Кафедра:№1 Акушерия және гинекология



бет12/18
Дата01.12.2022
өлшемі1,67 Mb.
#160785
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   18
Байланысты:
Толықтырылған Айдынғали Орынгүл Күнделік Акушерия мен Гинекология 407А практика

30-34 апталық кезінде - жүргізілетін үшінші УДЗ-нің негізгі мақсаты – баланың босанар алдындағы жағдайы мен жатырда қалай жатқанын анықтайды.
36-37 аптада жүктіліктің физиологиялық ағымында плацентаның қалыңдығы 3,3-3,6 см құрайды. Әдістің нақтылығы 74,8 % құрайды.
КТГ– ұрықтың антенатальды және интранатальды кезіндегі жүрек қызметінің функциональды жағдайының көрсеткіштерін дәл анықтайды. Ұрықтың жүрек қызметінің әрекетін мониторлы бақылау арнайы құрылғы – кардиотокограф (фетальды кардиомонитор) арқылы іске асады. Заманауи кардиомониторлар Доплер принципіне сай жұмыс істейді, яғни ұрықтың жүрек әрекетінің жеке циклдарының арасындағы интервалдардың өзгерісін бақылайды,ол ЖСЖ өзгерісі және жарықтық, дыбыстық, сандық сигналдар арқылы және графикалық сурет (кардиотокограмма) арқылы көрінеді. Құрылғы сонымен қоса жатыр жиырылу қызметін тіркейін тензометриялық датчикпен қамтамасыз етілген. Толғақ кезінде қысым жүкті әйелдің ішінде орналасқан тензометриялық датчикке әсер етеді және жатырішілік қысымға пропорционалды жоғарылайды және қисық ретінде датчик арқылы электрлік импульске айналады. Яғни кардиотокограмма уақытқа сай екі сызық ретінде көрінеді: біреуі ұрықтың ЖСЖ, ал басқасы жатырдың жиырылу жиілігін көрсетеді. Жатыр белсенділігінің қисығы, жатыр жиырылуынан басқа, ұрықтың қозғалыс белсендігін тіркейді.

Кардиотокография мақсаты:
Кардиомониторлы бақылау мақсаты – уақытында ұрықтың функционалды жағдайының бұзылысын анықтайтын заманауи диагностика. Бұл емдік әрекеттің адекватты түрін таңдауға және босанудың оптималды уақыты және босану жолын таңдауға көмек береді.
Жүктілік кезінде кардиотокография өткізуге көрсеткіш:
Жүктілік кезінде кардиотокография жасауға көрсеткіш – ұрықтың гипоксияға қауіп факторлары болса: гестоз, гипертониялық ауру, қант диабеті, анемия, изоиммунизация, уақытынан асқан жүктілік, суы көп жүктілік, суаздық, акушерлік анамнез дұрыс болмаса (перинатальды өлім), ұрық қозғалысының болмауы,допплерометрия бойынша ана-планцета-ұрық жүйесінде гемодинамикалық бұзылыстың болуы. Босану кезінде үздіксіз кардиомониторлау барлық босанушыларға көрсетілген.
Жүргізу әдісі
Кардиотокографияның екі түрін айырады: тікелей емес (сыртқы) және тікелей (ішкі). Жүктілік кезінде тек тікелей емес түрі қолданылады және казіргі уақытта оны босану кезінде де қолданады. Тікелей емес кардиотокография кезінде сыртқы ультрадыбысты датчикты алдыңғы құрсақ беткейіне, ұрықтың жүрек тондары жақсы естілетін жерге орналастырады. Датчик беткейіне терімен жақсы қатынас болу үшін, арнайы гель жағады. Сыртқы тензометриялық датчикты жатыр түбіне орналастырады, оның беткейіне гель жақпайды. Жүкті әйел арнайы ұрық қозғалысын анықтайтын құрылғы арқылы, өздігінен әрбір ұрықтың қозғалысын белгілейді. КТГ босанушы әйелдің төменгі қуыс венаның қысылуының алдын алу үшін, бір жақ бүйіріне жатып немесе жартылай отырып жасайды. Ұрықтың жағдайы туралы толық ақпарат алу үшін кардиомониторлауды 20-30 мин жүргізу қажет. Бұндай уақыт аралығының болуы ұрықтың ұйқы кезеңі және белсенділік уақытына байланысты.

Тікелей КТГ тек босану кезінде жатыр ішілік судың ағуынан кейін және жатыр мойны 2 см ашылған кезде жасайды. Ішкі датчиктерді пайдаланған кезде арнайы спираль тәрізді электродты ұрық басы терісіне орналастырады,жатырдың жиырылу әрекетін анықтау үшін интраамниальды катетер қолданылады. Бүгінгі кезде тікелей КТГ практикада сұранысқа ие емес. КТГ жүргізуді жүктіліктің 32 аптасынан бастаған дұрыс. Кардиотокограмманың автоматты анализ жасау приборлары ұрықтың жүрек әрекетін 26 аптадан бастап анықтауға көмектеседі.


КТГ көрсеткіштері:
Базальды жиілік – жатыр жиырылуының арасындағы 10-20 минут ішіндегі ұрық жүрек соғысының орташа жиілігі, акцелерация мен децелерация есептелмейді.
Акцелерация - базальды деңгейден салыстырмалы түрде жүрек соғысының 15 соққыға көбеюі.
Децелерация - базальды деңгейден салыстырмалы түрде жүрек соғысының 15 соққыға азаюы.
Допплерометрия әдісі ана – жатыр-плацентаның және ұрықтың қан ағымын зерттеу - бұл ұрық күйін функционалды диагностикалау әдісі, бұл ана-плацента-ұрық жүйесіндегі бұзушылықтарды уақтылы анықтауға мүмкіндік береді. Әдетте қан ағымы ананың жатыр және мықын артерияларында, ұрықта - кіндік артериясында, қолқада, кейде - ми тамырлары мен ішкі ұйқы артериясында тіркеледі. Ұрықтың доплерографиялық ультрадыбыстық зерттеуі жатырдың плацентарлы қан ағымының бұзылуына күдік туындаған жағдайда жасалады. Жүктіліктің кеш токсикозымен (гестозы), гипертониямен, пиелонефритпен, қант диабетімен, ана мен ұрықтың қанымен Rh үйлесімсіздігі бар әйелдер осы патологияға қауіп төндіреді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   18




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет