бақылаушы статусына ие. Таяуда олар да кеңестің толыққанды мүшесіне айналмақ. Әзірбайжан, Армения, Босния-Герцеговина мен Грузия бақылаушы статусына мәлімдеме жасады. Еурокеңесте барлығы қазір 39 ұлттық парламент бар» (22 бет). Біреулер Еурокеңес ұғымын таза еуропалық, тек еуропалық мемлекеттерге арналған ашық білім деп түсінгісі келеді. Алайда территориясының басым бөлігі Азияда жатқан Түркия да 1950 жылдан бері кеңеске мүше болып келеді.

Осы ойды жалғастыра отырып, Түркан «Неге Қазақстанға Еурокеңеске мүше болу мүмкіндігін алмасқа? (23 бет) деген пікірге келеді. Ия, егер Қазақстанның да бір бөлігі Еуропа жатқанын назарға алсақ, сонымен қатар Қазақстанның Еуропадағы бөлігі Түркиямен салыстырғанда әлде қайда үлкен. Қайткенде де Қазақстанның Кавказ тауларының арғы бетіндегі, демек толығымен Азияда жатқан Армения мен Грузиямен салыстырғанда құқы әлдеқайда жоғары.

Еурокеңестің Шығысқа қарай қозғалуына кім қарсылық танытуда? Сірә бәрінен де Ресей наразы болса керек. Ең қызығы Ресейдің аз топтық ұлт ретінде қабылдануы мүмкіндігінде. Себебі бұл немен салыстырып, оған қандай тұрғыда қарағанға байланысты. Егер Ресейді тұтас Еуропамен салыстырсақ, онда Ресей оның аз бөлігі. Қорытынды, НАТО, Еурокеңес, немесе тұтас Еуропаға кіріптар болмас үшін Ресей оның бірігіп, үлкейе түсуіне бар күшімен қарсылық танытуы керек. Алайда, Еуропа да – бұл бүкіл әлем емес. Ал, егер Еуропаны да бүкіл жер шарымен салыстырып қарасақ, онда Еуропада азшыл болуы мүмкін.

Түрканның кездейсоқ ұғымдарын БҰҰ-на қарсы шығу деп түсінуге болады. Ол Еурокеңес Әлемдік кеңеске дейін көтеріле алар еді деп ұсынуда. Бірақ, БҰҰ тұрғанда, оның керегі не? Себебі, бұл Әлемдік Кеңес адам құқын бұзатын көптеген мемлекеттер кіретін Біріккен Ұлттар Ұйымымен қатарлас жүріп отрады. Ал, Әлемдік Кеңесте, керісінше адам құқы мен аз өкілді ұлт құқықтарын қатаң сақтайтын елдер ғана мүше бола алады (24 бет). Бұл Түрканның пікірі. Тағы біраз уақыттан кейін ол БҰҰ-ын аузына қаратқысы келетін, оны кім басқаруын діттейтін мемлекеттер бар деп жазады. Ол ұлттардың екі топтық лагерге шағылғаны жөнінде сөз қозғайды...

Бұл жағдайда телеарна - не автономия мәселесін, не интеграция мәселесін ұмытуға болмайтын тағы бір облыс іспеттес. Өйткені ұлттық тілдегі жарнама жөнінде келісіп, жаңа технологиялар жөнінде мүлдем ұмытуға болады. Міне «аймактық тілдер жөніндегі Еуропалық хартия» сол себепті де барлық салаға ат салысады. Бұл «Мәдени іс-әрекет пен мәдени мекемелер, оның ішінде кітапхана, мәдени орталықтар, мұражайлар, мұрағаттар, академиялар, театрлар мен кинотеатрлар, сондай-ақ әдеби шығармалар мен кинематографиялық туындылар, халық шығармашылығы, фестивальдар, сонымен қатар жаңа технологияны қолдану». Қазақстан да нақ осы бағытта алға ұмтылуда емес пе?



МАСС-Медиа, халық, билік

Беделді басылымды алып қарасаңыз “1995 жылы ТМД территориясында журналист пен баспасөздің құқығы қорғалмайды” деген Қазақстанға қатысты мәселелер жазылған.(Москва “Права человека” 1996 ж) Ондай мақаланың саны 7-ге жетті. Олар газет, телевидения, радио, телебағдарламаларға қатысты. 12 бұқаралық ақпарат құрал осыған қатысты 12 мақала жариялаған. Бұл таңғаларлық жай. Ол әсіресе казачестваның құқығының бұзылғанына байланысты. Бұл туралы “Правда” газеті 5 мәрте жазды. “Экспресс-хроника” (Москва) “ Советская Россия”, “Куранты”, “Российская газета”, “Московский комсомолец”, “Вечерняя Москва”, “Россииские вести”, күнделікті газет “Иностранец”, “Московские новости” басылымдары да дабыл қақты.

“Ресейдегі БАҚ пен журналист құқығы және басқа елдер” деген тақырыпта өткен ауданаралық семинарда, мен казачества мәселесіне қатысты 19 мақаланың, ал қазақтардың құқығы жайлы 1-ақ мақаланың жарық көргенін айттым.

1996 жылдың 16-17 қазанында Таврия сарайында өткен семинарда менің осы айтқандарымның барлығын жиналған жұрт қолдады. Алайда менің бұл пікірімді жоғары жақта қайталағанымен олардың өз міндеттері болу керек.

БАҚ құқығы мен міндеті жайлы заңнан өзге жалған ақпаратқа тиым салу туралы да заңды қабылдаған дұрыс болар еді. Демек баспасөзді сотқа сүйреу оқиғалары көбеймес еді. Мысал келтірсек. Талдықорғанда “Дидар” телетасымалының эфирге шықпауы. 1996 жылдың қарашасында жабылған ТВМ КТТ мен “Семейный канал”, радиостанциясы дәлел бола алады. Біз мұны қызметке байланысты уақытша жабылды деп есептедік. Яғни әрқайсымыз түрлі болжам жасадық. Тіпті бұл оқиғаны біз ұлтық жағдаймен, бастықпен немесе қатардағы қызметкерлермен байланыстырдық. Демек әркім әртүрлі ақпаратты оқығаннан кейін әркім өзінше ой қорытты. Бұл жағдайға байланысты “Раскрепощенная пресса” кітабынан мол мағлұмат алуға болады. (АҚШ акпарат агенттігі 1994 жыл). Бірақ, ешқандай сілтемесіз, анықтамасыз- ақ түсінікті жайлар ғой.
МАСС-МЕДИА кімге қызмет етеді ?

Халыққа қызмет етеді. Бірақ біз баспасөз кімге қызмет етіп отыр соның атына қара жақпауымыз керек деп ойлаймыз.Бірақ бұл біздің ғана ойымыз немесе қорытындымыз емес. Ал қорытынды мен ой-пікір әркімде әртүрлі. Егер билік пен газеттің қайсысын таңдайсың деген кезде барлығы газетті айтар еді.

Бір президенттің айтқан мынандай бір сөзі бар. Америкадағы демократияның атасы атанған Томас Джефферсон 200 жыл бұрын былай деп айтқан еді: Егер газетсіз үкімет пен үкіметсіз газет болатын болса, онда ол ойланбастан соңғысын таңдар еді. “Баспасөзді азат ету” кітабы. АҚШ ақпарат агенттігі. 1994жыл 5 бет).

Түсінбестік пен қарсыластық сатаналық мәтіндерде де кездеседі: “Американдық баспасөз екі ғасыр бойына екі басты принципті ұстанып келеді. Біріншісі- үкіметтен тәуелсіз болу. Екіншісі-көпшілік арқылы қаржылану.” Сол мәтінде тағы бір мынандай пікір бар “қысқасын айтқанда Америка баспасөзін үкіметтің ревизоры болу да қанағаттандырады” Бұдан да сорақысы ақпараттың тәуелсіздігі туралы федералді заң да бар. Ол журналистердің үкіметтік мұрағаттардан ел қауіпсіздігіне кедергі келтірмейтін ақпараттарды алуға мүмкіндік туған.

Американдық баспасөздің кеуделерін қағуына әсер еткен факторлар-олардың 1991 жылы жарнаманың өзінен ғана 130 миллиард доллар тапқаны. Бізге соның бір миллионы бұйырса ғой. Бірақ АҚШ үкіметі жарнаманың мол табыс әкелетінін біле тұра оған қосымша, 20 пайыз жәрдем береді екен.

Қазақ баспасөзі жарнамаға зар әрі біздегі баспасөзге деген тұсау салынғанын көрсетсе керек. Сондықтан мұндай жағдайлар “Азат баспасөз” сияқты кітаптардың өмірге келуіне мұрындық болады. Оған тұсау салу мүмкін емес.

12 басылымдағы 19 мақаланың барлығы Супрунюк дегеннің қудалауға түскені жайлы баяндайды. Ал қалған 6 мақалада басқа мәселелер жазылған. Соның ішінде “Орда” газетінің 50 жастағы редакторы туралы айтылған. Онда Қажыбай Қабыловтың қолына плакат алып, алаңға шыққанда Ұлттық Қауіпсіздік комитетінің адамдары қолындағысын тартып алғаны жайлы ақпарат берілген. Алайда бұл журналист құқығының бұзылғанын көрсеткенімен, Ресейдегі сияқты жаппай өткен акцияға айналған жоқ.

Цензура


Бір уақыттары телешолушылар мен телесыншылар Ресейдегі цензура туралы қызу пікірталас тудырды. Оның барлығы Шешенстандағы жағдайға тікелей байланысты болды. Кинодраматург Аркадий Инин “Телерейтинг труда” (1996 жыл 27 қаңтар) газетіне берген сұхбатында “Кизляр мен Первомайка төңірегінде қорлық пен жалғандық, ауыртпашылық қана сезіледі. Бірінші күннен –ақ мен адам төзгісіз жайттарға куә болдым. Сонда ақпарат беру барысында телевизиялық цензураның бар екеніне көзім жетті ” деп жазды.

Цензура ОРТ телеарнасының бар ақпарат бағдарламаларын сынға алды. “Вид” телелекомпаниясы ОРТ телеарнасында саяси цензураның орын алғаны туралы газеттерге жазды. Өйткені “Взгляд” бағдарламасы эфирге шығар алдында автордың рұқсатынсыз материалдың үш көрінісі алынып тасталған. Соның салдарынан жоспарланған бағдарлама басқаша сипат алды.

Белгілі теле және киносыншы Анри Вартанов “Эхо теленедели” басылымына берген сұхбатында “Біз эфирдің қожайыны екенбіз” атты (“Труд” газетінде жарияланған) мақала авторына өз көзғарасын білдірген.

“Мен бірнеше жерден қиылып қалған бағдарламаны көрдім. Бас директор С.Благоволиннің жеке сұхбатында цензура туралы ақтала айтқан сұқбатынан -ақ цензураның барлығына күмәндануға болмады”,-делінген. Өзіндік цензураға байланысты Ресей телеарнасының 2 ақпараттық бағдарламасы сынға алынды: “ Қоғамдық ОРТ телеарнасы биліктің қателігін дұрысқа шығарғысы келетінін мемлекеттік телеарна РТВ-дан да белсенді көрсетті”-делінген.

Пікір айтудан тыс қалу, көріністердің купюралары оптимистік-жеңісті сәттер-өзіндік цензураның және цензураның нышаны. Яғни ақиқаттан алшақтау цензурада жиі орын алады. Соңғы кезде телеарнаның ақпараттық бағдарламаларында ашықтық, батылдық байқалмайды.

Алайда осы өзіндік шектеу қою Ресей “қоғамдық” телеарнасына көмектеспеді. Көп ұзамай 2 басшы ауысып, 30 шақты ондық циклді бағдарламалар эфирден алынды.

Тіпті Солженицыннің бағдарламасын да жауып тастады. Россияны қайта құру барысындағы оның көзғарастары ұнамады. Оған Қазақстан мен Украинаға ғана шығуына мүмкіндік болды. Бұл тақырып сәуір айында шыққан “Комсомольская правда” басылымының негізгі азығы болды. Солженицын тек тәуелсіз елдерде қарсылыққа тап болса, Ельциннің Алматыдан Қытайға жасаған сапары барысында берген сұхбатында да сынға ілінді.

Қалай дегенмен де бүкілресейлік процесс Қазақстандық ақпарат құралын да шарпып өтті. Нақтырақ айтсақ, бұрын Қазақстан телеарналарында жұмыс істеп, содан кейін Ресей телеарналарына ауысқан басшыларды кездестіруге болады.

Ал, біз телеақпараттар блогын қанағаттанып көрген кезде басшылықтың, дикторларды өзгерткенін көріп цензура деп ойлаймыз. Яғни халық Ресей бұқаралық ақпарат құралдарында сөз бостандығы мен демократия, жан-жақты пікір алмасушылықтар бар деп ойлайды. Шындығында сөз бостандығы бар деп ойлағанымызбен шындығында ол жоқ. Өзіндік цензура орын алған жерде телеарнада “өтірік”, жалғандық бар екенін жоққа шығаруға болмайды.
Жалғандық пен “ДЕЗА” (Теріс ақпар)

Жалған және бұрмаланған ақпараттар Ресей телеарналарында кең етек алды деп айтуға болады.

“Столичный криминал” газетінің сәуір айындағы нөмірін алып қарасақ, “жалған’ сөз Шешенстаннан келген ақпараттың бәрінде байқалады. Владимир Мальшаков радионы тыңдаған сәтте жалған ақпардың орын алғандығы жайлы жазды. Әсіресе ол “осы жылдың 6-7-8-наурызында Грозныйдан КПП-ның билік орындары орталығынан ақпарат дұрыс хабарланбаған еді. Және орталық радиостанциядан Ресей әскери топтарының ұстап алған сөздерін естігенде үлкен өтірікті сездім”,-дейді.

“Тыңда, Ресей, өз ұлдарыңның дауысын”. Бұл “Столичный криминал” газетінің 1996 жылы 30-сәуірінде жарияланған мақала болатын. Ондағы жалған ақпардың мазмұнын жариялаудың өзі ұят. Негізгі қорытындысы бұл соғыста тағы бір өтіріктің беті ашылмай қалды. Осы күнге дейін Рошни-Шу және т.б. Шешенстанның пункттерін кімнің ұшақтары бомбалағаны туралы ақпаратты ешкім ашып айтпады.

Мәскеулік газеттер қазақстандық басылымдарға қарағанда Шешенстандағы жағдайды аянышты етіп жаза білді. Дегенмен ресейлік журналистер Шешенстандағы сарбаздардан көптеген хат алды. Грозныйдың офицері бізге ашына жазады. “Неліктен Шешенстанда болып жатқан оқиғадан жалған ақпараттар таратады?. Олар кімнің сойылын соғады?” деген сауалға жауап іздеуде.

Ал 1996 жылғы 19 қаңтарда “Известия ” басылымында жарық көрген мақалада былай делінген: “Первомайкадағы қайғылы оқиғаны жасыруға барлық күш жұмсалды. Оған куәгерлердің болмауы да өз септігін тигізді. ФБС-тің өкілі Михайлов Первомайскіде тұтқындардың жоқ екенін мәлімдеді. Журналистерге де осындай мәлімет таратты.”

Бұл жазылған сөзді мысалға келтіре отырып, бұл жерде жалған сөзінің бірнеше нұсқасын көруге болады. Бұл жерде біздің көзғарасымызбен берілген ақпарат емес, яғни Мәскеулік басылымдардың Қазақстанға таратқан мәліметтері арқылы ой-түйсігімізге қабылдаймыз.

Бір қызығы басылымдар мен телеарналар жалған ақпаратты жарыса жазады. Әсіресе бұрмаланған ақпаратты беруде мәскеулік басылымдар алдына жан салмайды. “Труд” газеті “ДЕЗА” сөзіне жиі жүгінеді. “ Біз 16 қаңтарда Кизлярдан Первомайскіге ерте жеттік. Бізді асықтырған бес дағыстандық азаматтың өлімі мен Первомайскіде болған оқиға. Сондай-ақ , Новосібірлік тұтқынға түскен бір милицияны асып өлтіргендігі жайлы аудандық милиция басқармасына түскен шұғыл ақпарат еді. Алайда бұл мәлімет бұрмаланған ақпарат болып шықты.”

Дегенмен мұндай бұрмаланған ақпарат шенеуніктерден де қаны қызу дағыстандықтардың Дудаев әскеріне Ичкерияға қарсы соғыс ашуына дейін әкеп соғар еді.

“Труд”, “Известия”, “Столичный криминал” сияқты беделді басылымдар өтірік пен “ДЕЗА”-ға қарсы талай мәрте күрес жүргізіп келеді.

Бұл жағынан келгенде 1995 жылы эфирге шыққан “Герой дня” бағдарламасын тілге тиек етсек. Оған шақырылған Қазақстанның Президенті Н. Назарбаев бағдарлама жүргізушісі Киселевке Шешенстандағы шиеленістің әскери жолмен шешілгенін қаламайтындығын баса айтып, шешендердің екінші отаны Қазақстан екенін алға тартқан. Дегенмен ол қақтығысты бейбітшілік жолмен шешуге болатындығын, тіпті делегацияны бастап баруға келісетіндігін айтып, Ельциннің қабылдауында болғанымен, президент тарапынан ондай ұсыныс болмағанын айтты.

Ақпарат құралдары Дудаевтің әскерін “бандитизмді қалыптастырушылар” етіп, олардың әрбірін “ланкес” қылып көрсеткісі келді. Белгілі саяси қайраткер Алексей Арбатов бұл таптаурынға қарсы өзінің пікірін білдірген болатын. “Аргументы и факты ” газетінің 1996 жылғы 6 санында жарияланған “В Чечне повстанцы” мақаласында Мемлекеттік Думаның депутаты қауіпсіздік комитетінің мүшесі Арбатов Дудаевті “террорист” деп айтудың ешқандай негізі жоқ екенін айтады. Оның орнына депутат басқа сөзді қолдануды ұсынады. Мәселен “партизан ” деген сөзді “күрескер” деп жазып жатыр.

Бұл оқиғаны Қазақстандық баспасөз және телеарна қалай көрсетер еді ?

Әрине Ресейлік көзғараспен беретін еді. “Караван ” газеті жүргізген әлеуметтік сауалнама барысында Дудаевті Гитлерден кейінгі жағымсыз тұлға ретінде көрсетеді. Бұл біздің бұқаралық ақпарат құралдарының қандай саясат ұстанып отырғанын айқындап берсе керек.

Ал Прибалтикада керісінше . Дудаевқа арналған мұражай, оның есімімен аталатын көше бар. Беларуссияда Чернобыль апатына қатысты шеру өткен кезде Дудаевтің ескерткішіне гүл шоқтарын қойды. Ал Украина мен Белоруссияның күрескерлері Дудаевтің әрекетін құп көреді. Эстонияда Ресей елшілігіне қарсы бетте Шешенстан елшілігін ашуға жер бөлінген.

Біздің мақсатымыз екі жақты көзғарасты бірдей тыңдау. Мәселе анықтылығында емес. Топтар мен билік арасындағы пікірлердің қайшыласуы құр ақпарат есебінде саналады. Бір жағынан бұл бұрмаланған ақпарат, өтірік, әскери-саяси машинаның цензурасы болса, бір жағынан –шынайы ақпарат, қоғамдағы адамдардан шыққан сөз бостандығы, жан-жақты пікір алмасушылық пен жақындарына деген махаббат, өз принциптерінен бас тарту. Үшіншіден, түзетулер мен оған ұмтылу көп жағдайда телебасшылығының ауысуымен тынады. Әсіресе Ельцинннің саясатына сай бағытталады. Ондай кезде көптеген циклді бағдарламалар жабылып, ақпарат айдыны басқаша көрініс табады. Мұның бәрін демократияның салтанат құруы мен сөз бостандығының үстем құруы деп қабылдап жатамыз. Ал басқа ауданда мұндай жетістіктер сезілмейді де.

Әсіресе Украина, Белорусия, Түркмения және Өзбекстан бұқаралық ақпарат құралдары мен Мәскеулік баспасөз басшыларында ондай оқиғалар көптеп кездеседі.

БАСҚАША ОЙЛАУҒА ТОСҚАУЫЛ

Әсіресе Белоруссияға қатысты. Оған бұйрықты-әкімшілік әдістер қолданып жатады. “Известия” газетінің 1996 жылғы 27 ақпандағы санында шыққан Анатолий Майсеннің “Несовместимость” атты үлкен мақаласында : “Баспасөз бұл ерекше тақырып. Бұрынғыдай оппозициялық газеттер шет жерлерде басылып шығып жатыр. Бұрынғыдай президент пен оның командасы мемлекеттік радио мен телевизияны өз қолдарында қысып ұстап отыр. Өйткені кез-келген саясаттағы басқаша ойлауды сыртқа шығарғысы келмейді. Ал мұндай елде еркіндік жоқ деуге болады”-дейді.

Қызық, ресейліктерге президент Лукашенко ұнауы керек сияқты. Өйткені ол ресейліктермен бірге одақ құруға ынталы. Бірақ Мәскеу баспасөзі Лукашенконың Ресеймен байланыста болуына қарсы. Шындығында баспасөз оны көпшілікке басқаша жеткізуді қалайды.

Минскідегі бірінші мамыр шеруінде басқа емес ОРТ телеарнасының операторларының камерасын алып қоямыз деген қоқан-лоққы болғанын жасыруға болмас.

“Сегодня” газетінің 1996 жылдың 30 сәуіріндегі санында Беларус Ұлттық Қауіпсіздік комитетінің “дұрыс әдебиетке қарсы күрес” атты мақаласы екі жақты келісімге қол қойғаннан кейін –ақ жарыққа шықты. Онда аты шулы “Президентті өлтіру” поэмасы авторының ізденісі туралы айтылады. Мәселе авторда емес, тіпті Лукашенконың тәуелсіз газеттермен байланысы туралы да жазылмаған. Сондай-ақ Минскіде 1994 жылдан бері “Лукашенковская правда”газетінің шығарылмауы туралы да сөз етілмейді. Мәселе сөз бостандығы жайлы болып отыр. Автордың пікірінше , Беларусс ұлттық қорының өкілдері 30 жылдардағы КГБ-ның жедел материалдарының ең күшті дәстүрлерін қайталатқысы келеді дейді.

Автор мен газет Беларусс әдебиетін орыстандыруға қарсы: “негізі беларустың кейбір сөз шеберлері ұлттық бағытта жазатын жазушыларына қарсы науқан басталғандығын беларус әдебиетін орыстандырумен байланыстырып отыр. Дәлірек айтсақ, мәселе ұлттық бағытты қолдау емес, Мәскеу пікірі мен сындарына альтернативті кұрметтеу болып келеді. Балама пікірді сынауға болады, бірақ оны аңдып, оған тиым салуға болмайды.”

Интеграция деген ой пікірлерді үйлестіруді білдірмейді.

Төртінші билікке” қарсы шабуыл.

Бұл енді Украина туралы. Тақырыптағыдай мақала “Труд” газетінің 20 наурыздағы 1996 жылғы санында жарық көрді. Ол шытырман оқиға секілді басталды: “22 ақпан күні сағат 11-лер шамасында Одесса телекомпаниясы “Риактың” төрағасы Игорь Розов үйінен шықты. Оған бетперде киген үш адам жабылып, темір арқанмен ұрып тастаған”.

Факт фактімен, ал көрініс көптеген журналистерге жасалған қастандық болып отыр: “Одесса журналистерінің соңынан шынымен де көптеген қастандықтар жасалуда. Қысқа мерзімде “Кешкі Одесса” газетінің редакторы Борис Деревянкоға қастандық жасалса, сол газеттің тілшісі Сергей Лебедевті атқан, оқ диктофонға тиген, содан тірі қалған. Игорь Нещеретный, Игорь Плисюк, Сергей Осташкоға қауіп төнген еді, енді кезек Игорь Розовқа да жетті”.

“Төртінші билікке қарсы шабуыл” мақаласының авторы қала мэрінің сөзін келтіреді: “Оде ссаның мэрі Эдуард Гурвиц телевизор экранынан “оппозициялық газеттерге көзқарасыңыз қалай?”, дегенде: “ит үреді- керуен көшеді”. Жынданса-атып тастаймыз, өлсін, бұдан басқа не айтамыз”,-деп жауап берген.

Украина журналистер одағының облыстық хатшысы: “әрқашан бізбен не істейтіндерін ескерте беретін қауіптер бар”-дейді.

Персона Нон-Грата

Ресей журналистері бұрынғы одақ республикалары туралы жазғанда әспеттеп жатпайды. Мысалы, Қазақстандағы қазақтар мәселесі жайлы, немесе орыс тілділер мен немістердің көшуі туралы жақ ашпайды. Немістердің көшуі Ресейдегі жағдайға ұқсас. Орыс тілділер Қазақстанда миллионды құрайды. Казактар да құрметке ие. Алайда, “отқа май құюшылық” ресейлік газеттер еншісінде қалып отыр.

Бірақ, Мәскеу басылымдарында бұл көріністер басқаша сипат алды. Бұған асығыстық танытпау керек. Өйткені фактілер немесе “кішкентай деректер’ шын мәнінде бар ғой.

Түркменстан мен Өзбекстанда орталық газет тілшілеріне шыдамсыздықпен қарайды. Валерий Выжутович үлкен шешім шығаруға дайын: “Демократиясыз тәуелсіздік, бостандықсыз тәуелсіздік-бұдан артық қауіп бар ма ?” Бұл орынды айтылған сөз. Ал енді елестетіп көрейікші бұл сөзді Мәскеу журналисі Өзбекстан туралы айтқан жоқ, керісінше, өзбек Ресей туралы айтқан еді. Бұл ойланбай айтқан сөз емес пе ? Неге Ресей газеттерінің тілшілері басқа республикаларда міндетті түрде орыс ұлтынан болып келеді ? Әлемдік тәжірибе бойынша: аймақтық жаңалықтарды аймақтық журналист жазу керек емес пе ?

Егер Выжутович бұл сөзді еститін болса, оған міндетті түрде жауап берер еді. Негізінде ол бұл мәселе жөнінде хабардар. “Содан бері ол елге келуге тыйым салынған тұлға ретінде қалды. “Известия” қазір Өзбекстанда мүлдем таралмайды. Ал Мәскеуде өзбек басылымдары жарық көре ме? Ресей астанасында өзбектер аз ба? Неліктен ? Бұл олардың да астанасы болған жоқ па? Неге Лондонда пәкістандық газет шығарылады ?

Көрдіңіз бе , сұрақтарға жауап жабайы әрі тұрпайы естіледі. Куба “Вашингтон пост” газетін қайта баспайды ғой”.

Егер шындыққа көз салсақ, Өзбекстандағы меншікті тілшілер жағдайы басқа елдерге қарағанда өзгеше. Мысалға Қазақстанмен салыстырсақ, немесе Қырғызстанмен “Комсомольская правданың” тілшілік бөлімі жабылып қалды. Қысым көргендіктен “Рейтер” мен “Франс Пресс” –тің ортаазиялық бюролары Алматыға көшіп келді. Өзбекстанның өмірі туралы бұрыс мәлімет таратқаны үшін американдық тәуелсіз журналист Стив Левиді елден шығарып жіберді.

Тағы бір ескерту жасағым келеді. Ресми түрде Алматы мен Орталық Азия бюросы деп жазылады. Орта Азия емес, орталық. Тіпті орташа деген сөз де кездеседі. Выжутович Қытай орталық империя деп жазсын.

Ал Өзбекстан тек өзінде ғана емес, Ресейде де тәртіп орнатуды қалайды. Белгілі болғандай Республиканың Сыртқы Істер Министрлігі Ресей әріптестерімен болған келіссөзде Ресей мен Өзбекстан тіркеуден өтпеген журналистердің жұмысына тосқауыл қоя алады.

Выжутовичтің ойынша, Өзбекстанда нені түсіруге болады деген қөзғарастарын ұстанады дейді: “Жақында Ресейден екінші арна телетобы Ташкентке келді. Олар қонақүйге тіркелейін деп жатқанда азаматтық киім киген екі адам келіп “Жүріңдер” деп бұйрық береді. “Қайда?, Не үшін? Қандай құқықтарың бар?” деген сауалдар қойып, біраз әңгімелескен кезде әлгі екеуі ұлттық қауіпсіздік комитетінің адамдары екенін таныстырады да тергеуге ала бастайды. Не түсіруге келдіңдер ? Кімнен рұхсат алдыңдар? Көп тартысқан соң тек “жақсы” жақтарын түсіруге болады деп, телетоп елден кете-кеткенше бақылауда жүреді,”-дейді. Ал Қазақстанда ,әрине, мұндай жағдай болған емес.

Ресей басылымдары бұл жөнінде жазып жатқан жоқ. Дәл Орта Азияның басқа мемлекеттеріндегідей қысым жасалып жатпаса да, Выжутович өз дегенін қоймайды: “мұнда тәуелсіз баспасөз жоқ”, “Енді орыс мәдени орталығының газеті- “Вестник культуры’ газетін жапты”-дейді.

Мүмкін танымал журналистің кейбір айтқандары шектен тыс кетуі мүмкін. Бірақ мынаны білу керек: “Дастархан ақпаратты қорғау тәсілі деп айтсақ болады, “өсек” пен “ғайбат” сөздерден тазарту шарасы. Гаи автокөлігі арнайы кортежді баратын жеріне дейін бақылап жеткізіп салады. Оңға бассаң да, солға бассаң да арнайы бағыттағы зонадан қашу жоқ”.

Бәрі жақсы болғанымен, басқалардың көкірек көтеруі бәрібір білініп тұр.
Ақпарат және жарнама.
Теоретиктер жарнаманың мәні туралы айтыс-тартысқа түсіп жатқанда “Ньюс интернэшнл” және Англиядағы “Таймс” газеттері бірлестігінің қожайыны мультимиллионер Руперт Мэрдок “бағалар соғысы” деп аталған атау енгізді. Яғни ол “Таймстың” өзіндік құнын 45 тен 30 пенске түсіріп жіберді.

Бұл операцияның мақсаты не болды? Біреулер оны газет нарығындағы бәсекелестіктің дамуына әкеп тірейді. Бұған 1986 жылы ашылған “Индепендент” газетінің тез қарқынмен дамуы дәлел немесе бұрынғы “Дейли” телеграфпен” бәсеке деп айтуға болады. Бір жағынан “Таймстің” тиражының өсуіне де байланыстырады. Алайда бір уақыттары “Дейли телеграф” басылымының 1994 жылғы тиражының төмендеуі британдықтар үшін күтпеген жағдай болды. Басылым 1 миллион данаға дейін құлдырады. Бұл басылым тарихында кездескен алғашқы оқиға болды.

Бір қызығы австралиялық магнат Рупер Мэрдок Англияның барлық басылым нарығын жаулаған еді. Ал “Дейли телеграф” газетінің қожайыны 90 жылдары канадалық Конрад Блэк болды.

Ол газеттің жарнамасыз болмайтындығын бірден ұққандардың бірі. Сондықтан канадалық магнат “Дейли телеграф” газетінің сатылу бағасын 50-ден 30-ға дейін төмендетті. Бұл уақытта ол, “Чикаго сантаймс” атты америкалық басылымды сатып алды. Яғни ол енді өндіріс бағасын да арзандату үшін Блэк “Дейли телеграф ” пен “Дейли экспресті” бір полиграфиялық орталықтан шығаруды жөн санады. Бұл екі басылым шикізат өнімін үнемдеу үшін қағаз сатып алуды да және газетті таратуда да бірігіп қызмет етті.

“Рупер Мэрдок Таймсті” 20 пенске дейін арзандатты. Ол газет беттерінде әртүрлі ұтыс ойындары мен сыйлықтарды жариялап тұрды.

“Британская печать на исходе века” (М.1995г.) кітабында Спартак Беглов Мэрдоктың “Таймс” газетіне байланысты ұстанып отырған мақсатын жан-жақты түсіндіруге тырысқан. Яғни, мақсат жарнамаға байланысты.

Сондай-ақ Мэрдоктың корпорациясы “Ньюс интернейшнлдің ” мықты қарқынмен дамып келе жатқанын қуанышпен жеткізді. 1994 жылдың екінші жартысында оның газетінің таралымы 12 пайызға дейін өсіп, жарнамадан 15 пайызға дейін табыс тапқан. (32-б)

Мэрдок “Таймсты” ең соңғы үлгідегі басылым ретінде көрсеткісі келді. Бұл деңгейді ол жарнама үшін қолданғысы келді. Ежелгі басылымның бағандарында түрлі-түсті жалаулаған жарнамалар басылып тұрды.

Ал Францияның жарнама ісінде оны жинауды, өндірісте таратуды, жарнама орталықтары арқылы іске асыруды жөн санайды.

Бұл процесте жаңалық ашушы Жильбер Гросс болып саналады. Ол жарнама берушілердің бюджетін біріктіріп, өте тиімді тарифке қол жеткізді. 1995 жылы жарық көрген “Печать Франций ” кітабында Л.В. Шарончикова мұндай үйлесімділіктің тиімді жақтарын ашып көрсеткен “Тиімді тарифтерді ұсыну арқылы бұл орталықтар жыл бойы кепілді тапсырыстарды алып отырады, тіпті жылдың өзгеріп отыратын 4 мезгіліне қарамастан жұмыс қызу жүреді десе де болады.” Тарифті төмендету ешқандайда оғаштық танытпайды. Сондықтан, көптеген басылымдар мен студиялар жарнама бағасын күрт төмендету арқылы жарнама берушілерден кепілдік алады.

Мамандардың айтуынша, коммерциялық телеарналар өз арналарынан арзан бағамен жарнама таратуға мүмкіндік туғызды. Егер 100 пайыздық өлшеммен есептесек, бесінші канал 1989 жылы жарнама бағасын 79 пайызға, ТВ-75 пайызға, ТФ-1-22 пайызға, арзандатты. Есесіне жарнамадан түскен қаржынының бір бөлігі телеарнаның қажеттілігіне жұмсалды.

Бұл орталықтар телеарналарға қатаң қабақ танытуы да мүмкін. Мәселен Карат атты орталық арна - Плюс пен Афинаж Жиродиді қаржыландырмай қойды.

Қазір батыста осындай экспанциялар кең етек жаюда. Бұл ұлтаралық бірігуге әкеліп тіреуде. Мәселен Британ корпорациясы Иджис француздық Карат-эспас тобының акциясын сатып алды.

Есесіне Карат компаниясы Иджистің 29 пайыздық акцияға ие акционері болды. Бұл ағылшын мен француз корпорацияларының алғаш рет бірігуі. Бертін келе Карат өз акциясын тағы бір француздық Гавас-Евроком фирмасымен бөлісті. Карат нарықтың 25 пайызын бақылайды. Ал Гавас жарнама нарығының 20 пайызын құрайды. Олардың топтасуы бағаның ұлғаюына әкеледі. Сондықтан олардың бірігіп жасаған операциялары 1986 жылы құрылған Бәсекелестік жөніндегі кеңестің назарын өздеріне аударған. Мұндай британ-француздық топталу әдісі орталық батыс жарнама нарығын жаулап алмақ.

“Рейтер” ағылшын телеграф агенттігі саяси және экономикалық ақпаратты тарату арқылы қаржылық қиындық көрмесе, Францияның Гавас телеграф агенттігі жарнама арқылы қаржы тауып отыр.

90-жылдардың басынан Гавас жарнамамен айналысқанның арқасында 1993 жылдан бастап тауар айналымы 35 миллиард франк көлемінде болған. Бұл алдыңғы жылға қарағанда 24 пайызға өскен. Оның 30 пайыздан көбі шетелдерден түскен пайда.

Гавас агенттігінің тарихы 1826 жылдан басталады. Венгриядан шыққан Шарл-Луи Гавас шетел газеттерін аударатын бюро ашады, бұл бюроны Франция баспасөзі пайдаланады. 1835 жылы бюро Гавас агенттігі деп аталады. Мемлекет 1941 жылдан бастап Гавастың капиталына қатысып отырады. 1961 жылы агенттік жекешелендіріледі. Мемлекет агенттік капиталына қатысуын 74,26 пайыздан 57,59 пайыз қысқартады. Одан кейін 50, 26 пайызға дейін төмендеткен.

Телевидение мен радио, баспасөзден түскен ақшадан бөлек Гавас үшін жарнама негізгі қаржы көзі болып қалды. Гавас Франция жарнама нарығының 20 пайызын қолында ұстап отыр.

БАҚ үшін бұл үлкен билік, ол жарнаманы кез-келген керекті басылымға жариялай алады, керексізін бермей қоюы да мүмкін. Немесе басылымның бедеріне әсер етуі мүмкін. Гавас өзінің жарнамасында бәрін келістіреді: жарнама тасушылар, жарнама жасаушылар, жарнама берушілер. Гавас жарнаманы өзінің басылымына жариялайды. Бәсекелестерден озып тұрғаны сол-Гавас оқырмандарға тегін газеттер таратады.

Гавас тобы үнемі жаңаша бір нәрсе іздеп жүреді. Сондай-ақ жаңалықтың бірі-телевидения ғасырындағы жарнама щиттері пайда болды. Адамдар көп уақытын көшеде өткізеді. Яғни , жарнама афишаларының әсер етуі мүмкін. Гавастың филиалы Миллс энд Аленмен бірігіп, осы мәселені көтереді. Европостер компаниясын құрды. Бұл жарнама афишалары мен щиті нарықты жаулап алудың бастауы болды. Европостер өз жұмысын испан, португал және итальян нарығында бастап кетті.

1992 жылы Францияда баспасөзден түсетін кіріс төмендеді. 1991 жылы жарнамадан түскен кіріс 1, 69% ал, 1992 жылы 18, 4 пайыз, 1993 жылы 15 пайыз төмендеді.

Көптеген газеттер өзін ақтай алмай жабыла бастады. Оған “Фигаро” да кірді. Бірақ бұл көнеден келе жатқан газет тығырықтан жол тапты. Ол қосымша беттер шығара бастады. “Фигароның” жетіспеушілігін оның қосымшалары “Фигаро мадам” журналы мен “Фигаро ТВ” жауып отырды.

Қосымшалар 1978 жылдан бастап шыға бастады. Бұл ең алдымен иллюстрациялық “Фигаро магазин” журналы болды. 1980 жылдан бастап екі жаңа қосымша : “Фигаро ТВ” мен “Фигаро мадам ” айлық журналы шыға бастады. Фигароның дәл осы қосымшалары оның тұрақты таралуына ықпал етті. Басылымның жоғары сапасы жаңа жарнама берушілерді тартты. Жарнамадан түскен кіріс өсе берді. “Фигаро магазинде ” кіріс 1979 жылы 61 миллион франктен, 1981 жылы 120 миллион франкке жетті.

Мемлекет дотациясымен пайда түсірмейтін басылымдарға көмек береді. Тіпті «Юманите» газеті сияқтыларға. Мемлекеттік көмек ұлттық күнделікті газеттерге, жалпы және саяси ақпараттық газеттерге, ешқандай табыс көрмейтін (таралымның сатылуы, жарнама, оқырман қайырымдылығы, мемлекеттік көмек) басылымдарға беріледі. Француз баспасөзіне қатысты ерекшелік- нақты сандар кіріс туралы жыл сайын жарияланып тұрады. 1991 жылы мемлекеттік көмек 10,6 пайызды құрады. 1992 жылы ол 9,2 пайызды құрады. Бұл жалпы жетімсіздікті жойған жоқ. Оны «Юманите» газетінің жексенбілік шығарылымы азайтты. 1992 жылдың өзінде одан түскен кіріс 5 миллион франкке жетті. 1993 жылы «Юманитенің» таралуы 10 пайызға көбейді. Сонымен тираждың өсуі жарнаманың көлемін ұлғайтуға сәйкес келді. Сондай-ақ жарнама бағасы да көтеріледі. Газеттің шығыны иллюстрациялық қосымшаның кірісімен жабылды.

Жарнама ісі ұлғайтылып біріктірілуде. Жарнама берушілерді табу мен оны дайындау, тарату орталықтандырыла бастады. Бұл жарнама берушілер үшін оның бағасын түсіруге алып келді. Бағаның төмендеуі газет пен телевидениенің қызығушылығын арттырады. Мұндай жағдайдың минустары да бар. Өйткені орталық өз көзғарасын жүргізеді. Бұл әрине, жарнаманы қымбаттатады. “Караван” сияқты ірі басылымдар монополизацияға ұшырайды.

Жарнама ақпараттың характеріне әсер етеді. Сондықтан да жарнама сипатын ойлап табу керек. Бұл жөнінде 1989 жылы 5-ші мамырда қабылданған шекарасыз телевидение туралы Европалық келісімде айтылады.



Жалпы ережелер.

  1. Кез-келген жарнама дұрыс әрі тура болу керек. (Бізде мұндай талап жоқ. Сондықтан да көптеген газеттер оның үстіне тегін қосымшалар “Комсомольская правданың ” “ Вабанк” қосымшасында мынандай ескерту бар: “Жарнаманың туралығына жарнама беруші жауап береді. Редакция үнемі тексере бермейді ”-деп жазған. )

  2. Жарнама тұтынушыларға зиян тигізбеуі, әрі олардың қателесуіне жол бермеу керек.

  3. Балаларға арналған және балалар пайдаланатын жарнамада олардың көзғарасына зияны тимеуі керек (Кейде тек балалар емес, үлкендер де жарнамадан зиян шегіп жатады. )

Ұзақтығы


Жарнаманың ұзақтығы күндізгі уақыттағы таралымның 15 пайызынан аспауы керек.

Жарнама ролигінің ұзақтығы берілген уақыт аралығында бір сағаттың 20 пайызынан аспау керек.




Формасы мен берілуі


1.Жарнама анық әрі нақты берілуі керек. Яғни басқа бағдарламалардан оптикалық және акустикалық жағынан ерекшеленіп тұруы қажет. (Өкінішке қарай, Қазақстан телеарналарындағы жарнама басқа бағдарламалардан бөлек берілмейді. Кейде фильм көрсетіп отырып, жарнама қосыла кеткенін байқалмай, фильмнің жалғасы сияқты болып кетеді.)

2. Техниканың кейбір қырларын пайдаланып түсірілген жарнаманы беруге тиым салынады.(24 кадрлі фильмнің арасында стакандағы көпіршіген суы бір кадр жапсырылады, ол секунд бойы көрсетіледі. Көрермен оны түсінбей қалуы мүмкін. Бірақ кинотеатрдан шыққан соң, ол газды су сатылатын дүңгіршекке асығады.Мұндай адамның санасына әсер ететін жарнамаға тиым салу қажет.)

3. Жасырын жарнама, әсіресе өнімнің бейнесін бағдарлама барысында жарнамалау мақсатында түсірілген жарнамаға тиым салынады.(Бүгін де мұндай жарнамалар төленген бе? “деген сұрақ туындайды”. Егер жарнама төленген болса, онда дилер оның бағасының 10 пайызын алуға болады. )

4. Жарнамада үнемі ақпараттар бағдарламасында не актуальді саяси оқиғалар хабарында, немесе жаңалықтарда шығып жүрген тұлғалар ( түрі, даусы) жарияланбауы тиіс.


Жарнаманың қосылуы.

  1. Жарнама бағдарламалар арасында қосылады. Жарнама бағдарламалар ішіне қосылуы мүмкін, егер де телерадиотаралымына, хабардың бүтіндігіне , жалпы байланысына зиянын тигізбесе.

2, 3,4 Бұл пункттерді өткізіп жіберуге болады.

5. Шіркеу, мешіт қызметінен көрсетілім кезінде жарнамамен бөлуге болмайды.




Кейбір өнімдердің жарнамасы

  1. Темекі өнімдерін жарнамалауға тиым салынады.(Бізде кешкі 11-ден кейін болады)

  2. Алкагольді ішімдіктерді мына ережеге сәйкес жарнамалауға болады(Оларды атамай-ақ қояйық, бізде оған мүлде тиым салынған)

  3. Дәрігер рецептімен берілетін дәрі-дәрімектерді жарнамалауға тиым салынады.

  4. Тек дәрігер жазып беретін медикаменттерді жарнамалауға тиым салынады, (Олар туралы келтірілген деректер шындыққа жанасуы керек. Оның салдарынан адамдар зиян шекпесе болғаны).

Бір-екі жыл бұрын жарнаманы журналистің ісі емес деп қараушы едік. Бүгінде жарнама –бұл өнер. Оның ақпаратпен қатынасы ол туралы көп білуді талап етеді.
Қилыбаев пен Бекмамбетовтың клиптары.

Мәскеудің ең таңдаулы видеоклиптерін Тимур Бекмамбетов пен Бақыт Қилыбаев жасаған екен. Жай ғана клип емес, клиптер топтамасы. Жай топтамасы ғана емес, тақырып жағынан көп сериялы туындыны дүниеге әкелген.

Бүгін де оларды “Кіші кино” деп атаса, ол туралы мақалалар “Искусство кино” секілді белгілі басылымда жарық көруде. Мысалға 1996 жылғы I-санында Тимур Бекмамбетов “Біз жарнаманы киноға айналдырсақ”, Светлана Бушуева “Біз жағадамыз”, Ирина Мягкова “Еңбегі сіңбеген бауырдан саған сәлем, халқым”, немесе Б. Қилыбаев “ Мен және Лена Голубков-басқалар сияқты біз де сондаймыз,” 1995 жыл “Кино өнер” журналы (N1)

Жуырда ғана оларды Ресей мойындамаған еді. Қилыбаевтың табысына көрермен риза болғанмен, кәсіби мамандар аудиториясынан өтпей қалды. 1994 жылы оны жарнама фестиваліне де жібермей қойды.

Қандай ғажайып роликтер ? Біз олардың бәрін білеміз. “Әлемдік тарихтың” режиссері Тимур Бекмамбетов пен Лена Голубков, Бақыт Қилыбаевтың сериясы. Тимурдың атына Лена Голубков былай деді: “Бүгін де кінәліні іздесек, телекөрерменнің көз алдына оны “бірінші бастаған адам” келеді. Бақыт Қилыбаевтың артынан бекерден –бекер басқа еңбектің авторлары да жүрмейді ғой. Олар Қилыбаевтың дәрежесіне жеткізгісі келгенмен, дәл ондай бола алмады” ( “Кино өнері”, 1996 жыл 181-бет. )

Саяси-көркем пікір: “Қилыбаев қандай елде тұрып жатқанын түсінген емес, оның еңбегі алысқа алып баратын мақсаттарға жетелейді. Ол өз кейіпкерлерін еркін кәсіпкерлікпен айналысу мүмкіндігі бар екендігіне сендіреді, сол арқылы көрермендерге де сол өмір салтын ұсынды. Бір мағынада ол кезінде билікке Гайдар келгенде жасайтын жұмысты жасағысы келетін секілді. Көптеген әріптестерінен оның айырмашылығы- жарнама өнері көпшілікке арналған деген көзғарасты ұсынды”(Сонда жазылған.)

“Әлемдік тарих” жарнама сериалдарындағы Леня Голубков, қазақ Тимур Бекмамбетов пен Бақыт Қилыбаевтың сөз тіркестері бүгінде ауыз әдебиетіне айналды. “Күтеміз!” “ Әлемдік тарих. Империал Банкі,’’ “Қарашы, алдамапты!”, “Апатай-ау, ораза ғой! Бірінші жұлдыз шықпағанша болмайды ғой!” , “Александр Васильевич Суворовқа жұлдыз!” Мұндай сөз тіркестерін ұран-сөз дейміз.

“Қатпар-қатпар шоколад қабаты”, “ Ерекше керемет нәтиже”, “Еркектерге мұнан артық ешнәрсе жоқ”. Ұран сөз- бұл кодттық мағына беретін сөздер. Яғни “тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні”.

1992 жылы Мәскеуде он шақты жарнама агенттіктері құрыла бастады. Олардың есімдері американдырылған еді. “Видео интернейшнл’ , “Премьер СВ”, “ Арт-Пикчер”, “Ред Видео”. Олар сол кезде аңғарылмаған еді, бүгінгі күнгі шындық үлкен имидж үшін жасалып жатқан дүние екенін түсінбеді.

Тимур Бекмамабетов Империал банкі туралы жарнама ойлап тапты. Онда пайыздық-дивиденттерді еске түсірмей-ақ әрбір көрерменге қымбат сыйлық дайындайтын демеуші ретінде көрсетті. Көрермендер “Әлемдік тарихты” сүйіп көретін болды. Сондықтан да банктің басшысынан “Әлемдік тарихты” қанша уақыт жалғастыруға дайынсыздар? деп сұрағанда, ол “Әрқашан”-деп жауап берді.

Тимур Бекмамбетов жарнаманы киноға айналдырды. Жарты минуттық роликтерге белгілі актерлерді тартты. Оның “Темірланы” мен “Ұлы Петрде ” Смоктуновскийдің даусын сөйлетті. Тимур Смоктуновскийге: Сіздің ойнаған фильміңізді жылына бір-ақ рет көрсетеді, ал жарнаманы күніне жүз рет көрсетеді”-деп үгіттеді.

Суворов туралы ролик-халықтың ең сүйіктісі. Ол ролик, ең жай ырғақта жасалған. Бір планның ұзақтығы 4 секундтан тұрады. Ол көрермен алдында санасына сіңетіндей етіп жасалды. Ұлы Екатерина Суворовтан үлкен болған. Ал роликте Суворов қартаңдау да, Екатерина жас әйел боп түсірілген. Халықтың санасында да олар осы жаста кездескендей қалыптасады.

“Әлемдік тарихты ” түсіргенше Тимур Мәскеу энергетикалық институтынан шығарылған еді, Ташкенттегі театрда жұмыс істеді, Мәскеу киносында суретші ретінде “Пешаварлық вальсті” түсірген еді. Ал жарнамаға ол, сол суретшілік таланты үшін алынған болатын. Бекмамбетов батыстық клиптарға еліктеген жоқ, ол өзінше, басқаша ойлады.

Қилыбаев халық ертегісін таңдады. Көрермен жарнаманы бірден тануы үшін емес, оның жалпы мәнінің көлеміне назар аударуы керек еді. Сыншылар алдында мұны түсінбеді, аудиторияның талғамын тәрбиесіздікке алып келеді деп қабылдаған еді.

Алайда тұрмыстық шындыққа жанаспайтын кейіпкерлермен оқиғалар өзінің көркемдік шындығын аша түскендей, дәл фольклорлы мифологиямен байланысты. Халық “өтірік” ертегіні шындай қабылдады. Леня Голубков-Емелей де кезекте тұрған оралымсыз, ебедейсіздің рөлін ойнап шығады. Леня -Емеля өзінің ғажайып тудыратынына сеніп қалғандай.

“Әлемдік тарихты” ертегі өмірімен салыстыра келіп, киносыншы Светлана Бушуева Бақыт Қилыбаевтың жағына шығады: “Шын мәнінде Қилыбаевтың сериалы театрландырылған, ал Бекмамбетовтың “театры” ол жай әсерлі тірі көріністер” ( “Кино өнері”, 1996, 1, 186 бет.) Оның айтуынша, бұл орыс жарнама тарихында кездесетін сирек құбылыс деп баға береді.

Тимур Бекмамбетов пен Бақыт Қилыбаевтың клиптері телеаудиторияға тек жарнама ретінде ғана емес, сонымен қатар көркем дүние ретінде қабылданды.


Қазақстандағы жарнама

Қазақстан БАҚ-ы жарнамасыз әрі ақшасыз тұншығып барады. Жарнама аз мөлшерде ғана беріледі. Оның бағасы да жетісіп тұрған жоқ. Әрі жарнама агенттіктері болмағандықтан, әрбір бұқаралық ақпарат құралы өзінің жеке жарнама бөлімдерін ашып, жарнаманы тарату, оған жарнама берушіні іздеу және оны дайындаумен өздері айналысады.

Тәуелсіз жарнама агенттіктерінің жарнама уақытын толығымен сатып алуға қаржысы жетіңкіремейді. Әйтпегенде бүкіл жарнама алаңын сатып алып, редакцияны мұндай жұмыстардан арылтар еді.

Сондықтан да редакциялар мен телестудиялар бағаны, яғни жарнама уақытының 1 минутын 30 долларға түсіруге тура келді деп шағымдануда. Бұл жарнама берушілердің жағынан тонау деп айтса да болады. Мәскеу баспасөзінің бағасы одан әлдеқайда жоғары. Әлемдік бағаны айтпасақ та болады, онда бір минуты 60 мың доллардан төмен емес.

Алматыда күмәнді сападағы жарнама роликтері 200 ден 2 мың доллар көлемінде болады. Мамандардың айтуынша, орташа сапалы жарнамалық ролик біз де 8 мың доллар тұруы керек. Ал Мәскеуде 30 мың доллар болмаса, жарнама ролигін жасауға кіріспейді де.

Қазақстанда жарнама туралы заң да жоқ. Тек өз пайдасын ойлайтын агенттіктер мен жарнама агенттері бар, олар күні бүгінге дейін өздері ойдан шығарған бағалар жүйесінде жұмыс істейді. Көптеген редакцияларда жарнама жағы дұрыс ұйымдастырылмағандықтан көп ақшаны желге ұшырып отыр.

Міне, сондықтан да 1996 жылы 16-шы тамызда 40 аймақтың жарнама агенттері Қазақстан Жарнама Ассоциациясын құрды. “Деловая неделя” газетінің 30-шы тамыздағы санында осы жөнінде үш мақала жарияланды. Ассоциацияның басшысы ретінде Дариға Назарбаеваны таңдапты. Газет дәл осы үміткер жөнінде айтып кеткен. “Жарнама бизнесінің өкіл әкесін бір ауыздан сайлағаны анық байқалды”, “Қажет емес БАҚ-барлығы енді қаржылық ауаны жібермейтін жаңа тығынға тірелетін болды”. Сайлаудың себебі де бекерден-бекер емес. “ Мұндай фамилиямен, оның үстіне киелі отбасының мүшесі ретінде үлкен нәтижеге жету жолында немқұрайдылық танытпайды деп ойлаймыз. Тәуелсіз БАҚ-ң көзғарасы сапалы деңгейге көтеріліп, бұл жобаның болашағы ұзаққа барады деген үміт жоқ емес”.

Бүгінде жарнама туралы заң бар. Заң, Ресей түпнұсқасының көшірмесі десек болады, ал Ресейдің өзі неміс заңынан көшірген. Жобада жарнаманы жариялау көлемімен уақытының ережелері жоспарланған. Олардың ішінде : теле және радиобағдарламадағы жарнама көлемі бір тәуліктік көрсетілімнің 25 %-нен аспауы тиіс, ал, басылым бетінің бір санының көлемі 40 пайыздан аспауы керек. 60 минуттық ұзақтығы бар бағдарламаны жарнамамен екі реттен артық бөліп беруге болмайды. Кішкентай балалар хабарлары мен діни бағдарламаларда жарнама беруге болмайды.

Бұл талаптардың көпшілігін жүзеге асыруға болады. Егер балаларға арналған хабарлар мен діни бағдарламаларға жарнама бермейтін болса, олар қандай ақшаға жасалмақ ? Бұл жағдайда ондай бағдарламалардың эфирден жоғалып кету қаупі тумай ма?

ТВМ-дегі “Вместе” балалар хабары жарнама берушілердің арқасында қаржыландырылып келді. Жүргізуші Татьяна Рау әуенді байқау бағдарламасында сөз арасында балаларға қажеті заттар деп жарнама беріп қояды. Осы жарнаманың арқасында ТВМ балалар бағдарламасына бейнекамерамен монтажды жасауға бір сағатты сатып алып отыр.

Жарнама көп болмағандықтан, бағдарламада ең арзан тәсіл арқылы яғни тікелей эфир арқылы көрсетілуде.

Жарнама туралы заң жобасында көркем фильмдердің арасын үзіп жарнама беруге болмайтындығын талап етуге фильм иелерінің қақысы бар. Телекөрермендердің құқы бар емес пе ? Олар фильмді дұрыс көргісі келеді емес пе? Осындай талаптар болғандықтан да он шақты “Қазақфильм” туындылары телевизордан көрсетілмей отыр. Мемлекет осы туындыларға үлкен қаржы бөлді.

Бүгін де режиссерлер фильмнің жалғыз нұсқасын сейфтеріне тығып, олар ақша келетін күнді күтіп отыр. Бұл фильмдер қазақ тарихы мен музыкасына, поэзиялық шығармаларына арналып жасалған.

Заңда жарнамаға танымал спортшылар мен әншілерді, кино мен театр актерлерін тартуға болмайды делінген. Бұл дегеніміз, нағыз таланттар жұмыссыз қалады деген сөз емес пе? Мәскеу телеарнасынан көрсетіліп жатқан фильмдерді не істейміз? Олардың басында және аяғына қазақстандық жарнама беріледі.

Ал егер кешкі сағат 11.00-ден кейін темекі өнімдерін жарнамалап жатса не істейміз? Ресей заңдары бойынша, темекі мен ішімдік өнімдеріне жарнамаға мүлде тиым салынған.

Қазақстанның жетекші жарнама агенттіктерінің есебі бойынша, баспасөзде бүкіл жарнаманың 55 пайызы беріледі екен. Ал журналдарда жарнама мүлде қолданылмайды. Салық жүйесімен қаржыны алдын-ала төлеп қою мүмкіндігіне байланысты жарнама агенттіктері баспасөзден гөрі жарнаманы телебағдарламаға берген әлдеқайда тиімді дейді. Бүгінгі күні апталық айналымда теледидардағы жарнама орташа есеппен 7-8 мың долларды құрайды. Бұл жаман емес.

Қымбаттығы жағынан сыртқы жарнама теледидарға жол бермейді. Қазақ тіліндегі мәтін міндетті түрде щиттің алдыңғы бетінде орналасуы керек.

Ресейде жарнамаға миллиондаған доллар жылдық бюджеттен бөлінсе, бізде ондаған мың доллар ғана бөлінеді.

Қаңтардың басында жарнама берушілер теледидарға белсенді жарнама берсе, газеттерге аз беріледі. Одан кейін жайлап теңдесе береді. Наурыз айында өсу көбейеді де, сәуірде жоғарғы шегіне жетеді. Жазда жарнама көлемі бір жарым есеге түседі. Күзде жарнама көлемінің өсуі қайта басталады.

“Казахстанская правда” газеті редакторының бірінші орынбасары болып жүріп, кез келген мақалада аз да болса жанама жарнамалық элемент бар екеніне көзім жетті. Очерктердің өзі жарнаманың қызметін атқарады. Жарнама агенттігінен емес, мемлекет пен редакция автор жарнамасы үшін ақша алады.

“МИР”-дегі А. Белканова осындай жанама жарнама үшін жүгіріп жүрген жоқ па? “Коммерциялық материалдарды олардың коммерциялық екенін байқатпай дайындау керек. Қазақстанда бір зауыт директоры туралы жақсы материал дайындалған. Ол “Біз және нарық” бағдарламасында көрсетілді. Ол үшін ақша алғаны да байқалып тұр”-дейді. (Ветер, М.1996 жыл,65-бет) Және тағы да : “Өздігінен қаржыландыру, яғни Гүлжан Ерғалиева жасаған Көкшетау облысындағы хабары –коммерциялық негізде дайындалған. Жақсы материал. Көкшетау облысында ауыл аймағында керемет үйлер соғылуда. Мемлекетке мақтан болса, көрерменге қызық және бағасы 15 мың доллар тұрады.” Ия, бағдарлама керемет болды. Авторға да ақша төленген шығар.

Мұнда автор кінәлі емес шығар, егер ол жақсы кітап жазып, ол үшін атақ пен ақшаға ие болып жатса неге кінәлауға болады?


Ақпараттың бейнеқатары

Телевизиядағы түсіру техникаларының жетістігі күннен күнге дамып келеді. Ал бұрынғылар ескіріп қала беруде.

Бүгінде фотоақпаратқа қарап отыратын мүмкіндік жоқ, өйткені біздің тұрмысымыздан фотоаппараттар жоғалып барады. Бүгінде ешкім үлкейткіштің алдында отырып, лабороторияларда сурет шығарумен айналыспайды. Тек Шешенстандағы арнайы тілшінің фотосуреттері мен телефон арқылы жіберген жаңалықтары болмаса, слайдттар ұмытыла бастады.

Тек бейнетүсірілімдер ғана қалды. Олар да күннен –күнге дамып келеді. Өткенде ғана республикалық телевидениеде ақпаратты ВХС камерасынан қабылдаушы едік. Видео Хоум жүйесі бүгін де сирек қолданылуда. Көбінесе Алматы мен оның аумағында таралатын жекеменшік арналарда ғана пайдаланады. Бағдарламаларда ВХС камерасымен түсірілген бейнелер алыс қашықтықта көрінбей кететін болды.

“Хабар” телеарнасы тек “Бетакам” камераларымен жұмыс істейді. Оның бейнелері жоғары сапалы. “МИР”-де “Бетакаммен” жұмыс істейді. “Бетакам” керемет болғанымен бірақ, бағасы жағынан штаттан тыс тілшілердің қалтасы көтермейді. Олардың түсірген сюжеттерін тек республикалық телевидениенің техникалық қызметкерлері ғана емес, сонымен қатар Мәскеу және алыс шетел мамандары да қабылдай алады.

Көптеген республикалық телеарналар “Супер-ВХС пен” түсіреді, жаңадан үйренушілерге қол емес. Өйткені, өзінің үнтаспасы, өзінің видеокасетасы, магнитофондарын талап етеді.Ал, түгелін алу тиімсіз, қол жеткізу қиын. “ВХС”-те, “Супер Вхс”-та ,”Бетакам” да үлкен. Бұрын үлкен деп, бүкіл бір бөлікті алатын аппаратты айтатын болсақ, бүгін де мықты бір жігіттің иығына іліне кететін аппаратты айтамыз. Үйренушілерге арналған техника да бүгінде кәсіби және жартылай кәсіби техниканы қуып жетуде.

Алғашқыда кішкентай “ВХС-С” атты шағын камералар пайда болды. “Видео Хоум Систем” үйге арналған жүйе болғанымен өте шағын. Оның үлбірінің ені ВХС-тегідей болды. Бірақ кассеталарының көлемі аудиокассетадағыдай болды.Оны әдеттегі бейнемагнитофоннан көруге болады.

Біраз жылдар өткен соң, ВХС-компакттың орнына “сегіздік’ бейнекамералары келді. Оның кассеталары аудиокассетадай компакт-кассеталар 30-60 минут бейнелерді түсіре алады. Бұл бейнесюжеттер үшін жеткілікті еді. Бірақ қызығушылар армандағандай фильм түсіруге болмайды. “Сегіздіктер” 12 миллиметрден 8 миллиметрге жұқарды. Оның үстіне 90-нан 120 минутқа дейін ұзақтығы созылды. Бұндай ұзақтық мамандарды да, үйде бейнетүсірушілерді де қанағаттандырды.

Ал үйдегі бейнемагнитофонда көрсету жағы қандай ?. Ол енді қажет те емес еді. Өйткені “сегіздіктер” камкодерге айналды. Онда бейнекамера және бейнемагнитофон сапасында біріктірілген еді. Қажетті сымдар арқылы бейнекамераға да , телевизорға да жалғауға болады. Бейнекамералардың өздерінде алақандай телевизор бар.

Бейнемагнитофонның бейнекамералары соңғы үлгіде телевизорға да жаза беретін болды. Мұндай бейнекамералар жеке бейнені телевизорға түсіріп, сонымен қатар телевизордан немесе видеомагнитофоннан кез-келген бейнені жаза беретін болды. “Сегіздіктің ” екі камерасын алып, үй жағдайында монтажбен айналысуға да болады. Стоп-кадр нүктесі бейнелерді монтаждауға мүмкіндік береді. Кейбір бейнекамераларда аппараттың өзінде монтаждауға болады.

Хай-8, яғни “сегіздіктің” жоғарғы сапалы түрі пайда болған кезде қызығушылар Супер –ВХС камерасының сапасынан да артып түскенін байқады. Хай-8, НІ-8-дің бейнелерінің сапасы

“Бетакамның” сапасына жақындай түсті. Олар үй камералары секілді кішкентай еді де, ал бейнелері кәсіби деңгейге жақын болды.

Осындай техникалар журналистің кез-келген жағдайда сюжет жасауына мүмкіндік береді. Қосымша жарықты қажет етпейді. Сондықтан да соңғы жаңалықтарда фотоақпараттар мен киноақпараттарды ғана көрсетуді алып тастап, бүгінде тек бейнеақпараттарды ғана көрсететін болды.

Бірақта, Мәскеу мен Алматы ақпараттар жинағының көрсетілімдеріне назар аударсақ, көпшілігі тек диктордың мәтінімен кетеді, ақпараттар бейнесіз берілуде. Себеп ?

Ең алдымен бейнекамералардың жетіспеушілігі . Олар бір –екі жыл көлемінде қайта істен шығып қалады.

Екіншіден-түсіру бригадаларының жетіспеуі. Оның ішінде автокөліктердің , тілшілердің, дыбысоператорларының жетіспеушілігі кіреді. Алдағы уақытта осы қызметкердің бәрін бір өзі атқаратын тележурналистер пайда болады деген сенімдеміз. Тілші бір уақытта көлік айдап, бейнесюжет түсіріп, оның дыбыс сапасын жақсартып, сонымен қатар режиссердің қызметін атқарса жақсы болар еді.

Үшіншіден, арнайы тілшілер мен тілшілер бөлімінің жетіспеушілігі. Осы себептер коммерциялық каналдардың қолын байлап отыр. Олардың бейнесюжеттерінің географиясы Алматы мен оның аумағы ғана. Бұл себеп “Хабардың” жаңалығын да географиялық пландағы жұтаңдығын байқатады.

“Қазақстан” телерадиокомпаниясының да жағдайы осындай. Олардың барлық облыстарда меншікті тілшілері жұмыс істеп жатқан жоқ. Техникалық жабдықтары кәсіби деңгейдегі бейнеқатарларға сәйкес келмейді. Дайын материалдарды жіберу мүмкіндігі қиындап отыр, ал, ол, оның жеделділігіне әсер етеді.

Осындай себептермен Мәскеу телеарнасының ақпараттық шығарылымдары да географиялық жағынан әлсіз. Орталық телеарнаның күйреу салдарынан бүгінде көптеген агенттіктер республикадағы Ресей қалаларындағы меншікті тілшілерін қаржыландыра алмай отыр. Міне, сондықтан көбісі “Мир” телеарнасының мүмкіндігіне жармасады. Өйткені “Мир” телеарнасында жан-жақты салалы желі құрылған еді. ТМД елдерінің 12-де өз филиалдарын ашты. Барлық филиалдар «Бетекаммен» жабдықталған. Көбісінде екі жақты байланысты ғарыштық антенналар бар. Мықты антенналардың көмегімен филиалдар сол сәтте бейнематериалдарын орталыққа жеткізе алады. Филиалдар Ресейдің көптеген аймақтарында бар. Бүгінде Санкт –Петербург, Қазан, Владикавказдағы филиалдары кавказ аймағын ақпараттандырумен жұмыс істеуде. Осындай дайын мүмкіндікті Санкт-Петербургте шетел 25 % телекорпорациясы да пайдаланғысы келеді. Бірақ Алматы емес. Ал шынында бүкіл Орталық Азия аймағын ақпараттандырумен Алматы айналысуға болатын еді ғой. Өйткені, “Мирдің” Қазақстанда, Қырғызстанда, Тәжікстанда филиалдары бар. Ал Өзбекстан мен Түрікменстанда енді ашылғалы отыр. Осы аймақтардан дайын ақпараттар жинағын даярлауға болады ғой немесе Алматы «бұл мәселені Тәшкент қашан қолға алады екен» деп күтіп отыр ма? “Мирді” ойландырып отырғаны дұрыс шығар. Өзбекстан өз мүмкіндігін пайдаланбай отыр. Бұл жағдай Алматыда да қайталанып отыр. Жамбылдың 150- жылдығына Қырғызстан, Өзбекстан және Тәжікстан президенттерін шақырды. Ал бұл Орта Азиялық оқиғаны тек Қазақстанда ғана көрсетті. Ал осы оқиғаны ең алдымен Орта Азия телеарналарында көрсетуге болар еді ғой.

“МИР”-дің құрылуы да Орталық Азия мемлекеттерінің бірігуіне себеп болуда. Эфирде болса да.

Орталық Азиямен экономикалық жағынан тығыз байланыстағы Батыс Сібір телеарналарын да біріктіруге болатын ба еді, кім білсін?

Осы Орта Азиялық телеарна түрік тілінде жүргізіліп жатыр деп ойлап көрсек, онда Әзербайжан, Татарстан мен Солтүстік Кавказ және Түркияның “Евразия” телеарнасын да біріктіруге болады.

Күнделікті Алматыда Ташкент қауындары мен Түркімен көгілдір отынын тұтынып, біз олардың қалай өмір сүріп жатқанынан бейхабармыз. Біздің арамызда өтпес таулардан түзілген шекара тұрғындай. Қандай жағдай болмаған күнде де “Қазақстан” телеарнасында “МИР-дің” өзіндік филиалы бар. “Хабар да” оның бейнесюжеттерімен өз хабарларын түрлендірсе болады.

Бүгін де көптеген бейнесюжеттер мәтінмен жазылған. Оларды сұхбатқа жатқызып жатады. Бірақ сұрақ-жауабы бар сюжеттің бәрін сұхбатқа жатқызуға бола ма?. Бұл жанрдың қандай ерекшеліктері бар және қандай артықшылығы бар екен?

V.
С Ұ Х Б А Т
Қазіргі кезеңде көрермендер сұхбат жоқ демейді, оның жауабының ұзақтығына кей кезде жауаптар тақырыпқа сәйкес келмей жататынына көңілдері толмайды. Осындай сұхбаттарда жауап берушінің дауысын кадр сыртына шығарып, диктордың сөзі арқылы ретке келтіріп, кейбір нақты жауабын теледидардан көрсету керек.

Сұхбатпен байланысты бірнеше мысалды келтірейік. Саясаткерлермен болған сюжеттер де сәтті бола бермейді. Адамның мағынасыз айтып отырғандарын кесіп тастап, қалғанын репортердің өзіне қалдыруға болады.

Тағы бір мысал: «Грузин саясаткерлерінің сайлау және Ата заң туралы пікірлері мен толқуларының көрермендерге түсініксіз жағдайлары ішінара кездеседі. Саяси күштің құрылымы, халық неден қорқады?»/167 б./ Бұл ескертуден мәскеулік азаматтың өзін жоғары санайтындығын, оның өркөкіректігін аңғаруға болады. Ол ресейлік саясаткерлер туралы былай айтпаған болар еді, ол өзіне де түсінікті. Бұл пікірлер «Крылья. Мемлекетаралық телекомпания» жинағында толық келтірілген. Кейбір жағдайда айтушының әңгімесін күрт өзгертуге де болады.

Тағы да бір мысал. Кейбір сюжеттерден айтқаннан гөрі көп мағына түсінуге болады.

“Картина-синхрон. Демократиялық Ұлыбритания мынадай заң енгізді, яғни террористерден сұхбат алуға болмайды. «Сюжет» және диктордың дауысы, ал синхрон-өте әсерлі. Бұл көріністен Басаевты тыңдап отырып, Буденновскі тұрғындарын айуандықпен өлтіргенін ұмытасың! Маңдайларындағы лентада «Еркіндік немесе өлім» деген жазуы тұр. Тамаша-ақ!”/сонда.172 б./ Міне, саған, Москвалық интеллигенттердің демократиялық ұстанымы! Мұндай пікірлерден террористерге ғана емес, күллі шешен халқына деген көзқарастарды байқауға болады.Міне, осындайлар Жириновскийге дауыс беретіндер. Алайда, әңгіме жанр туралы ғой…

Ол еңбекте тағы бір ұсыныс айтылған. Сұқбат берушіге сұрақ қоюшылар және олардың сұрақтары алдын ала видеотаспаға жазылып ,оның танысуы үшін беріледі. “Жаңа “Бірінші тұлға” деп аталатын цикл ашу жөнінде ұсыныс бар. Оны ТМД мемлекеттері телекөрермендерінің хаттары бойынша дайындау ұсынылады. Сұрақтар жазылған кассетаны алып, сол бірінші тұлғаның баспасөз хатшысына, баспасөз қызметіне немесе көмекшісіне беріп, “кімнің не сұрайтынымен танысып, содан кейін жауап берсін басшыңыз” деу керек. Сонда ғана, бірінші басшының монологы емес, немесе кездейсоқ айта салған нәрсе емес, керісінше тамаша ,табиғи сұқбат болып шығар еді.”/сонда.66 б./

Сұхбат – бұл баспасөзде кең қанат жайған жанр. Радиохабар шықты, одан кейін теледидар, соңынан олардың табиғаты туралы пікірталастар басталды. Сұхбат көптеген жаңалықтарға жол ашты. Радио арқылы берілген сұхбат көп адамдарды таң қалдырды. Газеттерде, баспа беттерінде жаңа рубрикалар жарияланды, яғни белгілі бір адамдармен өткізілген радио-сұхбат олардың қызығушылығын арттырды. 1927 жылғы «Журналист» журналында Е.Дмитриевтің « Радио-сұхбат және радио-арман» мақаласы жарық көрді. Ол бұл мақаласында «Бұл жаңа айдар француз баспасөзіндегі бірден-бір жаңалық, алғашқылардың бірі», деп атап көрсетті.

Сұхбат туралы әртүрлі пікір айтуға болады. Газеттегі сұхбат пен радиодағы сұхбаттың бір-бірінен айырмашылығы жоқ екенін аңғаруға болады. Көптеген теоретиктер сұхбат пен әңгімені теңестіруге де тырысты. Бұл туралы Л.Рукавишникова «Телевизиялық әңгіме мен сұхбаттың ерекшеліктері» атты мақаласында былай тұжырымдайды: «Телевизиялық сұхбат екі әңгімелесушінің арасында болатын әңгіме (жүргізуші мен сұхбат беруші) түрінде немесе бірнеше мүшесі бар ұжымдық қысқа монолог түрінде болуы мүмкін. /101 б./ “Журналистикадағы жанр мәселелері” деп аталатын бұл жинақта сұқбат әңгімелесуге немесе дөңгелек стол басындағы әңгімеге жақындатылған.

Содан бергі өткен отыз жылдай уақыттан кейін де әңгімелесу мен сұқбат жанрларының ара жігі ажырытылмай келеді. Сонымен, олардың айырмашылықтары қандай екен?

Әңгімелесуде – оған қатысушылар бір –бірімен тең түрде пікір, ақпарат алмасады. Ал, сұқбатта жауап берушіден ақпарат алынады.Сұқбатқа қатысушылардың рөлдері мынадай: журналист немесе сұқбат алушы сұрақ қояды, екінші адам жауап береді.


С Ұ Х Б А Т Т Ү Р Л Е Р І


Сұхбат түрлерін сұраушы мен сұралушының көзқарастарына қарай бірнеше түрге бөлуге болады.

Түріне қарай сұралушының сұхбатын 4 түрге бөледі.



  1. сұхбат – көзқарас;

  2. сұхбат – хабарлама;

  3. сұхбат – эмоция;

  4. сұхбат – әлеуметтік зерттеу.

  1. Сұхбат – көзқараста көрнекті, танымал, атақты адамдар қатысады.

  2. Сұхбат – хабарламада жоғары лауазымды, бірақ аты-жөні көпшілікке таныс емес кісілер болады.

  3. Сұхбат – эмоцияға кездейсоқ оқиғаның куәгері, көпшілікке таныс емес адамдар қатысады.

  4. Социологиялық зерттеу сұхбатында жауап беруші тұлға екінші жоспарға ысырылады, жауап беруші бүркеншік атпен де шығуы мүмкін.

Біріншіден –тұлға, екіншіден – қызмет, үшіншіден – оқиғаның куәгері, төртіншіден – бүркеншік арифметиканың орта биіктігі болып табылады.

ТАСС-тың директоры: «Белгісіз адамдарды теледидардан көрсетіп, сұқбат жүргізудің, кездейсоқ әңгімені жарнамалаудың қажеті жоқ»,- деп өз пікірін айтқан болатын. «ТВ –репортер» жинағында сұхбаттың 5 типі берілген.

1. Хаттамалық.

2. Ақпараттық.

3. Сұхбат – портрет.

4. Сұхбат – дискуссия.

5. Сұхбат – сауалнама.

Хаттамалық пен ақпараттық сұқбаттарды біріктіріп жіберуге болады. Сұхбат – портрет пен сұхбат – дискуссияны жанрдан гөрі тәсіл деп қарауға болады. .Сұхбат барысында халықтың сеніміне кірген, көпшілікке танымал адамдардың пікірі қызықтырады. Халық бұл хабарламадан лауазымды адамның сол мәселе туралы пікірін білгісі келеді. Мұндай сұхбатты бедел – сұхбат деп атауға болады. Бұл жағдайды 1100 жыл бұрын әл –Фараби өзінің «Философия трактатында» ескерткен еді. “Осындай беделді адам сұхбат – пікірге де қажет.Олардың пікірлері беделді болғандықтан да тексеруге жатпайды, бірден қабылданады”. Осы замандағы беделді адамдар қатарына Олжас Сүлейменовты, Шыңғыс Айтматовты, Амангелді Төлеевті жатқызуға болады.

«Известия» газетінде «Бірінші беттегі үзінді» рубрикасы ашылды. Мұнда көрнекті қоғам қайраткерлерінің нақты ойлары жазылады. Мысалы: Үзіндіде белгілі саясаткер А.Төлеевтің мына пікірі жазылған: “180 градусқа бірден бұрылыңдар. Мен әрқашанда осы көтеріліске қарсы болдым. Ол Ресейге тек қана зиян келтіреді”. Бұл сөздер Мәскеудегі кабинетте емес, жұмысшылар арасында, пресс – конференцияда Кемерово қаласында айтылған.

Теледидарда «қосақталған» сұхбат қолданылады.Оған бір-біріне кереғар пікірдегі екі адамды қатыстырады. Оған телекөпірлерді алуға болады. Бұл бағдарламаға қатысушылар әр қаладан болады. Мұндай сұхбаттар жер-жерде көптеген көрермендердің қызығушылығын арттырып отыр.

Ақпараттық сұхбатты лауазымды адамдармен жүргізеді. Мысалы: Таза қазақша аты бар «Эйр Қазақстан» ұлттық компаниясын құру туралы үкіметте шешім қабылдаған. Көптеген кісілер өз пікірлерін айтуға тырысты.

«Караван блиц» газетінің журналистері жаңа компанияның жаңа басшысы Бектуров Рустемнен сұхбат алды. Осы сұхбатты эксклюзивті, яғни тек осы газетке ғана арналған сұхбат деп атауға болады. Тіпті қойылған сұрақтың өзі эксклюзивті, “Сізді құттықтайын ба әлде көңіл айтайын ба?” деп басталған сұқбат ресмиліктен бөлек еді.

Сұхбат-эмоция сирек кездеседі. Теледидар пайда болғанға дейін жоқтың қасы еді. Әр түрлі тақырыпта айтылған сұхбатқа қатысушылар өздерінің ыстық әсерлері туралы әңгімелер айтады. Ол әңгіме кабинетте немесе шағын жиындарда айтылады. Журналистика практикасында 30-шы жылдары кездейсоқ оқиғаның куәсі болған адамдардан сұхбаттар алынып тұрды. Жер сілкінісі болған жерден келген адамдар өздерінің сол кездегі көңіл-күйін ерекше толғаныспен еске алады. А.Гарри өзінің «Сұхбат өнері» атты мақаласында (Журналист, 1928, біріктірілген нөмір 7-8) «Жер сілкінген ауданнан келген куәлерден алынған сұхбат кездейсоқ түрдегі әңгіме болып табылады. Кездейсоқ сұхбатты көшедегі оқиғаның куәсінен, театр спектаклінің көрерменінен, кез-келген адамнан алуға болады. Ол адамның аты аталуы да, аталмауы да мүмкін»,-деген. Жалпы бұл туралы пікірді 40 жылдан кейін ТАСС директоры Пальгунов жазды. 1928 жылдардағы кездейсоқ сұхбатына ұқсас сұхбатты 70 жылдары «көше сұхбаты» деп атайды. Бұл тұжырымды С.Фурцева «Ауданы сантиметрлі әлем. Американ телеақпараты туралы очерктер» (М.1975,51 бет) кітабында кездестіруге болады. Осы сұхбатты басшылыққа ала отырып, американ сұхбатшылары көшедегі кездескен әртүрлі маман иелерінен бүгінгі күннің өзекті оқиғалары туралы айтып берулерін өтінеді. Олар әңгімелесушіні ойша таңдайды.

Жоғары лауазымды адам сол заманның көрнекті қайраткері болып қалады. Кездейсоқ оқиғаның куәгері сол сәттің көрнекті адамы болғанмен, ол ұзақ уақыт есте қалмайды.

Сұхбат – эмоцияның адамдары көп жағдайда есте қала бермейді. Бізді оның аты-жөні, қызметі, мамандығы қызықтырмайды. Оның қандай да бір оқиғаның куәсі болғандығы жеткілікті.Оның бір үлгісі мынадай: Шешенстандағы соғысқа қатысушы Ресей федералдық әскерилердің бірі- Ол жақтағы өлгендердің саны біздің басшылардың беріп жатқан мәліметтерін онға көбейтсеңіз тура болады,- деп айтып салды. Міне, бүл жерде оның аты-жөні де, кім екені де бізге қажет емес. Мұндағы бағалы дүние оның пікірі.Ондай кейіпкерлерді пікірі үшін күйіп кетпеуі үшін арқа тұсынан түсіру керек, немесе бетіне маска кигізіп, немесе бетіне мозаика жасап, не болмаса танылмастай етіп, көлеңке түсіру арқылы көрсеткен жөн.

Әлеуметтік зерттеу сұхбаты қазіргі заманда ғана кездесе бастады. «Труд» газетіндегі «Сауалнамаға 100 жауап» немесе «Қоғамдық көзқарас институты» («Комсомольская правда») сұхбат типінде жауаптар өте маңызды. Бұл сұрақтар көп халыққа арналған. Бұл жолмен анонимді жауаптар алуға болады. Басқарушылар мен жұмысшыларға арнайы сұрақтар дайындалады. Сауалнаманы құрастырушылар үшін бір адамның пікірі емес, үлкен топтың пікірі маңызды болды, сол арқылы өндірістік ұйымның басшысының обьективті портретін жасауға мүмкіндік алды.

Т.Шумилина «Сіз айтып бермес пе екенсіз... Журналистика сұхбатының әдістері»(М.1976), еңбегінде журналистік сұхбат – бұл «бетпе-бет сұрақ қою, ал социологиялық, сауалнамалық сұхбатта «сырттай сұрақ» қойылады. Шындығында, бұл газеттік сұхбатқа жатады. Теледидардағы «бетпе-бет» социологиялық сұхбат түрінде жүргізіледі. Негізгі айырмашылығы сол, сұхбат-сауалнама арнайы сұрақпен көп адамға арналған. Социологиялық сұхбат, сұхбат-сауалнама туралы айта отырып, оны журналистер және журналистік мақсатта пайдаланатынын ескеруіміз қажет,-дейді.

Бұқаралық коммуникациялық құралы төрт түрлі сұхбат түрімен жүргізіледі. Сұхбат – эмоцияның беделділігі теледидарда өзінің көзқарасын беделді түрде жеткізе отырып, білікті сөйлеуімен нақтыланады. Беделді адам теледидарға сұхбат беруге келгенде өз ойын айтып қана қоймай, репертуарынан да орындауы қажет. Ол мүмкін әнші, әртіс немесе декламатор болуы мүмкін. Теледидарда, баспасөзге қарағанда, сұхбат – эмоцияға көп жүгінеді. Дыбыстың, суреттердің көмегімен адамның жағдайын, толғанысын тартымды түрде көрсетуге болады.

Ортақ жауаптар – бұл көпшіліктің пікірінің көрінісі. Ортақ жауапты сенімді, шын, дәлме-дәл деп ойлауға болмайды.

Социологиялық сұхбат ортақ жауапты береді. Баспасөзде ол жауаптарды баған түрінде көрсетуге болады да, ал теледидарда осылай көрсете алмайды. Бұл сұрақтарға нақты адамдар жауап береді, олардың саны 2-5 болуы мүмкін. Сондықтан сұхбатқа нақты жауап беретін адамдар табу керек. Теледидардағы жауаптар есте сақталатындай болу керек, ол үшін ең жақсы жауаптарды таңдап алу керек. Соңынан пікірлер спектрін көрсетуге болады. Теледидар мен радиодағы сұхбат эмоционалды және импровизациялы болады, ал газетте нақты позиция жазылады.

Сұбат алған кезде жауап берушінің типтерін ескеру керек. Француз социлогтары Р. Пэнто және М. Гравицаның кітабынан адамдар туралы мінездемені табуға болады.


    1. Жасқаншақ адам өз ойын жеткіліксіз айтам ба деп қорқады.

    2. Қорқақ жауап беруден сақтанып отырады, саяси сұрақтардан қашқақтайды.

    3. Мылжың. Әңгіме барысында мұндай адамдардан басқа проблема туындайды. Ол адамды бастапқы тақырыпқа оралта отырып, оның алға қарай кетуіне кедергі жасап, тақырыптан ауытқымауын қадағалап отыру керек.

    4. Бәстескіш. Ол сұхбат алушымен диалогты өзі құрастырғысы келеді, оны дәлелдеп көз жеткізуге тырысады.

    5. Ойынпаз. Өкінішке орай бұл тип жазбаша сауалнамада кездеседі, ал сұхбатта сирек кездеседі.

    6. Өзіне сенімді адам. Бұл сұхбат берушімен журналистің жұмысы жеңіл өтеді. Ол барлық сұраққа сенімді түрде нақты, жинақы жауап береді.

/Р.Пенто,М.Гравитц.Әлеуметтік ғылымдар тәжірибелерінен./

Жауап берушінің мінезіне қарай сұхбат түрлері

Осы күнге дейін сұхбатты журналистің жүргізетіні көпшілікке мәлім. Ал екінші түрі жақын арада ғана қанат жая бастады. 1973 жылдың 17 наурызында «Комсомольская правда» газетінде «Сұхбатты оқырман алады» атты арнайы жаңа рубрика ашылды. Бұрын мұндай сұхбат спорт тақырыбына арналған болатын. «Сұрағым келеді...» деп аталатын еді. 1973 жылдың 03 сәуірінде оқырмандардың ұжымдық сұхбаты жарияланды. Дүние жүзінің бірнеше дүркін чемпионы Ғабдрахман Қадыров оқырмандардың 20 шақты сұрағына жауап береді. Бұл сұрақтар редакцияға келген хаттардан алынған болатын. Бұл материал «Менің тұлпарым мотоцикл» деген тақырыппен шықты.

«Комсомолка» газеті біраз уақыт сұхбат туралы ұмытқандай болды, бірақ соңынан оны жаңартты. Бұдан кейін Москваның басқа газеттері оқырман сұхбатын өз газеттерінде жүзеге асырды. Оқырмандардың таңдауы бойынша шақырылған сұқбат беруші белгіленген уақытта телефон тұтқасында болады. «Тікелей эфир» кезінде сұхбат беруші оқырмандарға жауап береді, сонан соң сұхбат газет беттерінде жарияланады.

Теледидарда тікелей сұрақтар бағдарлама барысында қойылады. Ирина Кациева КТК арнасында «Между строк» атты қызықты бағдарлама өткізді. Алдымен ол сұрақтарды өзі қойды, сонан соң телекөрермендер телефон арқылы оған сұрақ қойды. Студиядағы қонақтар берілген уақыт ішінде сұрақтарға жауап беріп үлгермеді, сондықтан бұл бағдарлама «Экспресс-К» газетінде жазбаша жарияланды.

1996 жылдың басында Кациеваның бағдарламасына кітап авторының өзінің қатысуына тура келді. Студия қонағы болып жаңа ғана республика Парламентіне екінші рет сайланған Өмірбек Арсланұлы Жолдасбеков шақырылды. Тақырып өткір еді. Ғылым Академиясы таратылуға жақын еді, зейнеткерлерді қамтамасыз ету туралы сұрақ көтерілді.

Біз кішігірім студияда отырмыз. Соңғы дайындықтар өтіп, галстуктер түзетіліп, кішкентай микрофондар костюмдерге қадалды. Жауап беру кезінде кімнің қайда қарап отыратыны да анықталды. Жақын жерге сұрақтарды реттеп отыратын журналист орналасты. Біз тыныштылдық. Міне-міне эфирге шығатын кез. Бір кезде шам сөніп қалды. Коммерциялық теледидардың басшысы жүгіріп кетті, содан соң қаруланған күзет адамдары келді. Жарты сағаттан соң біз студияны тастап кеттік. Телефондар, лифттер істемей қалды.

Жарық келесі бағдарлама басталар алдында ғана берілді.

Қатысушылар қайтпайтын адамдар екен. Бір аптадан кейін бағдарламаға тағы да келді.

Республикалық теледидарда өтіп жатқан Жанна Ахметованың «Тұлға» бағдарламасында автордың бұл жолда сұхбат беруші рөлінде болуға тура келді. Ал Ирина Кациеваның бағдарламасында сұхбат алушы рөлінде болды. Алдыңғы және соңғы жағдайда мүмкін болатын сұрақтар мен ситуацияларды ойластыруға тура келеді.

Бірінші жағдайда, қалай жауап беру туралы ойланып қажеті жоқ, бірақ нені қалай айту керектігін ойлану керек. Егер бағдарламасыз барсаң, онда сұрақтар тұтқынында боласың. Егер өзіңнің не айтатының белгілі болса, іс техникасын өз бағытыңа бұра отырып, дайындаған сұрақтарыңды қоюыңа болады. Сонда да сұрақтар қандай болу керек? Түнімен неше түрлі сұрақтар ойға келеді. Әрқашанда қозғағың келмейтін тақырыптар болады. Сондықтан қызық та қызықтыратын жолдарды қарастырып, басқаларды да ойландыратын әңгіме болуы шарт. Мынандай тақырыптар бар: түріктер арасына таратылған христиан туралы кітапшалар. Тоқта! Бұл тақырыппен айналысып кетсең, аудиторияның бір бөлігі үшін пайдасыз. Кейбір тақырыптар біреулердің намысына тиетінін ескеру керек. Екінші бір кітапта қазақтардың ежелгі тарихы туралы өте қызықты деректер берілген. Айналыспау керек пе! Бұл лекция емес пе? Нақыл сөздермен қысқа айту керек. Мүмкін, Сеулдегі саяхатты еске түсіру керек шығар. Демократизмді нақтылау. Спорт туралы сұрақтар болуы мүмкін. Жақында қандай кітап оқыдың? Қандай фильм көрдің?

Жазбаның алдында шаршамау керек. Сергек және қуатты болып келу керек. Бұл әрине бәрі емес. Бір ғана сұрақтан теріс айналып кетуге болмайды. Бәрін жеңіп шығу керек.

Сол бағдарламадан кейін кездескен адамдары қарсы пікір айтты. Кейбіреулер кітапшаны сұрады. Ал кейбіреулер қазіргі шоколад туралы мықты айттың деп күлгендері де болды. Бұл туралы әңгіме болып па еді?

Ирина Кациеваның бағдарламасында басқа жағын аңғаруға болатын еді. Оларға өзіне сенімді, әрі сөзшең Жолдасбековтың аяғынан шалу үшін сұрақтар дайындағаны дұрыс еді. Мұны тек Кациева ғана жасайтын еді. Ирина оны тығырыққа тіреуге дайын болатын. Негізінде мақсат Жолдасбековты тығырыққа тіреу емес, бірақ оған басқаларды осы күйге түсуге мүмкіндік беру еді. Қаруланған әскердей ол оған дайын еді. Себебі ол менің ректорым болатын. Сондықтан бағдарламаға дейін Өмірбек Арсланұлын оған жағымсыз сұрақтармен «шымшып» алдым. Ол ашуланды. Маған күдікті көзбен қарай бастады. Бірақ ұтымды жауап беріп отыр. Кейде тақырыпты басқа арнаға бұруға көмектесіп отырдым. Оған тренинг екенін айтпадым. Жауаптар автоматты түрде сәтті шығып жатты. Өкінішке орай, бағдарламадағы диалог үйлеспей кетті. Осы кезде өзім дайындаған бөлімге өтіп, ұзын сонар сұрақтан гөрі, қысқа сұрақтарға көштім. Бірінші сұрақты қойдым, жақсы жауап берді. Екінші сұрақты қойдым, ол сәтті өтті. Үш – бағдарлама аяқтала бастады. Менің қызық сұрақ қойғанымды жолдастарым айтып берді. Кейінірек «Между строк» осы бағдарламамен бірігіп жұмыс жасауды ұсынды, мерзімді баспасөз бетіндегі материалдардың жаұсысы қайсы, нашары қайсы екендігіне шолу жасауым керек болды.Еңбектерінің бағаланбағанына тек редакторлар реніштерін білдірді.

«Комсомольская правда» газеті кіммен сұхбат жүргізілетіні туралы жариялап, оқырмандарға олардың сұрақтарын жіберулерін сұрады. Мысалы: «Келесіде сіздермен халық әртісі Михаил Ульянов сұхбаттасады. Одан не сұрағыңыз, не білгіңіз келеді? Оқырмандар тек қана сұрақты жинауға көмектеспейді, тақырыпты анықтауға да септігін тигізеді». Сонымен қатар газет оларға ұсыныс та жасайды. «Сұхбатты оқырман алады» атты рубрикаға кіммен кездескісі, не туралы білгісі келетіні, сізді қандай проблема ойландыратыны, қандай тақырыптар қызықтыратыны туралы хабарласуын жариялады. Теледидарда мұндай сұрақтарды телекөрермендер бағдарлама өтіп жатқан сәтте, студиядан тыс жерге телефон шалу арқылы хабарласа алады. «Алло, біз таланттарды іздейміз» атты бағдарламада жеңімпазға көрермендер сұрақтарын залдан қоя алды.

Жоғарыдағы сұхбат түрі радиохабар үшін келешегі зор болды. В.Голованов «Конкурстық күрестің стратегиясы» атты мақаласында (Теледидар,радиохабар,1973, №2) АҚШ радиохабарының тәжірибесін сынай тұжырымдап, елімізде «радиодағы әңгіме» даму жолында екенін айтады. Тыңдаушының студия қонақтарынан телефон арқылы сұхбат алуға мүмкіндіктері бар. Эфирде тікелей ,дайындықсыз диалог жүріп жатыр. Белсенді емес тыңдаушыны бағдарламаның белсенді қатысушысына айналдырып, оған бірден қызығушылығын арттырады. Осындай бағдарламаның бірінде 64000 тыңдаушы қоңырау шалды. Әрине ол сұрақтардың барлығы эфирге шыққан жоқ, ішінен ең қызықтысы теріліп алынды.

Тікелей бағдарлама, эфирдегі сұрақтар – осылардың барлығы журналистен сауатты жауапты талап етеді. Газет тілшісі мұндай бағдарламаны сағаттар бойы ойланып, бір жүйеге келтіріп,өзгертулер енгізіп, қағазға жазып, сонан соң тереді. Жазбаны меңгеруші және редактор қарап шығады. Ал теледидар журналисі өз мәтінін эфирде «тереді». Сондықтан ол тікелей эфирге жиі шығуы қажет. Оны тікелей эфир кезінде ешқандай қате жібермеуге баулиды.

Поляк телекөрермендері «Бірге бір» бағдарламасында (Достар эфирі. М.1977, 244-245бет) сұхбат беруші ретінде қатысады. Көрермен жүргізушіге телефон арқылы өз сұрағын айтса болды. Поляк журналистерінің пайымдауынша, «үйдегі креслодағы адам» пассивті күйден белсенді қызығушылығы жоғары қатысушы дәрежесіне дейін көтерілетінін теледидар дәлелдеп отыр. Осы принцип бойынша «Радиокурьер» бағдарламасы құрылды. Бағдарлама алдын ала жазбасыз радиостудиядан радио тыңдаушы жүргізушімен телефон арқылы тікелей байланысқа шығады.Егер қажеттілік туып жатса, тыңдаушы сұрағын қояды, алған әсерлерімен бөліседі, өз пікірлерін айтады. «Радиокурьер» сенбі күні тікелей эфирді жастарға арнайды. Жастар қоғамның өзекті мәселелерін ұжымдасқан түрде талқылауға қатысады.

Қазақ теледидары мен радиосы өз өнерлерін кең тарата отырып, тікелей бағдарламаларды көбейтіп отыр. Әрбір мемлекеттік емес теледидардың өз радиостанциясы бар. Бірде журналистика факультетінің түлегі Тараканова тікелей эфирге қонақтарды шақырды. Бұл «Тотем» радиостанциясы болатын. Ол қонаққа мынадай сұрақ қойды: «Сіздің тікелей эфирде бір сағат бойы жұмыс жасауға уақытыңыз бар ма?». Қонақ өзінің қарсылығын білдірді. Ол өршіктіру жағдайына әкелетін сұрақтар қоюын тоқтатпады. Газетте жарияланған мына сұрақтарды да қойды: «Зейнеткерлердің қарсылық акциясына көзқарасыңыз қандай? Өзін кіммен салыстырып отыр? Зейнеткерлермен бе?». Осыдан кейін зейнеткерлердің телефон шалуы көбейіп кетті.

Біраздан кейін телефон істемей қалды. Жүргізушінің шақыртуына телефонисткалар жауап бермеді. Ал эфир өтіп жатыр. Осы кезде алдын ала дайындалған мәтінді пайдалана қойдым, яғни журналист еңбегінің қызығы мен қиындығы туралы іссапар жағырафиясы туралы әр түрлі дәрежедегі адамдармен кездесу мүмкіндіктері туралы әңгімелеп бердім.

Тыңдаушылар бәрі бір радиотелефон арқылы өз сұрақтарын қойып жатты. Эфир уақыты аяқталуға жақын. Эфир аяқталғаннан кейін мені екі нәрсе мазалады. Біріншіден, радиотыңдаушылардың біреуімен радиотелефон арқылы көп сөйлестік. Екіншіден, журналистика факультетіне талапкерлер саны екі есе көбейді. Көптеген талапкерлерді журналистика мамандығын таңдауға радиохабарлар әсер ететінін аңғаруға болады. Олар тікелей эфир кезінде телефон арқылы өз ойларын, қызықтарын, тілектерін айтып тауыса алмайды. Сұхбат жанр ретінде бір орында тоқтап қалмайды, ол заман ағымына қарай жаңаша түрге ене отырып, теледидарда, газетте де дами түседі. Онда сынау бастамалары күшейе түседі. Сатира, юмор саласында көптеген мысалдарды келтіре отырып, В.Пельт сұхбаттың жаңа түрін енгізді. МГУ-дің журналистика факультетінің профессоры Владимир Данилович былай дейді: «Соңғы жылдары сұхбат жанры «құрғақ» арнайы жаңалықтарды жарнамалау үшін қолданылса, қазіргі кезеңде өзекті мәселелерді қозғайтын терең ойлардың негізін қалайтын жанр ретінде қалыптасты. Бұл жанр әдеби шеберлікті қажет етеді». «Комсомолка» газеті «бұрышпен сұхбат» атты бағдарламасын өткізді. Бос жолдар мен бос орындықтар теледидар мен газет сұхбатының құралы болып табылады. Бұл жағдайда бағдарламаға жауап беруші келмейді, бұл Пермь студиясында өткен, эфирде бос орындық көрсетіледі. Бос орындықтарға жауап берушінің аты-жөні мен қызметі жазылады. Мұны Сергей Дуванов «Ашық зона» бағдарламасында тамаша көрсетті. Қатысушыларды жоғары дәрежеде сөйлеуді талап етті. Бұған көп адамдар өз реніштерін білдіріп жатты. Бір кезде бағдарламаның соңына қарай бір әже бағдарламаны мақтай жөнелді. Мұндай күтпеген жағдай теледидарда «бұта арсындағы рояль» деп аталады. Көшеде сұхбат алу кезінде,музыкаға қажеттілік туса, пианиноның сүйемелдеуімен ол да орындалады. Тақырыпқа кім қажет болса, ұшқыш па, депутат па немесе ғарышкер ме бәрібір сол салада сұхбат жүргізе беруге болады.

Біріншіден, сұхбат монологтық жанрдан диалогтық жанрға ауысты, мұнда сұрақ та, жауап та маңызды. Екіншіден, қайта үйлестіру белгілері төмендегідей болды. Газетте сұхбаттың проблемалы жақтарын дамыта бастады, оны тұжырымдау жағы күшейе түсті, ашық түрде талдаулар өсті. Теледидар эмоционалды-психологиялық жақтарын пайдаланды. Сұхбатқа қатысушыларды қысқа мерзімде мінездемелеу мүмкіндігі туды.

М. Ромм теледидарда болашақ сұхбаттың сценариі жазылады, жобалары дайындалады деп атап көрсетті. Теледидарда сәтсіз сұрақтар болуы мүмкін емес, кейде қағазда жазылмаған, алдын ала ойластырылмаған сұрақтар туындап жатады. Сондықтан журналистке өте білімділік, тапқырлық қажет.

Поляктің «Телеэхо» бағдарламасының жүргізушісі Ирена Дзедзиц өз сұхбатының анықтамасын бере отырып былай дейді: «Жүргізуші және сұхбат алушының алдында жазба болуы мүмкін емес». Телесұхбаттың ерекшелігі де осында.

«Дайындықсыз» ойын басталған кезде ойынның импровизациялануы нашар нұсқа болып табылады. Осыған байланысты журналистің жауапкершілігінде проблема туындайды. Егер ол мәтінсіз шығуға дайындалса, оның қателеспеуіне қандай кепілдік бар? Ол тек қана шығармашылық жағынан емес, саяси жағынан да қате жіберуі мүмкін емес пе? Қандай басшы мәтінсіз журналисті эфирге жібереді? Ол әңгіменің мазмұнын көрсету қажет. Эстон теледидарының комментаторы Р. Каремяэ былай дейді, бас редакторға мәтінді білу шарт емес, егер репортерді жақсы білетін болса. Ең алғашқы сұхбатқа дайындалған кезде сұрақтарды бас редакторға әкелген болатын. Басшы сол сұрақтарға қандай жауаптар болуы мүмкін екенін сұраған болатын. Р. Каремяэ сонда проблеманы білетіндігін, оған екі түрлі жауаптың нұсқасының болуы мүмкіндігін айтты. Сонда басшы іле-шала, сенде сұрақтың бір нұсқасы емес, екі нұсқасы болуы қажет деді. Сұхбат алушы екі сұрақ қойғанда оның тәуелділгіне қарай бірінші сұраққа жауап береді. Үшінші сұрақтың төрт нұсқасы болу керек, сонымен әрі қарай жалғаса береді. Р. Каремяэ өсу дәрежесіне қарай барлық нұсқаларын өңдеп шықты, сонда ғана сұхбатқа рұқсат алды. Бұл жағдайдан кейін редактор болашақ бағдарламаның идеясын ғана біледі, ал Р. Каремяэ барлық нұсқасын дайындап шығады. Эстон теледидарында мәтін нысанаға алынбайды, нысанада репортер болады. Ол эфирде ең жауапты адам болады, яғни бас редактор секілді.

Жылдар өтті. Қазір мәтіннің нысанаға алынуы маңызды емес. Төлем мәтінге емес сюжетке төленеді. Бағдарламаның арзан болуы әсіресе коммерциялық арналарда бұрынғы уақытқа қайтуын талап етеді. Ол кезде видеомагнитофондар жоқ болатын. Ал қазір тікелей бағдарламалар арзанырақ тұрады. Сұхбат алушы мәтінді дайындамай өзін сұхбатқа дайындау керек. Импровизациялық сәт негізгі болып қала береді. Егер журналист аса білімдар болса, екі маманның әңгімесін еске алмау қажет. Бұл бағдарлама көп көрерменді зеріктіреді. Бірақ сұхбат алушы өзі туралы ғана ойламауы керек, әңгімелесушіні де ұмытпауы қажет. Әңгімелесушіні «жетектеу» қажет емес. Ол өз саласының маманы. Оған тек қана өз білімін ашуға көмектесу қажет. Мысалы, әңгімелесуші А туралы айтса және Б сұрағына қарай өтсе, ал сізге Н тақырыбы қажет. Ол үндемей қалған сәтте сұхбат алушы А және Н тақырыптарының байланысын табу қажет.

Тәжірибенің көрсеткеніндей өмірде үшіншіні байланыстырмайтын екі зат жоқ емес. Бағдарлама барысында осындай байланысты табу маңызды.

Сұхбат – жай ғана әңгіме емес, репортердің естігісі келген жауаптарын алдын ала дайындалған әңгіме барысында айтып бере алмайды. Суырып салмалық диалог кезінде ойлардың, күтпеген сұрақ және нақты жауап, ақыл-ой жекпе- жегі, әдет айналымындағы қалдықтар және ойлар тізбегі, шынайы ауызша тілдің салтанаты еш нәрсені ұмытып кетпейтін сәт – міне осылардың барлығы сұхбатқа кіреді. Бұл анықтама теледидар ықпалының арқасында ойластырылды. Ол мақсат тұтқан арманға жету үшін ұмтылады. Сонымен қатар сұхбаттың басқа да түрлерін жоққа шығаруға болмайды. Олардың мазмұны ақпараттың ағымына, әңгімелесушінің мәселесіне, сұрақтар формасына, сұхбат алушы мен сұхбат берушінің типіне және дайындық дәрежесіне байланысты. Сұхбатқа дайындық әртүрлі жағдайда болу керек. Теледидарда сұхбатты алдын ала және әңгіме барысында «жазады». Газет тілшісіне сұрақ пен жауапты жазып қоя салу жеткіліксіз – ойын логикамен жалғастыра отырып талаптарға сәйкес жазу керек. Тілші ойы әдеби түрде аяқталған материалды баспаға беру керек, ал теледидарда мұның бәрін сұхбат барысында жасау керек, дайындық дәрежесі бұл жұмыста біркелкі емес.

Жоғарға тип – әңгіме тақырыбы анықталған, сұрақтар жауап берушіге белгісіз, сұрақ беруші сұрақтарын қисынға келтірмеген.

Екінші тип – сұрақтар сұхбат алушыға белгілі. Олар ауызша, ойша немесе жазбаша дайындалған. Сұхбат алушы сұхбат барысында қарап қояды. Алдын ала жасалған сұрақтарды ретімен қоюға болады. Ол сұрақтардың бір тобын ретке келтіріп әңгіме мен жауап барысында басқаша қоюға болады.

Үшінші тип – алдын ала дайындалған сұрақтармен танысады: а) сұхбаттан біраз уақыт бұрын, б) дәл сұхбат басталарда. Жауаптар жазылып қойған немесе ауызша айтылады. Егер жауаптар жазылған болса, онда жауап беруші: а) оларды оқиды, б) анда-санда мәтінге көз қырын салады, в) тақырыпты еркін меңгерген.

Төртінші тип – сұрақ та, жауап та оқып беріледі. Теледидар үшін дайындығына қарай сұхбат түріне қажеттілігі – біріншісінің тиімділігі, ал төртіншіге қарама-қарсылығы.

Газетте сұхбат атмосферасын, диалог барысын көңіл-күйді сақтай отырып жазу керек. Сұхбаттың төртінші типін мына формада қабылдауға болады: алдын -ала дайындалған сұрақтар сұхбат берушіге жазбаша түрде жіберіледі, ол сұрақтарға жазбаша түрде жауап береді.

Сұхбаттағы сұрақтар формасы «жабық» және «ашық» болуы мүмкін. Жауап беруші «жабық» сұраққа мақұлдап немесе қарсы жауап береді – иә, жоқ, келісемін, қарсымын. «Ашық» сұраққа кең жазылған жауап беріледі. Көптеген сұхбатқа «жабық» сұрақтар қажет емес. Бірақ оларды араластырып отыруға болады, оны әңгімелесушінің дем алуына мүмкіндік беру үшін немесе өткір сұраққа жауап беру үшін қажет. Оның келісетіні немесе келіспейтіні көп нәрсені аңғартатыны белгілі.

Суырып салу және сұхбат телекөрермендердің назарын аударатын маңызды элемент. Бірінші кезекте бұл жанрда суырып салушылықты қолдау керек, сонан соң оның шарттарын қарастыру керек. Баспасөз зерттеушілері бұл тақырыпқа сенімсіздікпен қарайды. Теледидар мен радио теоретиктері суырып салушылықты негізгі орындарға жылжытып қояды. Теледидарда әңгіменің мазмұны ғана маңызды емес, сұхбат беруші қалай сөйлейді, әңгімедегі жағдайды қалай тез меңгеретіндігі маңызды. Қазіргі кезде эфир қызметкерлері үшін жаттап алу –сұқбаттың “қағаз түріне” айналып отыр, яғни табиғи әңгіме емес, нашар спетакль болып табылады.

Жаттап алынған сұхбат эфир қызметкерлеріне – қамшы болып тиеді, ол мынадай жексұрын атқа ие: «қағаздық». Айту қажет пе, жоқ па, сұхбаттың «қағаз» формасы қауіпті, кейде біз радиотыңдаушыларға таспаға жазылып, алдын ал дайындалған сұрақтар мен жауаптарды ұсынғанда, жаман қойылымды эфирге жібергендей болмаймыз ба? - деп А.Ровенко қатты ызаланып жазған еді «Өсиет сөздер» кітабында. (М. 1975) «Терең ойлар тыңдаушының көз алдында туындауы, оның жүрек соғысын сезінуі, өркендеуі олардың көз алдарында өтуі қажет. Сонда ғана радиотыңдаушы көрінбейтін қатысушысы бола алады». Теледидарда әңгіменің мазмұны ғана емес,сұхбат берушінің қалай сөйлегені, ситуацияның өзгерісін тез сезінуі де маңызды. Теледидар суырып салуды сұхбат барысының негізі етіп алды. Сонымен қатар, баспасөз қызметкерлері суырып слушылықты сезініп,осы жанрдың негізгі қасиеті деп санайды.

Кейбір жағдайда әңгімелесуші алдын ала дайындалған мәтінсіз сөйлей алмайды, тәжірибелі журналистер адамның дауысындағы өзгерістерді байқатпауға тырысады. Мұндай адамдар әңгіме арнасындағы жай сұрақтың өзіне жауап бере алмай қалады.

Сұхбаттағы суырып салушылық – бұл кездейсоқ тақырыпта ұқыпсыз тілмен айтылатын дайындықсыз бос сөз емес. Ол шебер жазылған, біркелкі, өзекті тақырыпты мәтінсіз әңгіме, өз қисыны мен композициясы, аяқталған,нақты сұрақ қоятын, оған сенімді жауап ала алатын, қабылдаушы сол ойлардың туындауына куә болатындай, тек ақпарат алып қана қоймай, сонымен қатар сұхбаттың жалынды қатысушысы болуы да шарт.

Сұхбат – қинау, бұл сұхбат «гладиаторлар шайқасы» секілді американ, ағылшын және ресей теледидары болып ерекшеленеді. «Біздің әңгімелесуші атақты адам секілді барлық сұхбаттарға қарсылық білдірді. Ол темекі шегушілерді жек көреді. Ол біз үшін ерекшелік еді». Аузында темекісі бар Невзоров үндемей қалған әңгімелесушіге оятқысы келгендей темекі түтінін солай қарай бағыттады.

Кейбір американ сұхбатының атмосферасы корриданы еске салады. Сұхбат беруші, матадор секілді «Жаңа өгізді» күткендей кейіп танытады. Ол өз өлексесін сирек аяйды, соған қарамастан арена еш уақытта босамайды: үлкен аудиторияға жиналғандар, мұның бәрі осындай жарнама! Бағдарламаға дейін екі жақ видеомагнитофон алдында ұзақ әңгімелеседі. Сонан соң сұхбат алушы лентаны көреді, ол сұрақтарды қаншалықты нақты қойғанына көз жеткізеді. Соңында жазба эксперт тобына түседі. Төмендегілердің анықтамасы: студия қонағы шынында Техаста туылды ма? Ол неше рет үйленді? Сотталған ба? Оның саяси қарсыласы кітабы туралы не дейді? Сұрақ беруші алдымен белгіленген сұрақтармен қаруланбайды, тағы да зерттеу тобының материалдары да болады. Қонақ камера алдында өзіне сенімді отыр, сұхбат алушы оны күтпеген сұрақтармен «түйреп» отыр. Камера студия қонағына жақын келіп, оның бет әлпетін өте үлкен етіп, ірі планда көрсете бастады. Осы кезде телекөрермен қонақтың бетіндегі моншақтаған терді көреді. Ал сұхбат алушының көзі тынымсыз жүгіре бастады, еріндері сенімсіз жыбырлап кетеді. Телекөрермендер жарты сағат бойы жүйкелерін тоздырды. Суырып салушылық провакацияға айналады.

Ағылшын бағдарламасының лақап аты Фрост атты жүргізушісі, аударған кездегі аты Аяз, келген қонақтарға қойған сұрақтарын шатастыра отырып, көбіне ыңғайсыз қиын жағдайда қалдырады. Ол бағдарлама басталардан бұрын қандай сұрақтар қоятынын ескертеді. Бірақ, телекамерада қызыл шам жанған кезде журналист тіптен басқаша дайындалған қара ниетті сұрақтар қояды. Сонан соң ол жаңа келген жедел хатты қалтасынан шығарып көрсетеді, ал қонақ оны оқып та үлгермейді. Баспасөзден негіз алған сұхбат дамуында жаңа серпін алды, ол радио мен теледидардың пайда болуымен байланысты еді. Бұл жанрға өз бояуларын енгізді: радиохабар – дыбыс бояуларының молдығы , көңіл-күй серпілту ерекшелігі, суырып салушылық өнері. Теледидарда – көріну ерекшелігі. Әңгімелесушінің ақпараттық бастауы болып іштей айтқан мимикалық және фантомимикалық реакциясы ретінде оның сөйлеу мәнері, дыбысталу жылдамдығы, толқулары, қимылы болып табылады. Көрермен тек қана ақпарат алмайды, сонымен қатар, психологиялық портретін де алады. Теледидарда, радиода дыбыс пен бейнелеуден басқа сұхбаттың сол сәттік туындауына қажеттілік болады. Әңгімелесушіден дайындықсыз суырып салушылық дағдылары талап етіледі. Суырып салушылық, шынайылық теледидарлық және радио сұхбат газетке де әсерін тигізеді. Қазіргі кезде газетке сұхбат жазу үшін тілшілер ыңғайлы ықшам магнитофондарды пайдаланады. Сұхбат - бұл даулы, түсініксіз сұраққа, қалтыраған проблемаға, оқиғаға беделді көзқарастың түсініктемесі. Сұхбат алушы кескінсіз сұраншақ, механикалық сұрақ қоюшы емес, қажет кезінде өз көзқарасын жинақтап, әңгімелесушімен таласа алатын, оның жауаптарын толықтыратын, белсенді түрде проблеманы шындықпен түсіндіре алатын адам. Бізді қызықтыратыны беделді адамның, маманның, түсінік берушінің қазіргі заманның өзекті тақырыбына деген пікірі. Газет сұхбатына тірек болатын проблемалы істің мәніне түсінік бере отырып жазу. Теледидарда және радиода сұхбатқа қатысушыларға мұның көзбен көруге және есту мінездемесі, олардың дайындықсыз, шынайылығы қосылады.



VI.

П Р Е С С - К О Н Ф Е Р Е Н Ц И Я

Пресс-конференцияға газеттің, теледидарың, кинохрониканың, радионың, телеграф агенттігінің, тәуелсіз бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысады. Сұрақтарға көрнекті мемлекет көшбасшылары, әдебиет қайраткерлері, өнер, ғылым өкілдері, ұлттық батырлар, едәуір оқиғаның куәлері, ресми қызмет адамдары жауап береді.

1996 жылы пресс-конференция өткізіліп, Лебедьтің Шешенстандағы сапарынан кейін, ауған тұтқындығынан самолетпен қашқандар, Шпицбергендегі авиясоқтығыстың адамдарының самолетті тексеру кезіндегі Норвегия басшыларының түсініспеушілік әрекетіне жауап беретін төтенше оқиғалар министрлігінің өкілдері қатысты. Лебедь Шешенстандағы қақтығыстың шешімін табуға президенттің жарлығын жеткізді. Ол өткір сұрақтарға жауап бере отырып, Ельцинмен кездеспегенін, Шешенстанға араласу өзінің ісі екенін мойындады. Пресс-конференция Лебедьке қажет еді, ол өзінің атқарған жұмыстары туралы хабарлау үшін және түсініксіз жағдайларға жауап беру үшін бейбіт миссияны қолдап отырды. Газеттердің бірі оның сатқындығын кінәлап жазды. Кейбіреулері суретін буркаға салып қойған. Журналистер үшін бұл пресс-конференция қажет еді, себебі президент Лебедьтің бұл ықыласына қалай қарайтынын білгілері келді.

Сонымен пресс-конференция жанр ма? Ол сұхбатқа жақын, оның жауабы бір ғана журналиске емес, әр түрлі органнан келген топ журналиске беріледі. Пресс-конференцияны ұйымдастырушылар сұрақтарға жауапты ескертіп айтып отырады. Пресс-конференцияның тақырыбы ұйымдастырушы үшін өзекті болып табылады, онда айтылғандар өз көзқарасы жағынан қабылданып баяндалады.

Германияның социал-демократтары өзінің кепілдемесінде (Хартмут Хесс.Социал-демократиялық партияның практикалық жұмысы 1995) пресс-конференцияның ескертуінде жұмысты ерекше атайды. Пресс-конференцияға шақырту жазбаша түрде жіберіледі, онда сөйлейтін адамның аты-жөні, уақыты, орны, тақырыбы немесе себебі жазылады. Шақырту пресс-конференция басталардан екі апта бұрын жіберіледі. Оған дейін зал алынып, конференцияға қатысушылардың үстел басындағы орны анықталып, оларға салқын сулар дайындалады. Пресс-релиз немесе пресс-конференцияның материалдарының папкасы болуы өте маңызды. Журналистер үшін қағаз бен қарындаштар дайындалғаны да дұрыс.

Пресс – конференция демократиялы түрде өтеді, ұйымдастырушылар прессаға шектеу қоймайды, олармен кездесіп, өтініштерін орынауға тырысады, кез-келген сұрақтарына жауап береді. Британ журналисі Дэвид Рэндалл шешімділікпен өзінің «Әмбебап журналист» (М. Журналистиканың халықаралық орталығы,1996) кітабында пресс-конференциядағы журналистер тәртібінің ережесін анықтап береді. «Егер сізге материалды пресс-конференция біткеннен кейін дайындау керек болса, дегеніңізге жетуге тырысыңыз, ол үшін сізді қызықтыратын сұрақтардың барлығы қойылған болуы керек, сұрақтарды сіз немесе басқалар қояды. Әйтпесе агрессивті болуға, сұрақты айқайлап қоюға, тіпті орныңыздан тұрып кетуге дейін барасыз. Пресс конференцияда шу шығарушылар әрнәрсені айтып, кездесу жауапсыз жіп иіру болды деп байбалам салады. Сондықтан репортерлер мұндай жағдайдың болуына титімдей де жол бермеу керек». Өкінішке орай, біздің журналистер пресс-конференцияда тәртіпті болып отыруға мәжбүр, мұғалімнің алдында отырған оқушыдай отырады. Сұрақтарын рұхсат берілген кезде ғана қояды, ешқандай айқайлауға, орнынан тұрып кетуге болмайды. Пресс-конференция басқару органдарына қажет, осылайша қажетті ақпарат ағымының көмегімен қоғамды басқаруға мүмкіндік алады. АҚШ-та мемлекеттік бұқаралық ақпарат құралы жоқ. Ақпарат пен идеялар қалай жеткізіледі?! Пресс-конференция арқылы! Жиі өткізілетін пресс-конференцияны барлық бұқаралық ақпарат көздері күтеді.

Пресс-конференция журналистерге де қажет, осы жерден алғашқы беделді ақпараттарды алуға мүмкіндік алады. Оперативті ақпарат ойдан құрастырылғандарды және өсекті айналып өтеді.

Пресс-конференция Эстонияда үкіметпен айына екі рет ұйымдастырылады. Ел басшылары журналистер алдында сөйлеп, сұрақтарына жауап береді. Бұл журналистерге өзекті сұрақтарды жарыққа шығарарда дұрыс хабардар екеніне мүмкіндік береді.

Эстонияның теледидар журналистері тұрақты түрде «Министр бөлмесінде» бағдарламасынан тәжірибеден өтеді. Эстон радиосы осыған ұқсас «Сізбен әңгімелеседі...» атты кездесу өткізеді. Бұл бағдарламалардың кең қанат жайғаны соншалық, оған келіп түскен хаттар ағымы куә бола алады. Теледидар мен радиоға түскен хаттарда сөйлеген сөздерге сұрақтар мен ұсыныстар түсіп жатады. Өкінішке орай, прессаның, ақпараттың, прессаның қатынас формаларының қажеттілігін көпшілігі терең түсіне бермейді. Тіпті “Мир” сияқты салмақты арналардың өзі кейде ақпаратты дәліздерден, МЭК Президиумының мәжілісінен, қағаз үшін көңілсіз ақпараттарды жинауға мәжбүр. Олар үшін пресс-конференциялар өткізілмейді.

МТРК “Мир” ТМД мемлекеттерінің , олардың орталықтарының жұмыстарынан ақпараттар беріп отыру үшін мемлекеттер қаражатынан ашылды емес пе.

Пресс-конференцияның формаларының бірі -брифинг. Оған әртүрлі анықтамалар береді. Сенім әңгімесіне барлық журналист қатыспайды, өзім деген кеңесуге болатын, фактілерді қозғай бермейтін журналистер қатыса алады. «Бүгін ТМД -ның уставты органының өкілдері біздің әңгімемізге қатысып отыр, бүгінгі мүмкіндікті пайдалана отырып, осы кісілерге өздерінде журналистерге арнайы брифинг өткізуін өтініш етер едім. Осы брифингте журналистер басшылардан нақты мәлімдемелер алып, келелі проблемалардың дұрыс шешімін көпшілікке жеткізер еді.»/52 б./

Германияда да брифингті осылай түсінеді. Оны көпшілікке арналмаған әңгіме деп те атайды. «Социал-демократияның практикалық жұмысы» анықтамасында (1995) ұсыныс береді: «Кез келген тақырып жазбаша түрде мазмұндау үшін және пресс-конференция үшін сәйкес келе бермейді. Баға беруге қиын болатын, саяси оқиғалар мен процестерге пікір айтпау үшін журналистерден қашқақтауға тура келеді. Осындай жағдайға байланысты, жалпыға арналмаған арнайы әңгімелер өткізіледі. Мұндай әңгімелерді журналистермен магнитофон жазбасынсыз өткізеді, бұл жерде айтылғандар баспасөзде жарияланбауы керек, әрине ол журналистің басында сақталып қалады. Мұндай ақпарат түрі журналистердің кейін зерттеу немесе комментарий алу үшін құнды материал болып табылады. Журналистердің сенімге кіруі өздеріне пайдалы.»

Брифингті ұйымдастырушылар сенімге кірген журналистерді үстел басына жинап, оларға бейресми ақпараттарды береді. Немесе сынақ шараларына, сынау, болжау ақпараттарына сүйеніп, оларды журналист өз атынан жазады. Егер ақпарат оң қабылданса, брифингті ұйымдастырушылар осы арнамен жүре береді. Егер пайымдауға қарсылық көсетілетін болса, онда оқиға басқа бағытпен кетеді. Брифингті ұйымдастырушылар өз жүрістерін өзгертеді.

Брифинг – эксклюзивті пресс- конференция. Брифинг – бұл сенімге кірген журналистерге арналған пресс-конференция. Брифинг мүмкін болған жағдайда өткізіле береді. Оның ғимаратта өтуі шарт емес, далада, су жағасында, бала бақшада, парк аумағында кейде корабльде немесе самолетте де өте береді.

Сұхбат сияқты пресс-конференция қоғам өмірінің барлық сферасында пайдаланыла беруі мүмкін - әдеби кештерде, теледидар мен радиода. Пресс-конференция шын мәнінде – бұл қоғам адамдарын толғандырып жүрген өзекті проблемаларды талдау үшін пресса өкілдерімен кездесу. «Пресс-конференцияны ұйымдастырушылар шақырылған журналистерге қызықты тақырыпты ұсынбаған болса, пресс-конференция туралы негативті көзқарас болатынын ескеру керек» - деп ескертеді ФРГ анықтамасында. Шындығында, журналистер пресс-конференцияны немесе брифингті ұйымдастырушылар үшін емес, оқырмандар немесе теледидар көрермендері үшін қызмет етеді. Сондықтан пресс-конференцияны ұйымдастырушылар барлығын алдын ала ойластырып, қойылған сұрақтарды кесіп тастамай, өздеріне және пресс- конференция тақырыбына үйлестіруі қажет. Олар жай конференцияны ұйымдастырып қана қоймай, қызықты ақпарат беруі қажет. Пресс- конференция – бұл әуестік жанр, ақпарат берушілердің билігі біткен кезде, журналистердің билігі жүреді. Әртүрлі елдерде пресс-конференцияның жеке өзгешеліктері бар, олармен танысу пайдасыз емес.

АҚШ-та пресс-конференция Ақ үйдің бағында өтеді. Президент сұрағына жауап беруші мықты құралдармен қаруланған трибунада емес,жіңішке аяқты жеңіл құрылғының алдында тұрады. Бұл жағдайда жауап берушінің киімі және өзін-өзі ұстауы көзге түседі. Бұл тек АҚШ президентіне ғана тиісті емес,сонымен қатар пресс-конференцияға шақырылған қонақтарға да қатысты. Бақта президент спорт киімінде, джинсыда болмауы керек. Костюм киіп көрнекі түрде болуы керек – бұл оның символы. Мұндай трибуна-пюпитрлер баққа қана емес, залдарға да тән бола бастады.

Ал Италияда пресс-конференция Рим телеорталығының үлкен студиясында өтеді. Журналистер, ірі итальян газетінің, журналының, баспасөз агенттігінің өкілдері креслоға орналасады. Үстелдің арғы жағына ортаға ұйымдастырушы орналасады. Оның оң жағында – сарапшы, ал сол жағында – жүргізуші. Хабар алдын ала дайындықсыз өтеді. Ұзаққа созылған дискуссияға тек журналистер ғана емес, кездесуді ұйымдастырушылар да қызығушылықпен қарауы тиіс. Қызу дискуссия – аудиторияға барлық ақпаратты алуға жол ашатын тамаша мүмкіндік, кейде осындай ақпаратты алуға мүмкіндік болмай жатады. Италияда пресс-конференция кезінде журналистің сұраққа және қақпалауға құқығы бар. Оның жауап берушінің сөзін бөлуге де құқығы бар. Пресс-конференцияны ұйымдастырушының сұраққа жауап бермеуіне болады. Ол бұл туралы ашық айтуы қажет. Өтінішке он минут уақыт беріледі. Ол қысқа, анық, тапқыр және есте қалатындай болуы керек. Пресс-конференцияның мұндай құрылымына журналистер белсенді түрде дискуссияға қатысады.Әдетте қатысқан елу журналистің жиырмасы сұрақ қояды.

Ал қазақстандық журналистер баспасөз маслихатына өте аз қатысады, Журналистерге бірінші,екінші қатардың орындықтары әзер толады. Олар дискуссияға емес, ақпарат алу үшін шақырылғандай тоқтамастан жазады. Біздің баспасөз маслихатында журналистердің ешқандай құқығы жоқ. Қазіргі кезде журналистиканың өткір тілділерін жоқ десе де болады.

Жириновский өзінің баспасөз мәслихатында журналистерді «тұншықтырып тастады» ,сондықтан өзіне өзі сұрақ қойып, оған өзі жауап беріп отырды.Егер баспасөз маслихатында оған сұрақ қоюға мүмкіндік бермесе немесе жауап бергенде ыңғайсыз жағдайға қалдырса,журналист ол туралы бір сөз де жазбайды. Сондықтан баспасөз мәслихаты мен сұхбаттың арасында үлкен айырмашылық бар. Сұхбат алушы, сұхбат өткізуге келіскеннен кейін, олар туралы баспасөзге шығаруды өз міндетіне алады. Ал баспасөз маслихатына шақырылған журналист болған жайтты міндетіне алмайды. Сұхбат беруші мүмкіндігінше толықтыра отырып және маңызды тұжырымды сақтай отырып сұхбат беруге міндетті. Баспасөз маслихатына қатысқан журналист, хабардың ең қысқасынан толығына дейін, кез келген өлшемде есеп бере алады. Ол баспасөз маслихатының өткенін хабарлап,оған баға беруіне болады. Теледидардан көрсетілген баспасөз маслихатының ерекше белгісі, ол кез келген газет есебінен толық болады. Оған қатысатын екі жақ та қатесіз жұмыс істеуі қажет, бұлардың барлығы баспасөз маслихатында өтеді, ол халық мақтанышы болып табылады.

Американ баспасөз маслихатында суырып салушылық сирек кездеседі, бірақ оған еліктейді. Оған ұзақ уақыт дайындалады, дайындық кезінде сұрақ пен жауаптардың барлық нұсқалары қарастырылады. Баспа өкілдерімен кездесерден бірнеше сағат бұрын, американ елшілігінің ақпараттық қызмет офисінде ерекше жағдай болды деп әңгімелейді чилилік публицист Лабарка Годдард. АҚШтан келген қонаққа елшіліктің баспа бөлімінің журналистер тобы қара ниетті сұрақтар қойып, сол сәтте ойланбастан жауап беруін талап еткен. Кейбір жағдайда, адамдар сұраққа қиналмай жауап береді. Мұндайды мамандар ғана жасай алады. Американ президентінің баспасөз маслихаты дәл осылай дайындалады. АҚШ-тың бір журналында президент баспасөз маслихатының дайындалу техникасы туралы айтылады. Президент әртүрлі тосын сұрақтарға жауап бергендей дайындалады, бұл баспасөз маслихатына тиянақты дайындық күндері мен көпшіліктің еңбегінің нәтижесі. Келесі болатын баспасөз маслихаты белгілі бола салысымен, Ақ үйдің қызметкерлері екі топ болып жұмыс жасайды: сыртқы саясат және ішкі сұрақтар. Әр топқа жобамен журналистер қоюы мүмкін 40 сұрақтан жіберіледі. Екі топ екі папка дайындайды, оның әрқайсысында басылған 70 беттен болуы керек. Мұнда ретімен жазылған қойылуы мүмкін сұрақтар тізімі және президентке ұсынылатын жауаптар реті. Қызметкерлер жауап беру үшін есте тез сақталып қалатын сөйлемдерді іздейді.Теледидар камерасы мен микрофонның алдында, оны президент те тез есіне түсіретіндей болуы керек. Ақ үйдің қызметкерлерінің пайымдауынша, баспасөз маслихатында тілшілердің қойған он сұрағының тоғызы алдын ала жинақталған және оған дайын сұрақтар бар. Баспасөз маслихатының басшылары қулық та жасай бастады. Мысалы, репортерлер сұрақты өз қалаулары бойынша қояды, олар президенттің жауап беретініне сенімді. Баспасөз маслихаты баспасөз-хатшыларымен жиі дайындалады,белгілі бір сұрақтарды қою үшін журналистерге тапсырма береді, жауап барысында үкімет саясатының бағытын дұрыс екенін көрсететіндей болуы керек. Олар қажетсіз бағыттағы қайталанған сұрақтарды тежеуге тырысады. Президенттің баспасөз қызметі брифингті де жиі пайдаланады, жабық әңгіме түрінде журналистердің аз тобымен өтеді,онда оларға кейбір сұрақтар хабардар етіледі. Мұндай жабық отырыстардың нәтижесінде үкімет ішілік сөйленген сөздер бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жарыққа шығады. Мемлекет басшысының журналистердің аз тобымен өткен жолдастық кездесуі «даярлық шары» әдісіне әкелуі мүмкін. Президент оларға қандай да бір саяси қадам жасайтынын сенімді түрде айтады. Журналистер үкіметтің осындай ойларын, өз ойлары сияқты жазады. Егер оны көпшілік қолдаса, онда бұл идея жүзеге асады.

Кейде журналистерге баспасөз маслихатының тақырыбына сәйкес дайын материалдарды тапсырады, бұл пресс-релиз деп аталады. Бұл жағдайда айтушының сөздерін блокноттарына жазбаса да болады. Жазбада кейбір сөздер шатасып кетсе, қауіп жоқ. Баспасөз-релиз - баспасөз –маслихатын ұйымдастырушының дайын мақұлданған материалы, журналиске тамаша сүйеніш, тек оған өңдеп, дискуссия кезінде туындаған ойларды қосса болғаны. Журналист өкілі болып келген редакцияның атынан сұрақтар береді. Ал жауаптары сол редакцияға журналистің айтуымен беріледі.

Баспасөз –маслихатында сөз сөйлеуші ұзақ сөйлемегені дұрыс. Егер баспасөз - релиз папкасында сөйлеген сөздерінің толық мәтіні жазылған болса, ол ештеңе де айтпаса да болады. Мәтінді оқып қажеті жоқ, ол журналистердің ішін пыстырады. Кейде баспасөз - маслихатының жоспары жарты жыл бұрын дайындалып, барлық редакцияларға таратылады. Өскемен студиясының «Баспасөз маслихаты» атты бағдарламасы жиі өткізіліп тұратын. Баспасөз тобында қазақша, орысша шығатын газеттердің журналистері, республикалық газеттің меншікті тілшілері, қазақстандық және облыстық теледидар, кейбір аудандық газеттің редакторлары болатын. Хабар теледидар студиясының бөлмесінен жүргізіледі. Жартылай дөңгелек үстелдің арғы жағында – cұрақтарға жауап беретін облыс басшылары, оған қарама-қарсы журналистер. Олардың әрқайсысның алдында қай органның өкілі екенін білдіретін жазуы бар қағаздар.

Видеокөріністердің пайдаланылуы, студия, журналистер алдындағы қағаздар – бұл баспасөз маслихатындағы теледидардың ерекшелігі. Баспасөз маслихатын ұйымдастырғанда журналистік жұмыс теледидардан көрсетерден бұрын жүргізіледі. Оған сөз сөйлеушілердің мәтінін дайындау, сөз сөйлеушілердің кандидатурасын реттеу, олармен жұмыс, сұрақтар мен жауаптардың нұсқаларын дайындау, баспасөз маслихатының жүрісін басқару жатады. Ол кенеттен ұйымдастырылған болса, оны мұндай хабардан тәжірибесі бар журналист жүргізуі тиіс. Мұнда журналистің жұмысы ешкім қоймаған сұрақтар ретін дайындап, оның жауаптарын реттеп, әңгіменің қызықты өтуіне ат салысу болып табылады.

Баспасөз маслихаты – бұл ұйымдастырушылардың журналистер сұрағына жауабы. Жауап берушілерге тақырып мәнін қысқаша мазмұндап ескертіп қою керек. Баспасөз маслихатын баспасөз хатшысы немесе студияның журналисі жүргізеді. Баспасөз маслихаты неғұрлым қызу және өткір өтсе, оған үн қатушылар көбейеді. Егер баспасөз маслихаты ресмилік болса, бірнеше сайланған журналистер сұрақ қояды, ол кішкентай ғана белгімен шығады. Баспасөз маслихатында брифинг, баспасөз-релиз, баспасөз-хатшы түсініктері қатар жүреді. Брифинг – ресмилік емес жағдайда тексерілген журналистермен өткізілетін сенім әңгімесі.

Баспасөз-релиз – терілген материалдар, кестелер, бағдарламалар, мәліметтер баспасөз-маслихатына келгендерге таратылып беріледі. Олар баспасөз-маслихатын ұйымдастырушылардың мәлімдемесінің мәтініне сәйкес келеді. Баспасөз-маслихаты көбінесе баспасөз-орталығымен немесе баспасөз-хатшысымен ұйымдастырылады. Баспасөз-маслихатын баспасөз-хатшысы басшысының атынан жүргізе береді. Баспасөз-хатшысымен қоғамдық жұмыстағы хатшы бірге жұмыс істей береді. Баспасөз-хатшысы бірінші кезекте бұқаралық ақпарат құралдарына (теледидар, газет, радио) іс-шаралары туралы хабарлап отыруы керек. Оған қандай да бір сұрақ туындаған журналист келуі мүмкін. Ол бұқаралық ақпарат құралдарынан келген хабарларды, басшысының қызметіне қатысты және еліміздегі, шет елдегі маңызды оқиғаларды басқармаға жариялап отыруға міндетті. Газеттегі мақалаларды оқып, теле-радио хабарларды тыңдап, талдау жасау оның міндеті болып табылады.

Баспасөз-хатшысы журналистермен байланысты ретке келтіріп отырады. Редакцияға баруы – танысудың ең жақсы жолы. Журналистермен жақсы жеке байланыс баспасөзбен жемісті еңбек ету үшін маңызды. «Өзінің» баспасөз-хатшсына сенуге болатындай, журналистерде сезім қалыптасу керек. Оның баспасөзге жіберген ақпараттары мен хабарламаларының жиілігі, сенімділігі мен сапасы ерекшелендіреді.

Баспасөзге өтініш беру – ол да баспасөз хатшысының міндеті. Баспасөзге берілген өтініштердің көмегімен қоғамдық ұйымдарды өзіне тартып, және саяси сенімдеріне көз жеткізеді. Олар қоғамдағы пікірлерге көзқарасты сақтайды, болатын шаралар мен науқандарды хабарлайды. Хабарламаның алғашқы бөлімінде баспасөз хатшысының мекен-жайы мен телефон нөмірі болады. Баспасөзге хабарламаны әр іс-шарадан кейін емес, одан бұрын да жіберілу қажет. Іс-шараның алдынан хабарландыру жіберіліп, оның уақытысында жариялануын өтіну керек.

Қоғаммен жұмыс істеу хатшысы /паблик рилейшнз/ қоғамдық акцияларды жоспарлайды, дайындайды және өткізеді. Егер баспасөз хатшысы БАҚ –пен бірігіп жұмыс істесе, (баспасөзге өтініш дайындайды, олармен қарым-қатынасты реттейді, редакцияға және студияға барады, баспасөз маслихатын, брифингтер ұйымдастырады және өткізеді, сонымен қатар сұхбат барысына көмектеседі, әсіресе олар эксклюзивті түрде болса, хатпенен жұмыс істейді, барлық шақыртулармен танысады және маңыздыларымен хабарласады) онда қоғаммен жұмыс істейтін хатшы төмендегілерге жауап береді: қағаздарды таратады, плакаттарды жабыстырады, әртүрлі стендтерді ұйымдастырады, қол қойдырады, дискуссиға қатысады, демонстрациялар, жиналыстарды, халық мерекелерін ұйымдастырады. Қоғамдық қатынасқа жауапкер іс-шараның басында болады, қоғамның көз алдындағы имиджді жақсартуға бағыттайды. Қоғам және қоғам бөлігі арасындағы қатынастарды саналы түрде реттейді, үкімет арасында, партияда, ұйымдарда, қоғамдағы оқиғаларға паблик рилейшнзға жауапты адам қатысты болады. Қоғам мен адамдар арасындағы байланыс – бұл жүйелі, тұрақты және көпшілікпен ашық диалог.

Ұйым және қоршаған ортаның арасындағы қатынасты байланыс бар. Оларды саналы түрде безендіру өте маңызды, себебі айналасындағылардың оңды көзқарасты имидждің әсері бар. Ұйым қоғамға идея және көзқарас ұсынады. Сол сәте азаматтардан олардың пікірі, көзқарасы және ұсыныстары туралы сұрайды.

Ұжымдық имидж – бұл қоғамдағы ұсыныстардың жиынтығы қандай да бір адам немесе қандай да бір бөлімше туралы болады. Бұл ұйымның айнадағы қоғамдық сәулесі. Әрбір адамның немесе ұйымның өзі туралы жеке түсінігі болуы керек. Имидж – бұл қоғамда қалыптасқан адам немесе ұйым туралы түсінік. Имиджмейкерлердің мәселелері ұйымның көқарасына адамдардың ойы сәйкес келуін қалыптастыру болып табылады. Нақтырақ айтсақ: қоғамның пікірі сол ұйым туралы жақсы болуы. Идеалды жағдай – ол қоғамдағы жақсы пікір сол ұйым немесе адамның пікірімен сәйкес келуі. Кезінде АҚШ Въетнамға соғыс ашқаны дұрыс деп есептелсе, ал қазір керісінше пікірде. Дәл сол жағдай қазір Ресейде де Ауғанстан немесе Шешенстанға жүргізген саясатындай болып отыр. Саясатта да кәсіпкерлік өмірдегідей жақсы репутация және төлем қабілеттілігі жұмыстағы секілді жолы болуға байланысты.

Жақсы имидж ұйымның жетістігіне қоғам алдында көрінеді. Және адамдарға да сондай жақсы ұйымда істеу мақтаныш болып табылады.

Соған қарамастан, баспасөз конференциялары, баспасөз орталықтары, баспасөз релиздер өмірді ауыстырмау қажет. Ал баспасөз хатшы – тікелей ақпарат алуға кедергі болмауы тиіс. Өкінішке орай Қазақстанның БАҚ қоғаммен тікелей қарым қатынаста жасанды мәжілістерге тап болуда.

Неге репотаждар мәжілістерден шыға бастады? Ол ақпарат барлық ақпарат құралдарында басты қажеттіліктерге айнала бастады.

АТВ телеарнасында Кеден комитеті туралы баспасөз конференциясы өтіп жатыр. Қызықты ма? Ия.

Ал сіздерге Қазақстан Республикасы әкімшілік комиссиясы мемлекеттік комитетінің ашық мәжілісі туралы ақпараттарының берілуі қалай? Сондай –ақ, әрине қызықты.

Ал қалалық әкімшілікте жұмысшылардың наразылығы туралы жедел топтың сюжеті ше?

«Ақмола» энциклопедиясының презентациясының отырысынан ше?»

Ал Қазақстан Халықтар Бірлестігінің партиясы ОК пленумынан ше?

Отан және еңбек ардагерлерінің жорығынан?

“Рахат-Палас” қонақүйінде орналасқан делегаттар отырысынан ше?

Қазақстан Республикасы ІІМ Бас күзет басқармасының семинарынан ше?

ҚІІБ залының баспасөз конференциясынан?

Депуттардың ҰҚК басшысы және оның орынбасарларымен кездесу сәтінен?

«Киндердорф-Қазақстан» қорының баспасөз конфернциясынын?

«Журналистер шешен соғысында» атты кітаптың тұсаукесерінен ше?

ҚР Ұлттық банк басшысы және оның орынбасарларымен кездесу мәжілісінен?

Ұлттық саясат туралы Қазақстан Республикасы мемлекеттік комиссиясы «дөңгелек үстелінен»?

Мәдениет қызметкерлерінің қорытынды мәжілісінен?

Үш мемлекеттің Кеңесі мәжілісінен?

Грузия Парламентінің төтенше мәжілісінен?

Ташкенттегі ашық мәжілістен?

Жалғыз АТВ телеарнасынан ғана емес басқа да телеарналардан қарасаңыз жоғарыда көрсетілгендей жаңалықтар. Кездесулер, конференциялар, «дөңгелек үстелдер», презентациялар, пленумдар, баспасөз конференциялары, семинарлар! Және мәжілістер. Ашық мәжілістер, қорытынды, төтенше, шұғыл.

Қазірге кезде тележурналистика емес, керісінше басқа баспасөз қызметтері осындай отырыстарға тартуда.

Біз баспасөз конференцияларын оқырман, көрермен және өмір позициясынан сынадық.

Бірақ, сол пресс -конференциялар журналистермен дайындалады немесе солардың көмегімен. Онда қандай қиыншылықтар болуы мүмкін?

Сұқбат жанры журналистерге тікелей қатысты. Жалпы баспасөз орталықтарын журналистер құрайды. Сондықтан да барлық баспасөз конференцияларын ұйымдастыруда журналистер қатысады.


СҰРАҚТАР ЖУРНАЛИСКЕ ТИЕСІЛІ,

ЖАУАП – СҰХБАТ БЕРУШІГЕ

Бұл қандай жағдай болса да – журналистің жұмысы. Сондықтан ол мүмкіндігіне қарай сол теледидар бағдарламасын алдын ала қарау керек, оған басшысы да қатысуы мүмкін. Сұхбат алуға сұранып тұрған репортердің бірнеше мақаласын оқып шығуы керек.

Сұрақтар стиліне назар аудару қажет. Бұл стиль қабылдана ма, қабылданбай ма? Таныстық кейбір жағдайларды болдырмауға көмектеседі.Сұхбатқа дейін аудиторияға не жеткізетінін анықтап алу керек. Ең болмаса бір екі пунктін.Сіздің сөйлеген сөзіңіз сенімді болу керек.Алдыңыздағы адамды қорқытып, не үркітіп алмауға тырысыңыз. Сұхбат берушілер де, сұхбат алушылар да типке бөлінеді.

Әзілқой – сол адам, ақпараттағы «мені» ол үшін маңызды, әзіл жағынан онымен жарыспаңыз. Сұхбатқа не үшін келгеніңізді түсіндіруге мүмкіндік табыңыз.

Зерделі - сұхбаттың тақырыбы бойынша бәрін білетіндей сезім қалыптастырады. Сіздің басшыңыз ескеру қажет,бұл репортер оның пәні туралы аз біледі, ол секілді көп білмейді.Соңында оның жауабы журналиске емес аудиторияға арналатынын ескеруі қажет.

«Пулеметші»- бір мезгілде соншама көп сұрақ қояды,қайсысына жауап береріңізді білмей қиын жағдайда қалуыңыз мүмкін.Ең бастысы: оның стилін қабылдамау және бірден барлық сұраққа жауап беруге әрекет етпеу. Ішіндегі ең негізгісін бөліп алып, назарды соған аудару керек.

Ылғи жағаласып отырушы – ол сіздің жауабыңызға ілінісіп отырады. Жағаласқанына назар аудармай, жауабыңызды жалғастырыңыз. Бірақ ұзақ емес.

Түсінік беруші – ол жауап берушінің жауабына өз пікірін қосуға әрекеттенеді. Оған сол сәтте қарсылық білдіріп, өз ойыңызды жалғастырыңыз.

Найзағай лақтырушы – бұл сізге және жауабыңызға қарсылық білдіреді. Жұмсақ қана қарсылық білдіріңіз: «Ал мен былай жинақтар едім...» Әрине, егер журналист немесе екінші сұхбат беруші сізге қолына түскен затты лақтырып жіберсе, сіз оған фужердегіні шашып жібердіңіз. Осыдан айқай-шу шығады. Мұнда жеңімпаз болмайды. Әрине,мұндайға жол беруге болмайды.Жириновский мен Немцовтың сұқбатында осылай болды ғой, соны жұрттың бәрі талқыға салып, сөз қылды.Эфирден де қайта-қайта көрсетілді.

Дайындықсыз – бұл адам сұхбат тақырыбын зерттемеген және сұрақтарға дайындалмаған. Амал не, сұхбат барысын өз қолыңа алуға тура келеді.

Аудиторияның назарын өткенге аударып қажеті жоқ. Мысалы: «Мен кеше айтқанмын... Менің кітабымда жазылған болатын... Қысқаша сөйлеген сөзімде айтып кеткенмін...» деген сөздерді қолданудың керегі жоқ .Мұнда қаншалықты жаңа ақпарат айтылса да, жауап беру маңызды емес. Олардың назарын басқа жаққа аудару үшін екі-үш фактіні айтса болды. Кейде сұраққа сұрақпен жауап бере отырып,өткір тақырыптан өтіп кетуге болады. Сұраққа теріс жауап бермей, ыждаhаттылықпен дұрыс жауап беруге тырысқан жөн. Сенімді жауап кезінде, мимика өзгермейді, көздің жыпылықтауы, адамның сасқалақтағанын сездіреді. Көпшілік алдындағы шынайылық – сұхбат берушіге оңды болады. Сіз қандай жағдайда болсаңыз да, микрофон алдында тұрғаныңызды ұмытпауыңыз керек, олар сіздің даусыңыздың қатты шыққанын, анықтығын және сөзіңіздің жылдамдығын естіп отыр. Жақсы тәсілдің бірі - көрерменмен байланысты пайдалану, назарыңызды көпшіліктің бір адамына аударыңыз. Көрерменмен байланыс сөз сөйлегенге дейін және одан кейін де маңызды. Бір сөз айтқаннан кейін – бес секундқа байланыс жасаңыз. Бұл сізді толғанысыңызды басып, көпшілікке сезім береді.Кей жағдайда камераны адам деп ойлап, оған да назар аударуға немесе көрінбейтін әңгімелесуші ретінде қарауға болады. Трибунаны пайдаланғанда оған жатып алуға, не көп тиісе беруге болмайды. Өкінішке орай, тыйымдар өте көп. Бір қолыңыз көрінбей, екінші қолыңыз басшының алдында тұрса, бұл Наполеон стилі – бұлай тұруға болмайды. Алақанды айқастыруға, жұдырықты түюге, қолыңды артыңа айқастыруға, қалтаға салуға, көкірегіңе айқастыруға болмайды. Журналиске сұрағың анық емес деп айтуға болмайды. Одан сұрағын дұрыстап жіберуін, не айтқысы келгенін өтініңіз. Бұл кезде түсінбеушілік салмағы сұрақ қоюшыға түседі де, жауап беруші демалады. Егер журналист сұрағымен ызаңызды келтірсе, назарыңызды одан басқа жаққа аударып, жауапты аудиторияға беруге болады.

Дайындық тек қана сұхбат берушіге немесе баспасөз – маслихатына қатысушыға ғана емес, сұхбат алушылар мен баспасөз-маслихатын ұйымдастырушыларға да қажет.

VII.


«ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ» БАСЫНДАҒЫ ӘҢГІМЕ

Бұл жанр диалогшылар тобына арналған. Егер сұхбаттағы және баспасөз-маслихатындағы адамға журналист сұрақ қойса, ол бірсарынды директивалы, позитивті немесе эмоциональді жауап береді, ал «дөңгелек үстел» басындағы сұраққа бір адам емес бірнеше адам жауап береді. Екіншіден, жауаптар біркелкі болмайды, әңгімеге қатысушылардың әрқайсысы өз пікірін білдіреді. Бір-бірімен пікір алмаса отырып, сұрақтың мәнін ашады. Мақсат – мәселені бірден бірнеше маманның көзқарасынан білу.

«Дөңгелек үстел» басындағы әңгіменің тақырыбы бүгінгі күнмен ғана байланысты емес.

Әңгімеде журналистің ролі, сұхбат пен баспасөз-маслихатындағыдай жоғары емес. Оның аты-жөні аталмауы да мүмкін, әңгімені ұйымдастырудағы міндеті – тақырыпты таңдау, қатысушыларды шақыру, тақырып бағытын реттеу. Ол мұндай әңгімеге қатыспайды, оны ашып, жауып отырады немесе «салтанат ұйымдастырушы» ролінде қатысып, ойдың барысын қадағалайды, оны қажет арнаға бұрады, тақырыптан ауытқып кетуге жол бермейді, тартыс тығырыққа тіреліп, эмоциональды болмай бара жатса, соны жандандырып, ретке келтіреді. Журналистің әңгімелесуші адамдармен тең дәрежеде болуы өте сирек кездесетін жағдай немесе оның жұмыс істеу жүйесін шақырылған мамандардың бірі алады.Өкінішке орай, әңгіме тізгінін тартып ұстап, тым қайырып тастайтын да журналистер кездеседі. Шақырылған адамдардың еркін пікір алмасуына жағдай жасалуы керек.

«Дөңгелек үстел» басындағы әңгімеге халықаралық шолушылар, оқымыстылар, шаруашылық қызметкерлері, халық проблемасын жақсы білетіндер қатыса алады. «Дөңгелек үстел» теледидар қызметкерлерінің арман-мұратының шегі болды. Қазір барлығы да түп тамырымен өзгерген. Владимир Познердің бағдарламасында көрермендер үлкен студияда дөңгелене отырады да, олардың ортасында заңгерлер, шаруашылық қызметкерлері, социологтар отырады. Тұрмыстық және ғылыми проблемалар адамның мінез-құлықтары мен адамгершілік аумағына біріктіріледі. «Егер», «Біз» деген сияқты бағдарламалар циклында Познер жағдайдың шешімін шығаруды көпшіліктің алдына тастайды: егер сіздің басыңызға да осындай жағдай түссе, сіз не істер едіңіз? деген сұрақтарды көрермен қауымға қояды. Мәселені талқылау үшін «дөңгелек үстел» басына мамандармен қатар көрермен қауым да шақырылады.Олар әр жастағы, әр түрлі жыныстағы мамандықтары да әртүрлі адамдардан құралуы мүмкін. Көбінесе, белгілі бір типтегі адамдарға тән барлық мінез-құлықты жинақтаған мінезді образдар, қандай да болсын бір типті айқын көрсететін белгілерді бойына жинақтаған жандар қатыса алады.

Жүргізуші үстелдің басында немесе бүйірінде отырмайды. Познер қолына микрофон алып, студияда әрі-бері қозғалып жүреді. Оның көмекшілері микрофондарды қосып, көрермендерге ұсынады.

Владимир Владимирович отыратын баспалдақ өте әдемі жасалған. Ол сәл жылтыр, көзге оғаш көрінбейді. Рас, басқыштардың бірінде отырған Познер кейде өзге Владимирді еміс-еміс еске салады. Негізінен танымал журналист АҚШ-тан келген кезде сәл-пәл ағылшын акцентімен сөйлеп,жауапты тыңдап отырғанда басын қолына сүйейді. Басқышта отырып, келесі тезистерді ойлап отырған Ильич сынды. Познердің «амфитеатры» бұрынғы журналистердің «дөңгелек үстелі» сияқты пікірлердің жиынтығымен, мамандардың кесімді сөздерімен және «афитеатрды» бойлай отырған көпшілікқауымның аз дауыс алмайтын талдауларының демократияшылдығымен қуантады.

«Біз» бағдарламасында көрермендер басымдық танытады. Олар танымал адамға әртүрлі сұрақтар қояды, мүмкін өмірде қиын сәттер болған щығар, көпшіліктің талқылауына ұсынатын ұсынысыңыз бар ма деп ол кісіні ортаға алады.Негізгі басымдық оның тұлғасын дәріптеу емес, оның көпшілік бағасына зәру өмірлік сәттерін ашуға түседі.Жаңа бағдарламадағы Познердің маскадағы адаммен бұрынғы қарым қатынасының әттеген-ай дейтін жерлері бар еді.

«Дөңгелек үстел» басындағы әңгіменің табиғаты теледидарға жақын болса да, ол алғаш газет бетінде көрініс тауып, жаңа арналардың белсенді қызметіне қарамай, оған ұстанымын мүлде бермейді.

Диалогтық қыры оны теледидарға жақындатса, тақырыпты салмақты түрде ашуы, ойға,ақылға негізделуі, хабарларды түсінудегі салыстырмалы қиындығы оны газетке жақындатады.

«Дөңгелек үстел» басындағы әңгіме жекелеген жанрлардан, есеп пен репортаждан редакциялық мақалаға, қысқартылған стенограммалар, корреспонденциялар және хроникалық заметкаларға дейінгі жанрлардың байланысынан туған. Материал «дөңгелек үстел» айдарымен жарияланған кезде ғана анықталады, өзге айдармен оның табиғатын ашу мүмкін емес. Айдардың баламасы, мысалы, «Ресми кездесулер клубы», «Дискуссия клубы», «Семинар».

«Дөңгелек үстел» басындағы әңгімені хабарламалық және полемико-дискуссиялық деп бөліп қарастыруға болады.

Хабарламалық әңгімелер «Труд» газетінде көп басылып жүрді. Олар жұмысшылар, ғалымдар және мамандардың тәжірибе алмасу семинарларының формасында көрініс тапты. Газеттегі семинарлар «дөңгелек үстел» басында бір кездесуден гөрі көлемді келеді. Бір нөмірден екінші нөмірге жалғаса беруі мүмкін. Хабарламалық әңгімелер «дөңгелек үстел» ұғымын толықтыратын мазмұндардан бірнеше жағдайда ерекшеленеді. “Журналистің” жинағында «дөңгелек үстел» туралы дискуссия деуге қатысушы кісілердің көбісі қарсы болған. Хабарламаны жақтаушылар: «Дискуссия неге керек? «дөңгелек үстел» басындағы әңгіме тек хабарламалық сипат ала алады. «Аптаны» алып қараңызшы... Ондағы «дөңгелек үстел» - белгілі бір анықталған жайтқа оқырмандардың берген көпжақты хабарламасы. Бұл жаман ба? Олай деп ойламаймын. Біз де хабарламалық «дөңгелек үстелді» жиі қолданамыз ғой» - деген пікірлер келтірілген.

Барлық хабарламалық әңгімелерді «дөңгелек үстел» айдарына жатқыза беруге болмайды. Олар өзімен оқулықтарда кездесетін, адамды жалықтыратын, қорытылмаған мақалалар сияқты болуы мүмкін ғой. Негізінен «дөңгелек үстел» өзекті проблемалар төңірегіндегі пікірлер алмасу процесінде ықпал жасамай ма? Нәтижесінде талқылаудың жалпы шешімі қорытындылануы тиіс. Ол оқытушы мен студент арасындағы курс материалын түсіндіру жайындағы диалог емес.

Кейде «әңгіме» жанры пікір алмасудан қалыс қалып, өз беделіне нұқсан келтіреді. «Міне осыдан газет беттерінде кейде автордың анықтамасы да, пікір алмасу да кірікпеген «түсініксіз дүбәрә» пайда болады», - деп сынайды, Орал университетінің зерттеушілері В.Березовский мен В.Фоминых «Бағдарламаландырылған» талдауларды (жария болғанға дейін кімнің дискуссияға қатысатыны, не айтатыны, редакциялық қорытындының қандай болатыны белгілі болған кезде) қызғанатын жандар ұнатса да, ұнатпаса да, қаласын, қаламасын, шұғыл түрде дискуссияны дұрыс арнаға бұрады. Өмір құбылыстарынан тапқан оның мәніне жетпей тұрып, несіне сөз таластырамыз?» Ақпараттық пішіндегі, полемикалық элементтердің ұшыраспауы бағдарланған, жоспарланған, тартымсыз әңгімеге алып келеді.

Екінші жағынан «дөңгелек үстел» өткір мәселелерді қозғауға тиіс, редакция қызметкерлері алдын ала қатысушылардың фактілері мен қорытындыларының студияның ұстанымына сай болуы міндетті емес екендігін ескеруге тиіс. Осындай әңгіме 1996 жылы 3 қыркүйекте ТВМ бағдарламасында орын алды. Оның аты да «Террористер құпиясы» деп айғайлап тұрды.

Эрик Нуршиннің авторлық бағдарламасы «Версия». Ол көтерген проблемалар бірде сөз бостандығы тақырыбын, бірде алға басу еркіндігі тақырыбын өзек етті. «Азаматтың» лидерлері: М.Әуезов, П.Своик, С.Құттықадамовтар пікір айтты. «Олар ұсынылған мәселе жөнінде ғана емес, «Азамат» қозғаласының маслихатына бара жатқан жолда, Алматыдан Петропавловскіге апарар жолда ізіне түскен қуғыншылар жайында да әңгіме қозғады. Бірде оларды тұтқындаған, бірде двигательге металл жаңқаларды білдірмей салып жіберген, ал енді бірде «азаматшылар» жиналуға тиіс залдардың кілтін ұстаған кемпірлер жоғалып кетіп жатты. Олардың жаулық әрекеті ҰҚК, ІІМ және тым эмоционалды болғандарға, шешімі тиянақты болған жандарға бағышталды. Жекелеген жағдайда көбінесе заңды тым қатты әшкерелеуге болмайды. Қандай жағдай болмасын рұхсат етілген межеден ары аспайды, сондықтан да студия бұл пікірталасқа бөлінген межеден арыға аспауға міндетті.

Көп жағдайда «дөңгелек үстелдің» мүмкіндіктері материал хабарламадан өзге, полемикалық, дискуссиялық бастау алған жағдайда көрініс табады. Мен, - дейді «журналистің» дискуссиясына қатысатын өзге бір жан, - бәстесу процесінің өзін сезініп, дискуссияға қатысушылардың қандай да бір біртұтас пікірге келтіретін барлық жолдарды көргім келеді. Газет есебінде сюжет, түйін, шиеленіс және шарықтау шегі болуға тиіс... Ол драмматургия заңымен құрылуға тиіс». Бұл көрерменнің де, тыңдарманның да пікірі емес, бұл газеттегі «дөңгелек үстелге» қойған оқырманның талабы, оның пайымы бойынша жанрдың теледидарлық жобаға жақын екендігі айтылады.

Полемикалы - дискуссиялық әңгіменің жақтаушылары газеттің өзінде де «әңгімеге рух беру», «сөз мәдениетін сақтау», оқырмандардың «дөңгелек үстел» басында әңгімеге араласып отырғандай сезінуіне ықпал жасауды талап етеді. Танымал журналист Т.Яковлевтің «дөңгелек үстелдің» өткір бұрыштары болуға тиіс деген пікірімен толық келісуге болады. (“Журналист” N3 1969 ж.). Т.Яковлев те дискуссиялық әңгіменің жақтаушысы. Ол «дөңгелек үстел» бұл пікір алмасу, хабарлар жиынтығы емес деп санайды. Хабарлар жоспарын талдауға өзге айдарларды негіз етсе болғандай. Сосын ешқашанда бірнеше сұхбатты әңгімеге әкеліп телуге болмайды.

«Дөңгелек үстелдің» өткір бұрыштарын В.Маевский де қолдайды. Оның «Бейбіт күндердегі шайқас» кітабындағы бір тарау солай «Дөңгелек үстелдің» өткір бұрыштары” деп аталады. Ол ашық таласта, сөз бәсекесінде журналистердің тайталасқа қылыштарын сермеп, айқасқандарын жөн санайды.

«Дөңгелек үстел басында» деген айдармен берілген материалдар көзқарастардың кең болуымен, публицистикалық мақалалардың уытты болуымен, жедел корреспонденциялардың динамикасы сақталуымен, очерктің образдылығымен, кейде фелетонның өткірлігімен ықпалды болады. Бұл айдар ашық әрі қызығушылықпен өмір проблемаларын талқылай отырып, қиын жағдайдан шығуға нұсқау береді.

«Дөңгелек үстел» басындағы әңгімеге араласып отырған кісілердің арасындағы дискуссиялық әңгімені жақтаушылардың талаптарымен толық келісе отырып, біз хабарламалық әңгіменің де, егер ол жаңа, қызықты, өзекті және маңызды мәліметтермен толықтырылса, онда бізге оны да бағалау керек.

Профессор Б.Зориннің жүргізушілігімен жарыққа шыққан танымал «Тоғызыншы студия» телебағдарламасында полемикалық әңгімеден гөрі бағдарламалық әңгімеге жақындау бір хабары көрермен назарына ұсынылған болатын. Оған өз саласын жетік меңгерген кісілер: айтулы газеттердің редакторлары, тілшілер, редакция бөлімінің меңгерушілері, комментаторлар мен шолушылар, ғылым докторлары мен профессорлар қатысқан. Әңгімеге ішкі экономикалық сипаттан сыртқы саяси сипатқа дейінгі мәселелер арқау болды. Көрерменді бүгінгі күннің ең өзекті мәселелерімен таныстырды. Полемикалық сипатқа негізделмеген хабарламалық сипаттағы әңгімелер, талқыланып отырған мәселенің өзектілігі басым болса, бүгінгі күні көтеруге тиіс мәселе болса, неге оны есепке алмасқа? Бұл хабар әрине. Бірақ, дискуссиялық проблемаларды өзек еткен хабар. Онда пікірлер қақтығысы мен полемикалық жалын бар.

Мұндай әңгімелерде ақпарат - үйрету құралы болмай, белгілі жайларды түсіндіруші де емес, үлкен, қызықты, кең аудиторияға арналған қала салушылар, ғалымдардың ізденістеріндегі жаңа жетістіктер туралы, халықаралық өмір, жекеменшік формалары мен салық салу мәліметтерімен қызықтыратын құрал болып табылады. Халықаралық комментаторларға елдердің көзқарастарының әр түрлілігін ғана емес еуропалық және шығыстық көзқарастарға да ықпал ететіндей ақпараттар берулеріне талаптар қойылуы қажет .

Америкалық ракеталар 1996 жылғы қыркүйекте Иракқа үш қайтара соққы берді. БҰҰ-ның бас хатшысы Бутрос Гали Ирактың өз мұнайын сату мүмкіндігінен айырғанын, ол ақшаға тұрғындарға азық түлік алынатынын хабарлау ғана маңызды емес, Иордания мен Түркия АҚШ әскерлеріне өз территориясын ұсынудан бас тартқандығын айту маңызды еді. Журналистердің пікірі бойынша Ирактың солтүстігіндегі күрттерді құтқару үшін АҚШ оның оңтүстігінен соққы бергені әрине, күлкілі. Ливияның пікірінше, бұл да террорлық іс, мемлекеттік дәрежедегі террор. Саддам Хусейнді көздеп тұрып, халықты, жергілікті тұрғындарды қырады. Англияға бомба тастағандар мен АҚШ әрекетінінің арасында қандай айырмашылық бар? Жаңа дүние, жаңа құбылыс, қоғамдық мәні бар құбылыс, олар туралы жедел түсініктер мен пікірлер жиынтығымен танысу, осы жаңа құбылысқа көзқарастардың икемделуі туралы ақпараттар өз қозғалысын сөзсіз меңгеріп, аудиторияның қызығушылығын арттыруға ықпал етеді.

Полемикалық – дискуссиялық әңгімелер өз кезегінде жасанды болмауы тиіс.Полемика полемика үшін көрініс тапқан кезде, дикуссия ешбір қиындықсыз-ақ күшіне енеді. Осындай әңгімелер өмірді бейнелеуге, заттардың шынайы күйін беруге, бір сұрақ төңірегінде бірнеше пікірлердің туған сәтінде қарама қайшы, нақтылы әрі қызықты пікірталастарға арқау болады. Неге Ресей Иракқа қарсы соққы беруге қарсылық жасады? Өйткені ол мұнай шығаруға миллиард долларға шарт жасасқан болатын. Себебі ол жақта жақында ғана әкімшілік делегациясы барып қайтқан еді . Бұл дискуссиядағы пікірлер ойыны ғана емес, ол шынайы мақсаттардың көрінісі. «Дөңгелек үстел» - бұл ақпарат шынайы проблемалар жөніндегі ақпарат, бұл дискуссия, бірақ ой пікірлер түрлерінің көтерілісіне арналмаған, көптеген ой мақсаттардың талқысына негізделген. Бұл полемиканың қызған түрі, бірақ білімдарлықтың көтерілісіне арналмаған, негізгі мәселеге өзінің көзқарасын білдіруге негізделген.

Полемикалық дискуссиялық әңгімелер жасанды болмауы тиіс. Полемика полемика үшін көрініс тапқан кезде дикуссия ешбір қиындықсыз күшіне енеді. Осындай әңгімелер бір сұрақ төңірегінде: беделді, қызықты қарама қайшы пікірлер туындаған кезде, өмірдегі заттардың бодмыстық шынайы күйін бейнелейді. Мүмкіндігіне қарай әңгімелесу осы пікірлерді бірыңғай мәнге келтіріп ең қолайлы нұсқамен жұмыс істеуге көмектеседі. Бір проблема төңірегінде бірнеше көзқарастарға тоқталу мүмкіндігі, тіпті, шешімдердің ең ұтымды нұсқасына тоқталу «дөңгелек үстел» басындағы әңгіменің негізгі ерекшелігі ғана емес, бұл қоғам мен БАҚ демократиялығы болып табылады.

«Дөңгелек үстел» бұл үш жақта мүдделердің бірігуі. Журналистке мамандардың пікірі қызықты болса, мамандарға ақиқат шешімге келу және теледидар, радио хабар, газеттердің хабар алмасуына себепші болу міндет. Көремен, тыңдарман және оқырмандар үшін бұл ғылыми айтыс түріндегі ақпарат, таласты сезіну, оның өту барысын, пікірлердің дамуын, осы тайталасқа қатысуға деген мүмкіндік. Ақпарат алушы «дөңгелек үстел» басындағы әңгімеге қатты қызығады. Сондай ақ, ол осы бағдарламаға телефон арқылы немесе студияға келген қонақтар қатарынан орын алу арқылы қатысуына болады.

Газетте «Дөңгелек үстел» кейде авторлар мақалаларының сериясында шарты түрде әр нөмірде көрініс табуы мүмкін. «Литературная газета» көбіне талас туғызатын қызықты пікірлерді негіз еткен мақаланы басып шығарады да, осы жерде, осы тұста, сол пікірді бейнелейтін бірнеше өзге материалдар да қылаң береді. Таласқа мамандар, оқырмандар қатысады. Олардың материалдарын келесі сандардан оқуға болады. Дискуссия кейде шартты түрде болуы мүмкін, беделді маманның немесе журналистің мақаласы біртұтас қорытындыға келуі міндетті емес, барлық мүмкіндіктерді алға тарта отырып, ұтымдысын ғана ұсынатын редакция пікірі қорытындылайды.

Теледидар мен радио да пікір алмасу бір мезетке негізделеді. «Дөңгелек үстел» астарлы бейне емес, шынайы құбылыс.

Газет үстел басындағы әңгіме туралы есеп беруі мүмкін, ал теледидар мен радио әңгіменің өзін көз алдыңа келтіреді.

Диалог теледидарға негізделген, газет диалогтың әсерін құрап шығарады, оқырман әңгімеге сөзсіз араласуға тиіс.

Теледидар мен радио да әңгіме тек студияда ғана ұйымдастырылмайды, белгілі бір мекемелер мен құрылыста өріс алуы мүмкін. Олар кейде конференция, кеңес, форум сияқты аттарға ие болады.Ал, студиядан тыс өткізу - қатысушы адамдарға сенімділік қалыптастарады, іскерлік атмосфера пайда болуына әсер етеді.

Харковьтің телерадио комитетінде «Дөңгелек үстел» басындағы әңгімеге көреремендер тым жақсы бой үйретті: телефон шалып, әңгімеге қатынасушыларға сұрақ қоюға болатын экрандағы телефон нөмірі көрсетілген таблицаны ұйымдастырды. Айдар «Экономистердің дөңгелек үстелі» деп аталды. Оның бағдарламасы ай сайын шығып тұрды. Оларды тұрақты комментатордың жүргізіп отырғаны дұрыс жағдай. Бұл хабардың тұрақтылығын, жалғасын табатындығын, сабақтастығын, бір ғана отырыспен шектелмейтінін анықтайтын жайт. Егер хабар алғашында бірден бірнеше сұрақты талдауға арналса, онда соңына қарай әлде бір жеке сұрақ талқыға түседі. Бұл осы қырық бес минут ішінде сол немесе өзге проблемаларды нақтылы қарап, нақты сипаттама беруге мүмкіндік береді. Сондықтан да Харьковтің теледидар журналистері кадрда кәдімгі өндірістік кеңес өткізудің түкке де қажеті жоқтығын жан тәнімен түсінді. Барлық көрерменді қызықтыратын, ауқымды мәселелерді таңдаудың мәні зор болды.

Теледидардағы «Дөңгелек үстел» басындағы әңгіме деген атаудың өзі әңгімешілдік, дискуссиялық, тіпті, қақтығыстықты алға тартады. Теледидардағы дискуссиялылық тек мағыналы ғана емес, эмонационалды көріністік құбылыс. Қағаз арқылы экранға шығу, өзге теледидардың құлағын бұрауға мәжбүр ететін қызықсыз бағдарламалар, қатысушылар кезек кезегімен алдын ала әзірлеп алғанын оқып беріп, дәйектерді қайта тіркеп, белгілі бір дағдымен бір бірінің сөзін бөліп әуреге түскен жандардан тұрады. Ол көбіне әңгіменің бір мезеттілігін, оның түйсігі жоғалған сәтте орын алады. Газетте «дөңгелек үстел» басындағы әңгіме уақыт бойынша есептің жазылуы, оның басылуы оқырман қауымының қолына тию уақыты бір бірімен еш байланыспайды. Теледидарда барлық осы сәттер әңгіме, әңгіменің экранға шығуы, оны көремендердің қабылдауы бәрі де бір мезетте болуы тиіс. Әңгіме туралы есеп теледидарда бағдарламаға дейін жазылады. Ал бағдарлама көрсетіліп жатқанда оны тек оқып береді. Міне осы жерден жасандылық тайталастың әуеніне төселу қаупі туындайды. Мұндай жағдай журналистің эфирдегі әңгімеге дейін- ақ қатысушыға толқымай, төселе сөйлеуге дем берген сәтте де туындауы мүмкін. Теледидардағы жүргізушінің өнері негізгі тақырыпты таңдап, әңгімеге қатысушыларды таңдаған кезде және ұйымдастыра біліп, оның негізгі арнада, белгілі бір уақыт аралығында ырғақты әрі қызу сипат алғанына ықпал еткен жағдайда қорытындыланады.

Заманауи техникалар әңгімені басып алу мүмкіндігіне ие. Осы жағдайда оның шығарылуы уақытқа бөлшектенеді. Сондықтан да егер әңгіме сәтсіз шыққан жағдайда оны қысқартуға, шығармауға болады. Бұл телевидениені газетке жақындатпайды. Жазу барысында барлық бұрынғы талаптар тосын, суырып салып айту, ой бөлісу, пікір алмасу барысында керемет ойлардың тууы сақталады. Заманауи техника видеожазуды қалауымызша жазуға мүмкіндік береді. Бірақ монтаж тек қана жазбаны қысқартып, алып тастауға негізделеді. Видеожазбаға ештеме қосуға болмайды. Осы жерде телевидение мен газеттің редакторлық қызметінің айырмашылықтары шығады. Газетте қысқартып қана қоймай, қосып толықтыруға да мүмкіндік бар. Мұның бәрін телевидениеде де жасауға болады, бірақ ол үшін жазуға дейінгі және монтажға дейінгі уақыт шектеулі болмауға тиіс.

Телевидениедегі әңгіменің ағыны, оның эфирден тікелей берілуі, көрермендердің назарына ұсынылуы дискуссияға телекөрермендердің қатысуына мүмкіндік береді. Венгерлердің бағдарламасы «Форумда» көрермендер телефон арқылы министрге мемлекеттің немесе қоғамның көрнекті қайраткеріне, танымал ғалым, мамандарға өз көкейінде жүрген сұрақтарын қоя алады. Хабарды танымал комментаторлар жүргізеді. Осы ерекше «дөңгелек үстел» өтіп жатқан кезде журналист қоғамдық пікірді бақылап отыруға мүмкіндік алады. Бұл үшін олар алдын -ала күнделік бағдарламасынан хабарлайды. Бағдарлама берілетіннен бірнеше күн бұрын диктор талқыға түсетін тақырыптар жайында көрермендерге мағлұмат беріп, хабар барысында хабарласып, сұрақтарын беру үшін телефондардың нөмірін айтады. «Форум» әрқашан да сәтті шығатын. Оның бір санында 24 телефонист телекөрермендерден 2099 сұрақ алған болатын!

Осы қарқынмен Венгрия радиосындағы «Баспасөз басшыларының конференциясы» деп аталатын бағдарламалар тізбегі де дамып келеді. Алдын ала әңгіменің тақырыбын біліп алған радиотыңдармандар бағдарламаның мекен жайына хат жолдайды. Бағдарлама барысында ұйымдастырушылар хаттағы сұрақтарға да, тікелей телефон арқылы хабарласқан тыңдармандарға да жауап беріп үлгереді.

Болгарияда көрермен мен көрермен арасындағы телефон арқылы немесе тікелей студияда сұрақ жауап түрінде өрбитін, жауапты мемлекет қайраткерлері қатысатын әңгіме ай сайын жарық көретін «Азаматтық мінбе» бағдарламасында ұйымдастырылады. “Дөңгелек үстел” басындағы бұл кездесуде саясатқа қатысты әртүрлі сұрақтар экономикалық, қоғамдық өмірге қатысты мәселелер талқыға түседі. Бағдарламаға министр және коллегия мүшелері қатысады.

Кубада «Дөңгелек үстел» басындағы төрт сағаттағы дискуссия танымал дәрежеге жеткен. «Халық сұрайды» деген телевизиялық бағдарламада сұрақтарға министрлер мен ірі қоғам қайраткерлері жауап береді. Хабар берілетін күні студияға 400-ге тарта адам келеді. Осы жерде көтерілген мәселелер баспада да жарық көреді.

Әртүрлі елдерден мысал келтірудегі басты себеп олардың ерекшеліктерін біз де қолдансақ деген ойдан туындаған болатын. Біріншіден, барлық елдер пікір алмастыруға, пікір таластыруға құмар. Екіншіден, олар ондай батылдыққа баруға қорықпайды. Үшіншіден, оған министрлер, премьерлер, президенттер қатысады. Осының бәрін алуға болмайтын ақыл ма? Үйлесімділік тұрғысынан мұны қолдануға көптеген адамдар дайын.

Қоңырау: Алматыдағы желтоқсан оқиғасына орайластырылған «дөңгелек үстел» бағдарламасына қатысуға қарсы емессіз бе?

Бірден келісемін. Оның үстіне осы өзекті тақырыпты көтеруге айтарлықтай үлес қосып жүрген біздің түлегіміз хабарласып тұр ғой.

Келісемін де қынжыламын. Қаншама адамдар еш жерде, ешбір жағдайға қатынаспастан, ешқашан ештеңе деместен үн-түнсіз жалақы алып жүрген жоқ па? Ешқандай әрекетсіз өмір сүріп, қызмет баспалдағымен ойдағыдай жүріп келе жатыр. Әрқашан да кез-келген іс жөнінде “тисе –терекке, тимесе –бұтаққа” деген тәсілмен сөйлейтін жандар жайында сөз қозғау орынсыз.Егер бүгін бір жерден мүлт кететін болсаң, онда ертең қарама-қайшылықтың өзіне тап боласың.

Таспаға жазу астыртын жағдайда жүзеге асырылды. М.Әуезов таетрының сыртқы жағынан, жасырын есіктен кіріп, жиналдық. Міне, қалай өмір сүру керек! Орталық газеттегі «Одобряем-с» басылымындағы материалда көтерілген ауыр жағдайдың кебін киген өте күрделі жайт.

Өзіммен бірге үнемі аузы тынбайтын суреткерді ертіп жүрмін. Камера алдында сөйлеп, ішіндегісін ақтарсын дегенім ғой.

Ал өзім өткірлігімен қатысушыларды тығырыққа тіреуге ұмтылатын, жыламай тыңдау мүмкін болмайтын менің желтоқсаншыларымды қалай қолдауға болатын етемін, ресмилендірілген «дөңгелек үстелге» дайындығымды қысыла ойланамын. Сол кісілердің ішінде біреуінің ойын-шынын араластыра «Бізді теледидарға көп түсіреді, ал бағдарлама жарыққа шықпайды» деп әзілдегені бар.

Екі дайындық негізінде еңбектенемін. Бірі: желтоқсаншылардың көптен күткен арман мүддесіне қол жеткізгеніне қуанамын, қазақ тілі мемлекеттік деп танылды, мемлекетіміздің ішкі өкіметтік билігі мен сыртқы саясаты басқа мемлекеттен тәуелсіз, дербес әрекет ете бастады, темірқазығымыз – ұлтымыздың негізін таныту.

Жігіттердің ішінде біреулері ой-пікірлердің негізін ұғынып, сол жолды қуаттады.

Екінші дайындық: желтоқсан оқиғасына барлық ұлт өкілдері үн қосты, баспасөз беттерінде қазақтарды жақтаған мақалалар пайда болды. Армениялық ақын әйел – Сильвия Капутикян, ресейлік,украиндық, прибалтикалық жазушылар мен қоғам қайраткерлері жазған ойлар жарияланды. Тағы да дәлелдерге апаратын жолдар табылып, қолданысқа енді.

Видеооператордың таспасы таусылды. Қосалқысы шығарылды. Жартылай жазылған таспаны салды. Аккумулятор отырды, қосалқы студияда тұрған аккумуляторға жіберілді. Түсіру процесі екінші сағатқа созылды, үшінші сағаттың ауылы алыс емес.Жігіттер мен қыздар барлық адамдардың көздерінде жас жылтырап тұрды дейді.Алдамшы сылтаумен, жан –жағына сәуле шашқан, шақырылғандар жиылған, көмескі залдан сытылып шығып кеттім.

Бағдарлама ешбір оғаштықсыз-ақ бас-аяғы бүтін күйінде жасалды. Сөздің шыны керек,бұл хабарды ыстық маусымда түсіріп, 1996 жылдың 4 кыркүйегінде эфирге шығарды. «Желтоқсан» деп аталды да. 3 сағат түсіріліп, ал эфирден 20 минуттық хабар көрсетілді! Және осы жиырма минуттың ішінде менің жоспарым жүзеге асты. Түлек өзінің бастығына хабардың берілетіні туралы ескерткен жоқ. Ар-ұятқа сай, ойдағыдай болды. Есесіне оны бастығы мақтаныш етеді. Ол оны ұятқа қалдырған жоқ, желтоқсаншыларды да ұятқа қалдырмады және осы тақырыпты жариялы етті.

Екінші рет осы тақырыпқа хабар жасамақшы болған түлегімізді және телеарнаның бас редакторын жұмыстан шығарып жіберді. Мұндай “отырыстардан” бас тартатын адамдар дегенмен, ақылдылар.Тіпті,”отырғызып” қоюы да мүмкін-ау.

«Дөңгелек үстелдің» баспасөз-маслихатынан айырмашылығы- жекелеген тұлға мен олар беретін ақпараттарды негіз етпейді, ол сол сәттегі қоғамды толғантқан мәселелердің шешімін табуды мақсат етеді.

Баспасөз-маслихатында пікірді беделділер қорғауға әрекет етсе, «дөңгелек үстел» басындағы әңгімеде негізгі пікірдің құндылығы, оның мәнісі, бағдарламаға қатысушылар тарапынан осы пікірлердің қалай ашылуы өзек етіледі. Қатысушылардың беделділігі - әңгімесінің құндылығы, шындыққа негізделгенінің ғана еншісіне тиеді.

VIII.

Т Е Л Е К Ө П І Р


Телеарнада хабар да, сұхбат та, баспасөз-маслихаты да, «дөңгелек үстел» басындағы әңгіме де спутник арқылы немесе релелік (сырттан берілетін әсерлерге сәйкес электр тізбегінің күйін секірмелі түрде өзгертетін құрылғы) арқылы қала, мемлекет тіпті жекелеген континенттерге жалғанатын жүйелер арқылы заманауи техникалық мүмкіндіктерді пайдалана отырып, жүзеге асады.

Бұл мүмкіндікті мемлекетаралық телерадиокомпниясы «Мир» тамаша пайдаланды. Оның басшысы Г.Шалахметов бірде: «Сіздер байқаған шығарсыздар? Біз Атлантамен, Картермен телекөпір жасадық. Сагалаевпен, ТВ-6-мен бірге қызмет еттік. Бұл іс жалғасын табады. (мемлекетаралық «Мир» телерадиокомпаниясының материалдар мен документтер жинағы.”Ветер”) ,- деген болатын. «Мирдің» тек телеарнасы ғана емес, радиохабарлары да көпірден – радиокөпірге таралып жатыр.

«Мир» радиосының эфирдегі ауқымды таралымы бір мезетте бірнеше мемлекеттермен тікелей байланыс жасау құралы болып табылады. Осылайша Каспийдегі мұнай келісімшарттары, Каспийдің энергоресурс мәселелері, шекаралас мемлекеттер арасындағы мәнін Мәскеу, Баку және Алматыдағы эксперттер әр қырынан түсіндірген тақырыптар талқыланған болатын.

Соңғы радиоүндесу тек «Маяктың» ғана емес, «Азаттық» радиостанциясының да үлкен қызығушылығын тудырды. Соңында «Контакты» бағдарламасында «Мир» арнасының радиоүндесуіне сүйеніп, үзінділер берген.

«Мирліктер» осы бірегей байланыс арқылы ТМД-ның барлық нүктелеріне барлық ақпараттық бейнеде жаңалықтарды уақтылы жеткізіп отырған тек біздер деп дұрыс айтады. Бұл мүмкіндіктер 4-5 арнада болуы , яғни екі жақты байланысқа негізделген әрекет етуші тараптарда болуы мүмкін» . Радиодағы сияқты, теледидарда да сондай.

Санкт-Петербордағы «Мирдің» бөлімшесі ақпараттық бағдарламалардың кезінде телекөпірге шықты. Бөлімшелерінің радиоүндесуіне олар 10-15 минут бөлді.

Телекөпір өткізу «Мирдің» визит карточкасының рөлін атқарды. ТМД-ның 3-4 мемлекеті бір мезетте оларға қатыса алады.

Бөлімшелерге радиокөпір өткізушілердің тәжірибесі ұнайды. Олар әрқашан осы радиокөпір әзірлеу бөлігіне көбірек қатынасуға ықпал етуін, алдын - ала ескерту жасап, оларға жоспар беріп, кімнің қатынсатыны туралы мәлімет беруін өтінеді.

Бірақ « Мирдің» жаңа екі жақты аппаратурасы тек қана радиокөпірге ғана емес, телекөпір өткізуге де мүмкіндік береді. Беларусь республикасындағы МТРК “Мир” арнасының өкілетті өкілі Г.Кисель Минск-Мәскеу телекөпірінің бірінші болып эфирге шыққанын мақтаныш етеді.Олар Жаңа жыл қарсаңында 4 сағаттық ауқымды шоуды эфирге шығарған болатын. («Мир» мемлекетаралық телерадиокорпорациясының материалдары мен құжаттар жинағы. Подъем.6- басылым, М. 1996, 63 бет) Мәскеудің өзі соңғы жаңалықтарда беретін телекөпірлердің жетіспеушілігі туралы мәселелерді бұрыннан көтеріп келеді. Бірақ Ресей астанасының бұл жоспардағы мүмкіндіктері жеткіліксіз болып отыр. Қазірдің өзінде Орталық теледидар жоғалып кету қаупінде. Мемлекеттік, жартылай мемлекеттік және тәуелсіз телеарналардың көбеюі, жалпы жобаларға бірігіп күш салуды тежегендіктен теледидардың жағдайы қатты құлдырады. Осы бағытта тек қана «Мир» телекомпаниясы ғана нық қадамдар жасай алады. Ол телекөпір көмегі арқылы Америкамен байланыс жасау мүмкіндігіне ие болды. Бұл өзге арналар арқылы болса, және өзінің арналары арқылы Минскімен де байланысқа түсті. Тез арада екі жақты байланыс Алматы, Баку, Ереван, Кишинев, Санкт-Петербор, Владикавказ, Қазан қалалары арасында орнады.

«Мирдің» екі жаққа бірдей байланысындағы мүмкіндіктері «Телебазар» атты ақпараттық сауда жүйесі туралы ойларға жол ашып отыр. Басшылар кеңесі отырысында МТРК “Мирдің”Экономикалық кеңесі супермаркеттің өзекті жобаларының мәселелерін шешті. Ол тауарларды жүргізудің барлық интеграциялық мүмкіндіктерін компаниялардағы көпфункционалды спутниктік байланыстардың құрылуы арқылы туындаған мүмкіндіктерді пайдаланады. «Телебазар» бүкіл жер шары супермаркеттерін қамтиды. Бұл супермаркет телеарналар арқылы сауда жасаудың бірегей арнаулы жүйесін, тауарды жеткізу жүйелерін, ақысын төлеу және есептесу жүйесін ұсынады. Негізінен бұл жоғарғы дәрежелі технологиялар қаржылық құралдар аумағындағы тауарлар мен қызметтер болып табылады. Оған қоймалық, кеден мәселелерінің шешімінің де, жан жақты қорғалған технологиялардың да қажеті шамалы. Бұл – үздік өнім, тек сапа арқылы әрекет ететін өнім, оны көлік арқылы тасып керегі жоқ.

«Мир» алғашқы сынақ зерттеуі ретінде осындай жаңа қаржылық өнім – қаржы ұйымдастырушысын саудаға қойды. Ол қаржы жөніндегі білімді көтеруге себепші болады. Оны «Телебазар» жобасы бойынша өркендету қолға алынған. Оған қосымша қаржылық газеттерде арнаулы мәліметтер,банклер арасындағы телекоммуникациялық жүйелерге жаңалықтар ұсынылып, көрмелердің ашылу салтанаты белең алды.

Нәтижесінде ірі мәскеулік қаржылық құрылым осы қаржылық ұйымдастырушыны сатып алып, жұмыс істей бастады. «Телебазар» негізінде жаңа жобалар одан әрі дамып, бірегей стратегиялық әрекеттер белең алары сөзсіз. Жаңа жобалар көптеп ұсынылуда. Тіпті, ТМД мемлекеттерінің қаржылық супермаркеті деп те атауға болады. “Телебазарда” осы қаржылық ұйымдастырушы сияқты 30-40 –тай негізгі деген жобалар ұсынылды.

Бұл қызмет қатарын жедел кеңейтуге болады. ТМД-ның қаржы супармаркеті деп атау ұят саналмайтын қаржылық қызмет дәрежесі өз деңгейін жасауда. Оның маңайында қаржы менеджменті аумағындағы, қаржылық базарлардағы қызметті қамтитын әртүрлі бухгалтерлік, қаржылық және бағдарламалық жүйелері қызмет етеді.

«Телебазар» жобасының төңірегінде қаржы базарында негізгі қызметтерді, 30-40 қызметті оңай қамтитын қаржылық ұйымдастырушы типіндегі бірнеше жоба әрекет етуде.

Әртүрлі жобалар қауіп қатер туғызбайды. Онда зиян жоқ, пайда бар, жағымды әсер бар.

Осы сияқты қаржылық инвестициялық компанияларды да құруға болады. Компанияның қаржылық құрылымы оның инвестициялық мүмкіндіктеріне, оның имиджіне жекелеген жобалардың жоғарғы әсерлеріне – жарналы инвестициялық қорды құруға арналған керемет бастамаларға тікелей байланысты. «Мир» компаниясының байланыс жүйесі арқылы кез-келген салымшыға қордың, яғни қордың қаржылық қызметтерінің нәтижелерін көрсетуге болады. Салым қайда түсті және одан қандай пайда келтірілді деген сұрақтарға жауап табылады. Қаржы институтының қызметі анық ерекшеліктерді қамтиды. Бұл әдіс тәсілдерді дамытудың әсерлі құралы болып табылады.

«Мирде» қаржы материалдарын берудің түрлі жолдары қарастырылған. Бұл телеойын немесе телелоторея үлгісінде де көрініс табады. Әр шыққанда олардың жолын екі минут сайын қосуға болады. Ал ойынды барлық уақытта да жалғастыруға болады. «Ойын бизнесі – бұл бір жағынан көңіл көтеру, екінші жағынан ақпарат».

Телекөпірге, оның жаңалықтарды таратудағы қолданысына келетін болсақ, онда белгілі бір жағдайға байланысты жүйелік жоспарды қызмет ету оған нәсіп болмаған, қайта шығарудың қымбаттығы, оның құрылымдық қиындықтарына орай тікелей эфирде ірі көлемде мәлімет беру мүмкіндігі бұйырмаған.

Соның өзінде телекөпірлер жаңалықтар тізбегінде қолданылуда. Тек қана әрбір телекөпір жарты сағаттай артық уақытты алмаған жағдайда. Осындай жағдайда ол қаржылық жоспарда өзін-өзі ақтай алады.

АҚШ- та танымал тележаңалықтар тізбегі «Түнгі арнада» табысты қызмет атқаруда. Бұл жарты сағаттық бағдарлама Эдвар (Тед) Коппелдің жүргізушілігімен жарық көреді. Блокқа Эй-Би-Си - Американдық бродкастинг компаниясы кіреді. Орта есеппен түн жарымындағы бағдарламалардың көрермендері 6-7 млн. адамнан тұрады. «Азат басылым» («Ашық баспасөз», АҚШ 1995, 62-66 бет) жинағына енген «Қақтығыстың тәтті үні» мақаласында Коппел америкалық танымал саяси қайраткерімен болатын сұхбаттарына шек қоймайтыны айтылған. Кейде ол шетелдердегі студияларынан өз бағдарламаларын беріп жатады. (62 бет) Нью-Иорктан емес телекөпірге өзге эфирлер шығып, шетелдіктердің қызығушылығын тудырады. Әңгімелесушінің өзі де шетелдіктер немесе шар-тараптан болуға тиіс.

Коппель бес телекешті, шындығына келсек, түнгі әңгімені Иерусалимнен жасаған. Бір кейіпкер Израйль елінен болып шықты. Басқа жағынан ол Палестинада жүрген кезде спутник арқылы байланысу қолға алынды. Коппелдің пікіріне сүйенсек, бір маңызды мәселені көрермен назарына ұсыну үшін жарты сағаттың өзі жетіп артылады. Өзге жағдайда көрермендер назары басқа жаққа кете бастайды.

Әңгімелесушілерді мәселеге қарама- қайшы көзқарастардағы адамдардан таңдайды. Осының негізінде көрнекті әрі орнықты негіз қалыптасады. Коппель олардың еліне басқару жүйесі тартымды образда қызмет етеді, егер қарама қайшы пікірлерге құлақ түрген жағдайда... деп ұғынады. Егер адамдар әртүрлі көзқарастарды ұстанған жағдайда бір- бірімен сөз таластыру арқылы саналы үкіметтің пайда болуына ықпал етеді. Ал, осы саналы үкімет көндіге алмайтын оппонент тарапына ондаған жоюшы ракеталарды жіберсе, Иракқа қарсы үш рет шабуылдаса қалай болады? Жоқ әлде бұл пікір үкімет санасы дамып жатқандығының кепілі ме екен?

«Түнгі арнаның» танымал жүргізушісі тек саяси тақырыптарды қамтып қана қоймай, кейде ол бір мезетте сараптамалық та, көңіл көтеретін күлкілі бағдарламаларды да жүргізеді. «Түнгі арна» төңірегінде танымал теледидар інжілшілдермен он бір шоу өткізді. Оның ішінде екеуі «Түнгі арна» хабарларының жоғарғы дәрежеге жеткендігіне бұлтартпас дәлел болды.

Коппель бағдарламалары әртүрлі адамдар аудиториясын қамтиды. Оның көрермендерінің ауқымды бөлігі жоғары білімді және дәулетті адамдардан тұрады. Олардың арасында сондай-ақ бірнеше төменгі әлеуметтік топтардың өкілдері де бар. Бұл біздің жүргізушілер сияқты элитаға әсер жасауға әрекет ету үшін қажет.

Өзінің сан алуан пікірлі аудиториясының көңілін қанағаттандыру үшін Коппель күрделі сұрақтарды көтеруді өзінің міндеті санайды. «Түнгі арна» жүргізушісі өзінің саяси тәуелділігін ешқашан көрсетпейді. Бұның өзі де өзін саясат құмарлығын әрқашан анық көрсететін біздің жүргізушілер үшін қызық. Коппель әрқашан өзінің жеке пікірінде қалады. Өз сұхбаттарында қарама қарсы көзқарастағы адамдармен болған сұхбатында Коппель бес минуттық бейне репортаж арқылы ескертеді. Сұрақтарды алдын ала дайындамайды. Өзінің оппоненттерін өзі таниды, ал олар құлақтағы микрофон арқылы сұрақтарды алады, жүргізушіні көре алмайды.

Біздің теледидар өткір демесек те өте қабілетті. Сіз байқаған боларсыз, «Түнгі арна» атауы Қазақстан теледидарында да тамыр тартқан.

Телекөпір мүмкіндіктері Ресейлік «Айқын жаңалықтар» бағдарламасын дүниеге әкелді. Ол С.Сорокинамен Э. Саглаевтардың ықпалымен жарыққа шығады. Бұл есімдерді танымал телесыншы Анри Вартанов “байқамастан” «Труд» журналында осы бағдарламаны және оның негізін салушыларды екі рет мақтаған, ірі әріптермен жазылатын есімдер болып табылады. Біртекті көріністерден тұрғаны үшін.

«Труд» басылымының 1996 жылғы жетінші қыркүйегіндегі ең алғашқы нұсқасындағы пікірін келтірейік: «РТВ премьераларының сенбіде болып өткен біреуін атап өтсем бе деймін. Бұл С.Сорокина мен Э.Сагалаев жүргізетін «Айқын жаңалықтар» телепублицистика негізінде, соңғы кездегі тоқырауларға қынжылудан туындаған сезімдер осы жерде аздаған шығармашылық нәтиже берген. Авторлар екі түрлі тақырыпты: Шешенстандағы бейбітшілік және шахталы аймақтардағы жағдайларды дұрыс таңдаған. Олар туралы тікелей эфирде көпшілікке анық айқындайтын, қызу пікірталас тудыратын тақырыптарды негіз еткен. Сонымен бірге телекөпір мүмкіндігін пайдалана отырып, Ростов облысының Гуков қаласындағы кеншілердің әңгімесін қосқызған. Жұмысшылар тележұлдыздарға сенімдерін білдіре отырып, қандай жағдайда жанды жұбатар хабарлар таба алатындықтарын айтып жатты ». Осы үзіндіні Анри Бартанов мақалаларына үшінші рет тап болмас үшін беріп отырмыз.

Телекөпір және телеүндесулер жаңалықтар тізбегін құруда, жарты сағаттық теледидарлық бағдарламаларды құруда қолданыс тапты. Жалпылай алғанда әртүрлі адамдардан сұхбат алу, көбіне қарама қайшы пікірдегі жандарды әңгімеге тарту. Әртүрлі елдер, хабарлар тіпті континеттерден табылатын басшылардың баспасөз мәслихаттары көрініс табады. Телекөпір спутниктік байланыспен, релелік жүйені қамтамасыз етіледі. Журналист өз кейіпкерлерімен монитор немесе студиядағы үлкен экран арқылы сөйлеседі. Әңгімелесуші өз мониторынан журналисті көруі мүмкін немесе тек тыңдайды. Журналист сұхбатты орталық студиядан не оның кейіпкері тұратын қаладан әзірлеуі мүмкін. Сондықтан да екіжақты немесе көпжақты байланыс негізінде «телебазар», «телемаркетинг», «телелотореялар», «телеойындар» дүниеге келтірілді.

Теледидар, радио және баспасөз тәжірибесінің зерттеуі бойынша диалог негізінде сұхбат, баспасөз маслихаты, «дөңгелек үстел» басындағы әңгіме, телекөпір сияқты жанрларда көрінеді. Бұл жанрларда мәлімет беретін тұлға ғана емес, сұрақ беріп отырған кісі де ерекше рөл атқарады.

Баспасөз жанрлары мен пішіндерінің телевизия мен радиода дамуы жанр және формалық ұғымдарын жаңаша анықтауға негіз болады. Жанр – журналистің ықпалымен негізделген, шығарманың көркем түрінің типі. «Баспасөздегі ақпараттар мәселелері» деген жинақтан көп жайттың байыбына баруға болады.Жанр – бұл бәрінен бұрын барлық ақпараттар тізбегіндегі түбірлі образын өзгертпейтін шығармалар. Журналистер газетті, радио немесе телевизиялық хабарларды жасауға қатыса отырып, өз алдарына қойған мақсаттарына қарай бірнеше жолдық хабарлардан бастап күрделі мақалаларға дейін сан алуан жанрларда қолданады.Жанрлар берілу әдісі және баяндалу стилі жағынан шындықты, фактлерді, құбылыстарды бейнелеу үшін барлақ бұқаралық ақпарат құралдарында қолданылады.

Жанр – бұл тұрақты, ұзақ тарихи кезеңнің өзінде құрылымдық композициялық белгілерінің жүйесі қалыптасқан, көрініс табу, үн қату формаларына, мәтіндік ерекшеліктеріне, барлық медиа ақпараттар жүйесіне пайдаланылатын , журналист қызметімен тығыз байланысты, өзгермейтін түбірлі образдар қатарын құрайды.

Пішін – БАҚ-тың бір саласына негізделген немесе техникалық мүмкіндіктерге, техникалық жаңа шешімдерге байланысты түсетін журналистің еңбегін негіз еткен белгілі бір шығармашылықтың тұрақты жүйесін қамтиды.Сұхбат, баспасөз-маслихаты, «дөңгелек үстел»басындағы әңгімелер – жанр болса, телекөпір –пішін. Хроника, соңғы жаңалықтар,заметка, ақпарат –бұл жанр.Радиодағы «кадрик», видеокөрініс, синхронды сұқбат - пішіндерге жатады. Немесе теледидар мен радиохабарлар жанры деп те аталады. Олар әлдебір бұқаралық арнаға өзек болады. Белгілер бағасына сүйенетін анықтамалардың өте мығым шекараларын алға тартуға болмайды.Жанр - мазмұн өзгерсе де,өзгермейтін форма. Жанр – бұл әртүрлі елдер, қоғамның әртүрлі қабатындағы әртүрлі қоғамдық жүйеге негізделген барлық БАҚ-қа тән жүз жылдық ағымында өзгерістерге ұшырамайтын ерекшеліктерге ие.

IX.

Р Е П О Р Т А Ж

Теледидардағы соңғы жаңалықтар тізбегінің қай-қайсысы да репортажсыз, репортаждың қатысынсыз жарық көрген емес. Шешенстаннан жасалған репортаж, апат орын алған жерден репортаж, велосипед жарысы өткен жерден алынған репортаж. Репортаж жекелеген көп уақыт аралығын қамтитын бағдарламаларға: футбол сайысынан алынған,Жамбылдың 150 жылдығынан, «Азия дауысы» байқауынан, Алматыдағы жаңа қонақ үйдің ашылу салтанатынан, «Балалар суреті» конкурсынан, астық жинау науқанынан, опера театрының алдындағы алаңда өткен байқаудан, мерекелік жиындардан, Байқоңыр ғарыш айлағынан алынған репортаждар...

Баспасөз маслихатынан репортаж жасауға бола ма? Министрлер кабинетінде министрмен болған әңгімені репортаж деп атауға бола ма? Ғылым зертханаларындағы зерттеулер жайында репортаж-мәлімет бар ма? Жамбылдың мерейтойына орайластырылған жиыннан түсірілген мәлімет репортаж болып табылады ма? «Сәйкестік әсері», «Әсерленушілік ықпалы» дегеніміз не?

Газеттегі репортаж бен теледидардағы репортаж жанрының арасы жер мен көктей. Барлық БАҚ-тың осы жанрды меңгеруі жанрдың мәніне терең бойлауға, белгілерін анықтауға, сол және өзге жанрларға тән ерекшеліктерді анықтауға көмектеседі.




Каталог: Content -> Files -> SciPublications -> Annotations
Annotations -> 1 фантастика жанрыныњ типологиясы
Annotations -> Оқулық Алматы 2011 Пікір жазғандар: Филология ғылымдарының докторы, профессор Т. С. Тебегенов
Annotations -> Қадыр Мырза Әли поэзиясындағы ұлттық нақыштар
Annotations -> Сәлима калқа ба ева филология гылымының кандидаты, доцент №8 • 2004 • АҚИҚАТ
Annotations -> «желтоқсан желі ызғарлы »
Annotations -> Бижанова Айгүл Рабханқызы бағалы қАҒаздарға тікелей байланысты қылмыстар үшін қылмыстық жауаптылық Алматы, 2012
Annotations -> Жұма күні шығады №29 (277) 24 мамыр 2013
Annotations -> Т. Б. Сейдімханова С. Сейфуллиннің «Қазақ әдебиеті» оқулығы өз заманының озық ойлы туындысы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет