Кафедра: Дене тәрбиесі және Бейнелеу өнері



бет20/34
Дата18.10.2023
өлшемі0,75 Mb.
#186571
түріСабақ
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   34
Байланысты:
lektsiya 3

шығармашылық сабақ:

  • дарынды балаларға берілетін тапсырма

  • Денгейлік тапсырмалар:

Жазба жұмыстары - оқушыларға бірінші сабаққа берілген тақырып бойынша немесе ой толғау жазу.
Оқушылардың білімдерін түйіндеу - осы сабақта өтілген тапсырмаларды қортындылай отырып, шығарма жұмыстарын талдау және қандай жетістікке жеткеніміз туралы оқушылардың өздеріне түйін жасату.
Сын тұрғысынан ойлауды дамыту бағдарламасы – әлемнің түкпір-түкпірінен жиылған білім берушілердің (Эрик Рустен, Сьюзан Шуман) бірлескен еңбегі. Бағдарламаның негізгі Ж.Пиаже, Л.С.Выготский теорияларын басшылыққа алған.
Мақсаты – барлық жастағы оқушыларға кез-келген мазмұнға сыни тұрғыдан қарап, өзіндік пікір айтуға , саналы шешім қабылдауға үйрету.
Сыни тұрғысынан ойлау – сынау емес, шыңдалған ойлау. Бұл деңгейдегі ойлау тек ересек адамдарға, жоғарғы сынып оқушыларына ғана тән деп ойлау аса дұрыс емес Жас балалардың да бұл жұмысты дұрыс ұйымдастырған жағдайда өз даму деңгейіне сәйкес ойы шыңдалып, белгілі бір жетістіктерге жетері сөзсіз.
Аталмыш бағдарламаның ішкі құрылымында ерекшелік бар. Бұл құрылым 3 деңгейден тұратын оқыту мен үйретудің моделі. Білімнің болашақта пайдаға асуы, қажетке жарауын қалыптастырады. Көп ақпаратты талдай, жинақтай отырып, ішінен қажеттісін алуға үйретеді.
Сын тұрғысынан ойлау бағдарламасы қызығушылықты ояту, мағынаны тану, ой толғаныс кезеңдерінен түзіледі.
Қызығушылықты ояту.
Үйрену үдерісі – бұрынғы білетін және жаңа білімді ұштастырудан тұрады. Үйренуші жаңа ұғымдарды, түсініктерді, өзінің бұрынғы білімін жаңа ақпаратпен толықтырады, кеңейте түседі. Сондықтан да сабақ қарастырғалы тұрған мәселе жайлы оқушы не біледі, не айта алатындығын анықтаудан басталады.Осы арқылы ойды қозғату жүзеге асады.
Осы кезеңге қызмет ететін «Топтау», « Түртіп алу», « Ойлану», « Болжау», « Әлемді шарлау», т.б әдістер (стратегиялар) жинақталған.Қызығушылықты ояту кезеңінің екінші мақсаты – үйренушілік белсенділігін арттыру. Өйткені, үйрену – енжарлықтан гөрі белсенділікті талап ететін іс-әрекет екені даусыз. Оқушы өз білетінін еске түсіреді, қағазға жазады, көршісімен бөліседі, тобында талқылайды. Яғни, айту, бөлісу, ортаға салу арқылы оның ойы ашылады. Осылайша шыңдалған ойлауға бірте-бірте қадам жасала бастайды.
Оқушы бұл кезеңде жаңа білім жайлы ақпарат жинап, оны байырғы біліммен ұштастырады.
Ойлау мен үйренуге бағытталған бұл бағдарламаның екінші кезеңі – мағынаны тану (түсіне білу). Бұл кезеңде үйренуші жаңа ақпаратпен танысады, тақырып бойынша жұмыс істейді, тапсырмалар орындайды. Оның өз бетімен жұмыс жасап, белсенділік көрсетуіне жағдай жасалады. Оқушылардың тақырып бойынша жұмыс жасауына көмектесетін оқыту стратегиялары бар. Соның бірі – INSERT. Ол бойынша оқушыға оқу, тақырыппен танысу барысында V – «білемін», - «мен үшін түсініксіз», + «мен үшін жаңа ақпарат», ? – «мені таң қалдырады» белгілерін қойып отырып оқу тапсырылады. INSERT – оқығанын түсінуге, өз ойына басшылық етуге, ойын білдіруге үйрететін ұтымды құрал. Бір әңгіменің соңына тез жету, оқығанды есте сақтау, мәнін жете түсіну – күрделі жұмыс. Сондықтан да оқушылар арасында оқуға жеңіл-желпі қарау салдарынан түсіне аламау, өмірмен ұштастыра алмау кездеседі. Мағынаны түсінуді осылай ұйымдастыру – аталған кемшіліктерді болдырмаудың бірден-бір кепілі.
Үйретушілер білетіндерін анықтап, білмейтіндерін белгілеп сұрауға әзірленеді. Бұл әрекет арқылы жаңаны түсіну үшін бұрынғы білім арасында көпірлер құрастыруға, яғни, байланыстар құруға дағдыландырады.
Тақырып туралы ой-толғаныс – бағдарламаның үшінші кезеңі.Күнделікті оқыту үдерісінде оқушының толғанысын ұйымдастыру, өзіне, басқаға сын көзбен қарап, баға беруге үйретеді. Оқушылар өз ойларын, өздері байқаған ақпараттарды өз сөздерімен айта алады. Бұл сатыда оқушылар бір-бірімен әсерлі түрде ой алмастыру, ой түйістіру, өз үйрену жолын, кестесін жасау мақсатында басқалардың әр түрлі кестесін біліп үйренеді. Бұл үйрену сатысы – ойды қайта түйіп, жаңа өзгерістер жасайтын кезең болып табылады. Әр түрлі шығармашылықпен ой түйістіру болшақта қолданылатын мақсатты құрылымға жетелейді.
Осы кезеңді тиімді етуге лайықталған «Бес жолды өлең», «Венн диаграммасы», «Еркін жазу», «Семантикалық карта», «Түсініктеме күнделігі», «Кейіпкерге хат», эссе жазу сияқты стратегиялар әр сабақтың ерекшелігіне, ауыр-жеңілдігіне қарай лайықтала қолданылады. Жоба 60-қа жуық стратегиялардан тұрады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   34




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет