Балаларға арналған алғашқы басылымдар
1925 жылдың қаңтар айының 1 жұлдызынан бастап қазақ балаларына арналған «Пионер» журналы шықты. «Пиоенердің» алғашқы санында оның тұңғыш редакторы Ерғали Алдонғаров: «Пионер журналының қысқаша айтқанда мақсаты мектеп балалар үйлеріндегі коммуналдардағы қыршындарға, олардың арасында іс қылып жүргендерге қолданба боларлық, коммунизм тәрбиесін бере аларлық тап маңызын ұғынарлық мағлұмат беру. Балаларды ақыл күшпен жақын дос қылу. 1931 жылы «Пионердің» аты «Екпінді жас» болып өзгертілді. Сауатсыздықты жою, мал төлету, егін салу, арық қазу т.б. барлық жұмыс барысында «Пионердің» табылуына әсер етті. Осыдан соң белгісіз себептермен бураз уақытқа жабылып қалған бұл журнал «Вожотыйға көмекші» деген атпен қайта шықты. Ол кезде оның беттерінде тарихи этнографиялық мәселелеріне көп көңіл бөлінді. Журнал 1939 жылы латын әрпіне көшті. Редактогрлығына Хасен Сейілханов тағайындалды. Журналдың 1947 жылы Сәкен Дайырбеков болды. Ол кезде ең басты тақырып Отан экномикасын арттыру, қорғаныс күшін нығайту және әскери патриоттық тәрбиені жақсарту болып табылды. Ж.Молдағалиев, Е.Әукебаев, А.Байтанаев, И.Байзақовтардың өлеңдері мен мақалалары жарияланып тұрды. 1952-1955 жылдар аралығында «Пионер» қазіргі академик Серік Қирабаевтың редакторлығымен шықты. Басылымда Сәкен Жүнісов,. Т.Молдағалиевтардың тырнақалды өлең әңгімелері жарияланды. «Пионердің» басқа басылымдардан бір артықшылығы – ұлттық салт-дәстүр ойын – сауық түрлерін жиі насихаттап отырған. Ол өзінің ұлт ойыны айдары арқылы оқырманына ақсүйек және басқа да ойындар туралы мағлұмат берген. Сондай – ақ қазақтың батырлар жырын, лиро-эпостық жырларын насихаттаған. Және «Біздің календарь» деген айдар болды. осы айдар бойынша бүкіл елге танымал атақты адамдардың еңбек жолдары әңгімеленеді. 1960 жылы «Пионер» жабылып орнына «Білім және еңбек» ғылыми көпшілік журналы жарық көрді. бұдан соң тек 1978 жылы белгілі ақын, қоғам қайраткері Ф.Оңғарсынованың редакторлығымен қайта басылып шықты. Осы кезден бастап талапкерлердің шығармашылығына көп көңіл бөліне бастады. 1985 жылы «Пионер» өзінің шыға бастауының 60 жылдығына байланысты Қазақ ССРінің жоғары советінің құрмет грамотасымен марапатталды. Журналдың аты тәуелсіздіктен соң «Ақжелкен» деп өзгертілді.
«Қазақстан пионері» газеті алғаш рет 1930 жылдың 14 наурызында «Лениншіл жас» газетінің 5-6 беттері болып «Пионер» деген атпен шыға бастады. Оның алғашқы редакторы болып Ахмет Нұралин болып тағайындалды. 1937 жылы «Пионер» газетінің аты «Октябрь балалары» болып өзгертілді. Осы жылдың 9 наурызынан 1941 жылдың 28 маусымына дейін осы атпен жарық көрді. газеттің 26 маусым күнгі номерінің алғашқы бетінде «Пионерлер ұлы Отанымыздың күш қуаты арта беруі үшін қолдарынан не келсе соның бәрінде істеңдер» деген шақыру ұран жарияланды. «Қазақстан пионері» газеті тәуелсіздіктің қарсаңында яғни 1990 жылдың қаңтарын айынан бастап заманға лайық «Ұлан» деген атпен шығып келеді. Газеттің қалыптасқан дәстүрін сақтап балауса буынды отаншылдыққа, тілімізді қастерлеу рухын тәрбиелеуге белгілі балалар ақыны, тәжірибелі журналист, ұзақ жыл редактор болған Сұлтан Қалиевтың сіңірген еңбегі ерекше.
«Балдырған» журналы. Журналдың алғашқы саны 1958 жылдың маусым айында жарық көрді. Редакторы Қазақстан халық жазушысы, Қазақстан мемл.сыйлық лауреаты М.Әлімбаев, жауапты хатшысы Әнуарбек Дүйсенбиев, проза бөлімінің меңгерушісі Қадыр Мырза Әлиев, меншікті тілшісі Тұманбай Молдағалиевтар болды. «Балдырғанның» соңғы жылдарға дейін келген «Күлдіргеннің бүлдіргені» деген айдарында баланың білместікпен жасаған қылықтарын сурет арқылы көрсетіп отыру әдетке айналған. «Балдырғанның» «Құбыжық» айдарында нашар, салақ, өтірік, мақтаншақ балалалар сыналатын. «Сен білесің бе?», «Қуырмаш», «Әріптерді біліп ал» айдарлары болды. Журналда жаңылтпаш, жұмбақ беріліп тұрды. Бұған белгілі ақындар, журнал қызметкерлері Жақан Смақов, Ескен Елеубаевтардың қосқан үлестері мол болды. 1986 жылы редакторлық Т.Молдағалиевтің қолына көшті. Тек «Балдырған» ғана атауын өзгертпеді.
Жас өркен» ЖШС-і 2000 жылдың 26 шілдесінде ҚР Үкіметінің №1110 қаулысымен ашық акционерлік қоғам (ААҚ) болып құрылған. 2005 жылдың 28 сәуірінде ҚР Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігі Ақпарат және мұрағат комитетінің №40 бұйрығымен «Жас өркен» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі болып қайта құрылды. «Жас өркен» ЖШС мемлекеттің 100 пайыздық қатысуымен жұмыс істейді.
«Жас өркен» ЖШС- ң құрамына еліміздегі төрт балалар басылымдары – «Ұлан», «Дружные ребята» газеттері мен «Балдырған», «Ақ желкен» журналдары кіреді.
Негізгі қызметі – балалардың ақыл-ойын, зердесін дамытатын танымдық, рухани нәр беретін әдеби, мәдени тақырыптардағы мақалалар мен көркем шығармалар жариялау, мектеп өмірі, балалардың тыныс-тіршілігі, балалардың өз шығармашылығын қамтитын газет-журналдар шығару.
Газет-журналдар республика бойынша жазылым арқылы таратылады. Газет-журналдардың таралымы: «Балдырған» – 26 277 дана, «Ұлан» – 10 000 дана, «Ақ желкен» – 5000 дана, «Дружные ребята» – 8000 дана.
«Балдырған» 1959 жылдан, «Ақ желкен» 1925 жылдан, «Ұлан» 1930 жылдан, «Дружные ребята» 1933 жылдан бастап жарық көріп келеді.
Газет-журналдар түрлі-түсті бояумен басылады.
Достарыңызбен бөлісу: |