Кабинет паспорты №209 Ағылшын тілі кабинеті


ОҚУ КАБИНЕТІНЕ ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР



бет5/9
Дата14.12.2021
өлшемі59,17 Kb.
#127277
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
209-кабинет паспорты

ОҚУ КАБИНЕТІНЕ ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР



  • Әрбір оқушының бойына сай көру және есту қабілетіне байланысты жұмыс орны отыратын партамен немесе үстелмен қамтамасыз етіледі. Оқушының бойына сай жиһазға белгі салу керек. Орындықтың орнына арқасы жоқ орындықтарды пайдалануға тыйым салынады.

  • Көру мен есту мүшелерінің ақауы бар балалар үшін парталар нөміріне қарамастан, бірінші қатарда орналасуы керек. Көру қабілеті төмен оқушылардың партасы терезе жақтан бірінші қатарда орналасуы керек. Тыныс алу жолдары мен тамақ бездерінің қабынып және суықта жиі ауыратын балаларды сыртқы қабырғадан алыс отырғызу қажет. Оқу жайларын жабдықтағанда келесі өлшемдер сақталуы керек.

  • Екі орындықты үстелдердің қатарларының арасы 50 см-ден кем болмасын.

  • Үстел қатараларының арасы, сыртқы және ішкі, қатар тұрған қабырғаларының қашықтығы 50 см-ден кем болмасын.

  • Соңғы үстелден қабырғаға, қарама-қарсы тақтаға дейін 70 см кем болмасын, артқы, сыртқы болып есептелетін қашықтық 100 см кем болмасын.

  • Демонстрация жүргізетін үстелде оқу тақтасына дейін 100 см кем болмасын.

  • Бірінші партадан оқу тақтасына дейін 2,4-2,7 м-ден кем болмасын.

  • Соңғы партадағы оқушы орнының оқу тақтасына ара қашықтығы 8,6 м-ден кем болмауы керек.

  • Оқу тақтасының төменгі жиегінің еденнен биіктігі 80-90 см.

  • Тақтаның көру бұрышы мектептегі орта және жоғары сынып оқушылары үшін 35 градустан және 6-7 жастағы оқушыларға 45 градустан кем болмасын.



Жалпы қауіпсіздік талаптары:


  • Ток қосылыстарымен, ток нүктелерін қолданғанда абай болу.

  • Әр оқушы өзінің жұмыс орнын таза ұстауы керек.

  • Сабақта техникалық құрал-жабдықтарды, ток аппараттарын пайдаланғанда мұғалімнің рұқсатынсыз қолдануға болмайды.

  • Оқушы жарақат алған жағдайда кабинеттегі медициналық қобдишадан қажетті дәрі-дәрмекті мұғалімнің рұқсатымен қолдану қажет.

  • Мұғалімнің рұқсатынсыз қосымша әдебиеттерді қолдануға болмайды.

  • Кабинеттегі үлестірмелі және түрлі-түсті материалдарды алуға қатаң тыйым салынады.

  • Кабиенттегі жұмыс мұғалімнің рұқсатымен ғана жүргізіледі.

  • Гүлдерді суарған кезде гүл ыдыстарының құлап кетпеуін қадағалау.

  • Терезенің желдеткішін мұғалімнің рұқсатымен ашу.

  • Су құбырының толық жабылуын қадағалау.

  • Кабинеттегі мектеп мүлкінің дұрыс сақталуын қадағалау.


Алғашқы медициналық көмек көрсету әдістері


  • Электр тогымен зақымданғанда көмек көрсету:

  • Токты ажырату (тарату тақтасындағы тумблерді өшіру)

  • Зақымданған адамды электр тогының әсерінен электр тогын өткізбейтін қол астындағы материалдарды пайдаланып босату

  • Дәрігерді шақыру (мектептің медпунктінен,103 немесе 112 жедел жәрдем телефоныбойынша немесе жақын жердегі емдеу мекемесінен) керек.

  • Адам күйікке шалынған жағдайда:

  • Күйген жерге дәрі (винилин) жағу керек.

  • Күйген жараның бетіне микроб түспейтіндей етіп, алдымен целлофанмен орап алып, суық суда ұстау керек.

  • Дәрігерді (мектептегі медпункттен, 103 жәрдем телефоны бойынша немесе жақын

жердегі емдеу мекемесінен) шақырту керек.

  • Адам талып қалған жағдайда:

  • Талып қалған адамды тегіс жерге шалқасынан, басын солға бұрып жатқызу керек.

  • Адамның тынысы тоқтап қалған жағдайда:

  • Адамның аузын ашып тілін көру керек, егер тілі көмекейіне қарай түсіп кетсе – қолмен тартып шығарып қалыпты орнына келтіру керек;




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет