Кафедра: Қазақ тілі мен әдебиеті және журналистика Пәннің аты



бет48/81
Дата06.06.2020
өлшемі0,63 Mb.
#72516
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   81
Байланысты:
қазақ журналистикасының тарихы

«Алаш» газетінің тарихы

“Алаш” газеті – 1916 жылғы 26 қарашадан бастап 1917 жылдың көктеміне дейін Ташкентте шығып тұрған апталық мерзімді басылым. Газеттің шығарушысы және редакторы Көлбай Төгісов пен Мәрием Төгісова. Оқырмандар үшін жылдық жазылу бағасы 3 сом 50 тиын. Ташкенттегі “Туркестанский курьер” газетінің баспаханасында басылып тұрған. “Алаш” газетінің аяғынан тік тұрып, жарыққа шығуына әу баста қолдау көрсетіп, демеп жіберген Ташкент, Ферғана өңіріне өте беделді Сейіт Қабсаламов мырза еді. Өйткені Көлбай Төгісовтің екінші отасқан қосағы Мәрием Сейіттің қызы болатын. Газет жеке тұлғаға тиесілі меншік болғандықтан қалталы азаматтардың демеуіне және коммерциялық ақыға жарнама қызметін көрсету арқылы өзін-өзі қаржыландырып отырған. “Алаш” газетінің жарыққа шығуы қазақ халқының рухани өміріндегі елеулі оқиға болды. Өйткені 1914 жылы басталған бірінші дүниежүзілік соғыс өртінің тұтануы, оған Ресей патшалығының да қатысуы әлеуметтік-экономикалық тұрмысын күн өткен сайын құлдилатып, қып-қызыл шығынға түсіріп, үлкен дағдарысқа әкеліп соқты. Бұл әрине, шет аймақтағы қазақ елінің күн көріс тіршілігіне де оңай соққан жоқ. Сахара елі қолындағы барын соғыс майданына беруге мәжбүр болды. Сыртқы жағдайдың қыспағын өз пайдасына жаратып қалуға тырысқан жергілікті жердегі әкімшілік билік иелері халықты аямай талауға түсірді. Елді қымбатшылық пен аштық жайлады. Дәл осындай қоғамдық өмірдегі саяси-экономикалық тұрақсыздық ахуалын онан әрі ушықтырған 19 бен 31 жас аралығындағы қазақ баласын соғыс майданына жұмысқа алу туралы патша өкіметінің 25-інші маусым жарлығы отқа май құйғандай өршітті.

Газеттің шығуы хақында “Алаштан туған ағалар!” деп аталатын бас мақаласында редактордың өзі былай дейді: “…Жарық дүниеде адам болып жүрген соң, дүниенің төрт бұрышында болып жатқан тамаша жұмыстардан хабардар болып тұру да не зиян бар? Бірақ хабардар болмаққа дүнияның төрт бұрышына ат мініп жетуі қиын жұмыс һәм мүмкін емес. Сол себеплі дүнияның төрт бұрышын “газета-жорнал” арқылы аралау жеңіл сияқты екені тағы мағлұм. Халыққа керек жұмысты газета-журнал арқылы сөйлесіп пайдалану аса керек уақыты осы заман екені һәр адамға мағлұм…” (“Алаш”, 1916, №1, 26 нойәбр). “Алаштың” көтерген басты мәселелері бірінші дүниежүзілік соғыстың шығу себептері мен даму сипаты, мемлекеттер арасындағы дипломатиялық қарым-қатынас жағдай, мемлекеттік дума, ішкі Ресейден шаруалардың қазақ даласына ауып, қоныс аударуын мүдделі жүргізудің империя үшін саяси-экономикалық көздеген түпкі мақсаты, оқу-ағарту, ұлттың анасы – ару қыздардың тағдыр тауқыметіне қатысты, өзгеде тақырыптарда алуан түрлі ой қозғап, жан-жақты тәрбиелік маңызы бар қоғамдық пікірдің ұйытқысы болды.







  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   81




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет