Кафедра меңгерушісі Арынгазин К. Ш


Кафедра меңгерушісі _________________________ Арынгазин К.Ш



бет3/3
Дата25.08.2017
өлшемі1,06 Mb.
#26478
1   2   3

Кафедра меңгерушісі _________________________ Арынгазин К.Ш.

СҚ Факультетінің әдістемелік кеңесімен құпталған 20 _ж. «_____»____№_ хаттама



СҚФ ОӘК төрағасы__________Жукенова Г. А.



1. Пән жайлы мәліметтер
Пән атауы: Өнеркәсіптік экология
Таңдау бойынша пән

Оқу мерзімі және кредит саны

Барлығы – 5 кредит

Курс: 3

Семестр: 5,6



Жалпы аудиторияда оқу сағаты – 75 сағат

Дәрістер – 30 сағат

Тәжрибелік /семинарлық оқу сағаттары – 45 сағат

СӨЖ – 60 сағат

Оның құрамында СОӨЖ – 150 сағат

Жалпы көлемі – 225 сағат


Бақылау формасы

Емтихан – 6 семестрде


2. Пререквизиттер

«Өнеркәсіптік экология» пәнінің бағдарламасы мына пәндерге тұрақтанады: қоршаған ортаны бақылау әдістері мен жабдықтары, қалалар мен өнеркәсіптік мекемелердің инженерлік жүйелері, инженерлік акустика.



Постреквизиттер

Осы пәннен пайда болған білім, білік, дағдылар келесі пәндерді игеруге қажет:

- қоршаған ортаның мониторингін жүргізе білу;

- орындау кезінде:

- оқытылмалы пән бойынша орындалатын курстық және дипломдық жұмыс/жобалар.

Сонымен қатар адам қызметінің барлық орталарында қауіпті және зиянды заттардан адамдарды қорғау үшін; тұрмыстық, өндірістік, көліктік аварияларда алғашқы дәрігералды көмек көрсету кезінде және т.б.


3. Пән, мақсаттар мен міндеттер

Пән нысаны: қауіпсіз ойлау және жүріп тұруды қалыптастыру, қауіпсіздік идеологиясын өндіру.

Пәнді оқытудың мақсаты:

- студенттерді теориялық білімдермен және дағдырлау әрі қарайғы кәсіпкерлік дайындықтар үшін қажет;



- өнеркәсіптік мекемелердің қоршаған ортаға техногенді әсер ету негіздерін білу;

- ластаушы заттардың құрамын, олардың сандық өнеркәсіптік қорларды оптимизациялаудың негізгі бағыттарын;



- энергетикалық сипаттағы ластар және басқа материалдың түрлері туралы қалыптастыру.

Пәннің міндеттері:

- талдау дағдыларын дамытуға;

- қоршаған ортаны қорғау әрекеті қаупсіздігіне шараларды жүзеге болжауға дайындау;

- тіршілік қаупсіздігіне шараларды жүзеге асыруға және болжауға дайындау.
4. Білім, біліктілікке және құзыреттілікке койылатын талаптар

Аталмыш пәнді оқыту нәтижесінде студенттер білуі қажет:



түсінігі болу керек:

  • өнеркәсіптік мекемелердің қоршаған ортаға ерекшелігін әсер ету;

  • өнеркәсіптік ластаудың негізгі көздерін;

  • ластануды есептеу әдістемелігін.

білу керек:

  • пайда көзінде, сондай-ақ аппараттан шығу кезінде ластануды төмендету технологиясын;

  • өнеркәсіптік қорларды пайдалануды оптимизациялаудың тиімді бағыттарын.

машықтану қажет:

  • қазіргі кездегі өндірістің кері экологиялық факторларын талдауды;

  • ластаушы заттарды жалпылама тасталуы бойынша есептеуді жүргізуді;

тәжірибелік дағдыларды игеру керек:

  • өнеркәсіптік мекемелердің қоршаған ортаға техногенді әсерлерінің күшеюі салдарын модельдеу мен болжауды;

  • альтернативті технологияның жолдарын салыстыруды жүргізе алуды.

құзыретті болу керек:

  • өнеркәсіптік мекемелердің қоршаған ортаға ерекшелігін әсер ету;

  • өнеркәсіптік ластаудың негізгі көздерін;

  • ластануды есептеу әдістемелігін;

  • пайда көзінде, сондай-ақ аппараттан шығу кезінде ластануды төмендету технологиясын;

  • өнеркәсіптік қорларды пайдалануды оптимизациялаудың тиімді

бағыттарын.
5. Пәнді оқытудың тақырыптық жоспары
Сабақ түрлері бойынша академиялық сағаттарды бөлу

3.1 ПӘННІҢ ТЕМАТИКАЛЫҚ ЖОСПАРЫ



Тақырыптар атауы

Уақыт саны

Дәріс

Тәжірибе

СРО

1

2

3

4

5

4 семестр

1

1 тақырып Атмосфера, гидросфера, литосфера жүйесін техногенді ластау көздері

1

-

0

2

2 т/п Қоршаған ортаны қорғау аймағындағы мемлекеттік стандарт жүйесі

2

2

5

3

3 т/п Кен өнеркәсібі кәсіпорнының техногенді әсері. Қалдықтарды басу тәсілі

2

-

5

4

4 т/п Отын-энергетикалық кәсіпорындары. Отынның қоршаған ортаға әсері

4

4

10

5

5 т/п Қоршаған ортаға қара металлургия кәсіпорнының техногенді әсері. Әсерін басу тәсілдері

3

4

10

6

6 т/п Түсті металлургия және оның қоршаған ортаға әсері. Қорғау тәсілдері

3

4

10

7

7 т/п Мұнай өңдеу өндірісінің қоршаған ортаға техногенді әсері. Қорғау тәсілдері

2

2

10

8

8 т/п Химиялық өнеркәсіп. Негізгі ластағыштар. Әсерін басу тәсілдері

2

3

10

9

9 т/п Құрылыс материалдарын өңдірудің қоршаған ортаға техногенді әсері. Әсерін басу тәсілдері

3

4

15

10

10 т/п Шыны өндірісі және оның қоршаған ортаға техногенді әсері. Әсерін басу тәсілдері

2

2

10

11

11 т/п Қағаз өндірісі. Өндіріс сипаттамасы. Ластау көздері және зиянды заттарын тазалау

2

2

5

12

12 т/п Көлік құралдарының қоршаған ортаға экологиялық әсерін бағалау

1

-

5

13

13 т/п Минералды тыңайтқыштарды өндіру және олардың қоршаған ортаға әсері

1

1

5

14

14 т/п Ластану ерекшеліктері және негізгі тамақ өндірісі өнеркәсібінде қоршаған орта жағдайларының жақсаруы

2

2

10

15

15 т/п Экологиялық төлемдер және оларды есептеу әдістері










16

16 т/п Өнеркәсіпті табиғи қорғау шараларының экологиялық тиімділігі










Барлығы: 90

15

15

60

Барлығы: 180

30

30

120


6. Дәрістік сабақтардың мазмұны:

Тақырып 1. Атмосфера, гидросфера, литосфера жүйесін техногенді ластау көздері

Жоспар:

1 Атмосфералық ауаның ластануы

2 Атмосфералық ауаның табиғи ластануы

3 Атмосфералық ауаның өндіріс шығарындыларымен ластануы

4 Атмосфералық ауа сапасының нормативтері

Атмосфералық ауаның ластануы деп — зиянды (ластаушы) заттар-дың ауа бассейніне мөлшерден тыс түсуі және пайда болуын айта-мыз. Бұл ластаушы заттар атмосферада газ, қатты және сұйық бөлшек-тер, бу түрінде табиғаттың құбылыстарынан не болмаса антропогендік жолмен түседі. Атмосфералық ауа бүкіл адамзаттың байлығы екені белгілі. Атмосфераның тазалығы, оның қүрамының тұрақтылығы адам баласының өмір сүруінің басты кепілі. Ауа болғандықтан, қүрамының қайда болса өзгеруі оның ластануы деп есептеледі.

Атмосфера ауасын ластаушы негізгі ингредиенттер ретінде көміртегі оксиді (СО), азот оксиді (NAx), күкірт оксиді (SO), көмірсу-тегі (CnHm) және шаң-тозаңдарды атауға болады.

Атмосфералық ауа бассейнінен газ түрде, аэрозольдер түрінде түскен ластаушы заттар төмендегідей қүбылыстарда болуы мүмкін:

1. Өз салмағының күшімен түнуы (үлкен дисперсті аэрозольдар).

Тұнған бөлшектермен физикалық қабысып, литосфераға, гид-росфераға ластаушы зат ретінде түсуі.

Бұл ластаушы заттардың биосфералық айналымға еніп кетуі ықтимал (көмірқышқыл газы, су буы, күкірт, азот оксидтері).

Бұлардың агрегаттық қалпы өзгеріп (буланып, кристализация-лану, конденсациялану) және ауаның басқа элементтерімен химия-лық өзара араласуы. Содан кейін жоғарғы көрсеткен жолдардың бірімен кетуі.



Атмосферада көп уақыт болып айналып (циркуляция) ағымымен тропосфераның, стратосфераның қабаттарына ауысып планетаның әртүрлі географиялық облыстарына жайылуы мүмкін.


Төмендегі жинақталған көрсеткішке қарасақ, (таб. 2) атмосфера-лық ауаға ластанған заттарды шығарушылар қатарында өндірісі өркен-деген Солтүстік Америка елдері мен Европа елдерінің үлесінде екендігі көрінеді.

Атмосфералық ауаның ластануы өндірістік қарқындай дамуына және отын түрлерін (газ, мүнай, көмір) кең масштабта пайдалануға байланысты атмосферадағы бос оттектің қоры азайып, ал көмірқыш-қыл газы (С02 - углекислый газ) мөлшері жоғарылаудың нәтижесінде табиғаттағы көміртегінің айналымы бүзылады деуге болады. Акаде­мик А. П. Виноградов зерттеулері нәтижесінде көмірқышқыл газы-ның концентрациясы жыл сайын 0,2%-ке дейін ұлғайып отырғанды-ғы дәлелденген.

Көміртек айналымының бүзылуы мен атмосферада көмірқышқыл газының концентрациясының жоғарылауы жердегі барлық химиялық тепе-теңдікке үлкен әсерін тигізіп отыр. Атмосфералық ауаның зиян-ды заттармен ластану процесі осы заманның үлкен проблемасына айналып отыр. Атмосфералық ауаның ластануының екі негізгі көздері бар: табиғи көздер, жасанды (антропогендік) көздер.
Атмосфералық ауаның табиғи ластануы

Ауаның табиғи ластануының бір көзі — шаң дауылының әсері, вул-кандардың жарылыс түтіндермен, күлдерінің (пепел) ауаға араласу нәтижесінде, орман өрттері түтінің ауамен араласуы сияқты қүбылы-стар. Шаңның үш түрі болады: минералдық (органикалық емес), орга-никалық және космостық. Тау жыныстарының (тастардың массивтері) үгітілуі мен бүзылуы, вулкандар атқылауы, орман, дала, торфтарының өртенуі, теңіз беттерінен судың булануы минералдық шаңның пайда болуына себеп болады.



Органикалық шаң ауадағы аэропланктондар —бактериялар, саңы-рауқұлақтардың спорлары мен өсімдіктердің тозаңдары т. б. түрінде және өсімдіктер мен жан-жануарлардың ыдырау, ашу (брожение), шіру өнімдері түрінде болады.

Космостық шаң жанған метеориттердің қалдықтарынан түзіледі.

Мүхит үстіндегі ауа атмосферасында магний, натрий, кальций тұздарының пайда кристалдары болады. Ол кристалдардың шашы-рандылары ауада қүрғап қалғанда шаң-тозаң түзіледі.

Жер бетіндегі заттардың биологиялық ыдырау, оның ішінде топы-рақ бактерияларының тіршілігі күкіртсутек, аммиак, көмірсутек, азот, көміртек оксидтерінің орасан зор мөлшерінің түзілуіне әкеп соғады.

Антропогендік ластану. Атмосфералық ауаны ластаушылардың ең негізгілері — көлік түрлері, әсіресе, автомобильдердің жанармай-ларының жану өнімдері болып табылады. Француз ғалымы Ж Дет-ритің есептеулері бойынша автомобильдерден бөлінген газдардың қүрамында көмірқышқыл газы (CO2) - 9%, көміртек оксиді (CO) - 4, көміртек (СН2) - 0,5%, оттек (02) - 4%, сутек (Н2) - 2%, альдегиттер — 0,004, азот оксидтері - 0,06%, күкірт оксидтері (S20) - 0,006%, бар-лығы 200-ге жақын бар екенін анықтаған.

Қоршаған ортаға көміртек, күкірт және азот оксидтерімен бірге бензиннің құрамына кіретін заттар, мысалы 3,4-бензопирен мен қор-ғасын өте зиянды әсер етеді.

Атмосфералық ауаға көліктерден бөлінген газдардың құрамында қорғасын болатыны және оның 40% диаметрі 5 мк. м. - ге деиін болатындықтан ауада ұзақ уақыт сақталып, онымен бірге адам организміне түсетіндігі белгілі болып отыр. Қазіргі кезде бүкіл әлемде шамамен 500 млн-нан аса автомобиль жүріп тұрса, үлкен қалаларда атмосфералық ауаның тазалығын сақтау адамзат үшін қаншалықты маңызды екені түсінікті. Автомобильді - дөңгелекті химиялық фаб-рика деп атаиды экологтар. Қала ауасының зиянды заттармен ласта-нуының 60% осы автомобильдердің үлесіне жатады.

Атмосфералық ауаның өндіріс шығарындыларымен ластануы

Шойын құю, болат ерту процестері атмосфераға зиянды шығарын-дылар шығаратыны белгілі. Бір тонна шойын қүйғанда 4,5 кг күкіртті газ (S02), 2,7 кг марганец, 0,6-0,2 кг көмірқышқыл газы, одан басқа фосфор, сурьма, қорғасын, сынаптың шаңы, аз кездесетін (редкие) ме-талдар смолалы заттар т. б. көптеген зиянды заттар атмосфераны ластайды.



Жылу электростанциялары да атмосфералық ауаны күкіртті газ-бен (S02) және неше түрлі шаң қосындыларымен ластайды. Қуаты орташа жылу электростанциялары бір сағатта 80 тн көмір жағып, ат-мосфераға шамамен 5 тн күкіртті ангидрид және 16-17 тн күл бөледі. Атмосфералық ауаның тазалығына үлкен әсер ететін жағылатын отын-ның сапасы, жағу әдістері, газтартқыш қондырғылар мен қалдық шы-ғаратын трубалардың биіктігі. ЖЭС газ отынына көшіру зиянды қал-дықтар мөлшерін біршама азайтады. Реактивті самолеттер ұшу ке-зінде бір сағатта 0,7 кг/м3 альдегиттер, 65 кг көміртек оксиді (С02), 1,7 кг көмірсутектер (СН2), 4,3 кг азот оксидтері 6,3 кг м3 қатты бөлшектер ауаға шығарады екен. Атмосфераның антропогенді лас-тану жолдары жылу энергиясы, мұнай, газ, көмір өндіру өнеркәсіптері, химиялық өнеркәсіптер, ауыл шаруашылық, коммуналдық шаруашы-лықтарының жүмыстарынан бөлінетін ластанушы заттармен көп мөлшерде ластанады. Бұл өнеркәсіптердің әрқайсысы ондаған мың компоненттерден түратын түрлі қоспаларды атмосфераға бөліп шы-ғарады. Ауа кеңістігін ластайтын негізгі қосылыстар — көміртек ок-сидтері, күкірт пен азот қосылыстары, көмірсутектер мен өндірістік шаң-тозаң. Бір жыл ішінде атмосфералық ауа бассейніне 200 млн тонна көміртек оксиді (СО), 20 млрд тонна көмірқышқыл газы (С02), 150 млн тонна күкірт оксиді (SO), 57 млн тонна азот оксидтері, 55 млн тонна түрлі көмірсутектер бөлінеді екен.

Биосфераның ауыр металдармен ластануы ғылыми-техникалық прогрестің аса маңызды проблемаларының бірі болып отыр. Жыл сайын өндірілген сынап пен қорғасынның 80-90% биосфераға тарайды екен. Көмір жанған кезде күл және түрлі газдармен бірге қоршаған ортаға таралатын кейбір элементтердің мөлшері олардың өндірілген мөлше-рінен де асып түсетін жағдайлар болады екен. Мысалы магний — 1,5 есе, молибден 3 есе, алюминий, иод, кобальт — 15 есе т. с. Ауаның ластануы адамның денсаулығына, экосистемалардың қалыпты жұмыс істеуіне т. с. с. көптеген организмдерге зиянды әсерін тигізеді. Атмосфералық ауаның күкіртті қосылыстарымен ластануы қазіргі таң-дағы аса маңызды проблемалардың бірі болып отыр. Атмосфераның жасанды ластануы адамзат баласының тіршілігімен тығыз байланысты. Ең көп зиянды заттар ауаға электростанцияларынан шығарылады. ЖЭС-ы жұмыс істеу үшін қатты, сұйық, газ отындары қолданылады. Қара, жәнетүсті металдар өндіргенде кислоталар, цементтер, амми-актар, резина, неше түрлі бояулар, улы химикаттар өндірістерінде де атмосфералық ауаға көптеп зиянды заттар шығарылады.

Өндірістердің шығарындыларының ішінде күкірт ангидриді, көмірсутегіокисі, азот окисі, көмірсутегі, шаң-тозаң көптеп шығарыла-ды.

Сонымен, атмосфералық ауаны антропогенді ластау процесінде төмендегідей жағдайлар тууы мүмкін:

1. Жер бетіне өте жақын. Жер бетіндегі ауада регионалдық және жергілікті (локальный) ластану пайда болуы мүмкін.

2. Ластанған ауа трансшекаралық қашыққа таралып кетуі мүмкін.

Әртүрлі глобалдық (жаһандық) эффектер болуы мүмкін, озон қабатының бүзылуы, планеталық жылыну (парниктік эффект).

Атмосфераның өзін-өзі тазарту нәтижесінде литосфераның, гид-росферанын ластануы мүмкін.

Атмосфералық ауа сапасының нормативтері

Атмосфералық ауаның санитарлы-гигиеналық, өндірістік-шаруашы-лық экологиялық сапаларының нормативтері: ПДК және ПДВ болып келеді.

Ең алдымен мына күнделікте пайдаланатын ұғымдарды қарасты-райық:


  1. Атмосфөралық ауа-қоршаған ортаның атмосфера газдарының табиғи қоспасы болып табылатын компоненті.

  2. Зиянды (ластаушы) зат-химиялық немесе биологиялық зат, адамның денсаулығы мен қоршаған ортаға зиянды әсер ететін зат-тардың қоспасы.

  3. Атмосфералық ауаның ластануы — зиянды ластаушы заттардың атмосфералық ауаға түсуі немесе сонда пайда болуы.

  4. Атмосфералық ауа сапасының гигиеналық нормативі — атмос-фералық ауадағы зиянды (ластаушы) заттардың жол берілетін шекті концентрациясын (шоғырлануын) көрсететін және адамның денсулы-ғына әсері жоқ атмосфералық ауа сапасының өлшемі.

  5. Шығарынды (выброс) — жылжымалы және тұрақты көздерден атмосфераға зиянды (ластаушы) заттардың түсуі.

  6. Атмосфералық ауа сапасының экологиялық нормативі — атмос-фералық ауадағы зиянды (ластаушы) заттардың ең көп қүрамын көрсе-тетін және қоршаған ортаға зиянды әсері жоқ атмосфералық ауа са-пасының өлшемі.

  7. Атмосфералық ауаның сапасы-атмосфералық ауаның гигиена-лык және экологиялық нормативтерге сәйкестігі дәрежесін көрсететін және физикалық, химикалық, биологиялық қасиеттерінің жиынтығы.

  8. Атмосфералық ауаның мониторингі — атмосфералық ауаның жай-күйін, оның ластануын бақылау жүйесі, сондай-ақ атмосфералық ауаның жай-күйіне, оның ластануына баға беру, сараптама жасау, бол-жам жасау.

  9. Атмосфералық ауаға физикалық әсер етудің жол берілетін шекті деңгейі — атмосфералық ауаға физикалық ықпал ету нормативі, ол атмосфералық ауаға физикалық әсер етудің адам денсаулығы мен қоршаған ортаға зиянды әсері жоқ ең жоғарғы деңгейін көрсетеді.

10. Атмосфералық ауада зиянды (ластаушы) заттардың жол берілетін мөлшерде шоғырлануы — асып кетуі адамның денсаулығына және қоршаған ортаға зиянды әсер етуге әкеп соғатын бір немесе бірнеше зиянды (ластаушы) заттардың атмосфералық ауаға әсер етуі көрсетіледі.

Зиянды заттардың концентрациясының ең шектеулі мөлшері (КШМ) деп ластаушы заттардың ауаға, суға, қоршаған ортаға түсу саны-ның адам денсаулығына оның ұрпағына уақытша не тұрақты түрде әсер еткенде зияны тимеген нормасын айтады. Ақырғы кезде КШМ-ді (ПДК) анықтаған кезде тек қана адам денсаулығына зиянымен бірге жан-жануарларға өсімдіктерге де зиянын тимеуін қадағалайды. Осы күні біздің елімізде 1900 КШМ (ПДК) зиянды химикалық заттардың көлдер мен өзендерге, теңіздерге түсуін шектейді.

Атмосфералық ауаға зиянды заттардың шығарындылардағы (выбросы) мөлшерін шектейтін 500 астам КШМ (ПДК) бар. Топы-раққа түсу шегін бақылайтын 130 КШМ бар. КШМ тұрақты, көп жылғы емес оны әр жылда техникалық өсумен байланысты қайта қарауы мүмкін. КШМ-нің нормативтерін бекіткеннен кейін ол міндетті түрде заңдылық күшін алады (юридически обязательным).

Атмосферада ауаның зиянды заттармен ластануының мөлшерін нормалаудың белгіленген екі нормативі бар — бір реттік (разовый) және ортатәуліктік (среднесуточный) КШМ (ПДК).

Максималды бір реттік (максимально разовый) КШМ (ПДК) — зиянды заттардың концентрациясы адам баласына ауа жұтқанда 30 минут ішінде ешқандай зиянды әсер етпеуі (иісі, көзге тиюі т.б.).

Ортатәуліктік КШМ — ауадағы зиянды заттардың концентрациясы-ның (шоғырлануының) адам денсаулығына көп уақытқа дейін зиянын тигізбеуін айтады. КШМ-нің ауада жиі кездесетін ластаушы заттар-дың, елді мекендердегі мөлшері мг/м3.

Аз оксиді: бір реттік — 0,6, ортатәуліктік — 0,06

Аммиак — бір реттік 0,35, ортатәуліктік — 0,35

Фенол — 0,01 және ортатәуліктік — 0,003

Хлор — 0,01 және ортатәуліктік — 0,03

Формальдегид — 0,035, ортатәуліктік — 0,003.

Сонымен, атмосфералық ауаның зиянды заттарының деңгейін азай­ту мақсатында қалдығы аз және қалдықсыз технологияны енгізу үшін барлық ауаны ластайтын өндіріс орындары бар мекемелер жұмылып ат салысуы қажет.

Мемлекет органдары, шаруашылық қожалықтары атмосфералық ауаға зиянды (ластаушы) заттарды авариялық шығарудың алдын алу мен жою жөніндегі, сондай-ақ ластану зардаптарын жою жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыруы тиіс.

Атмосфералық ауаға зиянды (ластаушы) заттардың шығарынды-ларының (выбросы) нормативтерін шаруашылық өзге де мемлекет орындары түрақты бақылауга алуға тиісті.

Атмосфералық ауаны қорғау саласындағы мемлекеттік басқару-дың негізгі принциптері төмендегідей:


  1. Адамның, қазіргі және болашақ үрпақтарының өмірі мен ден-саулығын қорғаудың басымдығы.

  2. Атмосфералық ауаны ластаудың қоршаған орта үшін орны тол-мас зардаптарына жол бермеу.

  3. Атмосфералық ауаның жай-күші — оның ластануы туралы ин-формациялық (ақпараттық) жариялылығы, толымдылығы және анық-тылығы болып есептеледі.

  4. Атмосфералық ауаға зиянды (ластаушы) — заттардың шығары-луын және оған зиянды физикалық әсер етуді мемлекеттік реттеу (регулирование) қадағалы түрде жүргізіліп отырылуы шарт.

Әдебиет: Өз бетінше [1, с. 168-182] әдебиеттері бойыншадайындалу.

Берілген тақырып бойынша мультимедиалық әрекеттер көрсетілмеген.


Тақырып 2. Қоршаған ортаны қорғау аймағындағы мемлекеттік стандарт жүйесі

Жоспар:

1 Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау саласындағы нормативті құқықтық базасы

2 Халықаралық конвенциялар мен келісімдер

3 Экологиялық тұрғыдан қауіпті шаруашылық және басқа қызметтер тізімі.
Бұл бөлімде экологиялық тұрғыдан Қазақстан Республикасында қауіпсіз шаруашылық қызметтің негізін және шаруашылық қызметті негіздеу процедурасын қамтамасыз ететін халықаралық конвенцияларды және ұлттық құқықтық құралдарды қамтитын нормативтік базаның қысқаша сипаттамасы келтірілген.

2 Халықаралық конвенциялар мен келісімдер

90-шы жылдардың басынан, өз тәуелсіздігі мен егемендігін алғаннан кейін Қазақстан Республикасы халықаралық қатынастар субъектісі ретінде жалпы әлемдік табиғатты қорғау процесіне белсенді түрде қатысып, қоршаған ортаны қорғау бойынша көптеген халықаралық құқықтық актілерге қосылып, өзіне халықаралық қауымдастық алдында табиғат ортасын тиімді, ұтымды және қауіпсіз түрде қолдануға бағытталған бірнеше міндетті жүктеді.

Қазақстан Республикасының халықаралық және басқа міндеттемелері азаматтық және процессуалдық кодекстің бір бөлігі болып табылады. Осылай бола тұра Қазақстан Республикасы Конституциясының 4-бабына сәйкес Республика бекіткен халықаралық келісімдер заңнан басым болып, оны қолдану үшін халықаралық келісімге сәйкес заң шығару қажет болмаған жағдайларда тікелей қолданылады.

Қазақстан Республикасы Үкіметі ауа сапасы, климаттың өзгеруі, биологиялық әр түрлілік, экология мен мекендеу ортасын қорғау, қалдықтар мен халықаралық суларды қорғау сияқты басты мәселелер бойынша міндеттер қарастырылған қоршаған ортаны қорғау саласындағы бірнеше халықаралық конвенцияларға қол қойып, оларды бекітті.

1992 жылы Қазақстан Реуспубликасының Жоғарғы Кеңесінің «Дүниежүзілік Метрологиялық ұйым Конвенциясына қосылу туралы» (Вашингтон, 1947 ж.) Қаулысына(№1791-XII) қол қойылды.

1994 жылы Қазақстан Реуспубликасының Министрлер Кабинетінің №918 «Биологиялық саналуандылық туралы Конвенциясын және ол бойынша міндеттемелерді орындауды Қазақстан Республикасының бекітуі туралы» (Рио-де-Жанейро, 1992 ж.) қаулысына қол қойылды. Бұл конвенциялар әлі күнге дейін бекітілмеген. 1994 жылы Республика «мұнаймен ластанудан келтірілген залал үшін азаматтық жауапкершілік туралы халықаралық конвенциясына (Брюссель, 1969 ж.)» қосылды. Сол жылы «Дүниежүзілік табиғи және мәдени мұраны қорғау туралы конвенциясы (Париж, ЮНЕСКО 1972 ж.)» бекітілді.

1997 жылы ҚР №149-1 Заңымен Шөлге айналумен күресу туралы БҰҰ Конвенциясы (Париж, 1994 ж.) бекітіліп, озондық қабатты қорғау бойынша Вена конвенциясына (№176, №177-І) (Вена, 1985) және 2001 жылы (№191-ІІ) өзгертулер енгізілген озондық қабатты күйзелтетін заттар бойынша Монреальдық хаттамасына (Монреаль, 1987) қосылу туралы заңдар қабылданды.

2000 жылғы қазан айында келесі халықаралық актілерге қосылу туралы Қазақстан Республикасының бірнеше Заңдары қабылданды: «Ауаның алыс қашықтыққа шекарааралық ластануы туралы Конвенция», (Женева, 1979); «Өнеркәсіптік апаттардың шекарааралық әсері туралы конвенция» (Хельсинки, 1992); «Шекарааралық контексте қоршаған ортаға әсерін бағалау жөніндегі Конвенция» (Эспо, 1991); «Шекарааралық су



Экологиялық тұрғыдан қауіпті шаруашылық және басқа қызметтер тізімі.

ҚР Үкіметінің 2007 жылғы 27 маусымдағы №543 қаулысымен бекітілген (26.06.2008ж. өзгерістер енгізілген).

• Қол жетімді үздік технологиялар тізімі, ҚР Үкіметінің Қаулысы №245, 2008ж. 12 наурыз.

• Эмиссия нормативтері белгіленетін ластауыш заттар және қалдықтар түрлерінің тізімі. ҚР Үкіметінің №577 Қаулысымен 2007 жылғы 30 маусымда бекітілген (14.05.2009 жылы өзгерістер енгізілген).

• Қоршаған ортаға эмиссия үшін алынатын рұқсаттың құрамына табиғатты пайдалану шарттарын енгізу ережелері. Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің №112-п Бұйрығымен 2007 жылғы 16 сәуірде бекітілген.

• Қоршаған ортаға шығарылатын эмиссиялар нормативтерін анықтау әдісі. Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің 2007 жылғы 21мамырдағы № 158-п бұйрығымен бекітілген.

• Өндірістік экологиялық бақылау бағдарламаларын және өндірістік экологиялық бақылау нәтижелері бойынша есептемелерге қойылатын талаптарды келісу ережелері. Қоршаған орта министрлігінің №123-п бұйрығымен 2007 жылғы 24 сәуірде бекітілген.

• Қалдықтар классификаторы. Қоршаған орта министрлігінің №169-п бұйрығымен 2007 жылғы 31 мамырда бекітілген.

2007 жылғы желтоқсан – 2008 жылғы ақпан айлары арасында Қоршаған орта министрлігі парникті газдар мен озонды бұзатын заттар шығарындыларын басқару бөліміндегі нормативті құжаттар топтамасын дайындап, бекітті.

Қазақстан Республикасының Экологиялық Кодексіне сәйкес қоршаған ортаға, халықтың денсаулығына тікелей немесе тікелей емес әсерін тигізетін кез келген шаруашылық қызметіне қоршаған ортаға әсерді бағалау жүргізу қажет. Құжаттың міндеттілігі және жабалау құжаттарымен бірге әсерді бағалау туралы құжатын тапсыру тіртібі Экологиялық кодекстің «Қоршаған ортаға әсерді бағалау» 6 тарауында (37-44 баптарында) көрсетілген.

Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексінің 6 тарауында қоршаған ортаға әсерді бағалау қоршаған ортаны қорғау саласындағы өкілетті органдары – ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрлігі (ҚОҚМ) бекіткен арнайы әдістемелік-нұсқаулық ҚОӘБ бойынша құжаттарға сәйкес жүзеге асырылуы қажет делінген.

Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау министрі бекіткен 2007 жылғы 28 маусымдағы №204-п «Алдын-ала жоспарлау, алдын-ала жобалау және жобалау құжаттарын дайындаған кезде жоспарланған шаруашылық және басқа қызметтердің қоршаған ортаға әсерін бағалау бойынша нұсқау» (ҚОӘБ Нұсқауы) қоршаған ортаға әсерді бағалау бойынша нұсқаулық құжат болып табылады.

Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 23 маусымдағы N 164-4 «Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексіне экологиялық тұрғыдан қауіпті технологияларды, техниканы және қондырғыларды кіргізуді реттеу мәселелері бойынша өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңына, ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрінің қызметін атқарушысының 2010 жылғы 26 наурыздағы № 70-Ө Бұйрығына сәйкес ҚОӘБ Нұсқауына өзгерістер енгізілді.

Әдебиет: [3, 43-47 б; 5 5-7 б.]
Тақырып 3. Кен өнеркәсібі кәсіпорнының техногенді әсері. Қалдықтарды басу тәсілі

 Тау-кен-металлургия саласы ел экономикасының стратегиялық саласын білдіреді, оның рөлі жоғары технологиялық және ғылымды қажетсінетін түпкілікті өнім (машина жасау, құрылыс индустриясы, авиациялық, ғарыш және қорғаныс өнеркәсібі) өндірісін шикізатпен қамтамасыз ету болып табылады. Бүгінде Қазақстанның тау-кен-металлургия саласы шикізаттың және бастапқы металдар экспортына бағдарланған. Алдағы жылдары саланы дамытудың негізгі міндеті жоғары технологиялық өнім өндірісінің өсімі мен оның сыртқы нарықтарға экспортын ұлғайтуды да, ішкі нарық қажеттілігін қанағаттандыруды да қамтамасыз ететін, қосылған құны жоғары өнімді шығарумен байланысты металлургия өнеркәсібінің жаңа қайта өңдеу өндірістерін кезең-кезеңмен құру болу тиіс.

Елдің тау-кен металлургия саласын дамытудағы мемлекеттік саясат ірі кәсіпорындардың негізгі (базалық) өндірісін ынталандыру мен шағын және орта бизнес кәсіпорындарының базалық металдар негізінде жоғары қайта бөлудің түпкі өнімін жасауға бағытталатын болады.

Қазақстан Республикасында әзірленіп жатқан тау-кен металлургия саласын дамытудың 2010-2014 жылдарға арналған бағдарламасы Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010 - 2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаға сәйкес жүзеге асырылады.

Бағдарламада ел ішінде минералдық шикізатты кешенді қайта өңдеуді қамтамасыз ету үшін кен және концентраттар экспортының үлесін төмендетуді ынталандыру бойынша кешенді шаралар қарастырылған.

3. Саланың қазіргі заманғы жай-күйін талдау

3.1. Саланың қазіргі заманғы жай-күйін бағалау, сондай-ақ аталған саланың елдің әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси дамуына әсері.

Тау-кен-металлургия саласы — еліміздің өнеркәсібінің барынша серпінді дамып келе жатқан секторы, Қазақстанның маңызды құрамдас бөлігі. Ол Қазақстанның барынша бәсекеге қабілетті саласының бірі бола отырып, 2009 жылдың қорытындысы бойынша тау-кен металлургия саласы елдің 16,9 % өнеркәсіп өнімін шығарды, оның экспорттың жалпы көлеміндегі үлесі 19,6 % ды құрайды. Салада шамамен негізгі қызмет персоналы ретінде 164,5 мың адам жұмыс істейді. 2008 жылғы қорытынды бойынша тау-кен металлургия саласы кәсіпорындарының негізгі құралдарының құны 2,2 трлн. астам теңгені немесе елдегі барлық негізгі құралдардың 17 %-ын құраған. 2003 жылдан бастап 2009 жылды қоса алғанда салада негізгі құралдар құны шамамен 2,7 есеге өскен. Осы кезден бастап металл көздерді өндіру көлемі шамамен 3,5 есеге өскен.


Таяудағы бес жыл ішінде тау-кен металлургия саласы жобаларына салынатын инвестициялар көлемі 2 трлн. теңгені ($ 13 млрд. астам) құрауы тиіс. Индустрияландыру бағдарламасын іске-асыру шеңберінде бұл салада 16 мың тұрақты жұмыс орнын құру болжанып отыр.

2003-2009 жылдары сапа кәсіпорындарының негізгі капиталына салынған инвестициялар 1,42 трлн. теңгені (1-сурет) құрады, олардың негізгі үлесі түсті металдар өндірісіне (42 %) тиесілі.



       Металлургия өнеркәсібінің үлесіне өңдеуші өнеркәсіп көлемінің 35 %-дан астамы тиесілі. Қазақстанда әлемдік хром кені қорының 30 %-ы, марганец кенінің 25 %-ы, темір кенінің 10 %-ы шоғырланған. Мыс, қорғасын және мырыш қоры әлемдік қордың тиісінше 10 және 13 %-ын құрайды. Тәуелсіз мемлекеттер достастығы елдерінің арасында хромиттер қорының басым салмағы 90 %-ды, вольфрам 60 %-ды, қорғасын мен мыс 50 %-ды, бокситтер 30 %-ды, фосфориттер 25 %-ды, темір кені 15 %-ды құрайды. Қазіргі кезде Қазақстан титан өндірісі бойынша әлемде 3-орынды, мырыш бойынша - 7, қорғасын - 8, темір кені - 13, мыс - 15, болат - 35-орынды иемденеді.

Қара металлургия өнімі өндірісі көлемі (өндіруші және өңдеуші өнеркәсіп) 2003 жылғы 264,7 млрд. теңгеден 2009 жылғы 579 млрд. теңгеге дейін, ал түсті металлургия (өндіруші және өңдеуші өнеркәсіп) тиісінше 290,1 млрд. теңгеден 796,6 млрд. теңгеге дейін ұлғайды. Түсті металлургияда кен өндіру серпіні бір қалыпты емес. Алюмминий (2003 жылғы 4,7 млн. тоннадан, 2009 жылғы 5,1 млн. тоннаға дейін) және қорғасын-мырыш (тиісінше 6,4 млн. тоннадан 7,1 млн. тонна дейін) кендерін өндіру ұлғайды. Дегенмен, қаралып отырған кезеңде мыс (2003 жылғы 34,9 млн. тоннадан 2009 жылғы 31,2 млн. тоннаға дейін) және мыс-мырыш кендерін (тиісінше 6,2 млн. тоннадан 5 млн. тоннаға дейін) өндіру төмендеген. Қара металлургия өндірісінің серпіні шойын өндірісі көлемінің 2003-2009 жылдар ішінде 4,1 млн. тоннадан 2,9 млн. тоннаға дейін, шикі болаттың 5,1 млн. тоннадан 4,1 млн. тоннаға дейін және тегіс прокаттың тиісінше 3,8 млн. тоннадан 3 млн. тоннаға дейін төмендегенін көрсетеді. Сонымен қатар, талданып отырған кезеңде көміртекті электрлік болат өндірісінің көлемі 0,2-ден 0,5 млн. тоннаға дейін, құрылысқа арналған шыбықтар 0-ден 97,2 мың тоннаға дейін және құбыр өнімі тиісінше 65,3 -тен 150,2 мың тоннаға дейін өскені байқалады.

1-кесте. Қара және түсті металлургия өндірісінің динамикасы



Көрсеткіштің атауы

2003 ж.

2004 ж.

2005 ж.

2006 ж.

2007 ж.

2008 ж.

2009 ж.

Қара металлургия, млрд. теңге

264,7

365,5

387,4

374,0

558,9

844,2

579,0

Темір кенін өндіру, млрд. теңге

40,7

85,4

111,5

93,4

117,2

179,0

135,4

Қара металлургияда темір кенін өндіру үлесі, %

15,4

23,4

28,8

25,0

21,0

21,2

23,4

Қара металлургия өнімдерін-өндіру, млрд. теңге

224,0

280,1

275,9

280,6

441,7

665,2

443,7

Қара металлургиядағы өңдеудің үлесі, %

84,6

76,6

71,2

75,0

79,0

78,8

76,6

Түсті металлургия, млрд. теңге

284,7

377,5

487,3

846,6

904,1

886,2

796,6

Түсті метал кендерін өндіру, млрд. теңге

55,8

70,1

90,4

138,5

187,0

240,5

204,2

Түсті металлургиядағы кен өндірудің үлесі, %

19,2

18,0

18,2

16,1

20,0

25,0

25,6

Түсті металдарды өндіру, млрд. теңге

228,9

307,4

396,9

708,1

717,1

645,7

592,4

Түсті металлургиядағы өңдеудің үлесі, %

80,8

82,0

81,8

83,9

80,0

75,0

78,0

      Металлургия саласының негізін кендерді өндіру және оларды одан әрі өңдеу құрайды. 1-кестеде көрсетілгендей негізгі көлем қара және түсті металлургияда металл кендерді өңдеуге келеді. Бұл ретте құндық көрсеткіштерде қара және түсті металдарды ендіру және өңдеудің оң өсу динамикасы байқалады.
      Сонымен бірге қара металлургияда өңдеу үлесінің 2003 жылы 34,6 % -дан 2009 жылы 76,6 %-ға дейін біртіндеп төмендегенін, темір кендерін өндіру үлесінің тиісінше 15,4 %-дан 23,4 %-ға дейін өскенін атап өту қажет. Осыған ұқсас жағдай түсті металлургияда да байқалады. Қайта өңдеудің үлесі 2003 жылғы 80,8 %-дан 2009 жылы 78 %-ға дейін төмендеді.

Облысымыз Қазақстан Республикасының минералдық шикізат кешенінде жетекші рөл атқарады. Ертістің Павлодар өңірінің қатты пайдалы қазбаларының баланстық қорының жалпы құны 460 миллиард долларға бағаланады. Бұл – алтынды, құрылыс материалдары мен өзгелерін қоса алғанда, көмір мен әр түрлі [[металдар. Кен орындарының бір бөлігі ертеден және табысты өндірілуде, қалғандарында қосымша геологиялық барлау жұмыстары жүргізілуде, пайдалы қазбалардың нақты көлемдері, өндіру жағдайлары анықталуда. Павлодар облысында Қазақстанның барлық көмір қорының үштен бір бөлігінен астамы шоғырланған. Ең ірі кен орындары – Екібастұз және Майкөбен, оларда сәйкесінше 10,5 миллиард және 2,2 миллиард тонна энергетикалық шикізат сақталған. Жалпы көмір қоры үш миллиард тоннадай болатын басқа да тоғыз кен орнын болашақта өндіруге болады. Барлық кен орындарының ерекшелігі көмірдің тереңде жатпағандығы, ал кей жерлерде тікелей жер бетіне шығып жатқандығы болып табылады. Сондықтан ол ашық үнемді әдіспен өндіріледі. Екібастұз бассейнінің көмірін өндірудің бірінші жарты ғасырында 2 миллиард тонна көмір өндірілді. Барлау жүргізілген қалған көлемдері бірнеше жүзжылдыққа жетеді. “Бозшакөл” мыс-порфироидтық ірі кен орны өндіруге дайын. Мұнда руда жер бетіне жақын орналасқан және өндірістік шоғырлануында тек қана мыс емес, молибденкүміс, басқа да құнды металдар бар. Барлық кен орындарындағы мыстың жалпы қоры үш жарым миллион тоннаны құрайды.




Екібастұз ЖЭО-ы

Алтын кен орнының болжалды қоры шамамен 150 тоннаға бағалануда, онда осы бағалы металдан басқа күміс, мыс, мырыш, барит бар.Кобальт кен орындары 14 мың тоннаға, никельдікі – 251 мың тоннаға, марганецтікі – 70 мың тоннаға бағаланады. Аймақтық рудалық қорлардың маңызды ерекшелігі – олардың құрамының көп құрамдас болуы: негізгі аталған металдардан басқа онда молибден, бериллий, индий, таллий, галлий, кадмий, германий, селен, теллур және тағы басқалары бар. Облыста малахит пен ферузаның кен орындары табылды. Кейбір мамандар техникалық және зергерлік алмаздарды табу үшін нақты алғышарттар бар деп есептейді. Ертістің Павлодар өңірінде әзірше мұнай мен газдың ашылған кен орындары жоқ. Бұл болашақтың еншісінде. Облыстың жарты аумағын Ертіс өңірі ойпаты алып жатыр, геологтар көмірсутегі шикізатының мол қоры жағынан оның болашағы зор деп есептейді. Мұнайдың болжалды ресурстары - 315 миллион тоннаға, ал газдікі – 148 миллиард текше метрге бағаланады. Облыста кең тараған деп аталатын пайдалы қазбалардың 89 кен орны бар деп есептеледі: бұл – әр түрлі құрылыс материалдарын өндіруге, өнеркәсіп мұқтаждықтарына және басқа да мақсаттарға арналған шикізат. Мысалы, қорама құмының Қарасор кен орны – ТМД-дағы ең ірісі. Каолин (ақ күйдірілген) отқа төзімді саздың Суханов кен орнында шамамен 700 миллион тонна құнды шикізат сақталған.

Әдебиет: [3, с. 43-47; 5 с. 5-7]

Тақырып 4. Отын-энергетикалық кәсіпорындары. Отынның қоршаған ортаға әсері

Жоспар:
Энергия – әрекет ететін күштердің көзі және материя қозғалысының әр түрлі формаларының жалпы сандық өлшемі.

Энергия сақтаушы технология – ОЭР-ты пайдалы қолдануда ең жоғарғы коэффициентті сипаттайтын жаңа немесе жетілдірілген технологиялық үдеріс.

Энергия сақтаушы саясат – ОЭР-ты үнемді шығындауда және тиімді қолдану үшін ұйымдастырушылық, материалдық, қаржылық және басқа да мазмұндағы қажетті шарттарды құруға бағытталған мемлекеттік деңгейде шаралар бағдарламасын кешенді жүйелі өткізу.

Энергия жинақтау – ОЭР-ты тиімді (рациональды) қолдануға (экономикалық үнемдеу) және энергияның жаңартылған көздерін шаруашылық айналымына тартуға бағытталған құқықтық, ұйымдастырушылық, ғылыми, өндiрiстiк, техникалық және экономикалық шараларды іске асыру.

Энергетикалық ресурстарды тиімді қолдану – техника мен технология дамуының бар деңгейінде энергетикалық ресурстарды экономикалық дәлелденген тұрғыда тиімді қолдануға жету және қоршаған ортаны қорғау талаптарын сақтау.

Отын - негiзгi құрама бөлiгi көміртегі болып табылатын зат, ол жылу энергиясын өртеу кезінде, алыну мақсатында қолданылады.Отын шығу тегі бойынша табиғи (мұнай, көмiр, табиғи газ, жанғыш тақтастар, торф, ағаш) және жасанды (кокс, моторлы отын, генераторлық газдар және т.б.), агрегаттық күйі бойынша - қатты, сұйық және газ тәрізді. Отынның негiзгi сипаттамасы – жану жылулығы. Техниканың дамуымен байланысты «отын» термині кең мағынада қолданыла бастады және энергия көздері (мысалы, ядролық отын) болып қызмет ететін барлық материалдарға тарады.

ОЭР-ты үнемдеу – базалық, эталондық мәнмен салыстырмалы үйлестіру ОЭР-ты тұтынуды қоғамның талаптарына сәйкес, экономикалық және басқа да шектеулерді бұзусыз өнімдердің өндірісінде, жұмыстардың орындалуында, қойылған сапаға қызмет көрсетудің қысқаруы (үнемдеудің мөлшерін ОЭР-ты тұтынып емес, шығындарды салыстырмалы түрде қысқарту арқылы анықтайды).

Энергетика – энергетикалық ресурстарды, өндіруге, қайта құруға, беруге және энергияның әр түрлерін қолдануды қамтитын салалық кешен.

Дәстүрлі емес энергияның қайта қалпына келетін көзі – күн шығу, жел энергиясы, Жердің жылуы, температураның табиғи градиенті, су ағындарының табиғи қозғалысы, биомассаның энергиясы, өнеркәсiптiк өндiрiстiң қалдықтары, (Қатты тұрмыстық қалдықтар) ҚТҚ және тағы басқалары.

Бу әсері – атмосфераның ішкі қабаттарының қызуы (Жер және т.б. планеталардың қатты атмосфераларымен) атмосфераның мөлдірлігімен бекітілген Күннің шығуының негізгі бөлігі үшін (оптикалық диапазонда) және планетаның жоғарғы бетінің жылу шығарудағы негізгі (инфрақызыл) бөлігі (H2О, СО2 және тағы басқа молекулалармен) атмосфераны тартады.

Біріншілік энергия – ең алдымен бұл қайнар-көздерде құралатын энергия қайта құрылмас үшін оны осы тұрғыдан тазалау немесе сұрыптаудан есепсіз бөлектеу және есеппен ұстау, өндіруді талап ететін энергиялардың (энергиятасығыштардың) көздері.

Екіншілік энергия – біріншілік қайнар-көздерді құрудағы нәтиже болып табылатын энергия көздері.

Энергияны жалпы тұтыну – жалпы ішкі энергия тұтынуды сипаттайды және шығарылған тұтынуға жатқызылады да, өндіріс, импорт, экспорт, халықаралық бункер және отынның барлық түрлерінің қорларының өзгерісі бойынша деректерді есепке алу формуласы бойынша есептеледі.

Энергияны соңғы тұтыну – соңғы пайдаланушылар участкесінде энергияны тұтынуды білдіреді және басқа сөзбен айтсақ, энергияны көлікпен, өнеркәсіппен және басқа да секторлармен тұтыну және нақты тұтынуға жатады.

Лаулап-жану жылулығы (жану жылулығы)- отын бірлігін толығымен жандыруда бөлінетін жылу саны (в Дж немесе ккал); ол масса бірлігі – жылу салмағына жатады да, Ккал/кг, 1 Ккал/кг = 4186,8 Дж/кг білдіреді.

Отын-энергетикалық ресурстар (ОЭР) – елдің өндірістік, тұрмыстық және экспорттық қажеттіліктерді қамтамасыз ету үшін орналастыратын отын мен энергияның әр түрлі түрлерінің (мұнай өңдеушінің, газ, көмір, торф және тақтатас өнеркәсібінің өнімі; атомдық және гидроэлектрстанцияларының электр энергиясы, сонымен бірге отынның жергілікті түрлері).

Отын-энергетикалық баланс (ОЭБ) – ОЭР-дың толығымен (ысыраптар мен қалдықтарды қоса) кірісі мен шығысы арасындағы толықтай сандық сәйкестілігін немесе оның жекелеген участкелерінде (сала, аймақ, кәсіпорын, цех, үдеріс, құру) таңдалған уақыт аралағында көрсететін көрсеткіштер жүйесі.

ЖІӨ-ң энергия сыйымдылығы – ЖІӨ бірлігіне келетін отын-энергетикалық ресурстарды тұтыну деңгейін сипаттайтын жалпылама көрсеткіш.

Көмірқышқыл сыйымдылығы – ЖІӨ-ге бу газдарын шығару көлеміне қатынасты сипаттайтын жалпылама көрсеткіш.

Қоршаған ортаға шығару – ластайтын заттардың тастындылары, өндіріс қалдықтарын орналастыру және қоршаған ортада қауіпті физикалық әсерлерді тұтыну.

Еңбектің энергиямен қарулануы – еңбектің энергияның барлық түрлерімен қамтамасыз етілуі, тірі еңбек шығыны мен адамның физикалық күшін алмастыратын механикалық, электрлік және жылу энергиясын өндірістік тұтыну арасындағы байланысты сипаттайтын көрсеткіш.

Энергияның қалай өлшеніп, қалай қайта құралатынын түсіну үшін, ең алдымен әртүрлі отын-энергетикалық ресурстардың табиғатын түсіну керек. Шахталардың, бұрғылардың және мұнай өңдейтін зауыттардың өнімінің әртүрлілігі қазіргі тәжірибеге қабылданған халықаралық масштабтағы стандарттарға сәйкес нақты анықталу керек.

Төменде кейбір анықтамаларда қолданылған техникалық терминдердің сөздігі келтіріледі.

Энергетикалық  ресурстарға барлық механикалық, химиялық және физикалық энергия көздері жатады. Энергетикалық ресурстар олардың табиғатына, алу жолдарына және басқа да нышанына байланысты топтастырылады.

Қатты органикалық отын және уран ресурстарының көп мөлшері өнеркәсібі дамыған елдердің жерінде болса, мұндай ресурстары мен гидроэнергия негізінде дамып келе жатқан Азия, Африка және Латын Америка елдерінде.

Жер қойнауындағы отын қоры болып көмір, мұнай, газ және уран рудалары саналады. Көмірдің дүниежүзілік қоры 9-11 трлн тонна, оның ішінде 50 пайызы ТМД елдеріның жерлерінде шоғырланған. Жылына орта есеппен пайдалануға жерден алынатын мөлшер 4,2 млрд.тонна.

Дүние жүзілік мұнай қоры 840 млрд. Дүниежүзілік табиғи газдың қоры 300-500 трлн м3. Табиғи газдардың үлкен қорлары Иракта, Сауд Аравиясында, Алжирде, Ливияда, Нигерияда, Венесуэллада, Мексикада, АҚШ-та, Канадада, Австралияда, Ұлыбританияда, Норвегияда, Голландияда, Ресейде, Қазақстанда.  Жыл сайын Ресей 800-850 млрд. м3   табиғи газ өндірсе, Қазақстанда 5-7 млрд м шамасында өндіріледі

Күн- өте үлкен қуатты энергия көзі. Оның 22 күн ішінде жерге берген энергия қуаты бүкіл Жер әлеміндегі органикалық отынның қуатына тең. Күн қуатын өнеркәсіп пен тұрмыс жағдайында қалай қолдануға болатыны бұл да шешілмеген проблеманың бірі.

Жел энергиясынан электр тоғын алу процестеріне экологиялық тұрғыдан қарасақ, мұны таза технологияға жатқызуға болады. Шу және телидидар жүйесінде кездесетін тағы да басқа бөгеуілдердің мәселесі шешілетін проблемалар деуге жатады.

Жалпы геотермальдық энергия қоры 200 гВт  шамасында, негізінде ол Тынық мұхиттың төңірегінде шоғырланған.

Тағы бір энергия көзі – биомасса. Оның құрамындағы күкірттің мөлшері 0,1%, ал күлділігі-3-5%-тен аспайды. Биомассадан алынған газды оын ретінде пайдаланып, турбогенераторлардың көмегімен электр тоғын ал жолы басқа белгілі әдістермен бәсекелеске алады.

Пайдасы мен бірге мұнай өндірісінің қоршаған ортаға тигізетін зиянды әсері де аз емес. Қоршаған ортаға тигізетін зиянды әсері де аз емес. Қоршаған ортаның ластануы іздеу барлау және мұнай, газ өндіретін ұңғымалар құрлысынан басталады. Бұл кездегі ластаушы көздерге бұрғылау қондырғыларында орнатылған дизельдерден шығатын түтіндер, азот пен көміртек оксидтері, шаң, бұрғылау ертінділері және т.б. бұрғы мұнарасынан 800 м алшақтыққа дейін топырақ және өсімдіктер бұрғылау сұйығымен ластанып, зардап шегетіні ғылыми түрде дәлелденген.

Мұнайды алғанда табиғатқа тиетін зардаптар мынадай:

- Апатты жағдайлардың болуын азайту мақсатында көптеген шаралар қолдануға тиіс. Мысалы, коррозиямен күресідің нәтижелі жолдарын іздестіру және тасымалдау құбырларын жиі тексеру, жөндеу жұмыстарын уақытылы ұйымдастыру.

- мұнайды жер бетіне шығару үшін біраз жер ресурстарының әртүрлі құрлыс обьектілерін салуға айналымнан шеттелуі, жер сұрқының бұзылуы, ластануы.

-ластаушы заттар бөлініп, атмосфераның, жер бетіндегі және жер астындағы сулардың, топырақтың олармен ластануы

-мұнаймен қоса жер бетіне жоғары минералды судың шығуы

-бұрғылауда шыққан қалдықтарды көму

-мұнайдың төгілуі.

Негізінде негативті әсерді мұнай шығаратын кәсіпорындар атмосфералық ауаға тигізеді. Осы өндірістен шығатын ластаушы компоненттерге көмірсутектері, көміртек оксиді, қатты заттар жатады. Осы салада мұнаймен бірге қосыла шығатын газ әлі толығымен қолдануын таппағанына байланысты, жыл сайын оның көлемінің 20 пайызы пайдасыз алуда жағылады, сондықтан қоршаған ортаны ластаумен қатар табиғи ресурс ысыраптанылады. Очыған байланысты бұл газдарды кәдеге асыру жодарын іздестіру қажет.

Бұрғылайтын қондырғылар мен магистральды газ-мұнай тасымаодайтын құбырлар кездейсоқ апатты жағдайға ұшыратуы мүмкін, осы кезде қоршаған ортаның, әсіресе жер бетіндегі сулардың ластануы орын алады. Апаттық жағдайдың тууының негізгі себебі тасымалдау құбырларының коррозия процесіне ұшырап, жарылуы, сонымен қатар құрлыс техникасының осы құбырларды басып езіп кетуіне немесе технологиялық және құрлыстық ақаудың болуына да байланысты келеді.

Мұнай шығаратын өндірістер басқалармен салыстырғанда суды көп жұмсайтын болғандықтан, олардың суаттарға жіберетін латанған ақаба суларының көлемі де жеткілікті.

Қазақсанда мұнай өңдейтін кәсіпорындар 1945 жылдан бастап жұмыс істей бастады. Бірінші іске қосылған Атырау мұнай өңдеу зауыты, ол 1959 жылға дейін тек сырттан әкелінген шикізатты өңдеді, яғни Түркменістан мен Әзірбайджанның мұнайын. Қазіргі кезде республикада жұмыс істейтін тағы да екі мұнай өңдейті зауыт бар- Павлодар мен Шымкент мұнай өңдеу зауыттары. Ақтау қаласында мұнайдың ілеспе газынан алынатын этан фракциясын өңдеп этилен, тил бензол, стирол және полистирол шығаратын біріктірген ірі тоннажды өндіріс пен пластмасса зауты жұмыс істейді. Бұл зауытта бояу өңбейтін алуан түрлі пластмассалар алынады.

Мұнай өңдейтін зауыттар ауа мен су бассейндерін ластайтын көздің бірі. Ластаушы заттар шығаратын негізгі көздерге- мұнайды күкірттен тазарту мен катализаторларды регенерациялау процестері, қыздырғыштар және қазандықтар жатады. Сонымен қатар мұнайдан, одан алынған өнімдерді  сақтайтын ыдыстардан, су мен мұнай сепараторларынан әртүрлі заттар бөлініп, қоршаған ортаны ластап отырады.

Мұнай өңдейтін өндірістің кәсіпорындары атмосфераны көмірсутектермен, күкірттіоксидпен, көміртек оксидімен, азот оксидімен ластайды. Бұл кәсіпорындар көп мөлшерде суды қажет кткді, ал олардан шыққан ақаба суларда көп мөдшерде мұнай өнімдері, сульфат, хлорид, азот қосылыстары, фенол, ауыр металдардың тұздары болғандықтан, суаттар осы заттармен ластанып отырады. Топырақты да ластайтын осы қосылыстар.

Әдебиет: [1, б. 11-28, 34-43, 252-256; 4, б. 33-34], [1, б. 28-34].
Тақырып 5. Қоршаған ортаға қара металлургия кәсіпорнының техногенді әсері. Әсерін басу тәсілдері

Жоспар:

Қара металлургия. Шойын балқыту, оны құрышқа қайта өңдеу кезінде де атмосфераға лас түтін көп бөлінеді. 1 тонна шойынды балқыту кезінде 4,5 кг шаң, 2,7 кг күкіртті газ, 0,5-0,1 кг марганец бөлінеді. Онымен қоса қоршаған ортаға біраз мөлшерде мышьяк, фосфор, сурьма, қорғасын қосылыстары, сынап парлары, шайырлы заттар бөлінеді. Түсті металлургияда атмосфераны шаңмен, газбен ластау көзі болып табылады. Түсті металлургиядан атмосфералық ауаға шаңды заттар, мышьяк, қорғасын және т.б. заттар бөлінеді. Электролиз арқылы алюминий алу кезінде де электролиздік ванналардан көптеген шаңды және газды фтор қосындылары бөлінеді. 1 тонна алюминий алу үшін электролиздердің түрі мен қуатына байланысты 33-47 кг фтор жұмсалып, оның 65% қоршаған ортаға тарайды.

Металлургия ауыр өнеркәсіпке жататын индустрияның базалық және ескіден келе жатқан салаларының бірі. Қара және түсті металдарды алу түрлі кен орындарына байланысты қуатты шикізат базасына сүйенеді.

Қара және түсті металлургияның көптеген ұқсастықтары бар:

1) технологиялық циклдары көп стадиялы: кенді өндіру; 1-ретті металл алу; металды қайта өңдеу; прокат даярлау болып табылады.

2) қара және түсті металдарды өндіру, байыту және әсіресе металл балқытуға байланысты туындайтын экологиялық проблемалар;

3) 2-ші реттік металлургияның, яғни қара және түсті металдар ломының (сынықтарының) утилизациясының орны ерекше, бұл 1-ші реттік металға қарағанда шығын мен қоршаған ортаны ластаудың кем болуына септігін тигізеді.

Қара металлургия – ауыр өнеркәсіптің базалық саласы. Оның құрамына темір рудасын өндіру, шойын мен болат балқыту, түрлі профильдегі прокат пен темірдің өзге металдармен қорытпасын өндіру кіреді /1/.

Қара металлургия – ең алдымен ҒТП деңгейін анықтайтын машина жасау үшін ең массалық конструкциялық материал, өнеркәсіп үшін шикізат, халық тұтынатын материал өндіретін кешенді базалық сала /3/.

Қара металлургияда басты құрамдас рольді металлургиялық қайта өңдеу ойнайды; шойын-болат-прокат. Өзге өндірістер жанама, қосымша болып табылады: руда өндірісі мен байыту (темір, марганец, хром), көмірді кокстеу (түгелімен металлургиялық комбинаттарда өндіріледі), көмекші материалдар өндіру (флюсті әктас, магнезит), ферроқорытпа өндіру, қара металдарды қайта өңдеу, өндірістік бағыттағы металл бұйымдарын шығару (метиз).

Бұрынғы одақтас республикалардың шаруашылық бөлініс нәтижесінде сала түбегейлі өзгерістерге ұшырады. Бүкіл металдың жартысына жуығын өндіретін, әрі табиғат ресурстарының үйлесімдік тұрғысынан (Донецк көмірі мен Кривой рог темір рудасы), әрі халық пен өндірістің орналасуына байланысты орталықтану тұрғысынан тиімді орналасқан оңтүстік металлургиялық база Украинада қалды. Қазақтанда Қарағанды металлургиялық комбинаты, Қарағанды көмірі және Қостанай темір рудаларынан тұратын қуатты Қазақстандық металлургиялық база қалды. Закавказье кәсіпорындары, соның ішінде толық циклды (Грузия - Рустави), жалпы өндірістен шығып қалды. Бұл өндірістік, технологиялық байланыстардың жаппай жойылып, өнім өндірісі құлдырауына себепші болды.



Әдебиет: [5, 39-43 б.], [8, 308-312б.; 4, 392-406 б.]

Тақырып 6. Түсті металлургия және оның қоршаған ортаға әсері. Қорғау тәсілдері

Жоспар:

Тусті Металлургия Өнеркәсібі – темірден басқа барлық металдарды кентастық шикізатты байытудан дайын өнім алуға дейінгі өндіріс сатысын қамтитын кешен.

Сондай-ақ Тусті Металлургия Өнеркәсібіне алмас, электрондар, кейбір хим. қосылыстар (сирек кездесетін элементтердің тотықтары, күкірт қышқылы, тыңайтқыштар, химикаттар, т.б.) өндірісі де кіреді. Азия құрлығының таулы қыратты аймақтарында түсті металдардың, алмастың ірі кен орындары бар. Австралияда Тусті Металлургия Өнеркәсібі қорғасын, мырыш, мыс, алтын, күміс кен орындары аясында дамыған. Африка құрлығы бойынша кобальт пен мыстың аса ірі қоры Замбия мен Конгода, алмас, платина, алтын кендері Оңт. Африка Республикасында, уран Нигерия мен Намибия жерінде орналасқан.


Америка құрлығында түсті металдардың бай қоры түсті металлургияның дамуына айтарлықтай септігін тигізді. Мұнда Чили мыс белдеуі (Анд мыс белдеуі) Чили, Перу, Мексика аумағынан өтіп, Солт. Америка кордильерасымен жалғасып жатыр, осыған орай ірі монополистік компаниялар (Анаконда, Кеннеконт, Коппер, Нью Верде) жұмыс істейді. Еуропа құрлығында түсті және сирек металдардың бай қоры Орал, Батыс Еуропа, Кавказ және Скандинавия өңірлерінде Тусті Металлургия Өнеркәсібі-нің дамуына жол ашты. Қазақстан Республикасында Тусті Металлургия Өнеркәсібі ұлттық шаруашылықтың жетекші салаларының бірі. Республика аумағында түсті металдар өндіру ерте заманнан-ақ пайда болған. 3 мың жылдан астам уақыт бұрын Атасу маңында мыс қорытатын пештер болған, ал Алтай тауларында қорғасын, күміс кендерінің қазылған орындары көп кездеседі. Жоңғар Алатауының теріскейінде – Текеліде кен қазылған, мұның өзі сол кездері жергілікті тайпалардың түсті металдар өндірісімен айналысқанын дәлелдейді. Қазақстанда 19 ғ-дан бастап кен з-ттары жұмыс істей бастады. Осы ғасырдың аяқ кезінде кен орындарын молынан игеру мақсатымен күрделі қаржысы бар түрлі қоғамдар құрыла бастады. 1858 ж. күміс, қорғасын кендеріне негізделген Николаевск з-ты іске қосылды. 1889 ж. өнеркәсіптік қоғам үлгісіндегі Воскресенск кен з-ты құрылды. 20 ғ-дың 20-жылдары Жезқазған, Нілді (Успенск), Риддер кен орындары мен з-ттары өнім бере бастады. 1921 ж. Риддер кенішінде алғашқы кен өнімі берілсе, 1927 ж. тұңғыш қорғасын алынды. Сол жылдары Қарсақпай мыс қорыту з-ты да қайтадан іске қосылды. Бұл кезеңде түсті металлургия өнімдерін шығару қарқын алды: 1928 ж. 7,3 мың мыс кентасы өндіріліп, оның көлемі 1932 ж. 147,5 мың т-ға өсті, ал жалпы өнім 26,2 млн. сомға жетті. 1937 ж. республикада Тусті Металлургия Өнеркәсібі саласы бойынша 20 ірі кәсіпорын жұмыс істеді. Олардың қатарында Шымкент қорғасын з-ты, Ащысай полиметалл және Лениногор комб-тары болды. Соғыс жылдары Қазақстанның Тусті Металлургия Өнеркәсібі саласы майдан арсеналдарының біріне айналды. Осы кезеңде 25 кеніш, шахта, кенжарма, 11 байыту ф-касының жаңа құрылыстары жүргізілді, сонымен қатар республика аумағына КСРО-ның еур. бөлігінен көшірілген әр түрлі 150 кәсіпорын орналастырылып, Қазақстанның Тусті Металлургия Өнеркәсібі қуатты өндіріске айналды. Бұл кезеңде Мырғалымсай-Березовск кеніштері алғашқы өнімдерін берсе, Текелі қорғасын-мырыш комб-ның 1-кезегі пайдалануға берілді, Белоусовск және Березовск байыту комб-тары іске қосылды. 1943 ж. Ақшатау вольфрам комб. өнім бере бастады. Шымкент қорғасын з-тының қуаты едәуір ұлғайтылды. Қазақстанда соғыс жылдары жауға атылған 100 оқтың 86-сы Қазақстан металынан құйылды. 1955 ж. қызыл мыс қорыту 3,1 есе, тазартылған қорғасын өндіру 5,9 есе өсті. Қазақстанның Тусті Металлургия Өнеркәсібі-нде озық технол. үдерістер мен жаңа техника түрлерін игеріп, өндіріске енгізу кеңінен қолға алынды. 1965 ж. Мырғалымсай кенішінің кеншілері көлбей үңгілеу бойынша шыңтасты 10 м2 кеңдікте тік жарып, 1237,6 м жерді 31 күнде үңгіп шығып, рекорд жасады. Ал өскемен қорғасын-мырыш комб-нда мырыш концентраттарын “қайнаған қабатта” күйдіру әдісін игеру жабдықтардың жұмыс өндірімділігін 3 – 4 есе өсірді.
Жалпы жер асты жұмыстарында өздігінен жүретін жоғары өндірімді жабдықтар кеңінен пайдаланыла бастады. 9-бесжылдық кезінде түсті металлургия саласында жаңа техниканы енгізу жөнінде 500-ден астам өте маңызды шаралар жүзеге асырылып, өндіріске жұмсалатын шығын көлемі 75 млн. сомға кемітілсе, еңбек өнімділігі 7,5%-ға өсті. Осы жылдары кешенді түрде механикаландырылған цехтар саны 5,7 есе көбейіп, автоматты басқару жүйесінің алуан түрі молынан пайдаланылды, 50-ден астам автоматтандырылған телімдер жұмыс істеді. Қазіргі таңда Қазақстанның Тусті Металлургия Өнеркәсібі 50-ге жуық түсті, сирек, асыл металдар өндіреді, осы металдардың негізінде 70-ке жуық бұйым түрлерін шығарады, олар шетелдерде жоғары сұранысқа ие және әлемнің 30-дан астам еліне экспортқа шығарылады. Түсті металлургия құрылымының 47%-ы қорғасын-мырыш, 30%-ы мыс, 8%-дайы алюминий өнеркәсібінің үлесіне тиеді, ал 15%-ы басқа салалардың (алтын өнеркәсібінің, титан-магний, вольфрам, молибден, сирек металдар өнеркәсібінің) үлесінде. Қорғасын-мырыш өнеркәсібі Шығыс, Оңт. және Орт. Қазақстанда, мыс Орт. және Шығыс Қазақстанда орналасқан. Алтайдағы металлург. қайта өңдеу кәсіпорындарының екеуі өскемен қорғасын-мырыш комб-нда. Металлургия з-ттарын кентаспен және концентраттармен қамтамасыз ететін 8 кен байыту комб. – Ащысай полиметал комб. (Кентау), Шалқия кеніші (Қызылорда облысы), Шығыс Қазақстан мыс-хим., Зырянов қорғасын, Ертіс полиметалл комб-тары (Шығыс Қазақстан облысы) Жәйрем және Қарағайлы кен байыту комб-тары (Қарағанды облысы), Текелі қорғасын-мырыш комб. (Алматы облысы) жұмыс істейді. Мыс өндіретін, қорытатын кәсіпорындар Орт. және Шығыс Қазақстанда шоғырландырылған. Олар Жезқазған, Саяқ, Қоңырат кеніштерінің кентастары мен Алтайдың мыс концентраттарын пайдаланады. Олар – Балқаш және Жезқазған кен металлургия комб-тары, Ертіс мыс қорыту з-ты. Павлодар алюминий з-ты Қостанай мен Ақмола облыстарында өндірілетін боксит кентастары негізінде жұмыс істейді. “Қазақмыс”, “Қазақмырыш” сияқты корпорациялар нарық талабына сай көп салалы, түпкі өнім шығаратын кен металлургия кәсіпорындарын біріктіреді. Қазақстанда дұрыс экон. саясат жүргізілуі нәтижесінде республикада Тусті Металлургия Өнеркәсібі-нің қуатты әлеуеті қалыптасты: түсті металдарды өндіру көлемінің соңғы он жыл бойына серпінді қарқынмен өсуі байқалды.
Қазіргі таңда кен өндіруді, концентратты қайта өңдеуді және түрлі өнім (катодты мыс, қорғасын, т.б.) шығаруды ұлғайту мақсатымен түсті металлургияда жыл сайын миллиардтаған теңге инвестиция жұмсалады. Жаман Айбат және Артемьевск кеніштерін салуға алғашқы кезеңде 8,2 млн. доллар қаражат жұмсалды.

Әдебиет: [1, 111-132 б.; 39-40 б.]

Мультимедиялық әрекет:



Тақырып 7. Мұнай өңдеу өндірісінің қоршаған ортаға техногенді әсері. Қорғау тәсілдері

Мұнай – ашық сары, жасыл және қоңыр қошқыл, кейде қара түсті болып келетін, өзіне  тән иісі бар, ультракүлгін сәуле жарығын шығаратын сұйықтық. Оның түсі, құрамындағы элементтерге байланысты. Мұнайдың физикалық қасиеттеріне оның тығыздығы жатады. Салмағына қарай мұнай ауыр және жеңіл болып екіге бөлінеді. Жеңіл мұнай қатарына тығыздығы – 0,9 г/см3-ден төмен мұнайлар жатады. Мұнайдың тығыздығы жоғарлаған сайын қайнау температурасы арта бастайды. Электр тогын нашар өткізеді.

Мұнай суда ерімейді, бірақ кейбір органикалық – бензин, хлороформ, эфир сияқты еріткіштерде ериді. Мұнайдың жылу бөлгіштік қабілетін 10400-11000 ккал/кг шамасында, ең жоғары жылу беретін отын қатарына жатады.

Мұнай тектес табиғи газдар жер қойнауында өз алдына жеке-жеке таза кен, газ кендері, болмаса, мұнай ішінде еріп, тұтас мұнай – газ горизонттарын құрастырып немесе тікелей мұнай бетінде шоғырланып орналасқан.

Каспий теңізінде мұнай және газ өндіру өндірісі 150 жылдан бері жүргізіледі. Мамандардың жобалауы бойынша өндірілетін мұнайдың жалпы қоры 200 млрд баррель көлеміндей деп болжанады. Ең ірі көмірсутектердің қоры Қазақстан шельфінде орналасқан. Мұнай мен газды өндіру және өңдеу көлемінің біздің облыс аймағында ұлғаюы да, жергілікті экологиялық проблемалар қатарын көбейтуде.

Әдебиет: [8, б. 222-231].

Тақырып 8. Химиялық өнеркәсіп. Негізгі ластағыштар. Әсерін басу тәсілдері

Жоспар:

Химиялық заттар:

1. Зиянды- қатты әсер ететін уланғыш заттар (ҚӘУЗ- СДЯВ)

2. Улағыш заттар 7 млн белгілі- жылына 500-1000 жаңа химиялық қосылыстар мен қоспалар түзіледі. 7 млн : 5500- тағам қоспасы, 4000- дәрілік заттар, 1500- тұрмыста қолданылады (жуғыш, тазартқыш).

Ағза – зиянды зат- қоршаған орта- өзара әрекет- токсиндік әсер- заттың мөлшері.

Токсиндік әсер мынаға байланысты: адамның жасы, адамның жынысы, ағзаға ену жолы, адамның сезімталдығы,зиянды заттардың ағзаға ену жолы, заттың ағзадан шығу долы, ағзада таралу жолы, метеорологиялық жағдайлар , заттың мөлшері, заттың физикалық қасиеті, токсинділігі, ену ұзақтылығы, өзара әрекеттесу қабілеті.

Аздаған мөлшерде зиянды әсер көрсететін заттар улар деп аталады-зиянды заттар.

Химиялық қосылыстардың практикада пайдалануына қарай жіктелуі:

- Өнеркәсіп улары

- Ауыл шаруашылығында қолданылатын улы химикаттар.

- Дәрілік заттар

- Тұрмыстық химикаттар (тағам қоспалары, тазартқыш заттар, косметика, т.б.)

- Биологиялық жануар текті және өсімдіктекті улар (өсімдіктер, саңырауқұлақтар, жануарлар, насикомдардағы)

- Әскери улағыш заттар.

Зиянды зартардың ағзаға әсер ету сипаты бойынша жіктелуі:

1. Жалпы улы әсерлі (тұтас ағзаны немесе жеке жүйені уландыру)

2. Тітіркендіргіш (тыныс алу жолы, көздің кілегейлі қабықшасын, тері жабынын)

3. Сенсибилиздеуші (күшеіткіш) (аллерген ретінде әсер ететін)

4. Мутагенді ( генетикалық кодты бұзатын, тұқым қуалау ақпаратын өзгентетін)

5. Концерогенді (қатерлі ісіктерді тудыратын)

6. Репрадуктивті функцияға әсер етуші

7. Адам әсерін үйреніп кететін зиянды заттар, бейімделу тудырғыш зиянды заттар.

Улы газдар, булар, тұмандар, аэрозольдер-тыныс алу жолы

Аэрозольдер-тағам арқылы, тері арқылы.

Тыныс алу жолы- қан айналымы.

1. кәсіби аурулар- қан айналымы

2. улану –жалпы және жергілікті.

Ағзада зиянды заттардың жиналатын орндары:

1. Кілеткадан тыс сұйықтықта (14 л /70 лг салмаққа шаққанда)

2. Кілетка ішілік сұйықтық (28 л)

3. Май ұлпасы

Уланудың өту барысы:

1. Жіті

2. Жіті улануға ұқсас, бірақ баяу өтетін



4. Созылмалы.

Ағзаға түскен зиянды заттардың биотрансформацияға және метоболизмге ұшырау.

Зиянды әсер күшейеді немесе әлсірейді (жойылады)

Зиянды заттардың әсерін жою жолдары:

1. Удың химиялық құрылымын өзгертуі.

2. Депоға (қандағы мөлшері азаяды) жиналу (сүйекте, бүйректе, бауырда, жүйке жүйесінде)

3. Ағзадан шығарылу (тыныс алу, асқорыту жолдары арқылы, бүйрек, тері, бездері арқылы)

Кейбір органикалық қосылыстар жартылай тыныспен шығарылады;

Ауыр металдар асқазан жолы және бүйрек арқылы шығырылады;

Май және тер бездердің ролі аз шығаруда.

Кейбір улар (Pb, Co) ана сүтімен де шығыу мүмкін.

Зиянды заттарды қауіптілігі бойынша кластарға бөлу:

І. Аса қауіпті

ІІ. Қауіпті жағдай

ІІІ. Қауіпті шамалы.

ІҮ. Қауіпті аз.

Орташа өлім дозасы LD50 –1 рет ағзаға енгенде 50 пайыз жануарды өлтіретін доза.

ҚӘУЗ-СДЯВ

Өндірістегі авария- ҚӘУЗ атмосфераға бөлінеді- адамды жаппай зақымдайды .-улану, өлім.

ҚӘУЗ- хлор, аммиак, күкіртті ангидрид, күкіртті көміртек, көміртегі тотығы, синиль қышқылы, сынап, т.б.

ҚӘУЗ көзі және тұтынушысы: химия саласы, мұнай өңдеу өнеркәсібі. Целлюлозды- қағаз өнеркәсібі, тағам кәсіп орны, су құбыры және тазарту ғимаратты.

Әдетте ҚӘУЗ жабық ыдыста өз буының қысымда сақталады. Ал егер ыдыс қираса ішіндегі заттың қысымы атмосфералық қысымға дейін төмендейді және қайнай бастайды, газ немесе бу түрінде айналаға тарайды. (бөлініп шыққан концентрацияға және желдің жылдамдығына қарай)

1. Қатты жел соқса зақымдау бұлты тез тарайды

2. Ауа t0 жоғарласа

3. жаңбыр жауса- ҚӘУЗ топыраққа сіңіп, ыдырайды.

ҚӘУЗ әсерінен қорғау шаралары: халықты көшіру, алғашқы медициналық көмек көрсету, антидот беру, газқағар кигізу, авариялық құтқарғыш жұмысын жүргізу, өртті сөндіру, аймақты санитарлық өңдеу (дегазация);

ҚӘУЗ сақталатын ыдыстың беріктігін күшейту; ыдыстың астында суға толы резервуарлар дайындау.

Жұмыс бөлмесін заман талабына сай техникамен ( авариялық дабылмен) жабдықтау.



Әдебиет: [1, 111-132 б.; 39-40 б.]

Тақырып 9. Құрылыс материалдарын өңдірудің қоршаған ортаға техногенді әсері. Әсерін басу тәсілдері

Жоспар:

Әдебиет: [1, 111-132 б.; 39-40 б.]

Тақырып 10. Шыны өндірісі және оның қоршаған ортаға техногенді әсері. Әсерін басу тәсілдері

Жоспар:

Әдебиет: [1, 111-132 б.; 39-40 б.]

Тақырып 11. Қағаз өндірісі. Өндіріс сипаттамасы. Ластау көздері және зиянды заттарын тазалау

Жоспар:

Әдебиет: [1, 111-132 б.; 39-40 б.]

Тақырып 12. Көлік құралдарының қоршаған ортаға экологиялық әсерін бағалау

Жоспар:

Әдебиет: [1, 111-132 б.; 39-40 б.]
Тақырып 13. Минералды тыңайтқыштарды өндіру және олардың қоршаған ортаға әсері

Жоспар:

Әдебиет: [1, 111-132 б.; 39-40 б.]

Тақырып 14. Ластану ерекшеліктері және негізгі тамақ өндірісі өнеркәсібінде қоршаған орта жағдайларының жақсаруы

Жоспар:

Әдебиет: [1, 111-132 б.; 39-40 б.]

Тақырып 15. Экологиялық төлемдер және оларды есептеу әдістері

Жоспар:

Әдебиет: [1, 111-132 б.; 39-40 б.]

Тақырып 16. Өнеркәсіпті табиғи қорғау шараларының экологиялық тиімділігі

Жоспар:

Әдебиет: [1, 111-132 б.; 39-40 б.]

7. Тәжірибелік сабақтардың мазмұны, олардың сағаттағы көлемі: 15 сағ.
Тақырып 1: Экологиялық мониторинг

Экологиялық жағдайды бағалау

а) қала

б) аудан


в) өндіріс [6], [7]

Жоспар

Әдебиет: [1, б 143-148].
Тақырып 2.

Жоспар:

Тапсырманы орындауға арналған әдістемелік (қысқаша).

Жіберілетін тәуекелді есептеу.

Әдебиет: [3. 43-47 б; 73-77], [4, 16-18 б.]
Тақырып 3.

Тапсырмалар:

Әдебиет: [3, 51-75 б]
Тақырып 4.

Жоспар:


Тапсырманы орындауға ұсынылатын әдістемелік (қысқаша).

  • Еге де адамдар сейсмикалық қауіпті аумақтарда тұраытын болса, олар міндетті:

  • Құжаттарды, бағалы заттарды, қалта фонаригін және оған келетін қосымша батарейкаларды оңай жерде ұстауға міндетті;

  • Тұщы су қорымен, тмақ өнімдерінің консервіленген түрімен, медикаменттермен және жылы киідермен қамтамасыз етілулері міндетті;

  • Бөлмедегі мүлікті ыңғайластырған кезде, оларды жер сілкінісі кезінде жататын орынға немесе сыртқа шығатын есікті жаппайтындай етіп орналастыру керек;

  • Жататын орынды әйнектін және сыртқы қабырға жаңына қоймау керек;

  • Шкафтарды және сөрелерді қабырғаға бекіту;

  • Жер сілкінісінің өтіп кетуін тосатын қауіпсіз орынды алдын ала дайындап қою керек;

Тұрғындардың әрекеттерін қарастырып өтейік:

  • жер сілкінісі кезіндегі әрекеттер

  • Бастысы – алаңғасарлыққа салынбау керек. Мекеменің тербелісін байқасаныз, шамшырақтар мен аспашамдардың тербелістерін байқаған соң, шынылардың сыңғырлаған дыбыстарын естіген соң, заттардың құлағандарын көргеннен кейін тез арада бөлмеден шығу керек.

Есіңізде болсын, сіз алғашқы тербелістерді сезінгеннен кейін, сіздің мекемеден шығуыңыз үшін 15-20 секундыңыз болады.

Егер де сіз мекемеден тез арада шығып кете алмасаңыз, мекеме ішінен қауіпсіз орын тауып, жер сілкінісінің басылғанын күтіңіз, мекеме ішіндегі қауіпсіз орын ретінде сыртқы қабырғалармен құрылған бұрыштар болуы мүмкін. Сонымен қатар мекеме ішіндегі қауіпсіз орын ретінде жататын орындардың астыңғы жағы болып табылады, басыңызды бүгіп жататын орын астында жатсаңыз қауіп деңгейі төмендейді.

Міндетті түрде барлық электр құралдарын сөндіру керек. Пәтердің сыртқы есігін ашып қойыңыз. Егер де жаныңызда кішкентай балалар болса, оларды өзіңізбен бірге ұстаңыз. Тербелістер тоқтатылған соң тез арада пәтерден шығыңыз. Пәтерден шыққын кезде және баспалдақтан түсер кезінде абай болыңыз, баспалдақтың өзі неесе баспалдақ тіректері зақымданған болуы мүмкін.

Егер жер сілкінісі кезінде сіз пәтер ішінде емес, қала орталығында болсаңыз, онда тез арада мекемелерден алыстауыңыз қажет. Сонымен қатар столбтардан және кез келген қоршаулар маңынан алыстаку керек. Үзілген өткізгіштерден аулақ болыңыз.

Ал егер де сілкініс кезінде қоғамдық көлікте болсаңыз, онда көлік жүргізушісі тоқтап, есікті ашпағанша оныңыздан қозғалманыз. Егер де сіз алаңғасарлыққа беріліп, автобус, трамвай немесе троллейбус әйнектерін сындыра бастасаңыз, сіз түлі жарақаттар алуыңыз мүмкін. Ал егер де сілкініс кеінде сіз көлік ішінде болсаңыз, міндетті түрде көліктен тез арада шығуыңыз керек.


  • Жер сілкінісінен кейіңгі әрекеттер:

  • Тербелістерден кейін тез арада зардап шеккен адамдарға алғашқы медициналық көмек көрсету керек, және үйін астында қалған адамдарға көмек көрсету керек.

  • Егер де сіз үйін астында қалып қойсаныз, есіңізде болсын, адам сусыз және тамақсыз ұзақ уақықа дейін шыдай алады. Сондықтан да ең бастысы қолыңызды түсірменіз.

  • Сереңкелермен қолданбаныз, егер де екеме ішінде газ болған жағдайда жарылыс тууы мүмкін.

  • Сілкініске ұшыраған мекемелерге кірменіз.

  • Сілкініс жайындағы ресми мәліметтерге ғана сеніңіз. Сілкіністің қайталануына дайын болыңыз.

  • Көшкін кезінде. Келе жатқан көшкіннің белгілері пайда болу кезінде:

  • Жақында орналасқан көшкін станциясына хабарлау;

  • Электорлық және газ құрылғыларын, су өткізгіш жүйесін сөндіру;

  • Эвакуацияға дайындалу.

Көшкін біткен соң зардап жекпеген құрылғылардың, қабырға жағдайын, электр-газ жүйелерін және су қоймаларын тексеріп өту.

  • Сел және лавина кезінде. Селдік ағын кезіндегі әрекет. Селдік ағынның жақындап келе жатқанын білдіретін дыбыстарды естіген соң, электорлық жабдықтарды, газды, су өткізгіштерін өшіріп, үйден шығу керек. Тар жерлерден және басқа да кішкентай көлемді орындардан алыс болыңыз, бұл жерлерде сел күшейтіледі.

Егер де сел кезінде сіз таулы аймақта болсаңыз тез арада тау бойымен жоғары көтеріліңіз. Өзіңізбен бірге қозғалуды тежейтін ауыр заттар болған жағдайда оларды бірге алмаңыз. Есіңізде болсын селдік ағын әсерінен адам өміріне қауіп төңдіретін ауыр тастар лақтырылуы мүмкін. Бұл ағыннан тірі қалу мүмкіндігі тым аз. Сондықтанда көмек көрсету максималды тез болуы қажет. Егер адам селдік ағынға тап болса оған ұзын арқан немесе баспалдақ беріңіз. Бірақта оны өзіңізге тартуға ұмтылмаңыз.

Әдебиет: [2, 42-45, 48-49б].
Тақырып 5. Тұрғындарды қорғау

Тез арада көмек көрсету.



  • Жеке бас қорғау құралдары мен прафилактика құралдарын білу.

Тапсырма:

  • Зардап шеккен орнында алғашқы медициналық көмекті кім көрсетеді?

  • Жеке бас дәрі-дәрмек қорапшасына кіретін заттар тізімі.

  • Антихимиялық жеке бас пакетіне кіретін заттар тізімі.

  • Тез арада медициналық көмек көрсету үшін қолданылатын функционалдық комплектіге кіретін заттар тізімі.

  • Арртериалды, венозды қансырау белгілері қандай және олардың арасындағы айырмашылықтары қандай?

  • Капиллярлы және паренхиматозды қансырау белгілері қандай және олардың арасындағы айырмашылықтары қандай?

  • Иммобилизация дегеніміз не, және ол қандай уақыттарда қолданылады?

Тапсырманы орындауға арналған әдістемелі (қысқаша). Алғашқы медициналық көмек көрсету дағдыларывна үйрену аса маңызды болып табылады. Себебі адам өмірінде күтпеген апаттықжағдайлар өте көп болады және адам денсаулығы оған алғашқы көек көрсетуден тәуелді болуы мүмкін.

Алғашқы медициналық көмек көрсетіледі:



  • Қансырау кезінде – қансырау белгілерін білу қажет және қансырауды уақытша тоқтату әдістерін білу керек.

  • Сынықтар кезінде – зардап шеккен адамда сынық нәтижесінде травмалық шок болуы мүмкін. Ең алдымен антишоктық шаралар қолдану керек. Ал арртериалды қансырау болған жғдайда қанды тоқтату керек.

  • Өртке шалдыққан кезде – зардап шеккен адамның киімін шешпеу керек, оны стерильді простыняға орау кеек. Және ауруды төмендететін дәрмектерді салу керек.

  • Клинаикалық өлім кезінде – жасанды дем беру керек немесе жүрекке тура массаж жасау керек.

  • Шок жағдайында – қансырауды тоқтату керек, жарақатқа асаептикалық байлаулар жасау керек, иммобилиация болса, белгілі бір шаралар қолдану керек, зардп шегушіні жылыту керек.

Әдебиет: [9, 179-183, 197-199б], [6, 202-258 б].
Тақырып 6. Төтенше жағдайлар нәтижесіндегі зардаптарды жою

Жоспар:

  • Транспорттау этабының мәнділігі мен маңыздылығын студенттерге түсіндіру.

Тапсырма:

  • Зардап шеккен адамды көтеріп, тасығышқа жатқызу әдістері қандай?

  • Қабырғасына зиян келген адамды тасығышқа дұрыс жатқызу әдістері қандай?

  • Кеуде жасушасы зақыданған адамды тасыышқа қалй дұрыс жатқызу керек?

  • Бетіне зиян келген адамды қалай орнынан қозғауға болады?

  • Зардап шекен адамды баспалдақ бойынан өткізу әдістері қандай?

  • Қарын аймағындағы жарақаттары бар зардап шегушіні қалай дұрыс жатқызуға болады?

Тапсырманы орындау бойынша ұсынылатын әдістемелік. Алғашқы медициналық көмек кезіндегі басты мақсат, бұл адам өмірін аман алып қалу. Алғашқы медициналық көмекті әрбр азамат көрсете білуі керек. Төтенше жағдай кез келген жағдайда болуы мүкін, сондықтан да адам мамандығы қандай болмасын, әрбір адам алғашқы көмек көрсете білуі керек. Зардап шегушіні залал орнына емедеу орталығына жеткізу басты міндет болып табылады. Ауруларды ауруханаға жеткізудің ең қиын әдісі бұл, тасығыштар көмегімен жеткізу.

Тасығыш ұзындығы – 221,5 см, ені – 55см, массасы – 8,5-10 кг.

Тасығыштарды ашу ережелері:

Тасығыштарды екі адам ашады:



  • Тасығышты сол қолымен ұстай отырып, оң қолымен – белбеуді босатады;

  • Тасығыштын ұстағыштарын ұстай отырып, тез әрі тепкін күшімен жанына қарай әкетеді, тасығыштарды аша отырып.

  • Ұстағыштарды жан жаққа тарту арқылы тасығыштын дұрыс ашылғанын тексереді.

Тасығыштарды жабу әдістері:

  • Тасығыштарды, аяқтарын көкке қаратып жабады;

  • Алдымен бір адам өзінің жағын түсіріп, ашу замогын басып оны ашады;

  • Содан соң екінші адам тасығыштын келесі жағын түсіріп замокты тексереді.

  • Содан со тасығышты екі бүктеп белбеумен орап тастайды.

Әдебиет: [9, 272-285 б].
Тақырып 7. Техносфераның зияндылығын көрсететін көрсеткіштер

Жоспар:

  • Техниклық жүйелер мен технологиялық процесстердің қауіпсіздігінің артуы бағыттарын білу;

Тапсырма:

  • Қоршаған ортаны қорғаудағы негізгі бағыт қандай?

  • Техникалық жүйелердің экологиялық қауіпсіздігі үшін не қолданылады?

  • Тұрғындады қорғау үшін қандай әдістер қолданылады?

Тапсырманы орындау бойынша ұсынылатын әдістемелік. Техниклық жүйелер мен технологиялық процесстердің қауіпсіздігінің артуы бағыттары, сантарлық нормалар мен бекітіліп, төмендегі әрекетерді реттейді:

  • Зиянды заттарды зиянсыз заттармен алмастыру;

  • Өндіудің және тасымалдаудың құрғақ әдісері дымқыл әдістермен алмастыру;

  • Ада өміріне қауіп төндіретін технолгиялық операцияларды, вибрация мен басқа да факторлардың қарқындылығын төмендету;

  • Аппаратура мен құрылғыларды герметизациялау;

  • Толықтай ағғару және технологиялық лақтырындылардан тазарту, өндірістік науаларды ластаудан тазарту;

  • Сәуле жылуынан қорғанатын әдістерді қолдану;

  • Қоршаған ортаны қорғаудағы маңызды бағыттың бірі – азқалдықты және қалдықсыз технологияларды құрастыру.

Эксплуатация үрдісі кезіндегі техникалық жүйелердің сенімділігі мен қауіпсіздігін күшщейтудің негзгі құралы - функционалдық диагностика. Функционалдық диагностика жүйесі жұмыс үрдісіндегі объектілерді бақылап, олардың туындаған кезінде бас тартуына әсер етуге мүмкіндік береді. Бұл жүйелер бақылау объектісімен бірге жобаланып дайындалады. Технологиялық қондырғылар мен кешендеде қысым бергіштер, температуралдар, жиіліктер, өлшемдер және өндірістік үрдістердің басқа да параметрлері қондырылды. Электрбергіштік сигналдары берілген шектіктердегі техникалық жүйелердегі жұмыс тәртібін сүйемелдеуге және апаттвық жағдайларды ескертуге мүсмкіндік беретін ЭВМ – мен талдананды.

Техникалық жүйелер мен технологиялардың экологиялқө қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін экобиоқорғаныстық қызмет қолданылады. Экоиоқорғаныситық қызмет – қауіпті және зиянды факторлардан адам мен табиғи ортаны қорғаудың әдісі.

Зиянды заттардан атмосфераны қорғау – шаң, тұма, зиягнды газ бен будан туындайтын өндірістік ауа лақтырындырларын тазарту арқылы жүреді. Шаңнан құрғақ әдіспен тазарту үшін шаңұстағыштар, басқ фильтрлер қолданылады, ал шаңды дымқыл әдіспен келтіру үшін газжуғыштар қолданылаыды.

Тұманды тазарту- электрфильтрлер көмегмен жүргізіледі. Ерімейтін улы газдарды тазарту залалсыздандыратын реакторлар көмегімен жүргізіледі. Буды тазалау олапрдың конденсатордағы конденсациясы негізінде жүргізіледі.

Гидросфераны қорғау- арық суларын ластайтын затардан аылу арқылы жүзеге асады. Кезегінше арық сулары механикалық әдістермен тазаланады: арта қалдыру, фильитрлеу, ортадан тепкіш күш жиіліктерін жою.

Дезодарациалау кезінде – жағымсыз иіс шығаратын заттар, дегазациялау кезінде – агрессиялық гадар жойылады, озондауда – су түссізденеді, дәмдер, иістер жойылып су зақфымсыздандырылады.

Соңғы деңгейде микроағзалардың қабілеттеріне негізделген биохимиялық судың тазартылуы жасалады.

Өндіріс жағдайында адамды қорғау, сонымен қатар қауіпті және зиянды факторлардың шектік деңгейге төмендетілген немесе жіберілмейтін өндірістен тыс техникалық құралдардың өзара байланысында жүзеге асырылады.

Желіммен, бояулармен жұмыс кезінде зиянды заттардан қорғану үшін жергілікті соратын желдеткіштер пайдаланылады.

Электр тогынан қорғану үшін жұмыс орындарына төмен қысым беру, токты қорғанышты сөндіру негізінде жерге тұрақтандыру қолданылады.

Қоршау құрылғылары автокөліктің қозғалмалы бөліктерін, станоктар мен механизмдерді, өңделетін материалдардың жиіліктерінің ұшу орнын, зиянды сәулелену мен жоғары температураға ие аймақтарды қорғау үшін қызмет етеді.

Дірілдің зиянды әсерінен қорғану үшін автокөліктік пен вагондық рессорлар, резіңкеметаллдық амортизаторлар, болат серіппелер мен тіректі төсегіштер пайдаланылады.

Дыбыстан қорғану үшін әр түрлі дыбыс жұтатын материалдар қолданылады.

Адамның жеке бас қорғану құралдарына жатады:



  • Басты қорғау құралдары (каска, шлемдер)

  • Көз (қорғаныш көзілдіріктері)

  • Бет (кесте, перделер)

  • Тыныс алу алу органдары (респираторлар, қарсыгаздар)

  • Есту органдары (қадауыштар «Беруши», құлаққалдар)

  • Арнайы киім мен аяқ-киімдер

Әдебиет: [8, 231-238 б.]

8. Өзіндік жұмыс тапсырмалары:

Тақырып 1. Тіршілік ортамен адаманың үйлесімділігі.

Әр тақырып бойынша СӨЖ тапсырмалары:



  • Дененің әр түрлі кезінде жұмыстарды атқаруға қажет минималды орын көлемін нұсқайтын суреттер дайындау.

Тақырып 2. Тіршілік ортасындағы қауіптер.

Әр тақырып бойынша СӨЖ тапсырмалары:



  • Техногендік қауіптер

  • Өзіндік жұмысты реферат түрінде жасау керек.

  • Келесі сұрақтарды қарастыру керек: механикалық тербеліс, электромагниттік кеңестіктер, лазерлік сәулеленулер, электрлік ток.

  • Бұл аураларды алдын алу кезінде мүмкін болатын профессионалдық аурулар.

  • Иондық сәулелену

1) ағзаны сәулеленуден қорғау

Тақырып 3. Транспорттағы экстремалдық жағдай.

Әр тақырып бойынша СӨЖ тапсырмалары:



  • Өзіндік жұмысты реферат түрінде жасау керек.

  • Келесі сүұрақтарды қарастыру керек: теміржолдағы, автокөліктердегі, су және ауа көліктеріндегі апаттар.

Тақырып 4. Жедел жағдай кезінде алғашқы медициналық көмек көрсету алгоритмі.

Әр тақырып бойынша СӨЖ тапсырмалары:



  • Өзіндік жұмыс тақырыбы тәжірибелік сабаққа қосымша болып табылады.

  • Ұсынылған әдебиет бойынша теориялық мәліметті оқыған соң, тәжірибелік сабақтарда көрсетілмеген алғашқы медициналық көмек алгоритмін құрастыру. Алғашқы көмек көрсету кезінде рұқсат етілмейтін әрекеттерге мән беру қажет.

Тақырып 5. Салауатты өмір салтын қалыптастыру.

Әртақырып бойынша СӨЖ тапсырмалары:



  • Өзіндік жұмысты реферат түрінде жасау керек.

  • Келесі сұрақтарды қарастыру керек: Салауатты өмір салтының негіздері, мұра және болашақ ұрпақтағы оның ролі, салауатты өмір салты – тіршілік әрекеті кезіндегі қауіпсіздіктің қажет шарты.


Оқу бағдарламасының күрделі сұрақтары.

  • ӨСҚН курсының негізгі ұғымдары:

Кез келген пәнді оқу негізгі ұғымдардан басталады. Оқудың жүйелірек, оқылатын курстың тезқабылдануы және бұнда жөн таба білу үшін кейбір негізгі ұғымдармен таныс болуы тиіс. Жұмыс дәптеріне төмендегі берілген ұғымдарды жазып алып, олардың қандай мағына білдіретінін білу. Оқу үрдісінде кездесетін жаңа ұғымдар бірден есте сақталады.

Кейбір негізгі ұғымдар: 1) жол апаты, 2) атмосфера, 3) қауіпсіздік, 4) тіршілік әрекетінің қауіпсіздігі, 5) биосфера, 6) зиянды факторлар, 7) гидросфера, 8) тіршілік әрекеті, 9) аймақ, 10) төтенше жағдайлар, 11) сүргіндер, 12) зілзалалар, 13) литосфера, 14) жағымсыз жағдайлар, 15) қауіп, 16) қауіпті фактор, 17) өмір сүру ортасы, 18) стихиялық апаттар, 19) стихия, 120) техносфера, 21) төтенше жағдай, 22) табиғаттың төтенше жағдайлары, 23) техногендік төтенше жағдайлар (дәрістік және тәжірибелік тапсырмалар).



  • ТЖ кезіндегі әрекеттер мен алдын алу жөніндегі мемлекеттік жүйесі.

ҚР-дағы ТЖ-ды алдын алу және жою бойынша мемлекеттік жүйенің құрылымын меңгеру жайлы материалдарды сабақта дайындау. (1 дәріске толықтыру).

Ол үшін оқу әдебиетінің көмегімен мелекеттік жүйенің құрылымын басқаруды ретке келтіру.

Қазақстан Республикасының Төтенше жағдай бойынша Министрлігінің қызметін, құқықтары мен негізгі тапсырмаларын білу. Бұл министрлікті Қазақстан Республикасының Президентімен тағайындалған төтенше жағжай бойынша Министр басқарады.

Министр қарамағында кеңес алқасы болып табылатын министрдің алқасы бар.

Шаруашылықтағы тұрғыдарды және объектілерді қорғау – ГО- ның алғашқы тапсырмасы болып табылады.

ГО аймақтық-өндірістік ұстаным бойынша ұйымдастырылады.

Басқару органдарының байланысын жұмыс дәптеріне схема немесе мәтін түрінде орындау керек.


  • Адам ағзасына зиянды заттаррдың әсері.

Тамақтан улану. Тамақтан улану кезіндегі алғашқы медициналық көмекті қарастырып, жұмыс дәптеріне конспект құру.

Улы химикатпен, қышқылмен, дәрілік дәрі-дәрмектер, алкогольмен және есірткімен улану жағдайларын қарастыру.

Иондайтын сәулеленулер.

Иондайтын сәулеленулердің өлшем бірліктері мен оның жүйеден тыс бірліктермен байланысын жақыс ібілу дәрістік мәліметті оқу және оны тәжірибелік тапсырмаларда қолдануды жеңілдетеді.

Иондатылған сәулеленулердің дозиметриясында қолданатын өнімділік бірліктерін және оның жүйеден тыс бірліктерімен байланысын кесте немесе мәтін түрінде, жұмыс дәптеріне орындау, сонымен қатар радионуклеидтармен қоршаған ортаны ласьау сияқты ядролық реакцияның бағалау бірліктері.


  • Тіршілік ортасының қауіптері.

Күнделікті өмір сүру ортасындағы жағымсыз факторлар негізі.

Берілген әдебиет бойынша мәтін құрап, төмендегі сұрақтарға жауап беру:



  • «Күнделікті өмір сүру ортасы» ұғымына түсінік беру;

  • Қандай үй экологиялық болып табылады?

  • Бөлмедегі ауада қандай ластаушы заттар бар?

  • Өрт қаупі және жарылыс қаупі бар болып табылатын қандай заттар?

  • Жоғарғы радиобелсенділікті қандай құрылыс материалдары иеленеді?

  • Тіршілік аймағындағы жасыл өсінділер қандай рөл атқарады?

  • Жүрек-өкпелік реанимацияның әдістері.

Тұрмыста, стихиялық апаттар, жол апаттар, аймақтық әрекеттер туындаған жағдай негізінде зақым алған адам ауруының өту мен нәтижесі апат болған орында алғашқы медициналық көмекті мезгілімен және сауатты жүргізуден өте тәуелді.

Ағзаға оттегінің келуі тоқтатылған жағдайда, 4-5 минуттан кейін бас ми қабығының өте сезімтал жасушалары бірден қызметін тоқтатады. Егер осы 4-5 минут ішінде ағзаға оттегіні беруге үлгерген жағдайда, адамды өмірге қайтып әкелуге мүмкіндік бар. Сондықтан да жүрек-өкпелік реанимация әдістерін білу өте қажет.

Дем алу мен жүрек тоқтағандағы әрекеттерді, жасанды дем беру әдістерін жұыс дәптеріне жазып алу керек.


  • Техникалық жүйелер мен технологиялық үрдістердің қауіпсіздігін күшейту. Қарастыру:

  • Техникалық жүйелер мен технологиялық үрдістердің экологиясын жәіне қауіпсіздігін жоғарылатудың жалпы бағыттары;

  • Өмір сүру ортасын қорғаудағы негізгі бағыттарды белгілеу;

  • Функционалдық диагностика жүйесінің мүмкіндіктері:

Жоғарыда көрсетілген сұрақтарды қолдана отырып, берілген әдебиет бойынша реферат жазу.
9. СОӨЖ кеңестің тізімі



Сабақ түрлері

дүйсенбі

сәрсенбі

сейсенбі

бейсенбі

жұма

сенбі

1.

Дәріс сұрақтары бойынша кеңес



















2.

Тәжрибелік сұрақтары бойынша кеңес




13.40

14.30


13.40

14.30











3.

СӨЖ сұрақтары бойынша кеңес













13.40

14.30





4.

Тест сұрақтары бойынша кеңес


















Бүкіл консультациялар ағымдағы семестрдің СОӨЖ графигі бойынша өткізіледі.


10. Студенттердің тапсырмаларды істеу және тапсыру графигі

Дәріс,тәжрибелік сабақтарына қатынасу 0-100 балмен бағаланады.


Тапсырмаларды істеу және тапсыру графигі




Жұмыс түрлері

Тапсырма тақырыбы, мақсаты және мазмұны

Ұсынылатын әдебиеттер

Орындалу ұзақтығы

Бақылау түрі

Тапсыру мерзімі

1.

Реферат

Техногенді қауіптер




3 жұма




4-ші жұма

2.

Реферат

Транспорттағы экстремалды жағдайлар




2 жұма




6-шы жұма

3.

Межелік бақылау

Модуль 1,2







Коллоквиум

8-ші жұма

4.

Реферат

Салауатты өмір салтын қалыптастыру




2 жұма




10-шы жұма

5.

Реферат

Техникалық жүйелер мен технологиялық үрдістердің қауіпсіздігін күшейту




3 жұма




13-ші жұма

7.

Межелік бақылау

Модуль 3,4







коллоквиум

15-ші жұма

Ескерту: Реферат тақырыбы белгілі бір нақты тақырыпта жазылуы керек, тақырып студенттің өз бетінше жұмысының нәтижесі ретінде алынып, оқытушымен бірге ақылдасқан түрде таңдалады.

11. Оқушыларды бағалау критерийлары

Пән оқуы тест түріндегі емтиханмен аяқталады. Ол үшін міндетті түрде барлық жоспарланған тапсырмаладды орындау керек. Әр тапсырма 0-100 балмен бағалады.

Жіберу рейтингі барлақ ағымда орындалған тапсырмалардан алынған бағалардың орташа мәніне тең болады. Қортынды бақылауға пән бойынша жоспарланған тапсырмаларды орындаған, 50 балдан кем емес бағасы бар студент жіберіледі.

Студенттің пән бойынша жетістігі Қ- қортынды көрсеткішпен бағаланады. Ол ЖР Жіберу рейтингі және Е емтихан салмақтары ескерілген бағалардан шығарылады:


Қ = ЖР*0,6 + ҚБ*0,4

Бағалар салмақтары жыл сайын унивверситеттің Ғылыми кеңесінде тағайындалады: ЖР 0,6 кем емес, ал ҚБ 0,3 кем емес. Бағасында жетекшінің пікірі ескертіледі. Курстық жұмыс (жоба) комиссия алдында қорғаланады, бағалары студенттердің комиссияға көрсеткен біліммен біліктеріне және жетекшілерінің бағасына байланысты болады.

Студенттің қортынды бағасы саналады егер пән бойынша жіберу рейтингісінде және қортынды бағасында балдары жеткілікті болады. Егер студент себепсіз қортынды бағалау шарасына қатыспаса оған «жеткіліксіз» деген баға койылады.

Емтихан және аралық бағалау нәтижесі тапсырған күні немесе ертеңінде студенттерге жеткізіледі. Барлық бағалауда әрқашан 0-100 балдық шкала қолданылады.

Пән бойынша студенттердің жетістіктері, яғи білімдері, біліктері, дағдылары, құзыреттілігі әріптік, оған сәйкес сандық және қалыптасқан бағалау жүйсімен айқындалады.


Әріптік жүйе

Оған сәйкес сандық әквивалент

Балддық көрсеткіштер

Қалыптасқан бағалар

A

4,0

95-100

өте жақсы

A-

3,67

90-94

B+

3,33

85-89

жақсы

B

3,0

80-84

B-

2,67

75-79

C+

2,33

70-74

жеткілікті

C

2,0

65-69

C-

1,67

60-64

D+

1,33

55-59

D

1,0

50-54

F

0

0-49

жеткілісіз

12. Оқытушының талаптары, политика және процедурасы

Аудиториялық сабақтарға студенттер міндетті түрде қатынас керек. Егер себепсіз қатынаспаса деканат қадағалаған мезгілде дербес түрде өзі өту керек. Ең көбі екі сабақ себепсіз босатуға рұқсат. Екі кешігіп келі бір сағатқа теңестіріледі. Егер студент екі сабақтан артық қатынаспаса оқытушы ондай студентті себепін анықтауға дейін сабаққа жібермеуі құққықты.

Осы ағымның студенті еместер бөгде кісілерге дәрістер тыңдауға тыйым салынады.

Жоспарланған оқу жұмыстарын мезгімімен тапсыру керек, ең ақырғы мезгл – сессияға үш кун қалған мерзімімен шектеледі. Барлық жоспардағы жұмыстарды және курстық жұмыстарды тапсырмай студент пән бойынша емтиханға жіберілмейді.

Студентке міндетті түрде қатыспаған әр сабақты, тақырыпты дербес қайталап өту керек.

Студенттің оқу жетістіктері тестпен немесе жазба жұмыстарымен анықталады. Тест алдынала ескерту сіз өтуі мүмкін.



Оқытушымен жетекшеленген СОӨЖ келесі негізгі төрт функциыны орындауды талап етеді.

Бірінші – пән бойынша алданала оқытушымен берілген мәліметті зиян қойып қабылдауды.

Екінші функция – оқытушының нұсқауымен пән бойынша үй тапсырмасын, бақылау және курстық жұмыстарын орындайды, оқулықтарды оқиды. Осы кезеңде студент өзінің қиналатын сұрақтарын анықтап, өзін өзі тәртіпке шақыру қажет.

Студенттердің үшінші функциясы – қиналатын сұрақтарын шешуге жол іздейді, өзінің көзқарасын анықтап, болжау жасайды оқытушыға сұрауға дайындалады.



Төртінші функция – студент толық оқытушыдан консультация алып, пән бойынша мәлметін толықтырады.
13. Әдeбиeтер

Негізгі:

  1. Калыгин В.Г. Промышленная экология. М.: МНЭПУ, 2000.

  1. Рамад Ф. Основы прикладной экологии. М.: Гидрометеоиздат, 1981.

  1. Реймерс Н.Ф. Природопользование. М.: Мысль. 1990.

  2. Плотников Н.И. Техногенные изменения гидрогеологических условий. М.:Недра, 1989.

  3. Израэль Ю.Л. Экология и контроль состояния природной среды. Л.: 1981.

  4. Уатт К. Экология и управление природными ресурсами. М.: 1971.

  5. Экологическая биотехнология/Под ред. К.Ф.Форстера. Л.: Химия, 1990.

  6. Голуб А.А., Струкова Е.Б. Экономические методы управления природопользованием. М.: Наука, 1993.

Қосымша әдебиеттер:

9. Алферова Л.А., Нечаев А.П. Защита системы водного хозяйства
промышленных предприятий, комплексов и регионов. М.: СИ, 1984.

  1. Бретшнайдер Б., Курфюст И. Охрана воздушного бассейна от загрязнения. Л.: Химия, 1989.

  1. Госстандарт РК. Системы управления окружающей средой. Требования и руководство по применению. СТ РК ГОСТ Р ИСО 14001-2000.

  1. Госстандарт РК. Системы управления окружающей средой. Общие руководящие указания по принципам, системам и средствам обеспечения функционирования. СТ РК ГОСТ Р ИСО 14004-2000.

  2. Госстандарт РК. Системы управления окружающей средой. Оценка жизненного цикла. Принципы и структура. СТ РК ГОСТ Р ИСО 14040-2000.

  3. Жабо В.В. Охрана окружающей среды на ТЭС и АЭС. М.: Энергоатомиздат, 1992.




  1. Дмитриев М.Т. Санитарно-химический анализ загрязнения вредными веществами в окружающей среде. М.: Химия, 1989.

  1. Защиты атмосферы от промышленных загрязнений/под ред. С.Калверта. М.: Металлургия, 1988.

  1. Комар И.В. Рациональное использование природных ресурсов и ресурсные циклы. М.: 1976.

  2. Фурсов В.И. Экологические проблемы окружающей среды. Алматы: Ана тілі, 1991.

  3. Экологическое состояние окружающей среды в Республике Казахстан. Алматы: 1992.

Каталог: arm -> upload -> umk
umk -> Пән бойынша оқыту бағдарламасының (Syllabus) титулдық парағы
umk -> Методические указания по прохождению учебной практики для студентов специальности 5В020400 «Культурология»
umk -> Пән бойынша оқыту бағдарламасының (Syllabus) титулдық парағы
umk -> Әдістемелік ұсыныстар мен нұсқаулардың; әдістемелік ұсыныстардың; әдістемелік нұсқаулардың титул парағы
umk -> Бағдарламасының титулдық пму ұс н 18. 4/19 парағы (syllabus) Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
umk -> Бағдарламасы Нысан пму ұс н 18. 2/06 Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі
umk -> Программа Форма ф со пгу 18. 2/06 Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі
umk -> Пән бойынша оқыту бағдарламасының (Syllabus) титулдық парағы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет