Кафедра нормальной физиологии


Етеккір циклының фолликулалы фазасы



бет3/5
Дата15.12.2023
өлшемі486,43 Kb.
#197177
түріҚұрамы
1   2   3   4   5
Байланысты:
Дәріс Әйелдердің репродуктивті жүйесі

Етеккір циклының фолликулалы фазасы:

  • - Аналық безде құрамында жұмыртқа жасушасы бар фолликула пісіп жетіледі;
  • - Жатырда эндометридің пролиферациясы жүзеге асады (етеккір циклынан кейінгі эндометридің регенерациясы);
  • - Фолликулаларда эстроген секрециясы үдейді;
  • - овуляциямен аяқталады- фолликула жарылуы. Бұл кезде аналық жыныс жасушасы фолликуладан құрсақ қуысына жарылып шығып, жатыр түтігіне кіреді.
  • - қалған фолликулалардан сары дене қалыптасады.

Етеккір циклының лютеинді фазасы

  • - Аналық безде сары дене дамиды(corpus luteum);
  • - Жатырда ұрықтың имплантациясы жүзеге асу үшін эндометридің секрециялық өзгерістері;
  • - Сары денеде прогестерон синтезделуі жоғарлайды;
  • -Етеккір циклы етеккірдің келуі және эндометридің өліп және ажырап түсуімен аяқталады.
  • Етеккір циклінің әр фазасы шамамен 14 тәулік, орташа есеппен етеккір циклының ұзақтығы 28 күн.

Етеккір циклының реттілігі:

  • Аналық безде капшықпен қапталған көптеген аналық жасушалар - примордиальді фолликулалар болады (дүниеге келген кезде 1 млн шамасында, пубертатты кезеңнің басында 400 000 шамасында). Фолликулалы кезеннің бастапқы мерзімінде ФСГ әсерінен осы фолликулалардың біразы жетіле бастайды; соңынан адамда тек 1 фолликула ғана пісіп жетіледі және ол Доминантты фолликула деп аталады.
  • Жетіліп келе жатқан фолликула Эстроген гормонын синтездейді. Оның төменде көрсетілген әсерлері бар :

  • Эндометрийдің пролиферациясын белсендіреді;
  • Теріс кері байланыс механизмі арқылы ФСГ және ЛГ синтезін тежейді;
  • Фолликулалық фазаның соңына қарай жоғары концентрациядағы эстрогендер ЛГ секрециясын белсендіреді, оның шығарылуы үдейді. ЛГ синтезделуі жоғарлайды. Салыстырмалы түрде ФСГ синтезі аздап артады.

Етеккір циклының кезеңдерінің реттілігі:

  • ЛГ жоғары концентрациясы әсер етеді:
  • Овуляцияны жүзеге асырады;
  • Овуляция барысында түзілген сары дененің өміршеңдігін қамтамасыз етеді.
  • Сары дене прогестерон бөледі ( сонымен қоса біраз эстрогендер бөледі, бірақ фолликулаларға қарағанда салыстырмалы түрде аз мөлшерде):
  • Прогестерон эмбрионның имплантациясына қолайлы эндометриді секрециялық өзгерістерге әкеледі ( бездердің дамуы, тамырлардың кеңеюі);
  • прогестерон және эстрогендер теріс кері байланыс механизмі арқылы ЛГ және ФСГ синтезін тежейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет