Кафедра маркшейдерского дела и геодезии имени чл кор. Нан рк и. И. Попова жаһандық ЖӘне ғарыштық Қолданбалы бағдарламаларды дамыту бағыттары карағанды 2016



бет2/11
Дата02.07.2018
өлшемі2,75 Mb.
#45793
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

Министерство образования и науки

Республики Казахстан
Карагандинский государственный

технический университет

Кафедра маркшейдерского дела и геодезии имени чл.-кор. НАН РК И.И. Попова


ЖАҺАНДЫҚ ЖӘНЕ ҒАРЫШТЫҚ ҚОЛДАНБАЛЫ БАҒДАРЛАМАЛАРДЫ ДАМЫТУ БАҒЫТТАРЫ


Карағанды 2016

УДК 528.07

ББК 71 (5 Каз)

К 90



ҚР ҰҒА академигі А.М. Ғазалиев редакциялаған

Авторлар-құрастырушылар: Низаметдинов Ф.К., Мозер Д.В., Толеубекова Ж.З., Естаева А.Р., Каранеева А.Д.
Жаһандық және ғарыштық қолданбалы бағдарламаларды дамыту бағыттары. Студенттік топтар кураторларына көмек. Жинақ 3 / ҚР ҰҒА академигі А.М. Ғазалиев редакциялаған. – 2-ші басылым, қайта қаралған және толықтырылған – Карағанды: Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің баспасы, 2015. – 15 б.

Кітапша қазіргі заманда ғарыштық бағдармалардың дамуы туралы мәліметтерді қамтиды. Ғарыш саласының қазіргі жағдайы және Қазақстанның әлемде алатын орны туралы толық талдау жасалған.

Кураторларға «Жаңа Қазақстандық Патриотизмды қалыптастыру» патриоттық тәрбиелеу Концепциясы негізінде кураторлық сағаттарды және басқа да іс-шараларды өткізуді дайындай кезінде жинақ мәліметтерін қолдану ұсынылады.

УДК 528.07

ББК 71 (5 Каз)
© Қарағанды мемлекеттік

техникалық университті, 2016


Мазмұны


Кіріспе

4

Ғарыш саласының даму тарихы

5

Ғарыш саласының қазіргі жағдайы мен мәселелері

7

Ғарыш саласының инновациялық даму болашағы

14

Қорытынды

15

Қолданылған әдебиеттер тізімі

16


Кіріспе
Ғарыштық кеңістікті меңгеру және ғарыштық зерттеулер қазіргі заманғы ғылыми-техникалық прогрестің негізгі бағыттарының біріне жатады. Ғарыштық қызметтің дамуы қазіргі заманғы кез-келген мемлекеттің саяси, экономикалық, ғылыми-техникалық дәрежесін және қорғаныс қуатын едәуір анықтайтыны барлығына мәлім.

Мемелекет президенті Н.А. Назарбаева бастамасымен 1991 жылдан бастап Қазақстандағы ғарыштық зерттеулердің негізгі бағаттары қаланған «Қазақстан-Ғарыш» мақсатты кешенді бағдармалар аясында белсенді түрде жұмыстар жүргізілуде. Соңғы 25 жылда Қазақстанда ғарыштық ғылым іргелі және қолданбалы зерттеулер За прошедшие 25 лет космическая наука в Казахстане развивается в рамках различных Государственных программах фундаментальных и прикладных исследований.

2011 жылдан бастап Қазақстанда 4 сілтемеден тұратын бірыңғай технологиялық тізбек негізі қаланған: ғылыми-технологиялық база, жоба-конструкторлық және өңдірістік база, ғарышқа шығару және жерден басқару құралдары, сондай-ақ, ғарыш қызметының байланыс торы. Бүгінгі күнде Қазақстан ғарыш аппараттарының екі орбиталық тобы пайдалануға берілді: "Kazsat-2" екі байланыс спутниктен тұратын топ және Жерді қашықтықтан зондтаудың "KazEOSat-1", "KazEOSat-2" ғарыш аппараттарынан тұратын топ.

Бүгінгі жетістіктеріміз қазақстандық қызметке қызуғышылықты ғана тудырмайды, негізгі стратегиялық серіктестермен қатар ғарыш саласы дамыған елдер тобына қосылуға мүмкіндік береді.



Ғарыш саласының даму тарихы
Спутник-1 — Жердің алғашқы жасанды серігі, 1957 жылдың 4 қазанында орбитаға ұшырылған, кеңес ғарыш аппараты. Ұшырылым КСРО қорғаныс министрлігінің «Тюра-Там» 5-ші ғылыми-зерттеу полигонынан «Спутник» зымыранымен жүзеге асырылған. Жердің жасанды жерсерігін, тәжіриблік космонавтика негізін қалаған С. П. Королёв және М. В. Келдыш, М. К. Тихонравов, Н. С. Лидоренко, Г. Ю. Максимов, В. И. Лапко, т.б. ғалымдар қатысқан.

Ұшырылым күні адамзат үшін ғарыш дәуірінің бастамасы болып есептелінеді. Осы оқиға құрметіне 1964 жылы Мәскеудегі Мира проспектіде ВДНХ метросы қасында 99 метрлі «Ғарышты бағындырған» деген ұшырылып жатқан зымыран бейнесіндегі ескерткіш орнатылған.









Жердің алғашқы жасанды серігі (Қарапайым Спутник-1)

Юрий Алексеевич Гагарин – Жер ғаламшарының алғашқы ғарышкері, ұшу уақыты 108 минут құрады

Кеңес үкіметі «Спутник-1»  Халықаралық Геофизикалық жылға сәйкес ресми түрде өзіне қабылдаған міндеттер бойынша ұшырған. Гагарин Ю.А. ұшқыш-ғарышкері басқарған «Восток» зымыранының старты 1961 жылы 12 сәуірде Мәскеу сағаты бойынша сағат 09:07 Байқоңыр ғарыш айлағынан ұшырылды.

«Байқоңыр» ғарыш айлағы — әлімде алғашқы, ең ірі және үлкен сұранысқа ие айлақ. Қазақстан территориясында, Қызылорда обылысында Торетам айылы маңында орналасқан. Алатын аумағы 6717 км². Кеңес одағы ыдырауына дейін ең үлкен және незігі айлақ ретінде қолданылды. Байқоңыр қаласы мен айлағы бірге «Байқоңыр» кешені ретінде 2050 жылға дейін Қазақстанна Ресей жалға алды.  2012 жылға сәйкес Байқоңыр ұшырылым бойынша жетекші орнын сақтап отыр: 21 зымыран ұшырылған.

2012 жылдын 10 желтоқсан айында Ұлттық ғарыш агенттігінің (ҚазҒарыш) басшысы Талғат Мусабаев мәлімдеді, 1994 жылғы жалға беру келісім-шарты ескірді және Байқоңыр Қазақстанның заңды құзырына өтуді қарастыру мүмкін.

2015 жылы 15 қазанда Астана қаласында, Ресей және Казақстан Домбаров позициялық ауданынан зымыран ұшыру уақытында бөлінетін бөліктердің Қазақстан территориясындағы жер телімдеріне құлауы туралы үкіметаралық келісім шартқа қол қойды.

Айдын Айымбетов қазақстандық ғарышты мемлекетаралық орбитаға қайта көтерді. Ғарышта 10 күн өткізіп, он шақты қиын сынақтар жүргізді. Халықаралық экипаж құрамына Қазақстандық ғарышкер Айдын Айымбетов, ресей ғарышкері Геннадии Падалка, даниялық астронавт Андреас Морган кірді. Халықаралық экипажымен түсіп жатқан аппарат Жезқазған қаласынан оітүстік-шығыс бағытындағы 146 км жерде Астана уақытымен сағат 6 51 минутта болды.

Одан бұрын ғарышқа ұшқан қазақстандық ғарышкерлер Тоқтар Әубәкіров және Талғат Мусабаев. Тоқтар Әубәкіров — Кеңес одағының 72-ші және алғашқы қазақ ғарышкері.










Тоқтар Әубәкіров - қазақ ұлтындағы алғашқы ғарышкер

Талғат Мусабаев - Қазақстан Республикасының Ұлттық ғарыш агенттігінің төрағасы

Айдын Айымбетов – үшінші қазақстандық ғарышкер

1991 жылы 2 қазанда Александр Волков және австриялық ғарышкер Францем Фибёкпен бірге «Союз ТМ-13» ғарыш кемесінің зерттеуші ғарышкері ретінде ғарышқа аттанды. Бір апта уақыты ішінде «Мир» орбиталық кешені бортында жұмыс істеді. 1991 жылдын 10 қазанында Анатолий Арцебар және австриялық ғарышкер Францем Фибёкпен бірге «Союз ТМ-12» ғарыш кемесімен оралды. Талғат Мусабаев 79-ші Кеңес/Ресей, 309-ші әлем бойынша, қазақ ұлтындағы екінші ғарышкер болып табылады. Ол ғарышқа үш рет ұшқан, ғарышта болған жалпы уақыт 341 күн 9 сағат 48 минут және 41 секунд.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет