Кафедра: Қазақ тілі мен әдебиеті және журналистика Пәннің аты

Сейдахмет Бердіқұлов публицистикасы

бет60/81
Дата06.06.2020
өлшемі0,63 Mb.
#72516
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   81
Байланысты:
қазақ журналистикасының тарихы

Сейдахмет Бердіқұлов публицистикасы

Сейдахмет Бердіқұлов 1933 жылдың 9 мамырында Алматы облысы, Жамбыл ауданындағы Қаракестек қыстағында дүниеге келген. Бала жастан білімге құштар болған ол Миклухо-Маклайды, Андерсен Нексенді, Жюль Вернді жастанып оқыды. 1956 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетін үздік бітірген ол еңбек жолын республикалық жастар мен балалар баспасөзінен бастады. «Лениншіл жас» газетінің әдеби қызметкері, бөлім меңгерушісі, жауапты хатшы қызметтерін атқарды. 1965-1970 жылдары «Қазақстан пионері» газетінің редакторы, 1970-1986 жылдары сол кезде кеңінен таралған «Лениншіл жас» газетінде бас редактор болды. 1986 жылы балалар мен жасөспірімдерге арналған «Жалын» баспасына директор болып тағайындалды. Ал, 1992 жылдан бастап «Балауса» баспасын басқарды. Сейдахметтің «Сол орамал жоғалмайды» (1965), «Жүрек ұйықтауды білмейді» (1967), «Егеулі найза» (1969), «Жұмыр жерде теңбіл доп» (1969), «Аспаннан шұға жауған күн» (1975), «Мұңайып оянған қала» (1979), «3 подъезд» (1980), «Пердесіз көңіл» (1983), «Арбаған мені бір сиқыр» (1987), «Таңдамалы. Екі томдық» (1991) шығармалары бар.

Сейдахмет бас редактор ретінде қарамағындағы қызметкерлерін тамыршыдай танып, өзі тапсырған іске жұмылдыра білді. 1970 жылдары «Лениншіл жас» газетіне бас редакторлыққа келген күннен бастап түбірлі өзгерістер жасай бастады. Бөлімдер қайта сұрыпталып, тың ой, жаңа бағытпен іске кірісті. Сейдахметтің редакторлық қызметтегі алғашқы идеяларының бірі «Ұтқыр ойлар сағаты» болды. Оған әр бөлім меңгерушілері алдағы апта, айларға өз бөлімі бойынша жоспар ұсынып отырды. Басшылығының тағы бір қыры – қызметкерді бір бөлімде ұзақ ұстамай, оны уақыт салып тың салаға жетелейтіндігі.

Бүкіл журналистердің ұстаханасы болған «Лениншіл жастағы» редакторлығында газеттің безендірілуіне үнемі көңіл бөлетін Сейдахмет: «Макет – газеттің киімі, ал қолыңа іліккен кез-келген киімді талғамсыз үстіне жапсыра салмайсың ғой. Демек, газет безендіру де – үлкен өнер. Орнымен қолданылған түймедей штрих, оймақтай детальдің ойнап кететінін әрдайым ескерген жөн. Жазғаның жарқырап шықсын, оқушысын адаспай тапсын десең, макетке мән бер. Ол – айнаң...», - деген пікір білдіреді. Демек, редактор ретінде газетке келген әр қызметкерін ең алдымен макеттің тезіне салып, шыңдап алатындығы өзіне ғана тән ерекшелігі деуімізге болады.

Спортты өнер деп қараған Сейдахмет өзінің бүкіл шығармашылығын спорттық тақырыптар мен сюжеттерге арнады. Оның «Лениншіл жас» (қазіргі «Жас Алаш») газетінде спорт тақырыбына қатысты «Қайраттың» қауқары да жоқ» (1959, 16 сәуір), «Табанды тартыс» (1959, 24 сәуір), «Қара көзілдірікпен қарама құрбым» (1959, 22 шілде), «Бар ауызда – спартакиада» (1959, 9 тамыз), «Көңілге дық салмай қойыңыз, қойыңыз» (1960, 13 шілде), «Спартакта халық көп» (1961, 17 қаңтар), «Ойынның да өрті бар» (1961, 25 қаңтар) т.с.с. репортаж, мақалалары жарық көрді. Спорт жанкүйерлеріне жедел репортаждар жазып, жаңалықты жұртқа жеткізуге асығатын Сейдахметтің футбол командасының сәтсіз ойынынан қайтқан жұрттың көңіл-күйін: «Ұтылыс кімге де болса жақсы дейсіз. Дегенмен, жұртшылық табанды тартысқан ойыншыларға ренжіп қайтқан жоқ», - деп қалтқысыз жеткізеді (Лениншіл жас, -1959. -24 сәуір, С. Бердіқұлов, Табанды тартыс). Ол қайсыбір публицистикалық туындыларында спорттың қым-қуыт құпиясын, жойқын күштің жекпе-жегін, палуандардың өзіне тән табанды тартысын шынайы қалпында суреттей отырып, спорттың өзіне тән сұлулығын оқырманға жайып салады. Публицистің спорт тақырыбына арналған туындыларының көркемдік құдіреті осында жатса керек.

Оның «Жұмыр жерде теңбіл доп», «Мұңайып оянған қала», «Үшінші подъезд», «84 жылдың теңдессіз 16 күні» сынды өзге де кітаптарында жазылған спорт тақырыбы терең зерттеп, біліп барып жазғандығын айқындайды. Мұны оқып отырған кез келген оқырман бірден аңғарып, қолмен ұстағандай, көзбен көргендей күй кешеті рас. Сейдахметтің бір мықты, шебер жері, жазған материалдарында санды көп қолданбайды. Суреттеп жазу басым. «Кеше, бүгін, болды, бітті» деген сөздерді шығармасында кездестіре де алмайсың. Оның тілінің байлығы сондай «Қарсы тұруға күштері бар еді» деген сөзді «шиеленіске тақыр кедей болған жоқ» деп көркемдеп беруінде болып табылады. Осы тұста атақты аяқ доп шебері Тимур Сегізбаев пікірі ойымызды нақтылай түседі: «Футболшы мен де, газетші сіз де бәріміз оның жазғандарын оқығанда спорт атты күрделі де қиын әлемнің бар қалтарысын оңай ұғынамыз, қызығына қанамыз, өзіміз білмеген тылсым сырына терең бойлап еніп, табиғи түрде түсінеміз. Тоқ етерін айтқанда, Сәкең оқырмандарына футболға – аяқ, боксқа – жұдырық, хоккейшіге – таяқ емес, ақыл керек екендігін шегелеп түсіндіретін жазушы» (Жас Алаш, -1994. -28 мамыр, Ж. Аупбаев, Жұлдыздар із тастап ағады).

Жазушы О. Әбділдаұлы да Сейдахметтің спорт тақырыбындағы мақалаларына тәнті болып, өз бағасын былайша береді: «Жазбаларына көз жүгірткен сайын оны қызғылықты өмірбаянына қанық бола бересің. Алыс-алыс сапарларға шықты. Мексика, Месопотамия, Лондон, Сингапур сияқты небір тылсым елдер мен мемлекеттерге барып, қилы-қилы жарыстардың дүбірін Қазақстанға жеткізді. Спорт тақырыбын жазуда алдына жан салмаған Алатау баурайының түлегі қаншама жастардың үмітін оятып, қанатын қақтырды. Оның шығармаларын парақтап оқыған сайын денсаулықтың қадірін біле түсесің», - десе (Жетісу, -2003. -6 мамыр, О. Әбділдаұлы, Спорт сөздігін сомдаған дүлей) журналист Сарбас Ақтаев: «Біле-білсе қанатты сөздердің дені, тың тіркестердің көбі журналист қаламымен туып, газет арқылы тарайды. Тек тыңнан туған сол сөзді оңды-солды пайдаланып, тез күнделікті тастайтынымыз жаман. Әйтпесе, газеттердегі сәтті ізденістер туған талай тақырып мақал-мәтелге айналып кеткен жоқ па? Соның айшықты бір мысалы, Сейдахмет Бердіқұловтың шығармалары дер едім. Мәселен, «Шыңдардың ұлысы бар, кішісі бар», «Туған жер топырағы оқ өтпейтін сауыт», - деп ерекше атап өтеді (Егемен Қазақстан, - 1995. -16 маусым, С. Ақтаев, Сейдеш көңіл Сейдеш-ай!).

  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   81

©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет