Отыншы Әлжановтың публицистикасы
Публицист Әлжанов әр мақаласында қоғамда болып жатқан әртүрлі оқиғаны нысан етіп, содан түйін, тұжырым жасайды. Өзінің автор ретіндегі ұсыныстарын білдіреді. «Жетімдерге жәрдем қылмақтың мәслихаты» атты проблемалық мақаласында адам баласымен бірге жасап келе жатқан жетімдік проблемасына назар салады. Автор: «Қазақтар, ол рақымды жақсы адамдар» деп барша қауыммен ақылдасады, кеңеседі, ой бөліседі. Қазақ ішінде жүрген жетім балаларжың ауыр тағдыры туралы толғанады. Публцистің ойынша ауыл – ауылда қаңғырып жүрген, мал бағып жүрген ата-анасы жоқ, қамқоры жоқ, ішерге асы, киерге киімі жоқ балалар бар соларды шетке қақпай, ішке тарту керектігін айтады. Әйтпесе, олардан көргенді жақсы адамдар шықпайды. Олар ұрлыққа, алдаушылыққа, жаман жолға түседі. Сондықтан да Россияның шаһарларындағы басқа да алдыңғы қатардағы елдердегі сияқты жетім балалардың басын қосатын қамқорлық орталықтарын, қайырымдылық ұйымдарын ашу керектігін мәселе етіп қояды. Оларға киіз үй беріп, соның ішінде жақсы молдаларды тартып, ақысыз оқытса жақсы зергер, етікшілерді тартып, сол өңірлерге үйретсе жетім балалардан жақсы адамдар шығар еді деген ұсыныс-пікірін білдірген. Шын мәнінде бұл проблема қазіргі күндері де бар. Сонау 19 ғасырдың аяғында Әлжанов публицист көтерген проблема күн тәртібінде тұр.
О.Әлжанов қазақ даласындағы әйел теңсіздігі мәселесін газет бетінде бірнеше мәрте көтерді. Оның «Қазақ қыздары», осы уақыттағы қазақ ұрғашыларының көрген күнінің қайғы-қапалықта өткенінің баяны мақалалары бір-бірімен мазмұндас публ.шығармалар. «Қазақ қыздары» мақаласында ел ішіндегі қазақ қыздарының ауыр жағдайы, тұрмысқа ықтиярсыз шығатындығы ата-анасының айтқанына көніп, жас балаға не жасы ұлғайған шалға күйеуге шығатындығы сөз болады. Ал, екінші мақалада қазақ әйелінің өмірі қорлық-зорлықпен өтетіндігі өз сүйген жігітіне тұрмысқа шыға алмай, бүкіл өмірі қуғында, қайғыда өтетіндігі баяндалады. Осы себептен «Дала уәлаятының» облыстарындағы әр түрлі мекемелерде құдалық, неке турасынан арыздың көп түсетіндігі де тілге тиек болады. Қазақ қыздары қайғысын өлеңмен сыртқа шығаратынына көптеген зар өлеңдердің текстін келтіріп, көтеріп отырған мәселені нақты жыр жолдарымен көрсетеді.
О.Әлжанов жер-жерді аралап, ел аузынан ескі әдебиет үлгілерін жинаған. Оны құр жинап қоймай, ертегі, аңыз-әңгіме, хикая түрінде өңдеп жазып газет бетіне жариялаған. О.Әлжанов газетке шыққан мақалаларына А.О, О.А, Найман, Орта жүз, Жазушы Әлжанов, Бабай бүркіт деген бүркеншік аттарды пайдаланып, қол қойғандығы белгілі болды.
Достарыңызбен бөлісу: |