|
Кафедра нормальной физиологии
|
бет | 1/5 | Дата | 15.12.2023 | өлшемі | 486,43 Kb. | | #197177 | түрі | Құрамы |
| Байланысты: Дәріс Әйелдердің репродуктивті жүйесі Әйел адамның репродуктивті жүйесі
semeymedicaluniversity
SSMUofficial
www.ssmu.kz
«Қалыпты физиология» кафедрасының аға оқытушысы:
Токешева Гульмира Манарбековна
Адам ағзасының репродуктивті функциясының құрамына төмендегілер енеді: - Жыныс жүйесінің қалыптасуы (жыныс мүшелерінің эмброиогенезі және жыныстық жетілу);
- Ұрықтануға дайындық( еркектерде - сперматогенез, әйелдерде - етеккір циклы);
- Ұрықтану (жыныс актісі),
Сонымен қатар, әйелдерде: - Жүктілік (бала көтеру);
- Лактация (баланы ана сүтімен емізу);
Әйелдің жыныс жүйесінің құрылысы: Негізгі жыныс мүшелері: - Қынап (ұрықтану кезінде сперма түсетін құрылым, босану кезінде - босану жолы;)
- Жатыр (ұрықтың дамуы жүзеге асаты орын)
- аналық без, онда өндіріледі:
- жұмыртқа;
- әйел жыныс гормондары;
- Жатыр (фаллопи) түтігі, оның бойымен жұмыртқа аналық безден жатырға түседі .
Әйел жыныс ағзалары:
Жатыр
Қынап
Жатыр түтігі
Аналық без
Қынап
Жатыр
Жатыр түтігі
Аналық без
Әйелдің репродуктивті жүйесінің реттелуі Гипоталамусты - гипофизды-гонадалы жүйе арқылы реттеледі. Төменде көрсетілген 3 деңгейден тұрады: - 1. Гипоталамус гонадолиберин синтездейді
- 2. Гонадолиберин әсерінен аденогипофиз ФСГ( фоликула стимулдеуші гормон) және ЛГ (лютеинді гормон) бөледі
- 3.ЛГ сары дене сақталуына және сары денеден прогестерон гормонының бөлінуіне әсер етеді.
- 4. ФСГ фолликулалардың пісіп жетілуі мен эстроген синтезделуіне жауап береді.
- 5. Эстроген және прогестерон гипоталамустағы гонадолибериндер ФСГ және ЛГ синтезін теріс кері байланыс механизмі арқылы тежейді.
- 6. ФСГ секрециясын аналық безден синтезделетін ингибин тежейді.
Әйелдердегі гипоталамусты-гипофизды-гонадалық жүйенің сызбасы
Аналық без
Эстроген
Прогестерон
Ингибин
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|