Анатомия Орындаған: Дүйсенбек Азамат тақырыбы: «Адам денесінің веналары. Лимфа жүйесі»



бет2/3
Дата04.11.2023
өлшемі486,98 Kb.
#189717
1   2   3
Байланысты:
Презентация (2)

Лимфа тамырлардың түрлері:
:1. Лимфа капиллярлар. Оларға тіндерден заттар сіңеді. 2. Лимфа тамырлар түйіндерге кіріп шығады. Түйінге кіретін тамыр экелуші, түйіннен шығатын тамыр әкетуші деп аталады. Барлық тамырларда қақпақтар болады.3. Лимфа сабаулар. Оларды әкетуші тамырлар қосылып құрайды.4. Лимфа түтіктер ең ірі тамырлар болып табылады. Олар веналарға кіріп аяқталады. Түтіктердібірнеше сабау қосылып түзеді.
Адам денесінде екі лимфа түтігі бар:
1. Кеуде лимфа түтігі
П.Он жак лимфа түтігі
Кеуде лимфа түтігі ұзындығы 30-41 см, іш қуысында XII кеуде II бел омыртка денгейінде 3 лимфа сабауы қосылысы аркылы пайда болады:
1. Ішек сабауы лимфаны іш қуысынан жинайды.2.Он жак бел сабауылимфаны оң аяқтан жинайды. 3. Сол жак бел сабауы лимфаны сол аяқтан жинайды.
Түтіктің бастапқы кең бөлігі қойнау деп аталады. Түтік 3 бөлімнен тұрады: іш, кеуде, мойын. Түтіктің басталатын іш бөлігінде 1 жұп, ал бойында 7-9 тақ қақпақтар бар. Кеуде түтігі кеуде қуысынан өтіп, мойынға көтеріліп, өкпенің ұшын айналып, доға түзіп, сол жак венабұрышына кіреді. Түтіктің соңғы мойын бөліміне 3 лимфа сабауы кіреді:1. Сол жак бронх-көкірекаралық сабау лимфаны кеуде қуысының сол жақ жартысынан жинайды. 2. Сол жақ бұғанаасты сабау лимфаны сол қолдан әкеледі.3. Сол жақ мойындырық сабау лимфаны бас пен мойынның сол жақ жартысынан әкеледі.
Он жак лимфа түтігі ұзындығы 1.5 см. Оң жақ вена бұрышына кіреді. Лимфа 3 лимфасабаудан қабылдайды:1.Он жак бронх-көкірекаралық сабау лимфаны кеуде қуысының оң жақ жартысынан жинайды.2. Оң жақ бұғанаасты сабау лимфаны оң қолдан әкеледі.3. Оң жақ мойындырық сабау лимфаны бас пен мойынның оң жақ жартысынан әкеледі.
.Иммундық жүйенің жалпы анатомиясы
Сырттан келетін немесе организмнің өзінде түзілетін генетикалық жағынан бөтен клеткалар мен заттардан организмді қорғайтын ағзалар иммундық жүйені құрайды. Иммундық ағзалар екітопка бірігеді:1. Орталық иммундық жүйе: жілік майы мен айырша без.П.Шеткі иммундық жүйе:бадамшалар, көкбауыр, лимфа түйіндері және қуыс ағқалардыңлимфоидті түйіншіктері.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет