Кадирова Ұлбосын Ниетхановна «Арыс» бастауыш мектебі ОҚО. Арыс ауданы



бет1/2
Дата23.08.2017
өлшемі129,62 Kb.
#24907
түріСабақ
  1   2
Кадирова Ұлбосын Ниетхановна

«Арыс» бастауыш мектебі

ОҚО. Арыс ауданы




Пәннің аты: Дүниетану

Сынып: 3

Мектеп: «Арыс бастауыш мектебі»

Мұғалім: Кадирова Ұлбосын

Сабақтың атауы

Пайдалы қазбалардың түрлері.

Мақсаты

Күтілетін нәтиже

Білімділігі: Пайдалы қазбалардың түрлерімен таныстыру, олардың адамға тигізетін пайдасы мен зиянын түсіндіру. Пайдалы қазбалардың кен орындары, шартты белгілері, өндіру әдісі жайлы түсінік беру. Қазақстанда жер қойнауын зерттеген ғалым, академик Қ. И. Сәтбаев туралы әңгімелеу.
Дамытушылығы: Оқушыларды пайдалы қазбалар түрлерін ажырата білуге баулу, логикалық ой - өрісін дамыту, ізденушілік қабілеттерін арттыру.
Тәрбиелілігі: Еліміздің қазба - байлықтарын мақтан ете отырып, оны үнемдеп жұмсауға, қорғап, сақтай білуге баулу, өз еліне, жеріне, Отанына деген сүйіспеншілік сезімдерін ояту.
Сабақтың көрнекілігі: Жұмыс тәртібі жазылған нұсқау сызба – нүсқалар, түрлі суреттер және көмір, саз, құм, ас тұзы, мыс, алюминий, темір, әктас,алтын,Қазақстанның физикалық картасы

Сабақ барысы

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Кіріспе 15 мин

Ынтымақтастық атмосферасы

Оқушылармен шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа психологиялық дайындық өткізеді.

Арайлап таң атты,

Алтын сәуле таратты,

Жарқырайды күніміз,

Жарқырайды даламыз.

Қайырлы күн, балалар!

Қайырлы күн,қонақтар!




Топқа бөлу

Суреттер арқылы үш топқа бөлу

1 топ-«Алтын»

2 топ-«Гранит»

3 топ-«Газ»



Суреттер арқылы үш топқа бөлініп, топ мүшелерін сайлайды.


Үй тапсырмасы

Бинго” әдісі



Сұрақтарға жауап беріп, «Бинго» әдісін орындайды.

Тау жыныстары деп нені айтады?

Гранитті қайда қолданады?

Бос тау жыныстарына не жатады?

Тығыз тау жыныстарына не жатады?

Құм қайда қолданылады?

Саздың қандай қасиеті бар?

Тез жылдам жауап берген оқушы ұтысқа ие болады.



Негізгі бөлім 20 мин

Жаңа сабақты ашу



«Борт журналы» стратегиясы

Түйінді сөздер







Үйді жылыту үшін пешке көмір жағамыз. Қазақстанда мұнай өте көп. Тамақты газбен пісіреміз.

Миға шабуыл” әдісі

Жеке жұмыс


1. Бейнефильмде не көрдіңдер?

2. Оларды біз күнделікті өмірде қолданамыз ба?


Әр оқушы өз ойларын ортаға салады

Топтық жұмыс

ДЖИГСО” әдісі




1 топ-«Алтын»

Жанғыш пайдалы қазбалар

2 топ-«Гранит»

Кенді пайдалы қазбалар

3 топ-«Газ»

Кенге жатпайтын пайдалы қазбалар







“ДЖИГСО” әдісін топ мүшелерімен ақылдасып орындайды
1. Кенді пайдалы қазбаларға құрамында металл кездесетін тау жыныстары жатады. Оларды өңдеу арқылы темір, мыс, қорғасын, алюминий, алтын, күміс, мырыш және тағы басқа металдар алынады. Кенді пайдалы қазбалар, әсіресе, Орталық Қазақстанда көп шоғырланған. Ондағы Жезқазған және Қоңырат мыс кен орындары әлемге әйгілі.
2. Жанғыш пайдалы қазбаларға тас көмір, мұнай және газ жатады. Тас көмір - ең көп өндірілетін қазба. Сен тас көмірді тек отын ретінде ғана пайдаланылмай, одан басқа да көптеген заттар алынатынын білесің. Оны өңдеу арқылы дәрі - дәрмек, мата бояйтын бояу, әтір, қопарғыш зат, тыңайтқыш, нафталин, пластмасса және басқа көптеген заттар алынады. Біздің елімізде тас көмірдің қоры өте мол. Тас көмірдің аса ірі кен орны - Қарағанды. Екібастұзда ашық әдіспен арзан көмір өндіріледі.
Мұнай - өте қызулы отын. Ол күл қалдырмай түгел жанып кетеді. Мұнайды айыру арқылы бензин, керосин, машина майы және басқа көптеген бағалы заттар бөліп алынады.Каспий маңы ойпаты мен Маңғыстау түбегінде мұнай мен газдың аса бай кен орындары бар.

3. Кенге жатпайтын пайдалы қазбалар қышқыл алуға, тыңайтқыштар өндіруге, құрылыс қажетіне пайдаланылады. Бұл топты тұз, фосфорит, әктас, мәрмәр, гранит, құм, саз т. б. құрайды. Олардың қайсысы болса да біздің жерімізде баршылық. Ал Қаратаудағы фосфорит кен орны қоры жөнінен дүние жүзіндегі алдыңғы қатарды иеленеді. Фосфоритті ұнтақтап, фосфор ұны





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет