- Аналық безде құрамында жұмыртқа жасушасы бар фолликула пісіп жетіледі;
- Жатырда эндометридің пролиферациясы жүзеге асады (етеккір циклынан кейінгі эндометридің регенерациясы);
- Фолликулаларда эстроген секрециясы үдейді;
- овуляциямен аяқталады- фолликула жарылуы. Бұл кезде аналық жыныс жасушасы фолликуладан құрсақ қуысына жарылып шығып, жатыр түтігіне кіреді.
- қалған фолликулалардан сары дене қалыптасады.
Етеккір циклының лютеинді фазасы
- Аналық безде сары дене дамиды(corpus luteum);
- Жатырда ұрықтың имплантациясы жүзеге асу үшін эндометридің секрециялық өзгерістері;
- Сары денеде прогестерон синтезделуі жоғарлайды;
-Етеккір циклы етеккірдің келуі және эндометридің өліп және ажырап түсуімен аяқталады.
Етеккір циклінің әр фазасы шамамен 14 тәулік, орташа есеппен етеккір циклының ұзақтығы 28 күн.
Етеккір циклының реттілігі:
Аналық безде капшықпен қапталған көптеген аналық жасушалар - примордиальді фолликулалар болады (дүниеге келген кезде 1 млн шамасында, пубертатты кезеңнің басында 400 000 шамасында). Фолликулалы кезеннің бастапқы мерзімінде ФСГ әсерінен осы фолликулалардың біразы жетіле бастайды; соңынан адамда тек 1 фолликула ғана пісіп жетіледі және ол Доминантты фолликула деп аталады.
Жетіліп келе жатқан фолликула Эстроген гормонын синтездейді. Оның төменде көрсетілген әсерлері бар :
Эндометрийдің пролиферациясын белсендіреді;
Теріс кері байланыс механизмі арқылы ФСГ және ЛГ синтезін тежейді;
Фолликулалық фазаның соңына қарай жоғары концентрациядағы эстрогендер ЛГ секрециясын белсендіреді, оның шығарылуы үдейді. ЛГ синтезделуі жоғарлайды. Салыстырмалы түрде ФСГ синтезі аздап артады.
Етеккір циклының кезеңдерінің реттілігі:
ЛГ жоғары концентрациясы әсер етеді:
Овуляцияны жүзеге асырады;
Овуляция барысында түзілген сары дененің өміршеңдігін қамтамасыз етеді.
Сары дене прогестерон бөледі ( сонымен қоса біраз эстрогендер бөледі, бірақ фолликулаларға қарағанда салыстырмалы түрде аз мөлшерде):
Прогестерон эмбрионның имплантациясына қолайлы эндометриді секрециялық өзгерістерге әкеледі ( бездердің дамуы, тамырлардың кеңеюі);
прогестерон және эстрогендер теріс кері байланыс механизмі арқылы ЛГ және ФСГ синтезін тежейді.