Лютеинді фаза соңында ЛГ концентрациясының төмендеуі сары дененің дегенерациясына әкеледі ( жүктілік болмаған жағдайда. Имплантация болған кезде сары дененің қызмет етуін адамның хориондық гонадотропты гормоны (АХГ) іске асырады).
Сары дене дегенерациясының нәтижесінде қанда прогестерон және эстроген мөлшері төмендейді. Ол өз кезегінде эндометридің тамырлары спазмына және оның ажырап түсуіне – етеккірге әкеледі.
Қандағы эстроген мен прогестерон деңгейінің төмендеуі аденогипофиздің гормондарының синтезі тежеуін тоқтатады. Және көлемі артып келе жатқан ФСГ фолликулдардың дамуына әсер етіп, цикл қайталанады.
Жүктілік
Жүкті әйел ағзасында мына мақсаттарға бағытталған үрдістер жүзеге асады:
Ұрықтану – аналық бездің сперматазоидпен ұрықтануы жатыр түтігінің дисталді бөлігінде жүзеге асады. 3 -5 күннен соң эмбрион жатыр қуысына түседі, 1-3 күн ұрықтың имплантациясы жүзеге асады. Имплантация – ұрықтың эндометриге қолайлы орналасуы. Имплантациядан соң ұрықтың қалыпты жетілуі мен өсуіне қажетті қоректік затттарды эндометриден алады. (Трофобластық қоректену).
Жүктіліктің 9 -12 апталарында плацента (ұрық жолдас) қалыптасады. Ана мен бала қаны арқылы Ұрықтың қоректенуін және қалдық өнімдерді сыртқа шығару қызметін өзіне алады (плацентарлы қоректену).
Құрсақтағы ұрық өскен сайын оның қалыпты дамуы үшін жатыр жиырылуының тежелеуі маңызды болып табылады.