Кафедра: Қазақ тілі мен әдебиеті және журналистика Пәннің аты


Ұлттық журналистиканың қалыптасу, даму кезеңдері



бет49/81
Дата06.06.2020
өлшемі0,63 Mb.
#72516
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   81
Байланысты:
қазақ журналистикасының тарихы

Ұлттық журналистиканың қалыптасу, даму кезеңдері

Қазақ баспасөзінің тарихы айтылады

  1. Жастарға арналған басылымдар

Қазақ жастар баспасөзінің төлбасы — «Жас азамат» газеті 1918 жылдың сәуір айында барлық жастар ұйымдарын біріктіріп, басын қосқан „Жас азамат" ұйымының органы (тілі) болып есептеледі. Бұл біріккен ұйыммың төрағасы — Мырзаұлы, басқарма мүшелері: С.Сәдуақасұлы, М.Сейітұлы, ТДосымбекқызы, Ә.Бәйділдаұлы сияқты, қазақтың біртуар ұл-қыздары болатын. Ал осы ұйымның тілі — „Жас азамат" газетінің шығарушысы (редакторы) Қ.Кемеңгерұлы еді.

Бұл саяси-қоғамдык, экономикалық басылымның алғашқы нөмірі, 1918 жылдың 30 шілдесінде Қызылжар қаласында жарық көрген. Сөйтіп, „Жас азамат" газетінің алғашқы нөмірі „Жас тілек" атты бас мақаламен ашылған. Онда „Жас азаматтың мақсат-мүддесі көрсетіледі. «Өмір тәжірибесінің білім аздығының кемдігіме қарамай, төрт түлігі сайланбай „Жас азамат" тәуекел кемесіне мініп, тұрмыстың таласатын, күресетін майданына шықты. Келешектің қараңғылығы, саяси ауананын қүн сайын құбылуы, қалың өрттей, кеселді дерттей, апаты күшті күндердің тууы, дүниеде болу-болмауы, әлінің майданға қойылуы, ұлтгың өмірлі құқықтары аяқ астына тапталып, зорлықтың қан соруы «Жас азаматтың» үстіне ауыр жүк салып отыр. Қоғамдасып, қолтықтасып, күш беріп, ауыр жүкті тиісті орнына жеткізу - жастардың бас міндеті, үлкен борышы. „Жас азаматтың" алтын идеалы, әулие мақсұты, негізгі жолы - ұлт бостандығы, ұлт теңдігі".

Өздерінің осындай ұйым құрып, газет шығару сырын оқырмандарына жолдаған «Ашық хатында» осы ұйымның кіндік комитеті: „Ел көп топырдың ортасында аяқасты бас қосайық деген пікір туып еді. Бұл пікірді туғызған —көкті қаптаған қара бұлт болшеуик дауылы еді. Бұл дауылдан қырғыз-қазақ елін шамамыз келгенше аман сақтап қалайық, шамамыз келгенше тарих алдында кінәсіз болармыз, өлсек бір шұқырда, тірі болсақ бір төбеде деген мақсұт та еді", — деп түсіндіреді.

Шындығында бұл дауылдан «Жас азамат» ұйымы да, оның үні «Жас азамат» газеті де құрбандықсыз құтылған жоқ. Бұл туралы кезінде С.Сейфуллин: «Жалғыз-ақ аз болсын, көп болсын, қолынан келгенше қайрат (қазірше белсенділік) көрсетіп жатқан Алашорданың жастары екені газеттерінен көрінеді. Алашорданың жастар ұйымы барлық Қазақстанның ұлтшыл жастарына нұсқа беріп, Қызылжарда "Жас азамат" газетін шығарып жатыр", — деп жазса, Ж.Аймауытов „Газет, жорнал оқушыларға" деген мақаласында орыс тіліндегі бір басылымның жазған оқушылары болмағандықтан қазақтың бір газеті мен бір журналы жабылып қалыпты деген жалған хабарына қарсы; „Бұл хабар бекер: "Жас азамат" күні бүгінге шейін шығып отыр. Қаржы жағынан кемдік көріп, тоқтай ма деген кірбің болып еді. Енді тоқталмас дейміз. Өйткені, Омбы жастары әдебиет кешінен мың сом, Семей жастары 5000 сомдай көмек жіберіп отыр. Тағы сондай көтерушілер табылатын көрінеді", — деп тойтарыс берген.




  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   81




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет