Кафедра: Қазақ тілі мен әдебиеті және журналистика Пәннің аты


Өңірлік журналистиканың зерттелуі



бет50/81
Дата06.06.2020
өлшемі0,63 Mb.
#72516
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   81
Байланысты:
қазақ журналистикасының тарихы

Өңірлік журналистиканың зерттелуі

Республика астанасының Қызылорда қаласына көшуіне байланысты газет-журналдардың тоқтап қалмауы қадағаланып, оларға арнайы ғимараттар даярлау ісін қолға алды. Қазақ өлкелік комитеті баспа бөлімі көпшілік газеті ретінде «Еңбекші қазақ» газетін аптасына 4 рет, қазақ тіліндегі комсомолдардың газетін бір баспа табақ көлемінде аптасына 1 рет, әйелдердің журналы «Әйел теңдігін» екі баспа табақ көлемінде айына 1 рет шығару, ал «Қызыл Қазақстан» журналын өлкелік комитеттің партиялық органы ретінде қайта құрып, 3 баспа табақ көлемінде айына 1 рет шығаруды жөн санады.

1925 жылдың 16 мамырындағы баспа бөлімінің мәжілісінде 27 мамырда Қызылордаға көшетін редакциялар мен баспаханаларды жөнелту үшін көліктерге тиеу, ал 1 маусымда олардың қалада болуын қадағалу турасында қаулы қабылданып, мерзімді басылымдардың тоқтап қалмауы үшін әр басылымның уақытша шығарылатын күні белгіленді. Мәселен, дүйсенбі, сәрсенбі, жұма күндері «Еңбекші қазақ», сейсенбі, бейсенбіде «Теңдік», ал сенбіде «Жас қайрат» шығарылуға тиіс болды және «Теңдік» газетінің көлемі уақытша 4 беттен 2 бетке қысқартылды.

Ұлттық баспасөз бөлімі Қызылордаға келгеннен кейін 26 маусымында Қазақ өлкелік комитеті бюросының мәжілісінде баспасөз мәселесі арнайы қаралып, Ә.Байділдиннің «Қазақ тіліндегі мерзімді баспасөз» атты баяндамасы тыңдалып, соның негізінде барлық губерниялар мен уездерде қазақ тілінде шығатын мерзімді баспасөздерге бақылауды күшейту жөнінде қаулы қабылданды. Онда «Еңбекші қазақ» газетінің данасын қысқарту, «Қызыл Қазақстан» журналының редакторлығына О. Жандосовты, редактордың орынбасарлығына Варламов пен Байділдинді тағайындай отырып, редакцияны қайта құру керектігі, «Жас қайрат» пен «Лениншіл жас» газеттері мен «Теңдік» газетінің сапасын көтеру қажеттігі айтылды. Халық ағарту комитетінің жанынан мұғалімдерге арнап «Жаңа мектеп» деген атпен жаңа журнал шығару мәселесі көтерілді.

Өз кезегінде баспа бөлімі әйелдердің «Теңдік» газетін айына 2 рет шығару, оны «Әйел теңдігі» деп атау, газетте Қазақстан әйелдерінің қоғам өмірінің барлық салаларындағы қозғалысы жөнінде жазып отыруды тапсырды. «Әйел теңдігінің» жауапты редакторлығына Сара Есова, редактордың орынбасарлығына Нәзипа Құлжанова тағайындалды.

1925 жылы 13 мамырдағы Қазақ өлкелік партия комитетінің үгіт-насихат алқасының мәжілісінде «Жаңа мектеп» журналының редакторлығына М. Қазанғапов тағайындалды және жаңа редакторға журнал бетіне ғылыми-педагогикалық, жалпы, өлкетану, мектеп өмірінен хабарлар, жариялауды міндеттеді.




  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   81




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет