Кафедра: Қазақ тілі мен әдебиеті және журналистика Пәннің аты


Асылқожа Құрманбайұлы – публицист



бет67/81
Дата06.06.2020
өлшемі0,63 Mb.
#72516
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   81
Байланысты:
қазақ журналистикасының тарихы

Асылқожа Құрманбайұлы – публицист

Қазақ публицистикасының қалыптасуына өз творчествосымен үлес қосқан үлкен тұлғалардың бірі – Асылқожа Құрманбайұлы. Ол 1859 жылы бұрынғы Қостанай уезі, Торғай өңірінде дүниеге келген. Қыпшақ руынан, нашар ғана шаруаның отбасынан шыққан. Алғаш еліндегі молдалардан орыс мектебінде оқыған. Осыдан біраз дайындықтан өткен ол Уфимдегі мұғалімдер семинариясына түсіп, оны жақсы бітіріп шыққан. Осы тұста Асылқожа Ы.Алтынсаринмен танысқан. Ағартушы ақыл кеңесімен Пермдегі реалдық мектептің шаруа бөліміне кіріп, оны да сәтті бітірген. Мұнан кейін Асылқожа ел арасына келіп, мектеп ашып, бала оқытпақ әрекетіне кіріскен. Бірақ, діни молдалардың «Орысша оқу діннен безу, кәпір болу» деген үгітіне иланып, жұрт балаларын орысша оқытудан ат тонын ала қашады. Айтқанына ел көнбеген соң ол Омбыға кетеді. 1893-94 жылдарында сондағы губернатордың тілмашы болып тұрады. Бұл жұмысқа ықыласы түспеген соң сол уақыттағы үкімет тілі ДҮГ-тың қазақша жағын басқарады. Асылқожа ДУГ қалам тартқан әдебиет пен публицистиканың әр жанрында жазған адам. Ол газеттің көп материаладрын орысшадан қазақшаға, қазақшадан орысша аударумен қатар, жаңа шыққан кітаптарға сын, бибилиография, қазақ халқының саяси әлеуметтік құрылысы, экономикасы және т.б. туралы көптеген мақалалар жазған.

Құрманбаев публицистің мақала мен мысал жазудағы мақсаты біреу-ақ. Ол қазақты қамсыздық пен еріншектіктен құтқару. Идеясы қыстың қамын жаз ойлау. Бұл мақаланың да, мысалдың да күші қазақ баласына өмірілік сабақ болса керек. «Қазақтың жай қара жұмысқа қаншалық көңіл қойып жақұт қылғаны турасында» мақаласында қара жұмыс туралы зиянды пікірлерді әшкерелей отырып, шаруашылықты өркендету үшін ауыл шаруашылығына арналған мектептің пайдасын ашып көрсетеді. Қазақтардың жай қара жұмысты қара қасқа кедейлердің жұмысы деп менсінбеуін сынға алады.

Дала уәлаяты газетінің жазушысы А.Құрманбаев қазақ тілі мәселесіне де назар аударды. «Қазақ тілі турасынан» деп арнайы мақала жазып, қазақ тілінің басқа түрік тілдеріне ұқсамай бөлек таза қалыптасқандығын айтады. «Қасындағы жауласқан халықтардан өздерін өзі сақтамаққа әрдайым аулақ болып тұрған соң қазақ халқының ақылы тың, мінездері қағілез, ойшыл һәм аңдағыш болып өскен еді. Бұл айтылған мінездеріне қарай қазақтың тілі де қағілез. Анық, мол болып шыққан еді», - деп туған тіліміздің мәртебесін көтере сөйлейді. Публицист ататқты Алтынсаринді барша оқығандарға үлгі тұтады. Алтынсарин сөзімен де, ісімен де қазақ тілінің тазалығы үшін қызмет атқарған адам екенін айтады.




  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   81




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет