Әрбір оқушының бойына сай көру және есту қабілетіне байланысты жұмыс орны отыратын партамен немесе үстелмен қамтамасыз етіледі. Оқушының бойына сай жиһазға белгі салу керек. Орындықтың орнына арқасы жоқ орындықтарды пайдалануға тыйым салынады.
Көру мен есту мүшелерінің ақауы бар балалар үшін парталар нөміріне қарамастан, бірінші қатарда орналасуы керек. Көру қабілеті төмен оқушылардың партасы терезе жақтан бірінші қатарда орналасуы керек. Тыныс алу жолдары мен тамақ бездерінің қабынып және суықта жиі ауыратын балаларды сыртқы қабырғадан алыс отырғызу қажет. Оқу жайларын жабдықтағанда келесі өлшемдер сақталуы керек.
Екі орындықты үстелдердің қатарларының арасы 50 см-ден кем болмасын.
Үстел қатараларының арасы, сыртқы және ішкі, қатар тұрған қабырғаларының қашықтығы 50 см-ден кем болмасын.
Соңғы үстелден қабырғаға, қарама-қарсы тақтаға дейін 70 см кем болмасын, артқы, сыртқы болып есептелетін қашықтық 100 см кем болмасын.
Демонстрация жүргізетін үстелде оқу тақтасына дейін 100 см кем болмасын.
Бірінші партадан оқу тақтасына дейін 2,4-2,7 м-ден кем болмасын.
Соңғы партадағы оқушы орнының оқу тақтасына ара қашықтығы 8,6 м-ден кем болмауы керек.
Оқу тақтасының төменгі жиегінің еденнен биіктігі 80-90 см.
Тақтаның көру бұрышы мектептегі орта және жоғары сынып оқушылары үшін 35 градустан және 6-7 жастағы оқушыларға 45 градустан кем болмасын.
Жалпы қауіпсіздік талаптары:
Ток қосылыстарымен, ток нүктелерін қолданғанда абай болу.
Әр оқушы өзінің жұмыс орнын таза ұстауы керек.
Сабақта техникалық құрал-жабдықтарды, ток аппараттарын пайдаланғанда мұғалімнің рұқсатынсыз қолдануға болмайды.
Оқушы жарақат алған жағдайда кабинеттегі медициналық қобдишадан қажетті дәрі-дәрмекті мұғалімнің рұқсатымен қолдану қажет.
Мұғалімнің рұқсатынсыз қосымша әдебиеттерді қолдануға болмайды.
Кабинеттегі үлестірмелі және түрлі-түсті материалдарды алуға қатаң тыйым салынады.
Кабиенттегі жұмыс мұғалімнің рұқсатымен ғана жүргізіледі.
Гүлдерді суарған кезде гүл ыдыстарының құлап кетпеуін қадағалау.
Терезенің желдеткішін мұғалімнің рұқсатымен ашу.
Су құбырының толық жабылуын қадағалау.
Кабинеттегі мектеп мүлкінің дұрыс сақталуын қадағалау.