Кафедра: Қазақ тілі мен әдебиеті және журналистика Пәннің аты



бет45/81
Дата06.06.2020
өлшемі0,63 Mb.
#72516
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   81
Байланысты:
қазақ журналистикасының тарихы

«ЖАЛЫН» ЖУРНАЛЫ

Бұл әдеби-көркем және қоғамдық-саяси басылым 1969 жылдан бастап шығып келеді. Журналдық негізгі мән-мазмұнына тоқталар болсақ, онда „Аманат", ,Алдыңғы толқын ағалар", „Зерттеу", „Таным", „Қазақ кәсіпкерлері" сияқты айдар, тақырьштар мен өлең-жыр, әңгіме-повесть, зерттеу мақалалар мен танымдық материалдар көптеп басылады,

Осы орайда „Жалынның" публицистика, проза, поззия, әдеби сын бөлімдеріне кейінгі жылдары жарык, көрген кейбір шығармаларға тоқталар болсақ, онда ең алдымен „ақтаңдйақтар" мәселесіне жазылған Т.Қожакеевтің „Сәкеңді не үшін сынаған", Т.Кәкішевтің „Сәкен аялаған арулар", Д. Снегиннің І. Жансүгіров жайында „Қолыңа не себепті қалам алдың?", Х.Досмұхаметовтың „Мұра" айдарымен берілген „Кенесарының соңғы күндері" атты еңбектерін атап өтуге болады.

Мәселен, Т.Қожакеев өзінің „Сәкенді не үшін сынаған" деген мақаласында: „20-шы жылдардары газет, журналдарды ақтарып отырсаңыз, қым-қиғаш айтысқа, қызыл кеңірдек боп өңеш жыртысқан таласқа тап боласыз. Тіпті, жерден алып, жерге салып, жүз жыртысып, шабына „шайқасуды" жиі кездестіресіз. Қазіргі ардагерлер деп жүрген айтулы азаматтарымыздың сын сойылының астына алынбағаны аз десе де болғандай, Сол тұстағы қоғам қайраткерлерінің сілкінбегені, тобықтан қағылмағаны қалмағандай. Мұның басты бір себебі, сол тұстағы жікшілдікті жалаулатуы, топшылдықтың ту көтеруі еді. Бұл дерттің де өзіңдік туу себептері болды. Біріншіден, әр өңірдің өкілдері өз жүзінің намысын жыртып үстемдігін көкседі, тізгін ұстауға тырысты. Екіншіден, Коммунистік партияға, Кеңес өкіметіне өлгенше берілгендер бұрынғы алашордашыларды арам көрді. Оларды жаңа құрылысқа жолатпаймыз, қой терісін жамылып, лауазымга ие болып кеткендерін қайта аластаймыз деп жанталасты. Үшіншіден, ұлы отырықшылық саясат жүз-жүздің арасына сына ұрып, бірінің өкілдерін екіншілерінің адамдарына айдап салып, арандатты. Ұлт азаматтарының арасына от тастау, оған май құю Голощекин дәуірінде мүлдем өрледі, дәуірледі. Осындай қиян-кескі күрес күндерінде қатты сыналғандардың бірі -Сәкен Сейфуллии болды.

Ол бұл тұста өз „достарының" нысанасына шығармашылық жагынан бір ілінсе, өзінің жүріс-тұрысы, сейіл құрысы, серілік мінез-қылығы, ағайынға деген жылылығы жағынан екі ілінді. Осы уақытқа шейін Сәкеннің азаматтық, шығармашылық өмірінің осы беттері ашық аударыстырылған емес. Көп оқырман, әсіресе кейінгі ұрпақ, революция қызыл сұңқарының Нәзір Төреқұлов тарапынан тақан сын дәмінен басқаны білмейді, яғни ол кісінің басқа да орынды, орынсыз ожар сындарға ұшырағанынан бейхабар. Осыны ескеріп, өзінің 100 жылдық мерейтойы қасраңында Сәкеннің кейбір сыналу сырларын ашыңқырауды жөн көрдік»,- дей келе, ожан әрі дауылпаз ақынның сыналған өлеңдеріне тоқталады. «Қызыл қыран» алғаш рет ащы сынға 1922 жылы ұшырайды. Сол жылы Скеннің «Ақ жол» газетіне «Аш қазақ » деген өлеңі жарияланған болатын. Мұнда Кеңес өкіметі тұсындағы қазақтардың ашаршылық жағдайы, олардың жан түршігерлік хал-ахуалы көрсетілген еді. Осыған кім кінәлі, соған пікір айтыңдар, жауап беріңдер дегендей болды. Газеттің келесі нөмірінде-ақ «Тоқпақ» (Сұлтанбек) «Кім жауапкер?» деген өлеңмен мұның бәріне «өтірік, ұлтшыл», «отбасы ойбайшыл», «жұртын сүйген, көп қамқоры. Қайғы шекен пендесін» жүрген сендер кінәлі дегенді айтады.

Газет-журналдарды, әсіресе «Ақ жол» газетін қарап, отырсақ, мұндай айтыс-тартыстарды көптеп кездестіруге болады»,- деп жазды.

Қорыта айтсақ, «Жалын» журналында жарияланған әр матеиарл бүгінгі күн талабына сай, уақыт үрдісінен туындап, жазылған шығармалар деп білеміз.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   81




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет