Анатомия Орындаған: Дүйсенбек Азамат тақырыбы: «Адам денесінің веналары. Лимфа жүйесі»



бет1/3
Дата04.11.2023
өлшемі486,98 Kb.
#189717
  1   2   3
Байланысты:
Презентация (2)


анатомия
Орындаған:Дүйсенбек Азамат
ТАҚЫРЫБЫ: «Адам денесінің веналары. Лимфа жүйесі»
Үлкен қанайналым шеңберінің веналары
Үлкен қанайналым шеңберінің веналары екі жүйені құрайды:1 жоғарғы қуыс вена жүйесі. 11 төменгі қуыс вена жүйесі.
Жоғарғы қуыс вена (лат. vena cava superior) жуан және кыска тамыр, ұзындығы 5-6 см, көкірекаралықта жоғарылаган аортаның оң жағында орналасады. I оң жақ қабырға шеміршегі деңгейінде екі иық-бас веналар қосылысы аркылы пайда болады. Төмен түсіп Ш кабырга деңгейінде оң жак жүрекшеге кіреді. Жоғарғы қуыс вена канды 3 топ веналардан жинайды: 1 топ - кеуде қуысының веналары: сынар артқы қабырғалық, ішкі омырткалык,көкірекаралықтык. 2 топ- бас пен мойын веналары:1. Ішкі мойындырық вена қанды мидан, бассүйектерден, ми қабықтарынан, ағзалардан жинайды. Жалпы ұйқы артериясының қасында мойынмен төмен түсіп, бұғанаасты венасымен қосылып, иық-бас венасын құрайды;2. Сыртқы мойындырық вена төс-бұғана-емізік бұлшықетінің үстінде жатады. Қанды мойынбұлшықеті мен теріден жинайды да, бұғанаасты венасына құйылады; 3. Алдыңғы мойындырық вена иектің ұсақ веналарынан пайда болып, сырткы мойындырық венағакосылады.3топ - кол веналары екіге бөлінеді:беткей веналар терінің астында орналасады: 1) колдың латералды теріасты венасы.2) қолдың медиалды теріасты венасы. Осы екеуі қол ұшынан басталып, жоғарыкөтеріліп, қолтықасты венасына құяды.3) шынтақтың аралық венасы бұл латералды және медиалды веналардын-арасындағы анастамоз болып табылады;б) терең веналар артериялардың қасынан өтіп, аттас болады: қол ұшы веналар, кәрі жілік және шынтақ жілік, иық, қолтықасты, бұғанаасты веналары.
Төменгі қуыс вена (лат. vena cava inferior) қанды аяқтардан, іш қуысынан, жамбас астауынанжинайды. 1Ѵ бел омыртқа деңгейінде екі он жак пен сол жақ жалпы мықын веналар қосылысы арқылы пайда болады. Жоғары көтеріліп, бауыр веналарын қабылдап, көкеттен кеуде қуысынаөтіп, оң жақ жүрекшеге кіреді.Өз жолында төменгі қуыс вена келесі тармақтарды қабылдайды:жұп ағзалардан бүйрек және бүйрекүсті, ана без немесе ата без.тақ ағзалардан көк қан қақпа венасына жиналып, бауырға кіреді. Қақпа венасы (лат. vena portae) ұйқы безі басының артында үш вена қосылысы арқылыпайда болады:көк бауыр, жоғарғы мен төменгі шажырқай веналар.Бауырға кіріп қақпа венасы 3-4 бауыр веналарына бөлінеді. Бауырдың ішінде қандағы улы заттар бауыр ұлпасына шығып, жойылады. Тазарған қан бір венамен бауырдан шығып, төменгі қуыс венаға құйылады. Жалпы мықын венасы қанды ішкі және сыртқы мықын веналардан қабылдайды. Ішкімықын вена қанды кіші жамбас қуысынан жинап әкеледі. Ал сыртқы мықын венасы аяқтардан жинайды.
Лимфа жүйесі
Лимфа жүйесіне лимфа ағзалар, лимфа тамырлар, түйіндер жатады. Лимфа сұйықтығы зат алмасуға катысады. Қанға сіңірілмеген заттар лимфаға сіңіп, веналарга толық жеткізіледі. Сонымен вена жүйесін толықтырады. Лимфа агзаларына бадамшалар, көк бауыр, лимфа түйіндер жатады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет